Бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020»


Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау



жүктеу 0,94 Mb.
бет11/37
Дата14.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#30749
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау

 

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 55-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



55. Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

ҚР Үкіметінің 2016.19.04. № 234 Қаулысымен 56-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 56-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



56. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.

57. Тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеуге жіберілген микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

58. ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



59. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін микрокредиттер де субсидиялауға жатады.

60. Жаңартылатын негізде берілген айналым қаражатын толықтыруға бағытталған микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол берілмейді.

61. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін 10 млн. теңгеден аспайды.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



62. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды.

63. Бағдарлама шеңберінде микроқаржы ұйымдары:



1) шағын кәсіпкерлік субъектісі бастамашы болған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты жағдайларды;

2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын жағдайларды қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе микрокредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

64. Қолданыстағы микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылданған жағдайда микроқаржы ұйымдары бұдан бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржы жылы өтейді.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65. Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 66-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



66. Қаржы агенттігі микроқаржы ұйымдарын Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау мәселелері бойынша хабардар етеді.

67. Микроқаржы ұйымы шағын кәсіпкерлік субъектілерін Бағдарлама шеңберінде микрокредиттерді субсидиялау шарттары туралы хабардар етеді.

68-70. ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

71. ӨҮК жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдайды.

72-75. ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 76-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



76. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.

 


жүктеу 0,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау