Бастауыш әскери дайындық


Ежелгі психология. Адамдар өздері тіршілік ететін ортамен айналадағы заттар мен құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан деген сөз) деп аталады



жүктеу 2,59 Mb.
бет5/10
Дата14.05.2018
өлшемі2,59 Mb.
#13192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ежелгі психология. Адамдар өздері тіршілік ететін ортамен айналадағы заттар мен құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан деген сөз) деп аталады.


Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VI ғ.) Демокрит (б.з.д. V ғ.) жан табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына бағынбайды деген пікірді қолдады Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонда жан туралы алғашқы ілім – психиканы адам пәнінің қасиеті деген материалистік түсінік дамуымен қатар Платонның (б.з.д. 427 –347 ж.ж.) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген идеалистік бағыты дамыды.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384 – 322 ж.ж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізде түсіндіріп, психика туралы ілімді тереңірек зерттеп “Жан туралы” деген еңбек жазды.

Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан туралы көзқарастары психологиялық ілімнің дамуына ғылыми негіз болды.

Сонымен қатар ежелгі психологияда Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д.I ғ.), Гален (б.з.д.II ғ.) жан туралы ілімнің табиғи негіздерін қарастырса, грек ойшылы Сократ (б.з.д.470-3 99 ж.ж.) адам жаны тәніне тән және ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деген түсініктер жасаған.



Орта ғасырдағы жан туралы ілім. Орта ғасырда Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеалары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, аты әлемге әйгілі Әбу Насыр әл – Фараби (870 – 950 ж.ж.), және Әбу Али ибн Сина (980 – 1037 ж.ж.) Ибн Ронед (1116 – 1198 ж.ж.) және т.б. орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім дами түсті.

Араб ғалымы Ибн әл – Хайсам (965 – 1039 ж.ж.) Иранның дәрігер ғалымы Закария Рази (865 – 925 ж.ж.) еңбектерінде адам дүниесі жайлы сол кезеңдегі ғылыми жетістіктерге сүйеніп тәжірибелік жақтары мен психофизиологиялық идеаларын ұсынды. Психология ғылымының тарихында ғасырдың алатын орны ерекше.

Бұл кезеңде Европа ғалымдары да психология ілімі жайында жаңаша пікір көзқарастарды дамытып ғылымда тәжірибелік зерттеулерге негіздеді. Психологиялық ілімді дамыту жолында мұндай көзқарастарды қолдағандар: ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626 ж.ж.) Декарт (1596-1650 ж.ж.) Т. Гоббс (1588-16189 ж.ж.), Б. Спиноза (1632-1677 ж.ж.)Г.Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) Дж. Локк (1632-1704 ж.ж.) т.б.

XVIII ғасырдағы психология. XVIII ғасырда психология ғылымының дамуына физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А.Галлердің зерттеулері негіз болды.

XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мәнін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ауысып, түрлі психикалық процестардің сыры жүйке жүйесінің қызметімен байланысты. Олардың ішінде Швейцария ғалымы А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ойлар мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі құбылыс деген көзқарасты ұсынып, психологиядағы эмпиристік бағытты қолдады.

Ньютон мен Локк ассоциативтік психолгияны механикалық және сексуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеді. XVIII ғасырдағы ассоциация детерминистік сипатта болды.

Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш дәріптеуші – ағылшын дәрігері Гартли (1705 – 1757 ж ж). Ол психологиялық процестердің барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. “Адамды бақылау” деген еңбегі (1749 ж) ассоциациясының өзекті ілім болып қалыптасуына бастама болды және Гартли теориясы XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің негізі болды.



XIX ғасырдағы психология. XIX ғасырдың бірінші жартысы – психологияның тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция матералистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстрамы мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778 - 1820), Джемс Милль (1778 - 1830), Дж. Ст. Ммилль (1806 - 1873) сияқты зерттеушілер.

Ассоциялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталды. Г.Гельмгольц (1821 - 1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дервин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді. Орыс физиологы И.М. Сеченов (1829 –1905 ) ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер (1820 - 1903) оны психиканың филфенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез – құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.

XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс - әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.

Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи – ғылыми негізі – физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері.

Бұл пәннің тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мәселен, 1) В.Вундт және Ф.Брентано (1838 - 1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастаған “өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дәрменсіздігі; 2) И. М. Сеченов зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психиологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері;

4) әр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы; 5)организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық және дарвиндік зерттеу нәтижелері.



Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер.

Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың негізділері мыналар: Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі – В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);



Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер, О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.

Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты – психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез – құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды.

Бихевиоризм – ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949).

Гештальт – психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты – жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.

ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық – дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм (көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл – ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).

Кеңестік психологияның дамуы.

Ресейде психологиялық ой – пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі – бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана – сезімнің дамуы, екіншісі – ресми идеология. И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жартылыстық – ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік психологиялық ой – пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862 -1936), кеңестік кезеңде В.М. Бехтеревтің (1857 - 1927), И.П.Павловтың зерттеулері, Н.Е.Введенский мен А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи – ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты Кеңестік дәуірде психология ғылымының іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов т.б. үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи – мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский (1896 - 1934), іс - әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген С.Л.Рубинштейн (1887 - 1960), А.Н.Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи даму мұқтаждығының, экономика мен идиологияның, мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жеке – жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім – тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселері әр алуан болды.

Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.

Психология ғылымына тікелей қатысты болмағанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, ХV – ХІХ ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы – демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Одан бұрынғы дәуірлерде ақын – жыраулардың өлең – толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдар да, ел намысын қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығын қазіргі кезде әр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным – наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр – сырына толы болды. Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына дейінгі мәселелерді қамтиды. Ал Сұлманмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды. Психологиялық ой – толғаулар мен пайымдау – түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы – демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, халыққа білім беру, тәлім – тәрбие істерінің мақсат – міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 – 1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу – ағарту, тәлім – тәрбие істерімен өзара ұшырастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой – пікірге толы мәнді еңбектер жазды. С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қазақстандағы психология ғылымы сан – салаға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

III. Психика және жүйке жүйесі.

3.1. Психика туралы түсінік.

Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерлерін, тітіркендіруінен пайда болады. Бұл жағдай психиканың сыртқы орта мен объективтік шындықтың өзара шартты байланыста екнін көрсетеді. Сыртқы нәрселердің адам миына әсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, т.б. психикилық процестер пайда болды. Сонда, психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның түрлі ойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат-мүдделеріне қарай оларға тітіркеніп, (икемделеді) бейімделеді. Осы жайттар психика қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екендігін дәлелдейді.



Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі-тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айқықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметінің байланысты болса, екіншіден, бұл бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес. Психика- мидың негізгі (қызметі) қасиеті.

3.2. Психиканың бейнелеу теориясы.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу әр түрлі қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ілімінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнеміөзгеріп, дамып отырады.

Барлық материяға-жансыззаттардан бастап, ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя-адаммиына тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Материяға тән жалпы қасиет-биологиялық бейнелеу формасы. Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.

Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсерін тітіркеніп, бейнелеудің бірнеше түрлері шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне қарай әлсіз тітіркенуден бастап, бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, қабылдау, ойлау, т.б. сияқты формалары пайда болды.


    1. Сана – психика дамуының жоғары сатысы.

Психиканың адамға ғана тән жоғары дәрежеде дамуын сана деп атайды.

Адам санасының дамуы тек қана биологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік-тарихи заңдылық. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі сондықтан сананың даму процесі, оның әр көрінісі адамзат қоғамы дамуының барысымен байланысты тарихи жағдайлармен анықталады. Жек адам санасы мен қоғамдық санс диалектикалық бірлікте. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды және адамзат жинақтаған білімді меңгереді, айнала құбылысты өзгете де қайта жасайда алады.

Сананың ерекше қасиеттері:

1.-ден – сананың тарихи сипаты

2.-ден – адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды – гностикалық бірлік

3.-ден – адам санасының мақсат-бағдарлы және белсенді сипаты

4.-ден – адамның өзіндік сана сезімдік сипаты

5.-ден – ақиқаттың адам санасында жалпы және жанама бейнеленуі.

3.4. Психикалық құбылыстар.

Психикалық құбылыстардың негізгі формалары.



  1. Психикалық процестер.

Психикалық процестер-дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында түрліше бейнеленуі олар:

  • танымдық – зейін, түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу.

  • эмоционалды – сезім және эмоция.

  • Еріктік – ерік.

  1. Адамның психикалық білімі:

  • білім, іскерлік, дағды, әдет, көзқарас,, сенім, пікір.

  1. Психикалық қасиеттер.

Психикалық қасиеттер-дегеніміз адамның жеке басына тән даралық ерекшеліктері.

  • бағыттылығы немесе бағыт-бағдары.

  • Мінезі, темперамент, қабілет.

  1. Психикалық жағдайы.

3.5. Жүйке жүйесінің құрылымы.

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оны білу ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызиеті және оның заңдылықтары-психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайды. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі-мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп отырады.

3.6. Жоғары жүйке жүйесі типтері.

И.П.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерін 1 және 2 сигнал жүйесіне қарай 3 типке бөлді.



    1. ойшыл тип (мыслительный)

    2. көркем тип (художественный)

    3. орташа тип (средний тип).

  1. Ойшыл тип. Екінші сигнал жүйесі қызметінің ролі басым, абстрактылы ойлауға бейім, прагматик, рационалист ғылыми шығармашылық жұмыстарға және болжауға қабілетті қазіргі терменология бойынша мидың сол жақ жарты шарлары қызметіне қарай психотин.

  2. Көркем тип. Негізгі қызметіне 1-ші сигнал жүйесі атқарады. Бейнелі – эмоциональды ойлайды, айналадағы дүниені тұтас, сол күйінде қабылдайды. Қабылдаудың тұрақтылығы, өткірлігі, байқағыштығы, тұтастығы, әсемдігі тән. Мидың оң жақ жарты шарлар қызметіне қарай психотин.

  3. Орташа тип. 1-ші, 2-ші сигнал жүйесі қызметтері теңбе-тең. Белгілі бір жағдай, ситуациясына қарай екі сигнал жүйесі де бейім келеді. Көптеген адамдар осы типтің қатарына жатады.

IV. Жеке адам және іс-әрекет психологиясы.

    1. Жеке адам туралы түсінік.

Адам бір жағынан қарасаң саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып, және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ақза болып табылады. Екінші жағынан, адам ол қоғам мүшесі. Ол адамға тән басты белгі, себебі қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық қасиетін өзгертіп, дамытады.

Психологияда адам түсінігінен басқа да “индивид”, “тұлға”, “индивидуалдық”, “жеке адам” ұғымдары қолдануда.

Индивид – адамды биологиялық тұрғыдан қорғау. Индивид дегеніміз өзіне тән барлық ерекшеліктермен бірлікте алынған нақтылы адам. Әр адамның өмірімен іс-әрекеті, тәрбиесі, білімі әртүрлі және қайталанбас өзіне тән белгілерімен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын “индивидуалдық” деп атайды.

“Тұлға” және “жеке адам” түсінігінің мәні адамның әлеуметтік қоғам мүшесі екендігін білдіреді.

Жеке адам қоғамдық ғалымдар объектісі. Тарих, философия, социология (әлеуметтану) этика, эстетика, психология, педагогика т.б.

Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Ол қатынастар: өмірді материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, алдына қойған мақсат-міндеттерге т.б. Жек адамның өзіне тән негізгі құрылымы: қабілеті, темпераменті,мінезі, еріктік, сапалық қасиеттері, эмоциясы, мотивациясы, және әлеуметтік құрылымы.



Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

  1. Қасиеттердің тұрақтылығы. Психикалық құбылыстардың пластикалығына байланысты жеке адамның психикалық тұрақтылығы болу қажет.

  2. Жеке адам тұтастығы. Жеке адам біртұтас организм және оған тән қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты.

  3. Жеке адам белсенділігі. Сыртқы ортаны, сонымен қатар өзінің психикалық құбылыстарын дамытуға, тануға бағытталған адамның әртүрлі және жан-жақты іс-әрекет түрінен байқалады.

    1. Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлар.

Адам белгілі бір процестердің өзара байланысы жүйесінде дамиды.

Олар әлеуметтік, табиғи орта және материалдық, рухани жағдайлары мен іс-әрекеті.

Жеке адамның дамып қалыптасуында әлеуметтік жағдайы негізгі роль атқарады. Оларға:


  • үлкен әлеуметтік топтар (макросоциосреда) – құрылыс, мемлекеттік құрылыс, қоғам даму барысы, адамдар қызметі.

  • Кіші әлеуметтік топтар (микросоциосреда) – адамның үнемі өзара байланысты ортасы.

  • Тәрбие – адамның рухани өмірі дамып, қалыптасуына арнайы ұымдастырылған процесс

  • Іс-әрекет, ойын, оқу, еңбек (өндірістік және шығармашылық).

Адамның психикалық немесе биологиялық даму барысында (искуственная) орталар; қазіргі техника және технологиялар, оларда өндіру мен қолдану, қазіргі өндірілген заттар, информацияда – техникалық құралдар мен орталар (радио-теле т.б.) әсері өте зор.

Әлеуметтік факторлармен қоса жеке адам дамуында психиканың тұтастығы биологиялық факторлар мен де байланысты. Олар:



  • адамның физиологиялық ерекшеліктері

  • жоғары жүйке жүйесінің жалпы және арнайы типтері

  • мидың өзіндік морфологиясы және оның түрлі қызметтері құрылымына қарай дамуы

  • мидың қызметінің аномалиясы (зақымдануы).

Адам психикасының дамуын әсер етуші факторлар бірі табиғи фактор.

Климаттық, географиялық, геофизикалық, космостық, түрлі өмір сүру жағдайлары мен адам қызметтері.

Зерттеушілердің назары адам психикасы дамуында неосфералық факторлардың маңызы бар екені жердің информациялық – энергетикалық жағдайы әсері жағынан қаралады. Неосфера көздері планеталар сияқты космостық әсерлер. Ол әсерлер жер бетіндегі барлық адамның жан құбылысымен байланысты.

Жеке адамның дамып қалыптасуында және психологиялық құрылымы мен барлық сферасында негізгі роль атқаратын ол өзі жеке адам. Айналадағы сыртқы, ішкі жағдайлардың барлығының әсерінің көрінісі.



    1. Жеке адамның психологиялық құрылымы.

Жеке адамның психологиялық құрылымы күрделі тұтастық. Олар:

  • адамның психикалық қасиеттері (бағыттылығы, мінез, темперамент. қабілет)

  • өмірлік тәжірибе

  • психикалық жағдайлар

  • психикалық процестердің индивидуалды ерекшеліктері

Психологиялық құрылымның келесі бір сферасы бойынша:

  • интелентуалды – танымдық

  • эмоционалды

  • ерікті

  • қажеттілік, мотивтері

  • психомоторлы

Адамның психологиялық құрылымында орталық негізі – қажеттіліктерінің мотивтер сферасы мен бағыттылық әр алуан қасиеттерден өзара байланысты қажеттіліктер мен мүдделер, мінез-құлық мотивациясы жүйесінен құрылады.

Жеке адамның психологиялық құрылымын зерттеушілер өкілдері:

К.К.Платонов, А.Г.Ковалев, С.Л.Рубинштейн және шетелдік психология өкілдері: З.Фрейд, Э.Фромм, Э.Берн, А.Маслоу, К.Родижерс және т.б.

Жеке адамның психологиялық құрылымын жалпы топтастырып қарастырсақ 4 топқа бөлуге болады.



  1. Жеке адамның әлеуметтік өмірге қатысты ерекшеліктері: қызығу, ынта, талаптары, мақсат-мұраты, дүниетанымдық көзқарас, сенім және адамгершілік қасиеттері.

  2. Адамның білімдері мен дағдысы, биімділігі қабілеті. Бұлар адамның даралық қасиеттері мен өзіндік даму деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.

  3. Жеке адамның өзіндік психикалық процестері. Олар зейін, ойлау, қабылдау, ес, сезім, ерік, т.б. процестер.

  4. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері, жоғары жүйке жүйесі қызметі, темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліктері.



    1. Жеке адамның қызығуы.

Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның тұрақты жеке ерекшелігінің көрінісі.

Қызығулар мазмұнына, бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, рухани, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық және т.б. болып бөлінеді.

Адамның қызығу саласындағы ерекшеліктері әр түрлі. Бұл ерекшеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты.

Қызығу – дегеніміз жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы.

Индивидтің қызығуы объектінің ерекшелігімен индивидтің өзінің психикалық санасына (мәдениетіне, тәрбиелілігіне, қабілетіне және мінез-құлқына) байланысты болса да сонымен қатар қоғамдық психологияға да байланысты. Қызығу қоғам дамуының әрбір тарихи кезеңіндегі жалпы адамзаттың мүдде мен рухани мәдениеттің дамуы және әлеуметтік қатынастарға да байланысты болды.


    1. Тұлғаның әлеуметтері.

Тұлғаның әлеуметтенуі-ол адамның әлеуметтік-психологиялық, нормалар мен ережелер, қызметтерімен қоғамдық іс-тәжірибелерді игеру.

Тұлғаның әлеуметтенуі жеке адамның материалдық, рухани мәдениеті мен әлеуметтік және жеке адамдар қарым-қатынасының белгілі-бір нақты орта мен оның өмірі мен іс-әрекетінде тоқтаусыз дамитын ұзақ та күрделі процесс.

Тұлғаның әлеуметтенуі процесінің бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншіден, адам әлеуметтік тәжірибені игереді, интериоризация процесі (субъективация, объективность). Екіншіден адам жеке басына тән қасиеттерді меңгереді. Экстеиоризация процесі – (объективность субъективация) әлеуметтану процесінде жеке адамның білімдер жүесі дамиды. Жеке адамның әлеуметтенуінің дамып, қалыптасуында өзара байланысты процестер.


  1. жеке адамның жалпы әлеуметтенуі – адамның қоғамдық жүйеден нормалар ережелер мен адамгершілік сапалы қасиеттері, эстетикалық, саяси, құқықтық, діни т.б. қалыптасуы.

  2. жеке адамның кәсіптік рольдік әлеуметтенуі – кәсіптік қызмет пен оның міндеттерімен, ерекшеліктерін қарым-қатынасын меңгеру.

  3. кәсіптік әлеуметтену – мамандық ерекшеліктерін толықтай меңгеру.

    1. Іс - әрекет психологиясы.

Іс-әрекет негізгі психологиялық категориялардың бірі. Іс-әрекет адамның мақсат-мұраттарын орындауда ортамен белсенді қарым-қатынасы және қажеттілігі мен мотивтердің нақты түрлерінің пайда болуы.

Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы: ақыл ой тереңдігі, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері мен мінез-құлқы дамиды.

Іс-әрекет барысында сана қалыптасады және іс-әрекеттен көрініс береді. Іс-әрекет әлеуметтік категория.

Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы Іс-әрекет іс-әрекет деп аталады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі арақатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекет барысында қалыптасады және көрініс береді, екінші жағынан психика іс-әрекетті реттеп, басқарып отырады.

Іс-әрекеттің 3 түрі бар. Ойын, оқу, еңбек.

Олардың арасындағы айырмашылық – қорытындылары, ұйымдастырылуы, мотивтерінің ерекшелігімен ажыратылады.

Ойын баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы.

Ойын арқылы бала айналадағы дүниемен, зат, құбылыстарды таниды, таным әрекеттері (қабылдау, ойлау, қиял, сөйлеу т.б.) дамиды, есте сақтау т.б. қарым-қатынасты үйренеді. Мектепке дейінгі балалар ойынына оқу, еңбек элементтерін меңгереді, мінез-құлық, қасиеттері қалыптасады.

Оқу дегеніміз еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және білгірлікті игеру процесі оқу әрекеті арқылы адамның дүниетанымы және барлық жан-жақты қасиеттері дамиды, дүниедегі барлық құбылысты танып-біледі т.б.

Еңбек дегеніміз адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық іс-әрекет.



    1. Жеке адам мотивтері.

Адамды әрекетке келтіруші күш – қажетсіну.

Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив – бұл адам санасында қаланып, оны белгілі-бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р.Г.Агеева). Қорыта айтқанда адамның әрқандай әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. Адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік – қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығы аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт бағдар өзегіне айналады.


V. Таным процестері.

5.1.Түйсіну процесі

Түйсіну тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Ол организмнің сыртқы ортамен психикалық байланыс орнататын бастапқы формасы немесе танымның алғашқы санасы.

Айналаны танып білу түйсін процесінен басталады. Түйсіну процесінде психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланыста.

Түйсін дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелері.

И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіндердің пайда болуын нализатор (талдағыштар) аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализаторлар үш бөліктен құралады. Олар:


  1. ішкі сезім мүшесі

  2. бөлігі миға таралатын жүйке талшықтары

  3. бөлігі мидағы түрлі жүйке орталықтары.

Ғасырдың орта кезінде неміс ғалымдары Э. Вебер мен Г. Фехнер тітіркендіргіштің

күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады.Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атады.

Түйсіну түрлері.


  1. Көру түйсігі. Көру түйсігінің екі үлкен тобы: Ахроматикалық түйсіктер. Хроматикалық түйсіктер.

  2. Есту түйсігі. Дистанттық түйсік. Есту түйсігі сөздік, музыкалық, --------- деп үшке бөлінеді.

  3. Дәм түйсіктері-контактылық түйсік негізгі дәмдік сапалары қышқыл, тәтті, ащы,

тұзды.

  1. Иіс түйсігі – иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады.

  2. Тері түйсіктері. Тері қабықтарында тактиль (жанасқанда түйсіну) температура(суық пен жылыны түйсіну) тәрізді бірнеше талдағыш жүйе болады.

  3. Статикалық түйсіктер. Статикалық немесе гравитациялық сезгіштік адам денесінің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді.

  4. Кинестезиялық түйсіктер. Кинестезиялық деп дененің жеке бөлімдерінің қимылы мен қалпын түйсіну.

  5. Органикалық түйсіктер. Рецептор ұштарының көбі ішкі мүшелерде орналасқан.

Түйсіктің жалпы заңдылықтары.

Түйсік заңдылықтарын мынандай екі бөлікке бөліп қарастырады.

1 – түйсіктер мен тітіркендіргіштер арасындағы сандық қатынасқа байланысты.

2 - түйсіктер мен сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылықтар.

Түйсіну табалдырығы шегі – абсолюттік табалдырық. Түйсіктің абсолюттік табалдырығы дегеніміз сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді де түйсіне алуы немесе сезе білуі.

Абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығы айыру табалдырығы. Айырма табалдырығы дегеніміз – сезім мүшелерінің болар болмас айырмашылығында сезіне білуі.



Талдағыштардың өзара ықпалды әсерінен сезгіштің артуы – сенсибилизация деп аталады. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды, яғни қосарласқан түйсік пайда болады. Бұл құбылыс синестезия деп аталады.

    1. Қабылдау процесі.

Қабылдау дегеніміз заттар мен құбылыстардың қасиеттері, бөлшектері, құрамы, формасы т.б. қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп адам миында тұтас бейнеленуі. Қабылдаудың алғы шарты түйсік процесі. Қабылдаудың құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері, елес және білім кіреді және психикалық процестермен байланыста жүзеге асады.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелерімізге әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады.Қабылдаудың бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Бұл ара – қатынас біздің мінез құлқымыз бен іс - әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі.Қабылдаудың толықтығы мен дәлдігі қоғамдық тәжірибе мен адамның тәжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жайлы жинақталған білімдерге тәуелді. Қабылдау бейнесінің өзі де оны құрастыратын бөлшектердің ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді.

Қабылдау физиологиясы – талдағыштар жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады.

Қабылдау адамның өткен тәжірибесіне немесе психикалық әрекеттер мазмұнына байланысты. Бұл ерекшелік апперцепция деп аталады.

Апперцепция құбылыс қабылдау мазмұны мен бағыт – бағдарының, адамның тәжірибесіне, мүддесіне, өмірге қатысына, біліміне байланысты. Апперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділк сипат береді.

Білім жүйесін қалыптастыру, тәжірибені молайту, сезім, қажеттілік дағды және адамгершілік, мінез – құлық әдеттерін тәрбиелеу, болмысты мазмұндырақ қабылдауға көмектеседі.

Қабылдау түрлері

Қабылдау классификациясының бірнеше түрі бар. Алғашқы классификация рецепторлардың ерекшілігіне байланысты. Олар: есту, көру, сипап сезу т.б.

Екіншісі материяның тіршілік ету формаларына негізделген. Заттарды уақытты қабылдау, қатынастары, қозғалысты, кеңістікті, адамды қабылдау.

Қабылдау қасиеттері



Заттылығыайналадағы заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады.

Құрылымдылығы қабылдау түйсінудің жай қосындысы емес ол жалпы тұтас құрылымы.

Мағыналылығықабылданған объект тұтас болады, мағынасы сөзбен беріледі.

Тұтастығы қабылдау әрқашанда тұтастық бейнесі. Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттар сол қалпында қабылданды.

Константтылығы қоршаған заттар формалары, түстері, көлемі салыстырмалы түрде қабылданды.

Таңдамалылығыбасқалармен салыстырғанда кейбір объектілерді ерекше бөліп көрсетуімен байланысты.

Физиологиялық немесе ақыл – ой әрекетінен және эмоцияналдық шаршау кезінде адам қабылдауында өзгерістер байқалады. Олардың түрлері ерекшеліктеріне қарай мынадай түрлері болады:



Гиперстезиялық қабылдаудасыртқы құбылыстың барлығын жоғары қабылдайды.

Гипостезиялық қабылдауда керсінше қабылдау нашарлауы, төмендеуі.

Галлюцинациялық құбылыс дегеніміз жүйке жүйесінің ауруға шалдығуынан жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің пайда болуы. Галлюцинация қиялдану, шатасу деген мағынаны білдіреді.

Иллюзия дегеніміз қабылданған нәрсе мен заттар өзіне сәйкес келмей бұрмаланып қабылданады.

Аффектілік иллюзия – қорқыныш, үрей және мазасызданған, көңіл – күйі түскен адамға байқалады.

Вербалды иллюзия айналадағы немесе қасындағы адамдардың сөзін, әңгімесінің мағынасынан басқаша қабылдау.

5.3.Зейін

Зейін туралы ұғым.

Зейін өмірде психикалық әрекеттің бір жағы бола отырып, адамның өнімді білім алуына, еңбек әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына көмектеседі. Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір затқа, құбылысқа, объектіге бағыттап шоғырлануы және айқын бейнелеуін қамтамасыз ету. Зейін пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп, оған назар аудару және басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау. Зейінің физиологиялық құбалмылығы көрінісін И.П.Павлов ашқан қозудың оптималдық ошағы құбылысы түсінуге көмектеседі. А.А.Ухтомский ми қызметінің физиологиясын зерттеу нәтижесін доминантта жайлы түсіндіреді.

1.2 Зейіннің құрылымы, түрлері және қасиеттері.

Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады.

Адамның ырықты зейіні әрекетті сапалы түрде белгілі ерік үшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді.Үйреншікті зейін адамға табиғи сіңіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс - әрекеті дағдысына айналады.

Зейін қасиеттері:

а) Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы.

ә) Зейіннің ауысуы.

б) Зейіннің бөлінушілігі.

в) Зейін көлемі.

г) Зейін шоғырлануы.

д) Зейін алаңдаушылығы.

е) Зейін шашыранқылығы

5.4. Ес процесі.

Ес туралы түсінік.

Адамның қабылданғандары ізсіз жоғалып кетпейді. Үлкен ми сыңарлары қыртысында қозу процесінен іздер сақталып қалады. Бұл іздер қозуды туғызған тітіркендіргіштер жоқ кезінде де қозудың тууына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде адам есте сақтай алады, және қайта жаңғырта алады.



Ес дегеніміз – адам тәжірибесін есте тұту, сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіреді. Естің негізінде ассоциоциялар немесе байланыстар жатады. Дүниедегі бір-бірімен байланысты зат немесе құбылыстар адамның есінде байланысын сақталады.

Физиологиялық жағынан алғанда ассоциация уақытша нервтік байланыс болып саналады.

Естің негізгі процестері есте сақтау, қолда ұстау, тану, қайта жаңғырту.

Іс-әрекет сипатына қарай, ес мынандай 3 түрге негізделіп бөлінеді.



  1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағыналық.

  2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті,еріксіз ес.

  3. Адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау.

Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін-мнемоника деп аталады. Өмір сүру қызмет атқару барысында жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне қарай адамда естің даралық және типтік ерекшелігі қалыптасады. Естің (индивидуалдық) даралық ерекшеліктерімен біріншіден, және адам ерекшеліктерімен байланысты болады.Екіншіден даралық айырмашылық ес санасынан көрінеді. Ес санасы есте ұстау шапшаңдығы, сақтау беріктілігі және қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады.

Естің типологиялық (типтік) ерекшеліктері.

Ес түрлерінің бірінің басымырақ болып қалыптасуы жеке адам ерекшеліктеріне, адамның іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты болады.

Есті зерттеу теориялары.



  1. Ассоциативті теория. Негізін салушылар Г.Эббенгауз және Г.Мюллер т.б.

  2. Гештальт теориясы.

  3. Естің мағыналық теориясы. Негізін салушылар А.Бине, К.Бюлер.

  4. Информациялық – кибернетикалық теория.

  5. Іс - әрекет саласындағы теориясы. Зерттеуші өкілдері: А.Леонтьев, П.Зинченко, Л.Смирнов. Барлық теорияның да ес процесінде өзіндік орны, негізі бар.

5.5. Ойлау процесі

Ойлау (процессінде) заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланысы мен қатынасын бейнелейтін психикалық процес.

Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір – біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады.Сонда нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады.

Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процес болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.

Ойлаудың таным сатысы ретінде айрықша ерекшелігінің бірі – сөзге, тілмен қатыстылығы.

Ойлаудың проблемалығы. Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені біледі, түсінеді, түсіндіреді, сырын ашады т.б.



Ойлау формулалары

Ойлау формулалары: пікір, ұғым, ой қорытындысы.

Ұғым - дегеніміз елеулі белгілердің бір тектестігі жағынан біріккен заттарды жалпылама білу.

Пікір - дегеніміз құбылыстар арасында байланыс орнату немесе белгілі бір зат, құбылыс туралы ойын айту, қатынасын білдіру.

Ой қорытындысыбар деректер негізінде жасалған тұжырымдар. Олар индуктивті, дедуктивті, традуктивті болады.

Индуктивті – бірнеше жеке жағдайдан шығатын ой қорытындысы.

Дедуктивті - жалпы заң ережеден жәке жағдайға ауысатын ой қорытындысы.

Традукітивті (аналогиялық) – жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға ұқсастықтарына қарай ой қорытындылары.

Адамның мәселе шешудегі жеке тәсілі, ой әрекеті ой операциялары немесе ой процестері деп аталады.

Талдау (анализ), біріктіру (синтез), салыстыру, жалпылау, нақтылау т.б.



Ойлау түрлері

1. Ойлау түрлері түрлі ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.

2. Таным ерекшелігіне қарай: теориялық, эмперикалық.

3. Мазмұнына қарай: көрнекті әрекеті, көрнекті – бейнелік, сөздік – логикалық.

4. Әрекетіне қарай: вербальды, көрнекілік.

5. Қызметіне қарай: шығармашылық (творчестволық), сыншылдық (критика).

6. Рефлексияға қарай: интуктивті, рациональды.

7. Шешілетін мәселенің сипатына қарай: теориялық, тәжірибелік.

Ойлаудың даму стадиялары


  1. Ұғымға дейін ойлау – 5 жасқа дейін керек. Барлық құбылысты жалпы ойлайды, жекеден –жекеге немесе жалпыдан – жалпыға дейін байланыстырады.

  2. Ұғымдық ойлау. Ойлау процесі бірте –бірте одйлайды. Құбылыстардың қарапайым ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өзіндік ұғымы, пікірі қалыптасады. Ойлаудың бұл стадиясы 16 – 17 жасқа дейін дамиды.

5.6. Сөйлеу процесі

Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс - әрекеттерінің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым – қатынас жасап, іс – қимыл мен өмір – тіршілігінің бейнесін қалыптастырады.



Тіл үш түрлі қызмет атқарады:

  1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып – білуін қамтамасыз етеді.

  2. Тілдік қатынастар нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір – бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауды коммуникативті қызмет деп атайды.

  3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі дарақылық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі.

Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.

Сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері: ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады:

  1. Сөйлеудің коммуникативті қызметі.

  2. Сөйлеудің сигникативтік қызметі. Бұл латынның “сигнал” – белгі, таңба деген сөзінен шыққан. Сигникативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінеді.

  3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі- әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, дауыс ырғағымен өзгелерге жеткізілу тәсілі.

Тіл білімі мен физиологияның түйсінуінен психолингвистика тіл психологиясы деп аталатын ғылым саласы пайда болды.Сөйлеудің физиологиялық негізін екінші сигналдық жүйенің қызметі құрайды.

Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйемен бірлесе жұмыс істейді. Бұл бірлестік бұзылса, сөйлеу мән-мағынасыз сөздер тізбегіне айналады. Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс екендігі және оның жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінуі, олардың орталықтары мидың түрлі алаптарында орналасуында. Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдануына байланысты афазиялық жағдайға ұшырайды. Афазиялар динамикалық, эференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлық болып бөлінеді.

Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Біріншіден, сөйлеу күрделілігіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі хормен және қарапайым түрде қайталау. Осы негізде сөздер атаушы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде айтылатын активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болып жіктеледі. Сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз болып келеді. Қосалқы сөйлеуге мысалы: жазба текстерді оқу жатады. Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жәйт сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып саналады. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз-дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі:

а) монологтық сөйлеу

ә) диологтық сөйлеу

б) үнсіз іштей сөйлеу

в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді.


Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы саты сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жылға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән-мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсінеді. Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор. Тіл қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Адамның дүниетанымының күрделі, қасиет-сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән-жайы да оның сөйлеу әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты. Сөйлеудің ең жақсы қасиет-ой пікірін қысқа әрі дәл айтып жеткізушілік.

Адамның қоғамда өз орнын табуында, көпшілік құрметі мен сеніміне ие болуында, орнымен, дәйекті сөйлей білуінде сөйлеу мәдениеті үлкен қызмет атқарады.

5.7. Қиял процесі.

Қиял туралы түсінік. Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, жаңа елестер мен идеалар туады.. Осындай жаңа бейнелер мен идеаларды қиял деп атайды. Қиял адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Қиял дегеніміз – бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын адамға тән психикалық процесс. Адам қиялынан ерекшеліктерді былай топтастыруға болады:

а) әрбір адамның қиялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіне, алдына қойған мақсат-мүдделеріне байланысты.

ә) қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының ерекшеліктеріне байланысты.

б) қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен тығыз ұштасып жатады.

в) адамның қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде де дамып отырады.

Өзіндік ерекшеліктерімен олардан туындайтын себептерге қарай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Ырықсыз қиял адам алдына мақсат қоймай-ақ пайда болады. Мысалы: адам ұйқылы ояу кезіндегі сөзі немесе түс көру.

Ырықты қиял. Адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, қажетті бейнелер мен образдар жасау.

Ырықты қиял түрлері қайта жасау қиялы және шығармашылық қиял. Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездескен, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртады.



Қиялдың ең жоғары түрі – шығармашылық қиял немесе жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Творчестволық қиял бейнелері түрлі тәсілдер арқылы жасалады.

  1. Қиыстыру-белгілі элементтердің қосындысы ғана емес, творчестволық синтез.

  2. Аглютинация түрлі объектіге тән бөлшектерді (жинастыру немесе) жинақтау.

  3. Объектінің кейбір сапасын немесе басқаларға қатынасын алға шығара, күшейте көрсетуден байқалатын акцент жасау.Әсірелеу және кеміте көрсету әдістері акцент жасау тәсіліне жатады.

  4. Әдеби, мүсін және сурет арқылы бейне жасаудың кең тараған тәсілі-типтік бейне жасау тәсілі.

Творчестволық қиял бейнелерінің бір түрі фантастикалық бейнелер. Бұларға діни- мистикалық, ертегі – фантастикалық, ғылыми – фантастикалық бейнелер жатады.

Армандар мен мұраттар қиялдың ерекше формалары.

Творчество, қажырлы еңбек, сонымен бірге адамның барлық дене және рухани күшін жұмсауды қажет ететін шабытты еңбек болып табылады.

Творчестволық процесс кезінде адамның психикалық әрекеті жоғары деңгейде өтеді. Бұл жеке адамның интелектуальдық эмоциялық, еріктік күйіне жатады.

Сезім және эмоция.



Сезім және эмоция туралы түсінік. Эмоция мен сезім ерекшелігі адамның қажеттіліктерімен, талабымен, ниетімен, еркімен және мінез ерекшеліктерімен анықталады.

Сезім мен эмоция екі түрлі қызмет атқарады:1.реттегіштік. 2. сигналдық.

Сезімнің реттегіштік қызметі көңіл-күйдің тұрақтылығы мен мінез-құлқымызға бағыт беріп, оны қолдап кездескен кедергілерді жеңуге көмектеседі.

Эмоцияның реттегіш механизмі эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысал: сағыныш, торығу, қатты қуану, шаттану т.б.

Міне бұлар сөз, күлкі немесе бұлшық ет қимылдары арқылы сыртқа шықпаса қауіпті болады.(жылау 15 мин.).

Мәнді қимылдар эмоциялар мен сезімдердің сигналдық қызметін атқарады. Олар толғаныс, тебіреністі толықтырып айқындай түседі.

Дауыстық және мимикалық сигналдар, сөз, ырғақтары, дауыс реакциялары иқарым-қатынаста адамдар арасында байланысты бейнелейді. Мысалы: күлімсіреу, зілді, жасады, мұңды күйде қарау т.б.

Адам өзіне, басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатемасын білдіретін, оны бейнелейтін психикалық процесті сезім деп атайды. Сезім адамның психикалық әрекетінің қандай жақтарына да белгілі түрде реңін береді. Эмоциялар мен сезімдер адамның әрекетімен, оның мінез құлқымен, жүріс-тұрысымен біте қайнасып жатады, таным процесі де сезіммен ұштасады. Эмоция мен сезім дегеніміз бұл адамның айналадағы өмір шындығына және өз басына деген өзіндік қарым-қатынасы. Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Осындай саналық ерекшеліктерінің бірі қарама-қарсы, полярлық сапалық ерекшеліктер деп аталады. Мысалы: сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу т.б.

Сезім мен эмоциялардың физиологиялық негіздері.

Жоғары сезімдер. Жоғарғы сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интелектік деп аталатын сезімдер кіреді.

Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі адамгершілік сезімдері.

Жоғарғы сезімдердің бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну.

Жоғарғы сезімдердің бұдан басқа бір түрі – интелетік сезімдер адамдардың таным прецестерімен ақыл ой әрекетімен тығыз байланыста жатады.

Ерік.

1. Ерік туралы жалпы түсінік.

Ерік-адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті.



Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын, ашық, саналы түрде түсінікті болуы қажет.

Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынандай шарттар қажет: а) алға тұтқан мақсатты орындау қайткенде де соған жету; ә) жолда ұшырайтын кедергі, бөгеттерді жеңу; б) мақсатқа жкту жолында қайраткерлік, ерлік, табандылық көрсету, қиыншылықтан жол табу, тәсілқой болу т.б.; в) қиындықтарға қарсы тұрып, үрейленбеу, қорықпау.

Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адамның мұқтаждылықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани мұқтаждылықтарын қанағаттандыру керек. Адамның алдына мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждылықтарын өтеу үшін пайда болады.

Еріктің амал кезеңдері.



  1. Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)

  2. Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)

  3. Ниет – тілектердің пайда болуы

  4. Ниеттер шартысы және оның бірін қалау

  5. Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бәрін қалау

  6. Тоқтамға келген шешімді қалау

Адамның ерік – жігер сапалары.

Ерік күші. Шыдамдылық.Табандылық.Дербестілік.Шешімге келгіштік



Ерік туралы теориялар. Ерік – жігер туралы теориялардың бастылары мына төмендегілер:Интеллектуалдық немесе ассоциялық теориялар (Э.Мейман т.б). Бұл теорияны жақтаушыларды және дамытушылардың бірі Германияда негізін салған Э.Мейман.

Бұлардың айтуы бойынша ерікті әрекеттердің барлығы ақыл – ой, интеллектімен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды.

Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты.

Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді.



Ерікті тәрбиелеу. Адам ерік саналарын қалыптастыру мен тәрбиелеу өз алдына нақты мақсат, іс - әрекеттерді орындау нәтижесінен басталады. Ерікті әрекеттер кезінде адам өз еркін меңгеріп, күш – қуатын қиын жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруы және бастаған ісін аяғына дейін жауапкершілікпен орындауы қажет.Бастаған істі жүзеге асыра білу тиіс.

  • Содан адам өз еркін шыңдай алады және қалыпты деңгейде қалыптастырады.

  • Адамның ісі мен мінез –құлқын меңгеруі және азаматтық қасиеттері ерікті қимыл – қозғалыстарынан және істеген ісінен байқалады.

  • Адамның даралық қасиеттері барлық психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған байланысты адам өмірдегі аса маңызды кезең - өзінің іс - әрекеттерін бақылап, ерік – жігерін дамыта білу кезеңі болып табылады .Бұл кезең адам мінез – құлқындағы ұнамды әрі жағымды саналарда қалыптасады.

Темперамент.

Темперамент туралы жалпы түсінік. “Темперамент” сөзі – “красис” грек сөзіне латынша темпераминтум деген сөздеріне шыққан. Мәні –нәрселердің немесе заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік ең алдымен адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс – тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сонда, темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз.

Адамның өзгешелігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударған, еңбек жазған-ертедегі гректің дәрігер ғалымы Гиппократ (б.з.д. 460-356 ж.ж.). Ол организм ерекшеліктері денедегі тіршілік шырындарына байланысты деп санады.

Темпераменттің физиологиялық негідерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген – академик И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің негізгі үш белгісі:


  1. қозу мен тежелудің күші

  2. олардың тепе-теңдігі

  3. қозғыштығы жиынтығынан құралады.

Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды. Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай, организм тіршілігі өзгерістерінің барлығына әсер етеді.

Темперамент– адамдардың психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барлық іс - әрекетінде оның мазмұнынан, қарым – қатынасынан, сөйлеген сөзінен, сезім- эмоциясынан, ерік- жігерінен, жүріс тұрысынан, қимыл – қозғалысынан, ым-ишарасынан (жест мимика) т.б көрініс береді.

Сангвиник. Ақжарқын, ақкөңіл, әрекетшіл, күш жігері мол адам. Белсенді қозғалыс -қимылдары мәнерлі, шапшаң, көңіл – күйі тез өзгереді, сезімтал. Қабілеті жоғары, қандай іске де қаймықпай кіріседі. Бастамашыл, жаңаны тез қабылдайды, ортада өзін еркін ұстайды.

Холерик. Әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз, тез ашуланады. Тәуекелшіл, алдына қойған мақсатына қалайда жетеді, қиындықтарды жеңе біледі. Көңіл күйі тез өзгереді. Тіке, ойына келгенді тез айтып тастайды. Кек сақтамайды, тез сөйлейді, ортаға тез бейімделеді.

Меланхоликтың эмоциялық көтерілуі табанды, күшті,тұрақты болады, сыртқы көрінісі әлсіз көрінеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, кейде қайғылы да болады. Сыртқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп тұрады, кедергі кездессе уайымдап қажи түседі, қимыл қозғалыстары ақырын, баяу болады. Мәнерсіз, ақырын сөйлейді, сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс әрекетін толық аяқтап шығады.

Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөйлейді. Іс әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады.


Мінез.


Мінез туралы түсінік. Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез ерекшеліктері адамның даралық өзіндік психологиялық қасиеттері.

Адамның ісі мен қылығынан көрінетін, айналасындағыларға қатынасын бейнелейтін тұрақты жеке қасиеті мінез деп аталады.

Мінез бітістері адамның дүниеге көзқарасына сенімі мен мұратына, әлеуметтік жағдайына, сыртқы орталық әсері мен адамның өзін-өзі тәрбиелеуінен көрінеді. Мінез бітімі қалыптасуында қоғамдық – тарихи тәрбиелену бағыттары әсерінің де маңызы зор.

Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында алғаш сипаттаған – ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV- III ғ.ғ.).

Адам мінезінің құрылымы әртүрлі қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылым дейді. Мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі факторлар деп аталады. Психикалық ғылымда мінез қасиеттерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады:


  1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық;

  2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік;

  3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік т.б;

  4. Заттарға қатысты: ұқыптылық, ұқыпсыздық, салдыр – салақтық.

Мінез құрылымындағы қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:

  1. Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам таланттарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді;

  2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет – мінездің күші. Осыған байланысты адам жақсы, мықты тұрақты және нашар мінезді деп аталады;

  3. Мінездің тұрақтылығы (ауытқушылығы) ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекшелігі олар табандылық, тәуелділік, бейімделгіштік.


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау