Халықты жұмыспен қамту туралы



жүктеу 297,49 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата10.03.2018
өлшемі297,49 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Халықты жұмыспен қамту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "



Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган"

, "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2005.10.22. N 84

Заңымен.

      Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық 

қатынастарды реттейдi.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) 

 – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы 

әлеуметтiк жұмыс орны

азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс

берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;

      


РҚАО-ның ескертпесі!

      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 

№ 369-V

 Заңымен (01.01.2018 бастап 



қолданысқа

 енгізіледі).

      2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік 

шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және 

табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты 

жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім

;

      2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау



саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық 

бөлімшесі;

      3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);

      4) еңбек нарығы – экономикалық тұрғыдан белсендi халыққа сұраныс пен ұсынысты 

қалыптастыратын сала;

      5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, 

жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;

      6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа 

орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу

;

      



РҚАО-ның ескертпесі!

      7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 

№ 369-V

 Заңымен (01.01.2018 бастап



қолданысқа

 енгізіледі).

      7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды 

ескере отырып 

, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім 

ұйымдастыратын




берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері 

алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын 

еңбек қызметінің түрі;

      8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 

тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;

      9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге 

бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

      10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының

 заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар

жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және 

оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;

      11) жұмыспен қамтылу – жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты және (немесе) 

табыс немесе кіріс әкелетін еңбек қызметі;

      12) жұмыспен нәтижелi қамтылу – орнықты экономикалық өсу мен әлеуметтiк тиімділікті 

қамтамасыз ететiн жұмыспен қамтылу;

      13) 

 – кіріс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және 

жұмыссыздар

еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;

      14) жұмыссыздық – экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек нарығында 

қажет болмай қалуынан туындайтын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс;

      15) жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғау – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген

тәртiппен мемлекет жүзеге асыратын шаралар кешенi;

      15-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында 

құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін 

заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын 

шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына

өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту 

құқығымен уақытша ауыстыру;

      15-2) кәсіптік бағдарлау – Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға олардың 

қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін және еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескере 

отырып, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауға, жұмыспен қамтудың оңтайлы түрін таңдауға 

жәрдемдесудің арнайы шаралар кешені;

      

РҚАО-ның ескертпесі!



      16) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 28.10.2015 

№ 369-V


 Заңымен (01.01.2018 бастап 

қолданысқа

 енгізіледі).

      16) Қазақстан Республикасының 

 (отбасылары) – Қазақстан 

табысы аз азаматтары

Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі

балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар, 

еңбекке жарамды жастағы жеке тұлғалар;

      17) қоғамдық жұмыстар – жергілікті атқарушы органдар 

, қызметкердiң алдын 

ұйымдастыратын

ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және Қазақстан 

Республикасы азаматтарының уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн уәкілеттi органның 

жолдамасы бойынша олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi;

      17-1) мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке

мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары;

      18) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды 

қажет ететiн адамдар ретiнде осы Заңмен белгiленген адамдар топтары;

      19) орталық атқарушы орган – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ 

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын 

;

мемлекеттік орган



      

РҚАО-ның ескертпесі!

      1-бапты 19-1) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 

№ 421-V


 Заңымен (01.01.2017

бастап 


қолданысқа

 енгізіледі).

      20) 

алып тасталды - ҚР 24.11.2015 

№ 421-V

 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен 





жүктеу 297,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша