Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


Жұмыс № 2. Коллагеннің дезагрегациялық дәрежесіне жылумен өңдеу ұзақтығы, температура және ортаның реакциясының ықпалы



жүктеу 1,28 Mb.
бет3/5
Дата18.12.2017
өлшемі1,28 Mb.
#4453
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5

Жұмыс № 2. Коллагеннің дезагрегациялық дәрежесіне жылумен өңдеу ұзақтығы, температура және ортаның реакциясының ықпалы
Балық және ет тағамдарына жылумен өңдеуді бұлшық ет пен жалғастырушы ұлпаны жұмсарту үшін тағайындайды. Егер жылықанды малдың бұлшық ет ұлпалары жұмсақ болып және қысқамерзімді қуырған және қысқа мерзімде қайнатқан кезде жақсы шайналса, онда жалғастырушы ұлпаның ақуызы жағары температураға, ылғалға және ортаның реакциясына тұрақты. Аспаздық өңдеу кезінде жалғастырушы ұлпаның ақуызы коллаген мен сүйек ұлпасының оссеині жылу мен судың әсерінен суда еритін глютин мен желатин түзе отырып денатурация мен дезагрегацияға ұшырайды. Дезагрегация дәрежесі өзге де тең жағдайларда жоғары болады, егер суда қайнату температурасы мен ортаның белсенді қышқылдылығы жоғары болса.

Ет, сүйектіет және сүйек сорпасын қайнату, қышқыл өнімдерді қолдану (томат – пюре, құрғақ шарап, квас, ірімшік сарысуы, қаймақ), маринадтау кезінде, көмеш пісіргенде, ет және балық кептіру кезінде автоклавты қолдану жылумен өңдеу ұзақтығын айтарлықтай қысқартады. Етті лимон, шарап немесе аскорбин қышқылы бар маринадпен өңдеу, сиыр және шошқа ұшасының әдетте қуыруға қолданылмайтын бөлшегінен қанағаттанарлықтай сападағы қуырылған өнім алуға мүмкіндік береді.



Жұмыстың мақсаты – қышқылдың, температураның, қайнау ұзақтығының коллагеннің глютинге ауысу дәрежесіне әсер етуін көрсету.

Аспаптар мен ыдыстар. Шұңғымлар; гигроскопиялық мақта; рефрактометр; қайтарылымды ауаныы салқындатқышы бар 300 миллиграмдық конустық шыны сауыт – 6 дана; 100 мл конусты сауыт - 6 дана; 100 мл өлшеуіш цилиндры; тез қайнайтын кастрөл, зертханалық рН-метр-340.

Реактивы. 3 % - дық уксус қышқылының ерітіндісі (реактив 14); 4 % - дық уксус қышқылының ерітіндісі (реактив 22); 10 % - дық уксус қышқыл ерітіндісі (ре­актив 24); 1 % - дық қымыздық қышқылының ерітіндісі (реактив 15); 6 % - дық лимон қышқылының ерітіндісі (реактив 8);

Жұмысты орындау техникасы

Сиыр етін тазалау кезінде алынған сіңір қабыршығын ет қалдықтарынан тазалайды және еттартқыштан өткізеді. Балықты терісіз, сүйексіз жон етке бөледі, терісін зерттеу жүргізу үшін қолданады.



Тәжірибе № 1. Ет және балық өнімдеріндегі рН анықтау

рН – ортаны анықтаудың потенциометриялық әдісі

Балықтың терісі мен еттің сіңір ұсақталған сынамаларынан бір - бірден алынады, оларды 25 грамдық стаканға салып 1:10 арақатынасында тазартылған су құйылады, анда-санда араластыра отырып 30 минут қоя тұрады, одан кейін қағаз сүзгі немесе мақталы сүзгі арқылы сүзіп алынады.

рН ортаны анықтайтын рН- метн-340 аспабын тексереді және стандартты буферлі ерітіндімен күйіне келтіреді. рН ортаны анықтайтын рН- метн-340 аспабында өлшеу келесі ретпен жүзеге асырылады. Аспапты жүйеге қосады және 60 минут қыздырылғаннан кейін (міндетті түрде рН өлшер алдында) тексеріледі, стандартты буферлі ерітіндімен, әртүрлі рН күйіне келтіреді. Осы кезде ауыстырып-қосқыш «пәрменмен» 15 рН жайға қойылады, температураны ауыстырып - қосқыш – буфер ерітіндісі сызығына қойылады. Зерттелетін және стандартты буферлі ерітіндінің температурасы бірдей болуы қажет. Температурасы үзіліссіз ауысып тұратын рН ерітіндіні өлшеген жағдайда автоматты компенсацияны қолдануға кеңес беріледі. Одан кейін шыны электрод пен салыстыру электродын жүйені тепе-теңдікке келтіру үшін абайлап араластырылатын буферлі ерітіндіге батырады. «Өлшеу шегі» ауыстырып- қосқышты, рН өлшейтін буфер ерітіндісінің диапазонына сәйкес келетін орнына түсіреді, және аспаптың диапазондағы көрсеткішін тексереді: буферного үшін рН 1,1 өлшеу диапазонында рН 1,0 - 2,0, рН 4,0 диапазонда рН 2,0 - 5,0, рН 6,8 диапазонда рН 5,0 - 8,0және рН 9,22 диапазонда рН 8,0 - 11,0. рН - метрдің көрсеткіші рН буферлі ерітіндіге сәйкес болуы керек. Бұндай сәйкестіктің болмауы электродтың оңашалауы бұзылуы мен электродтың бүлінуін көрсетеді (жарылу немесе сызат немесе мембранадағы сызат). Кең диапазондағы көрсеткішті аспаптың төменгі шкаласы бойынша (1,0 - 14,0) есептейді. Жіңішке диапазондағы көрсеткішті жоғарғы шкала бойынша, ауыстырғышты рН 15 жайынан рН 3 жайына ауыстыру арқылы есептейді. рН аспабының шкаласы бойынша орнатылған мағынаны қабылдағаннан кейін барып белгіленеді. Көрсеткішті орнату үшін бар-жоғы 3 минут керек.

Аспапты буферлі ерітінді бойынша тексергеннен кейін электродқа арналған сауытқа сыналушы ерітіндіні орналастырады, электродты батырады және жоғарғы шкала бойынша аспаптың көрсеткішін есптейді.

Тәжірибе № 2. Балық және ет өнімдерінің коллагенінің дезагрегациясына температураның ықпалын анықтау.

Балық терісі мен еттің жалғастырушы ұлпасынан 52 грамнан үш сынама алынады және оны сыйымдылығы 300 мл - лық үш конустық сауытқа салады. Екі сауытқа 50 су құяды, ал үшіншісіне 45 мл су мен 5 мл қышқыл құйылады да қайнағанша қыздырылады және 1 сағат өте баяу қайнатады. Сауыт тоңазытқыштан ағытылады, ыстық сорпаны шұңғыма арқылы өлшеуіш цилиндрге құйып олардың көлемі өлшенеді. Сорпалар салқындатылады, мақта арқылы сүзіледі және әрқайсындағы құрғақ заттек құрамы РЛ немесе РЛУ маркалы рефрактометрмен анықталады.

Екінші сауытты аздаған тік қуысы бар тығынмен жауып тезқайнайтын кастрөлге салып 1 сағат бойы қорғаушы клапанның ақырын булауымен өте ақырын қайнатады. Содан кейін қысымды түсіріп, қақпақты босатады сауыт алынып және ары қарай жоғарыда жазылғандай әрекеттерді жасайды.
Кесте 2 – Тәжірибе нұсқалары


Үлгілер

Зерттеуде қолданылатын қышқылдар

Атаулары

Концентрация

№ 1

уксус

3%-дық ерітінді

№2

уксус

4%-дық ерітінді

№3

уксус

10%-дық ерітінді

№4

лимон

6%-дық ерітінді

№5

қымыздық

1%-дық ерітінді

Сүзіліп алынған сорпалардың рН ортасын өлшеу.

Жұмыста сіңір қабыршығынан басқа ұсақ шабылған қабырға сүйектерін қолдануға болады.

Сынама массасының пайыздық өлшемінде сынамадан алынған глютин мөлшерін (1) формуласы бойынша анықтайды


х = а • 0,7 • V / m (1)
мұнда 0,7 – сорпаның құрғақ заттегіндегі глютиннің үлесі;

а – сорпадағы құрғақ заттектің пайыздық өлшемі;

V – сорпа мөлшері, мл;

m – сынама өлшемі, г.


Зерттеу нәтижелерін 3 кестеге енгізу:
Кесте 3 – Ет және балық өнімдеріндегі коллаген дезагрегациясының өзгеру дәрежесі

Көрсеткіштері

Балық терісі

Еттің жалғастырушы ұлпасы

рН-среды жылулық өңдеусіз







жылулық өңдеуден соң







Сынамадан алынған глютина мөлшері, %:
30 мин
соң (негізгі әдіспен пісіру)







60 мин соң (негізгі әдіспен қайнату)







Сынамадан алынған глютина мөлшері, %:
30 мин
соң (қысыммен қайнату)







60 мин соң(қысыммен қайнату)






Жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Қайнату ұзақтығын өзгерту арқылы, сұйықтық коэффициенті мен қышқыл мөлшерін өзгерту арқылы жұмысты түрлендіруге болады.
Жұмыс3. Ақуызды өнімдерді жылумен өңдеу кезінде ұшпа қосылыстардың бөлінуі
Тағамдық өнімдердің глобулярлық ақуызы қыздыру кезінде жылудың денатурациясы салдарынан коагуляцияланады. Егер ақуыз коагулятын қыздыруды жалғастырса ақуыздан кейбір ұшпа қосылыстардың ыдыратуын белгілейтін екінші көріністер түсуі мүмкін. Пайда болады, мысалы, сутегі, фосфор сутегі, немесе фосфин, судың буы және тағы басқалар.

Уксусқышқылды қорғасын сілтісінің ерітіндісіне суланған сүзгі қағаздың көмегімен күкіртті сутегін анықтауға болады.

Фосфорлы сутек азотқышқылды күміспен өзара әрекеттесуі мүмкін, осы кезде сарыдан бастап қызыл – қоңыр түске дейін боялған қосынды түзеді. Осы реакция фосфорлы сутектің – ұшатын қосылысын сапалы анықтаудың негізі болады.

Жұмыстың мақсаты – ақуыздың постденатурациялық өзгеруі салдарынан ұшатын қосылыстың бөлінуін көрсету.

Аспап және ыдыс. Зертханалық таразы; еттартқыш; өңдеу тақтайы, пышақ; 150 мл стакан; 5 дана - 100 мл конустық шыны сауыт; 100 мл өлшеуіш цилиндр; (2 сурет) кесте бойынша аспап: центрифугалық түтік, термометр, 250 мл стакан; спиртті жанарғы.

Реактивы. 4 % - дық азотқышқылды күмістің сулы ерітіндісі, уксусқышқылды қорғасынның сілтілі ерітіндісі (реактив 4).

Жұмысты орындау техникасы

Зерттеу үшін келесі үлгілер ұсынылады: тауық жұмыртқасының ағының немесе сарысының жартысы, немесе ағы мен сарысының қосындысының төрттен бір бөлігі, болмаса ұсақталған ет немесе балықтың 10 гр өлшенгені.

Ұшатын қосылыстың бөлінуін анықтау, кестесі 2 суретте көрсетілген аспаппен жүргізіледі.

Зерттелетін шикі өнімді диаметрі шамамен 3 см центрифугалық түтікке салады. Түтіктің тығынына сым темірлі ілгек бекітіледі. Оған мөлшері 1,0 x 2,5 см сүзгі қағаздың екі жолағын ұшынан іледі. Бір қағазға азотқышқылының сілтілі ерітіндісінің тамшысын жағады, ал басқасына – уксусқышқылды қорғасынның тамшысын жағады және түтікті тығынмен жабады.




Сурет 2 – ұшатын қосылысты сапалы анықтауға арналған аппараттың кестесі.
Стаканға температурасы 15 - 17 °С суық су құю керек. Оған өнімі бар түтікті түсіреді және ол суға толықтай батқанша тағанға бекітеді, бірақ сапалы анықтау үшін стаканның түбіне тимеуі керек. Термометрдің кішкене шары ұшатын қосылысты анықтау кезінде өнімге бату керек. Суды зерттелетін өнімнің температурасы 1 минутына 4 - 5 °С аспағандай қыздыру керек. Ет, балық немесе тауық жұмыртқасының ақуызын қыздыру кезінде ақуыздың қандай температурада қоюлана бастайтынын байқау керек. Сүзгі қағаздағы реактивтерден дақтың бояла бастағандағы температураға аса назар аудару керек. Қыза бастағанда және температура ең жоғарғыға жеткен кезде дақтың бояуының қалай күшейгенін бақылау және белгілеу керек.
Өздігінен дайындалу үшін сұрақтар

1. Тағамдық өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде ақуыздың гидратациясы мен дегидратациясы қандай технологиялық процесс кезінде болады?

2. Ақуыздың термиялық денатурациясының ерекшелігі.

3. Өсімдік және мал өнімдері ақуызының физика – химиялық қасиетін атап шығу.

4. Ақуыздың молекуласы, ұсақ - ірі бөлшектерінің, олардың денатурациялану мен деструкциялануы нәтижесінде желімделуін түсіндіріңдер.

5. Ақуыздың гидратациялануы мен дегидратациялануының физика – химиялық маңызы туралы қазіргі заманғы түсінік.

6. Ет, сүт және дән дақылдары өнімдеріндегі ақуыздың жағдайы.

7. Майер реакциясына қандай аминқышқылдары қатысады?


Өздік жұмыс тапсырмалары

1. " Ақуыздар мен басқа да азоттектес қышқылдардың өзгеруі " бөлігін оқу.

2. Жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулықпен танысу, өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар мен ситуациялық тапсырмаларға назар аудару.

3. Дәптерге физика – химиялық зерттеу жүргізудің аппараттық кестесін, «Қоғамдық тамақтану өнімдерінің технологиясы» дәйектемесі бойынша әдістемелік нұсқаулықта айтылған әдістемеге сәйкес құрастыру.


1.1.2 Сүт және жұмыртқа өнімдеріндегі ақуыздың өзгеруі
Жұмыс №4. Глобулярлық ақуыздардың коагуляциясы
Тауықтың шикі жұмыртқасы, ет сөлі, ұйыған сүт, айран және тағы басқа тағамдық өнімдерде глобулярлық ақуыздар әртүрлі қоюлықтағы күл немесе гел түрінде болады. Ақуыздың денатурациясы және олардың коагуляция деп аталатын коллоидты жағдайының өзгеруі өнімді жылумен өңдеу кезінде болады. Осы уақытта ақуыз үлпек тұнба түрінде түсуі мүмкін, барлық суды ұстап тұратын лиогель түзеді немесе, оның құрамындағы судың біразынан арыла отырып коагельге нығыздалады.

Қыздыру ұзақтығы көбейген кезде немесе температураны ары қарай көтерген кезде ақуыз гелдері қатаяды, ыдырайтын газ түзілетін өнім бөлінеді және сұйықтың біразы жойылады.

Ақуыздың коагуляциясы дайын бұйымның қасиетіне маңызды әсер етуі мүмкін және оның салмағының өзгеруін болдырады, консистенциясын қатайтады (сүт тағамдары немесе ет өнімдері), қайнаған ортаға өтетін ерігіш заттардың мөлшерінің көбеюіне әсер етеді. Ақуыздың коагуляциясы және алынған гелдің қатюы негізінде сүзбе, ірімшік, колбаса өнімдері және басқа да өнімдер шығару ұйымдастырылған.

Жұмыстың мақсаты – ақуыздың қоюлануы мен бастапқы коллоидты жағдайына байланысты тағамдық өнімдерде көрсету:

а) глобулярлы ақуыздың коагуляциясының әр түрлі типі;

б) глобулярлы ақуыздың коагуляциясына жылумен өңдеу температурасы әсерінің ықпалы;

в) ақуыз коагуляциясына жылудың әсер ету ұзақтығының ықпалы.

Жұмыс істеу үшін тауықтың шикі жұмыртқасын, ет сөлі және ұйыған сүт немесе айран қолдануға кеңес беріледі. Ет сөлін алу үшін сыйыр етін еттартқыштан өткізеді, мұздатады, содан соң аздаған баспақтың астында ерітеді және бөлініп шыққан қызыл сұйықтықты жинап алады. Мұздатылған етті еріту кезінде бөлінген шырынды қолдануға да болады.

Егер етті еріту барысында сөлді аз бөлсе, онда ұсақталған етке 1:5 арақатынасында тазартылған су қосып, 30 минут қоя тұрады және сұйықтықты еттен бөлінген сөлмен бірге және ерігіш нәрлі заттармен араластырады.



Аспап және ыдыс. 100 °С термометр; 150 мл химиялық стакандар; диаметрі 2 см түтікшелер.

Жұмыртқа, ет, сүт өнімдері ақуызының коллоидтық жағдайын анықтау кестесі 3 суретте көрсетілген аспапта жүргізіледі.



Жұмысты орындау техникасы

Шыны түтікке еттің сөлін, ұйыған сүт немесе жұмыртқа салынады. Тауықтың шикі жұмыртқасын жарып ағын сарысынан бөліп алынады. Аталған өнімдердің біреуінің ақуызының шамамен 5 мл шыны түтікке құяды. Басқа түтікке шамамен 1 мл ақуыз құйылады және ол 10 мл сумен езіледі. Пайда болған ұйыған ақуызға және глобулиннің түскен тұнбасына назар аудару керек.

Сыйымдылығы 150 мл жылуға төзімді химиялық стаканға шамамен жартысындай салқындатылған қайнаған су құйылады, оған термометр, ақуызы бар түтікше салынады, стаканды қыздыра отырып ақуыздың коагуляциясы басталған кезіндегі температураны, толық қоюлану мен табиғи лиогелдің тығыздалуы және ерітілген ақуызда үлпектің пайда болуын белгіленеді. Стакандағы суды қайнауға дейін жеткізеді, түтікшелерді шығарып ақуыз гелінің сыртқы пішініне баға беріледі. Осы тәжірибе ет сөлімен және ұйыған сүтпен қайталаныды.

Бақылаудың деректері 4 кестеге түсіріледі. Жұмыс бойынша қорытынды жасалынады. Мал өнімдері ақуызының коллоидтық жағдайының өзгеру процесін, глобулярлық ақуыздың коагуляциясының әртүрлі типіне, глобулярлық ақуыздар коагуляциясына жылу әсерінің ықпалын, ақуыздың коагуляциясына жылу әсерінің ұзақтығына ықпалын дәлелдеу.



Сурет 3 – Ақуыздың коллоидтық жағдайын зерделеуге арналған аспаптың кестесі

Кесте 4 – Ақуыз гелдерінің сырт пішініне органолептикалық баға

Көрсеткіштер

Ұйыған сүт немесе айран

Ет сөлі

Жұмыртқаның ағы немесе сары уызы

табиғи

сумен

табиғи

сумен

табиғи

сумен

Әдебиет деректері бойынша ақуыз құнарлылығы %



















Ақуыздың бастапқы коллоидтық жағдайы



















Коагуляция басталуының температурасы,0 С



















Толық коагуляцияның температурасы, 0 С




















Жұмыс5. Ақуыз коагуляциясының температурасына көмірсулардың ықпалы
Гель – коллоидтық жүйе немесе жоғарымолекулалық қосылыстың ерітіндісі, оларда кеңістіктік торлы қаңқа түрінде қандай да бір ішкі құрылымының пайда болуына байланысты аққыштығын жоғалтқан, дисперсионды ортамен толтырылған ұя. Коллоидты жүйенің өзгеруі қышқыл, тұздар, көмірсулар, ультрадыбыс, ЖК және УФ сәулелену, температура, температура әсерінің ұзақтығы және денатурация әсерінен болатын басқа факторлар әсерінен болады.

Тағамдық өнімдерде ақуыздың дентурациясы белгілі бір температура аралығында өтеді. Ақуыздың желімделуі дентурация салдарынан болады, ол ерітіндінің жабысқақтығының көтерілуіне әкеледі, ал кейде нәтижесінде ақуыздан тұнба пайда болатын коагуляция да байқалады. Қант, тұз, қышқыл сияқты заттектер – дентурация температурасына әсер етеді және коллоидты ерітіндінің жағдайының өзгеруін болдырады.



Жұмыстың мақсаты – Жұмыртқалы-сүт қоспасы және жұмыртқа ақуызы агрегациясының температурасына сахарозаның әсерін көрсету.

Аспаптар және ыдыс. диаметрі 30 - 35 мм центрифугалы шыны түтіктер - 6 дана; 100 °С термометр, сыйымдылығы 100 мл жылуға төзімді шыны стакан емкостью - 2 дана, сыйымдылығы 100 мл өлшеуіш цилиндр.

Жұмыстың орындалу техникасы

Қоспа дайындау: жұмыртқаның ағы мен сары уызын біркелкі масса болғанша мұқият араластырылады. Біртіндеп ақырындап араластыра отырып 12 мл жұмыртқа қоспасына 70 мл сүт қосылады. Біркелкі масса болғанша жақсылап араластырылады. Жұмыртқалы-сүт қоспасының жартысы құйып алынады және оған араластыра отырып 15 г сахароза қосылады. Қантпен және қантсыз алынған қоспаның әрбірі бірдей үш бөлікке бөлінеді және оларды бөлек алдын ала нөмірленген бөлек центрифугалық шыны түтіктерге салынады. Тәжірибені осындай пропорцияда сүт қоспасымен, сарыуыз бен ақуызды бөлек қолдана отырып қайталауға болады.

Сыйымдылығы 100 мл жылуға төзімді стаканда суды 50 °С қыздырамыз. Стақанға бірі – сахарозамен, екіншісі - сахарозасыз жұмыртқалы-сүтті қоспасы бар центрифугалық екі шыны түтікті орналастырылады. Центрифугалық шыны түтік тағанға қоспа толтырылған шыны түтіктің бір бөлігі суға батырылатындай етіп бекітіледі. Жұмыртқалы-сүтті қоспаларға термометр салынады, сынама 70 °С қыздырылады, одан кейін түтіктерді стаканнан алып шығады және ағып тұрған суық судың астында тездетіп салқындатылады және қоспаның жабысқақтығы өлшенеді де алынған деректер 5 кестеге жазылады.

Стакандағы судың температурасын тағы да 50 °С жеткізеді, оған басқа центрифугалық шыны түтіктің екеуі салынады және олардағы жұмыртқалы – сүтті қоспа 80 °С қыздырылады, ал қалған екі қоспа 90 °С қыздырылады. Қыздырылғаннан кейін шыны түтікті ішіндегісімен дереу салқындатады, қоспаның жабысқақтығы өлшенеді. Соден кейін коагуляцияланған массаның органолептикалық бағасын жүргізеді. Алынған деректер 5 кестеге жазылады.

Әр қоспадан бір тамшыдан заттық шыныға жағылады және оны микроскопта 7 x 8 және 7 x 40 үлкейтіп қаралынады. Қоспаның біркелкілік дәрежесі және коагуляцияланған ақуыздың үлпегінің мөлшері салыстырылады. Шыны түтіктердің ішіндегілерін шыны таяқшамен араластыра отырып сұйықтың жабысқақтығының ерекшелігі белгіленеді. Жұмыстың нәтижесі 5 кесте түрінде толтырылады және зерттеудің алынған нәтижелері сарапталады.

Қоспадағы жекелеген компоненттердің арақатынасы кремдердің рецептінде берілген.

Жұмыс бойынша қорытындыда сахарозаның ақуыздың коагуляциясының температурасына ықпалын және жұмыртқалы - сүтті қоспаның консистенциясын белгілеу керек, крем мен сорпаға қосылатын льезон дайындау кезіндегі жұмыртқалы - сүтті қоспаның қантпен және қантсыз қайнатылғандағы температураның таңдалуын негіздеу. ­
Кесте 5 – Жұмыртқалы-сүтті қоспаның ақуызының дентурациясына көмірсулардың ықпалы


Зерттеу нысаны

Қоспа температурасы

°С


Қоспаның біркелкілілігі

Қоспаның жабысқақтығы

Препараттың микроскоппен қарағандағы түрі

Қантсыз жұмыртқалы -сүтті қоспа

70

Біркелкі




Ерітіндідегі май тамшысы

Қантсыз жұмыртқалы -сүтті қоспа

80

Біркелкі




Ерітіндідегі май тамшысы, ақуыздың ұсақ үлпегі

Қантсыз жұмыртқалы -сүтті қоспа

90

Біркелкі емес




Майдың ірі тамшысы, ақуыздың үлпегі

Сарыуыз, сүт және қант қоспасы

70

Біркелкі







Қантпен жұмыртқалы -сүтті қоспа

80

Біркелкі







Қантпен жұмыртқалы -сүтті қоспа

90

Біркелкі емес







Саруыз, сүт және қант қоспасы

80










Сарыуыз, сүт және қант қоспасы

90









Жұмыртқалы – сүтті қоспа дайындау кезіндегі әр түрлі майлылықтағы құрғақ сүтті қолданудың мүмкіндігі туралы, тағамдық концентрат негізінде дайындалған өнімнің қоспадан, қаймағы алынбаған сүттен айырмашылығы қандай екендігін түсіндіру.


Жұмыс № 6. Ақуыз қоспасының жабысқақтығына технологиялық факторлардың ықпалы
Қоғамдық тамақтануда көжелерге қосу, тұздықтардың біркелкілігін және калориялығын арттыру үшін түрлі ақуызды қоспаларды пайдаланады, Технологиялық факторлар: температура, құрылымдық компонеттердің концентрациясы, ортаның реакциясы консистенциясына әсер етеді. Жылулық өңдеудің әсерінен ақуыздардың құрылымы өзгереді, агрегациялауына қабілеттігі артады. Тез жылжи алатын ақуызды ерітінділердің тұтқырлығы өседі. Ақуыздардың ағының бұл қасиеттері жұмыртқа - сүтті массаларын дайындау кезінде маңызы зор. Олар кейбір тәтті тағамдар (кремдер, балмұздақ), рассольниктар, заправкалар жасауда пайдаланылады. Жұмыртқа-сүтті қоспалардың консистенциясы яақуыздардың концентрациясына және қоспалардың сапалық құрамына байланысты болады.

Жұмыстың мақстаты – ақуыздардың концентрациясы мен ақуызды қоспалардың құрамының жүйелердің тұтқырлығына әсерін оқып білу. Құралдар мен ыдыстар. 100 мл - лік өлшеу цилиндрі; капиллярды вискозиметр; 100 °С термометрлер; технохимиялық таразы; 500 мл - лік химиялық стакандар - 1 дана, 100 мл - лік стакандар - 8 дана; су моншасы.

Жұмысты орындау барысы

Жұмыртқаны жарып, ағын сарысынан бөліп алып, алдын ала технохимиялық таразыда өлшенген 100 мл химиялық стакандаға салу. Жұмыртқаның ағы мен сарысын мұқият біркелкі араластырып, өлшеңіз. Сарысын бірдей үш бөлікке бөліңіз. Бір өлшеміне 30 мл сүт, екіншісіне - 50 мл сүт қосыңыз. Сарысы сияқты ағына да үш өлшем жасап, сүт қосыңыз. Сары мен ағының үшінші өлшемін қосып, 60 мл сүт құйыңыз. Барлық жұмыртқа-сүтті қоспаларды су моншасында 80 °С 5 мин аралығында ұстаңыз. Қыздыру процесі кезінде зерттелетін үлгілерді үздіксіз араластырып отырыңыз. Қыздырудан соң қоспаларды бөлме температурасына дейін су ағыны астында салқындатып, капиллярлы вискозиметр көмегімен меншікті тұтқырлығын өлшеңіз (сурет 4). Өлшемдерді әуелі су тұтқырлығын анықтау бойынша, кейін зерттелетін қоспа бойынша өлшеңіз.



Вискозиметр үшін катаң түрде құюға болатын судың мөлшерін (40...50 мл) құрылғыныңы кең құбырына құяды, шариктің С көлемі жартысына дейін етіп болатындай. Құрылғының жұқа құбырына резеңке құбырды кигізіп, А белгісінен жоғары жұқа бөлігіне суды сорып алады. Кеңістікті толтырғаннан соң, А и В белгілерінінң арасындағы сұйықтықтың менискі кең майыстырылған тізеден шарикке түсу керек. Сумен толтырылған вискозиметр вертикалды түрде суы бар температурасы 20 °С болатындай стаканға түсіреді. А белгісі стакандағы судың деңгейінен төмен болу керек. Вискозиметрді стаканда 10 мин қалдырады, кейін А белгісінен жоғары сол жақтағы құбыршаға суды сорып алады және секундомер көмегімен А және В белгісі аралығындағы сұйықтық көлемі түскен уақытын өлшейді.

С

Сурет 4 – Каппилярлы вискозиметр көмегімен ақуқыз қоспасының тұтқырлығын өлшеу


Келесі формула (2) бойынша зерттелетін жұмыртқалы-сүтті қоспаның меншікті тұтқырлықты:
ŋ = τр / τ0, (2)
мұнда τр – зерттелетін ерітіндінің ағып кету уақыты, с;

τ0 – судың ағып кету уақыты, с.


Жұмыс барысында алынған нәтижелерді кесте 5а енгізіңіз.

Химиялық құрамының кестелері бойынша есептеу.

Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз. Жұмыртқаның ақуызының, жұмыртқанын бөлек құрылымды бөлшектерінің, олардың табиғатының зерттелетін жұмыртқа - сүтті массаларының тұтқырлығына әсерін зерттеу.
Кесте 5а – Акуызды қоспалардың концентрациясының тұтқырлыққа әсері


Зерттеу объектісі

Ақуыз:су қатынсы

Судың ағып кету уақыты

Зерттелетін ерітіндініің ағу уақыты

Тұтқырлық

Сұйықтықтың сыртқы түрі

Сүт
















Сарының және сүттің қоспасы
















№ 1
















№2

т.б.

















Өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар

1. Неге аспаздық жылулық өңдеу кезінде тағам өнімдерінің ақуыздарының сіңімділігі артады?

2. Қандай жағдайларда негізгі тағам заттары физикалық-химиялық өзгерістерге ұшырайды?

3. Қандай факторлар дайын өнімнің тағамдық құндылығына әсер етеді?

4. Тамақ өнімдерінің қандай ингредиенттері жаңадан дәм, иіс және бояу заттарының қалыптасуына қатысады?

5. Қандай технологиялық факторлардың өнімнің массасының шығымының мөлшеріне әсер ететінін түсіндіріңіз

6. Қандай факторлардың әсерінен өнімде ақуыздардың денатурациясы, биополимерлердің гидротермиялық дезагрегациясы (еттің, балықтың коллагені) сияқты күрделі физикалық-химиялық процестер өтеді?

7.Егер жылубергіш орта су, ылғалды қаныққан бу, су мен бу қоспасы болатын болса, кандай технологиялық үрдіс дайын өнімнің аспаздық дайын болуын қамтамасыз етеді?


Өздік жұмыс тапсырмалары

1. «Тамақ өнімдерін жылулық және механикалық өңдеу кезінде ақуыздардың өзгеруі» атты тақырыбына реферат дайындау.

2. № 4...8 жұмыстарын орындау кезде физикалық- химиялық зерттеулер өткізу үшін аппаратты сұлбасын құрастыру.
1.2 Өсімдік тектес өнімдер
Механикалық және жылулық әсерлердің әсерінен өсімдік тектес заттарда, олардың түрі, массасы, иісі мен дәмі өзгеретін процес өтеді. Өсімдік тектес заттардың негізгі құрылымдық бөлігі көмірсулар болғандықтан, жылулық өңдеу әсерінен олар көмірсулар ыдырау заттарына бөлінеді. Жылулық өңдеу кезінде қышқылды гидролиз, клейстеризация, карамелизация, декстринизация, ашу процестері өтеді, сондықтан олардың қасиеттері де өзгереді.

Көмірсулардың қасиеттерінің өзгеруі бойынша (ерігіштігі, клейстеризация, опти­калық тығыздық және ерітінділердің сыну коэффициенттері, бояулармен реакцияға түсу қабілеттігі және басқалар) көмірсуларға деген бөлек факторладың әсерлерінің деңгейі туралы көрініс болады. Табиғатына, ортаға, рецептура компоненттерінінң құрылымына байланысты көмірсулардың қасиеттері әртүрлі өзгереді.



1.2.1 Аспаздық өңдеуден өткендегі азық-түліктердің көмірсуларының өзгеруі
Жұмыс №7. Технологиялық факторлардың сахароза гидролизіне ықпалы
Дисахаридтер қыздарған кезде қышқылдардың әсерінен немесе ферменттердің болуына байланысты оның құрамдас бөліктеріне моносахаридтерге ыдырайды. Сахароза сумен араласқанда глюкоза және фруктозаға жіктеледі. Глюкоза мен фруктоза қоспасы поляризация тегістігін оңға емес, сахароза сынды солға айналдырады. Мұндай оңға айналдырғыш сахарозаның солға айналатын моносахаридтер қоспасына айналуы – инверсия, ал глюкоза мен фруктозаның эквимолекулярлы қосындысы – инвертті қант. Соңғысы сахарозаға қарағанда тәттілеу дәмге ие. Қыздырғанда азық-түліктердің құрамында болатын және аспаздық өнімдер даярлағанда қосылатын сахароза гидролизацияланады. Сахароза гидролизденуі қышқылдар болғанда ұлғая түседі. Бұл қышқылдар қосып жеміс-жидекті компот, кисель, желе, мусс, самбук, крем, пісірілген алмалар даярлағанда жүзеге асады.

Пайда болған инвертті қанттың саны сахарозаға жылулық ықпалының әсерінің ұзақтылығына, қышқылдың ыдырау деңгейіне және пісірілетін ортадағы оның концентрациясына байланысты.

Сахарозаның гидролиздену үрдісін органикалық қышқылдар қосылған ерітінділерден, немесе алма, жеміс - жидектерден компот жасағанда, қызылша қанатқанда, алмаларды пісіргенде (әсіресе қышқыл сорттарынан) зерттеуге болады.

Жұмысты баламалар бойынша орындау ұсынылады: 1 тәжірибе – қышқыл концентрациясының ықпалы; 2 тәжірибе – жылытудың түрлі созылмалылығы; 3 тәжірибе – түрлі деңгейде ыдыраған қышқылды пайдалану.



Жұмыс мақсаты – сахарозаның гидролизденуіне жылулық өңдеудің ұзақтылығына және қышқыл ыдырауының деңгейлеріне, концентрация ықпалына зерттеу жүргізу.

Аспаптар мен ыдыстар. Технохимиялық таразылар; сыйымдылығы 10 мл градусталған тамшуыр ; сыйымдылығы 200 - 250 мл екі химиялық стакан; сыйымдылығы 250 мл өлшеуіш шыны сауыттар,; 50 мл өлшемі бар цилиндр; екі түтікше; 100 мл сыйымдылығы бар екі конустық шыны сауыттар; электр пеші; тақтай; аспаздық пышақ; асхана ыдыстары (кіші және шұңғыл тарелкалар) – 4 тарелка; 2 л сыйымдылытағы кастрөл.

Реактивтер: 1 % - дық теміркөк текті калии ерітіндісі (реактив 6); 2,5 н. күйдіргіш натр ерітіндісі (реактив 20); 1 % - дық көк метиленнің сулы ерітіндісі; 6 % - дық лимон қышқылы ерітіндісі; 6 % - дық уксус қышқылы ерітіндісі.



Жұмысты орындау техникасы.

Тәжірибе 1. Қышқыл концентрациясының ықпалы. Берілген үрдісті әр түрлі көлемде пайдаланылған лимон қышқылымен дайындалған сироп негізінде зерттеу жасау. Барлық зерттеу жүргізілетін сироптағы қышқыл мен судың жалпы көлемі бірдей болуы қажет.

Сироп үшін технохимиялық таразыға 200 - 250 мл сыйымдылықтағы химиялық стаканға салынған сахароза өлшемін қояды, су құяды, лимон қышқылы және қоспаны жылдам арада қайнағанға дейін жеткізеді. Сиропты 2 - 5 мин аралығында қайнатады. Сироп даярлаудың қайнау уақыты мен рецептін оқытушы белгілейді және бір дәреже үшін (мысалы, 2 - 3 сироп) барлық сироптың қайнау ұзақтығы бірдей.

Кесте 6 – №1 тәжірибе үшін сироп даярлау рецепті

Рецепт №

Саны

сахароза, г

Лимон қышқылы, см3

Тазартылған су, см3

1

5

8

87

2

6

8

86

3

7

10

83

4

8

8

84

5

10

10

80


Тәжірибе 2. Жылулық өңдеу ұзақтылығының ықпалы. Жылулық өңдеу ұзақтылығының ықпалына зерттеу жүргізгенде 7 кестеде көрсетілген қандай да болсын рецепт бойынша даярланған екі бірдей сироп алынады. Пайда болған инвертті қанттың көлемін цианидті немесе рефрактометрлік әдіспен анықтайды.

Тәжірибе 3. Қышқылдың ыдырау деңгейінің ықпалы. Берілген үрдісті 7 кестеде келтірілген рецептің біреуі арқылы даярланған сироп арқылы, бір сиропқа лимон қышқылын, басқасына – сол мөлшерде сіркесу қышқылын қосып зерттеу жасау.
7 кесте №2 және №3 тәжірибелері үшін сироп рецепті

Рецепт №

Саны

Жылулық өңдеудің ұзақтылығы, мин

сахарозы, г

Лимон қышқылы, см3

Тазартылған су, см3

1

5

8

87

1

2

6

8

86

2

3

7

10

83

3

4

8

8

84

4

5

10

10

80

5

Барлық тәжірибелерде сироптарды бөлме температурасына дейін суық су астында салқындатып, 100 мл сыйымдылығы бар өлшеуіш шыны сауытына құю қажет. Сироп қалдықтарын аздаған сумен сол өлшеуіш шыны сауытқа шайып құю. Шыны сауыттың ішіндегіні тазартылған сумен белгіленген жерге дейін жеткізу, ерітіндіні араластыру және 250 мл сыйымдылығы бар өлшеуіш шыны сауытқа 25 мл сиропты құю. Бұл шыны сауыттың ішіндегісін белгіге дейін тазартылған сумен толтыру. Ерітіндіні араластыру және қантты цианидті әдіспен анықтау үшін пайдалану.

Сахарозаның гидролиздену үрдісін зерттеу жұмыстарын қышқыл сортты алмалардан жасалған компоттардың әр түрін даярлау мысалы негізінде алмалардың концентрациясын, сахароза және қайнату ұзақтылығын өзгертіп отыру арқылы жүргізуге болады. Алмалардан компот даярлау үшін келесі рецептерді пайдалануға болады (кесте 8).
8 кесте Алмалардан даярланған компот рецепті.


Рецепт №

Саны

Жылуда өңдеудің ұзақтылығы, мин

алма

сахароза, г

Лимон қышқылы, см3

Тазартылған су, см3

1

15

8

15

62

2

2

10

6

10

74

3

3

10

5

18

77

4

4

10

6

9

75

5

5

10

5

9

76

6

Компоттармен жұмыс жасауды жүргізгенде суға лимон қышқылын, сахарозаны, тілімделген алмаларды қосу. Қоспаны қатты қайнатқанға дейін ұстау және қайнап жатқанында 2 және 5 мин пісіріп алу (қыздыру ұзақтылығының ықпалы). Қышқыл концентрациясының ықпалын анықтау үшін лимон қышқылының әр түрлі мөлшерімен даярланған компоттар негізінде зерттеу жасау. Компоттарды 2 мин қайнату. Қышқылдың ыдырау деңгейінің ықпалын лимон және сіркесуы қышқылдарымен даярланған компот үлгілері негізінде анықтау. Қышқылдарды бірдей мөлшерді алады және компотты 8 кестеде келтірілген уақыт аралығында қайнатады.

Дайын болған компотты жылдам арада бөлме температурасына дейін салқындату және сиропты 100 мл сыйымдылығы бар өлшеуіш шыны сауытқа жеке алу. Шыны сауыт ішіндегісін белгіленген жерге дейін сумен толтыру, дұрыстап араластыру және қағаз сүзбесі арқылы сүзіп алу. 250 мл шыны сауытқа 25 мл фильтрат қосып, оның ішіндегі қосындыны сумен белгіленген жеріне дейін толтыру. Сұйықтықты араластыру және оның құрамындағы инвертті қантты цианидті әдіс арқылы анықтау.

Сахарозаның концентрациясын цианидті әдіс арқылы анықтау нақты көлемдегі қызыл қан тұзын K3Fe(CN)6 сары қан тұзына K4Fe(CN)6 редуциялайтын тексерілу үстіндегі қант ерітіндісімен орнына келтіруге негізделген. Инвертті қант ерітіндісінің қызыл қан тұзын қалпына келуіне шығындалған көлемі бойынша зерттеліп отырған азық-түліктегі қант құрамын есептеп шығарады.

Қызыл қан тұзының редуциялайтын Қант ерітіндісімен титрлену үрдісі сілтілі ортада метиленмен бірге қыздырғанда жүргізіледі.

Цианидті әдіс арқылы қантты анықтау үрдісі кезінде тәжірибе жағдайларын қатаң сақтау қажет, өйткені нәтижелер ерітіндінің қайнау ұзақтылығына, қайнау интенсивтілігіне, титрлеуді аяқтау кезінде ерітіндінің құйылу жылдамдығына байланысты болып келеді.

Дұрыс мәліметтерге қол жеткізу үшін бағытты және қорытынды титрлеу жасалынады. Бағытты титрлеуді сараптама басында жүргізеді. Инвертті қанттың ерітіндісін ыстық титрлеуден өткізу үшін бюреткаға құяды. 100 мл сыйымдылығы бар конустық шыны сауытқа тура 10 мл 1% - ды

железосинеродистого калия K3Fe(CN)6 ерітіндісін құю және ащы натрдың 2,5 н. ерітіндісінен 2,5 мл мөлшерін және метиленовый сини бір тамшысын қосу. Қоспаны торда қайнағанға дейін қыздыру және оны үздіксіз қайнау үстінде жасыл бояудың (күлгін түстен өтіп) ашық сары түске ауысуына дейін абайлап титрлеу (1 с 1 тамшы). Қайнап жатқан кезде сұйықтықтың араласуы жүзеге асады.

Қорытынды титрлеуде 100 мл конустық шыны сауытқа 10 мл 1 % - дық раствора железосинеродистого калия, ащы натрдың 2,5 н. ерітіндісінен 2,5 мл мөлшерін және зерттелудегі ерітіндіні осы мөлшерден 1 мл аз мөлшерін құю, өйткені ол бағытты титрлеуде шығындалып кеткен. Дайын болған қоспаны қайнағанға дейін қыздыру, 1 мин қайнату, метиленовый сини тамшысын қосу және қоспаны сары түс пайда болғанға дейін титрлей беру.

Сахароза көлемін қорытынды титрлеу кезіндегі нәтижелер бойынша, қайнағанға дейінгі және титрлеуді аяқтағанға дейінгі құйылған редуциялайтын Қант ерітінділерінің көлемін қосып барып есептеген жөн.

Бағытты титрлеуде сияқты қорытынды титрлеуде де реакция қатаң стехиометриялы түрде жүзеге аспайды, осыған байланысты есептеу формуласына эмпирикалық жол арқылы шығарылған түзеті коэффициенттері енгізілген.

Инвертті қантқа айналған сахароза көлемін сироп үшін формула (3) бойынша есептеу:


X = К( 10,06 + 0,0175 • V) • V1 • 0,95 • 100/ (V • 1000 • m) =

= К( 10,06 + 0,0175 • V) • V1 • 0,95/ (V • 10 • m), г, (3)


мұнда X – инвертті қант көлемі, % сахароза құрамына сәйкес;

К - 1 % - тік теміркөктекті калий ерітіндісіне түзету коэффициенті;

V1 – қантты сироп құйылған шыны сауыттың сыйымдылығы, мл;

V –10 мл 1 % - тік теміркөктекті калий ерітіндісінің бақылау титрлеу кезінде қалпына келуіне кеткен инвертті қант ерітіндінің көлемі, мл;

m - сахароза массасы, г;

10,06 және 0,0175 – эмпирикалық коэффициенттер;

1000 – қайта есептеу коэффициенті;

0,95 – инвертті қантты сахарозаға қайта есептеу коэффициенті.


Инвертті қантқа айналған сахароза көлемін компот үшін формула бойынша (4) есептеу:

X = К( 10,06 + 0,0175•V) • V1 • 0,95•100/ (V•25•10), г (4)


мұнда 100 – компоттың бастапқы қант сиропының көлемі, мл;

25 – анықтау үшін алынған сироп көлемі, мл;


Басқа белгілердің мәні алдыңғы формуладағы белгілермен бірдей.

Жұмыстан алынған нәтижелерді 9 кесте түрінде келтіру.


9 кесте Сахарозаның инверсионды қасиеті

Зерттеу нысаны

Қайнау ұзақтылығы, мин

Сироп немесе компотқа қосылған қышқыл

Қышқыл концентрациясы, %

Инвертті қант көлемі, %

Сироп №













Компот №












Жұмыс бойынша қорытынды жасағанда қышқыл концентрациясының, қышқылдың ыдырау деңгейі мен қайнау ұзақтылығының тәтті тағамдар мен сусындар өндірудегі сахароза инверсиясының деңгейіне ықпалын ерекше атап өту.


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау