Бюджет саясаты саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған басымдықтардың бірі – макроэкономикалық тұрақтылық.
Осы басымдық шеңберінде салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу бойынша міндет қойылды.
Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет саясаты бірқатар фискалдық шектеулер негізінде қалыптастырылады, оның негізгісі бюджет тапшылығының мөлшерін басқару болып табылады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты -1,6 % құрады. Ағымдағы жылғы қазанда 2017 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ қатысты -2,9 % деңгейінде жоспарланды.
2018-2020 жылдарға арналған бюджет параметрлерін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының екінші кезеңдегі 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында 2018 жылы республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 1,1%-ға дейін төмендеумен, 2019-2020 жылдары ЖІӨ-ге қатысты 1,0% деңгейінде болжамданған.
Мемлекеттік бюджеттің мұнай емес тапшылығын 2015 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 9,8 %-дан 2017 жылғы ЖІӨ-ге қатысты 12,9 %-ға дейін ұлғайту мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде мұнай кірістері үлесінің 2015 жылғы 40,2 %-дан 2017 жылғы 46,1 % дейін артуына байланысты.
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) рейтингінде «Бюджет сальдосы» көрсеткіші бойынша 2013 жылы (2012 жылғы деректер бойынша) 13-орында болатын, 2014 жылы (2013 жылғы деректер бойынша) 4 позицияға жақсара отырып, 9-орынды иеленді, 2015 жылы (2014 жылғы деректер бойынша) – 10-орын, 2016 жылы (2015 жылғы деректер бойынша) – 108-орын.
Бұл көрсеткіш бойынша жоғары деңгейге қол жеткізу үшін ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын төмендету ғана емес, сол сияқты Ұлттық қордағы жинақтарды да ұлғайту керек.
2016 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы жаңа Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық қордың активтерін сақтау және оның таусылуын болдырмау мақсатында жаңа Тұжырымдамада республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2017 жылы 2 880 миллиард теңгеден 2020 жылы 2 000 миллиард теңгеге дейін айтарлықтай азайту көзделген.
Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету, республикалық бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін төмендету мақсатында салық-бюджет саясаты ЖІӨ-ге қатысты мұнай емес тапшылықты бірте-бірте төмендету ескеріле отырып, қалыптастырылуға тиіс.
Мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2020 жылы ЖІӨ-ге қатысты 7,0 %-ға дейін және 2025 жылы ЖІӨ-ге қатысты 6,0 %-ға дейін төмендетіледі.
Ұлттық қордың қаражаты ЖІӨ-ден 30 % азайтылмайтын қалдықтан төмен емес көлемде ұсталатын болады.
Мұнай түсімдерін тәртіппен және тиімді басқару саясаты жалғасады.
Жаңа Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында бекітілген параметрлерге сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі Жарлығымен Бюджет саясатының жаңа тұжырымдамасына тиісті өзгерістер енгізілді.
Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты оңтайлы шаралар мен экономикаға оң әсер ететін бюджет қаражатының көлемін айқындауға, бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге негізделетін болады.
Мемлекеттік шығыстар көлемі бір жағынан жиынтық сұранысты қолдауды, екінші жағынан мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.
Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел шаралар қабылданатын болады.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша одан арғы жұмыс орта және ұзақ мерзімді кезеңде Қазақстандағы бюджет саясатының тиімділігіне теріс ықпал етуі мүмкін проблемаларды шешуге бағытталған.
Республикалық бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігі өсті – Ұлттық қорды пайдаланудың ұлғаюы есебінен мұнай емес тапшылық 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты 12,9 % дейін өсті, оның ЖІӨ-ге қатысты 10,0 %-ы Ұлттық қор трансферттері мен мұнай ЭКБ (экспорттық кедендік баж) құрайды.
Республикалық бюджетке түсімдердің жалпы көлеміндегі мұнай кірістерінің үлесі 2017 жылы 53,8 % құрады.
Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтумен Үкімет борышы а.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖІӨ-ге қатысты 20,0%-ға дейін өсті, ал оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар екі есе өсті.
Әлемдік экономиканың баяулауы және шикізат тауарларына төмен бағалар жағдайында мұнай секторынан түсімдердің төмендеуі байқалды және Ұлттық қор қаражатын пайдалану артты, бұл оның активтерінің қысқаруына алып келуі мүмкін.
Республикалық бюджет шығыстарының құрылымында бірнеше жылдар бойы ағымдағы шығыстар біршама артып келеді, бұл даму бюджетінің қысқаруына, сәйкесінше бюджеттің ЖІӨ өсуін ынталандырушы әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Бұл ретте кіріс базасының өсуімен ілеспейтін салық салу саясаты перспективада өсіп келе жатқан міндеттемелерге сәйкес келмеуі мүмкін. Ұзақ мерзімді кезеңде бұл мемлекеттік қаржының теңгерімсіздігіне әкелуі мүмкін.
Шикізат емес секторда кіріс базасын кеңейту және салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту үшін қабылданатын шаралармен бірге мемлекеттік қаржы тұрақтылығын күшейту және фискалдық саясатты түзету бойынша шаралар қабылдау қажет.
Осыған байланысты, бюджет саясатының басымдығы Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткен мемлекеттік қаржы тұрақтылығын сақтау, бюджет қаражатын қатаң үнемдеу және мемлекеттік шығыстар тиімділігін арттыру болып қала береді.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында қаражат тиімсіз бағдарламалардан әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінетін болады.
Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.
Бұдан басқа, түпкілікті тұтынушыларға қаражатты жеткізу уақытын қысқарту үшін бюджет рәсімдері жеңілдетілетін болады.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі
|
Ұлттық қордың қаражатын шектеулі пайдалану, мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру және бюджет тапшылығын 2020 жылға дейін ЖІӨ-ге қатысты 1 % деңгейінде ұстап тұру арқылы бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету
|
Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2020 жылға дейін мемлекет міндеттемелерін басқару саясатын іске асыру жөніндегі негізгі тәсілдер Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы Жарлығымен бекітілген Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасында айқындалған.
Мемлекеттік борышқа жүргізілген талдау соңғы жылдар ішінде мемлекеттік борыштың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің өскенін көрсетеді. Мәселен, мемлекеттік борыштың ЖІӨ-ге қатынасы 2014 жылы ЖІӨ-ге қатысты 13,9%, 2015 жылы ЖІӨ-ге қатысты 22,1%, 2016 жылы ЖІӨ-ге қатысты 25,0% құрады.
2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш 11 943,5 миллиард теңгені (37,9 миллиард АҚШ долларын) немесе ЖІӨ-ге қатысты 24,0% құрады. Мемлекеттік борыштың жалпы көлеміндегі үкіметтік борыштың үлесі 72,9% немесе 8 704,7 миллиард теңгені құрайды. Қалған бөлігі Ұлттық Банктің борышына 3 198,1 миллиард теңге (26,8%) және жергілікті атқарушы органдардың борышына 40,7 миллиард теңге (0,3%) тиесілі.
Қазақстан ДЭФ ЖБИ рейтингінде «Мемлекеттік борыш, ЖІӨ %» көрсеткіші бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша 11-орынды, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 12-орынды, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 17-орынды иеленді.
Мемлекеттік борышты қалыпты деңгейде ұстау үшін мемлекеттік бюджет тапшылығы 2020 жылға дейін бір деңгейде ұсталып, 2018 жылы ЖІӨ-ге қатысты 1,0 % дейін төмендетіледі.
Тұтастай алғанда, 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш деңгейі қолайлы деңгейде және ол елдің дамуына және экономиканың орнықтылығына қауіп төндіретін шектерден аспайды.
Ұлттық қордың қаражатын тиімді басқаруды арттыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығымен жаңа Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді, оның негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттің әлемдік шикізат нарықтарындағы жағдайға тәуелділігін төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинақтау болып табылады.
Ұлттық қордың қаражаты ЖІӨ-нің болжамды мәнінен кемінде 30 % мөлшерде азайтылмайтын қалдықтан төмен емес көлемде сақталатын болады.
Сонымен қатар қаржы нарығын одан әрі дамыту жөніндегі негізгі тәсілдер 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалған.
Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржы жүйесі жеткілікті реформаланған болып табылады және негізгі халықаралық стандарттарға сай келеді.
90 күннен артық мерзімі өткен берешегі бар қарыздар 2014 жылы 3 781 миллиард теңгені немесе банктердің несие портфелінің 26,3% құрайды, 2015 жылы 1 422,3 миллиард теңгені немесе 9,4%, 2016 жылы 1 142,8 миллиард теңгені немесе несие портфелінің 7,3 % құрайды. 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мерзімі өткен қарыздар 1 108,7 миллиард теңгені немесе несие портфелінің 7,3 % құрайды.
Банктердің кредиттік портфельдер сапасын жақсарту бойынша жұмысын жандандыру үшін банктер үшін міндетті жұмыс істемейтін қарыздардың ең көп лимиті 2018 жылға қарай 10%-дан аспайтын деңгейде енгізілді.
2. Негізгі проблемаларды талдау
2018–2020 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік көрсеткіштердің параметрлері бюджет тапшылығын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен ЖІӨ-ге қатысты 1 %-ға дейін төмендетуді болжайды.
Бұл ретте, тапшылықпен қалыптастырылған 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет үкіметтік және тиісінше мемлекеттік борыштың одан әрі өсуіне алып келеді.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Экономика өсуінің бәсеңдеуі, шикізаттың, оның ішінде мұнайдың әлемдік бағаларының төмендеуі
|
ЖІӨ-ге қатысты бюджет тапшылығын төмендету және Ұлттық қордағы жинақтарды ұлғайту арқылы мемлекеттік борышты және Ұлттық қордағы қаражаттың азайтылмайтын қалдығын қауіпсіз деңгейде ұстап тұру.
|
Салық саясаты саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Салық заңнамасына өзгерістер жыл сайын елдің даму стратегиясына сәйкес экономиканың, оның ішінде жекелеген салалар бойынша экономиканың тұрақты дамуына ықпал ететін мемлекеттің, сондай-ақ салық төлеушілердің де экономикалық мүдделерінің теңгерімі ескеріле отырып қалыптастырылады.
Қазақстанда жүргізілетін салық саясатының негізгі бағыттары қолайлы кәсіпкерлік орта құру, мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыру және мемлекеттің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасау болды.
2013 – 2015 жылдар аралығында Қазақстан салық заңнамасына мынадай реформалар жүргізді:
– теңіз кемелерінің халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушiлер үшін есептелген корпоративтік табыс салығын (бұдан әрі – КТС) 100 пайызға азайту арқылы ерекше салық салу тәртібін енгізу;
– Алматы және Астана қалаларының әуежайларын қоспағанда, әуежайлар инфрақұрылымдары (аэродромдық кешендер, терминалдар) бойынша заңды тұлғалар үшін мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5 пайыздан 0,1 пайызға дейін төмендету;
– халықтың әлеуметтік осал топтары (мүгедектер, ҰОС қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, мүгедек балалардың ата-аналары) үшін 55-тен 75-ке дейін ең төмен жалақымен жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) төлеу кезінде салық салынбайтын табысты арттыру;
– мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрге дейін бір жеңіл автокөлік құралына және бір автобусқа көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктер беру;
– тауарлар импорты кезінде ҚҚС-ты төлеу есептеу тәсілі арқылы жүзеге асырылатын нормалардың қолданылу мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту;
– жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін алым төлеуді алып тастау;
– отарлы мал шаруашылығымен айналысатын шаруа және фермер қожалықтары (бұдан әрі – ШФҚ) үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық ауданының шекті мөлшерін арттыру;
– бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша шектеулерді белгілеуге байланысты ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалармен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткен ШФҚ үшін салық салудың тең жағдайларын жасау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші заңды тұлғалар үшін көзделген 70% жеңілдік ШФҚ-ға да таралады.
Осылайша, салық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде:
– электрондық шот-фактураларды қолданудың міндеттілігі;
– тауарларға электрондық ілеспе жүк құжаттарды қолдану;
– тауарларды алдын ала декларациялау міндеттілігі;
– бірқатар кеден және салық құжаттары мен рәсімдерін салықпен (тексеру нұсқамаларының, тексеру актілерінің, өндіріп алудың нысанын және т.б.) біріздендіру;
– ақпараттық жүйелердегі қайталанатын құжаттарды (құрылтай құжаттары, банк шоттарын ашу туралы мәліметтер және басқа) ұсынуды алып тастау көзделген.
2016 жылы салық заңнамасына мынадай өзгерістер енгізілді:
1) 2017 жылды қоса алғанда, одан әрі кезең-кезеңмен төмендете отырып, ҚҚС бойынша есепке қою мақсатында қолданыстағы ең төмен шекті мәнді (30 000 АЕК) сақтау:
– 2018 жылы – 25 000 АЕК дейін;
– 2019 жылы – 20 000 АЕК дейін;
– 2020 жылы – 15 000 АЕК дейін.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою мақсатында шекті мәнді кезең-кезеңмен және біркелкі төмендету қолайлы бизнес-ахуалды, шағын және орта бизнеске салық және әкімшілік жүктеме деңгейін сақтауға мүкіндік береді.
2) «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығын іске асыру мақсатында алкоголь өнімдері, темекі өнімдері және мұнай өнімдері акциздерінің фискалдық функциясын күшейту бөлігінде 2017 – 2019 жылдары акциздердің мөлшерлемелерін біртіндеп көтеру көзделген.
Акциздердің мөлшерлемелерін көтеру ЕАЭО елдерінен Қазақстанға заңсыз өнімдер ағымын төмендетуге және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.
3) Алкоголь өнімінің экспорты кезінде қосарланған салық салуды болдырмау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын құрамында кемінде 80 пайыз көлемінде спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртiне нөлдік акциз мөлшерлемесін белгілеу көзделген (қолданыстағы мөлшерлеме – 60 теңге/литр).
Қазақстан Республикасы ЕАЭО мүше екенін ескере отырып, этил спиртіне акциз салынбайтын Ресей Федерациясының және Белоруссияның тәжірибесі қаралды.
4) Елде мұнай мен газды барлау және өндіруді кеңейту үшін инвесторларды тарту мақсатында коммерциялық табу болмаған жағдайда «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының Ұлттық мұнай операторы стратегиялық әріптесінің берешектерді есептен шығарудан түсетін кіріске салық салуы, яғни «Carry қаржыландыру» жүйесі бойынша берешекті есептеп шығару кезінде кірісті КТС босату қайта қаралды.
5) Ұлттық операторға өткізілетін газға салық салу мәселесін шешу мақсатында газды өндірудің өзіндік құнына байланыстырмай, нақты өткізу бағасымен ұлттық операторға өткізілетін газды сатудан түсетін кірісті айқындау кезінде КТС есептеу көзделген.
Бұл шара жер қойнауын пайдаланушыға құны жоғарырақ өндірістік өзіндік құнды емес, өткізу бағасын назарға ала отырып, кірісті анықтауға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасының тауарлық газға ішкі қажеттілігін қамтамасыз етеді.
6) Қаржы секторын тұрақтандыру, NPL төмендету және экономикаға кредит беру мақсатында Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын, сондай-ақ КТС және мемлекеттік баждарды қайта қаржыландыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде «жұмыс істемейтін» банктік қарыздар көлемін қысқартуға бағытталған ұсынылатын талап өтініштермен банктерді ЖТС және КТС төлеуден босату көзделген, бұл қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ әлемдік рейтингте қазақстандық банктердің позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді.
7) Салыққа салық есептеуді болдырмау мақсатында 1997 жылғы 17 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде табиғи нысанда алынатын (мұнай) Қазақстанның үлесіне салық салуды болдырмау көзделген.
8) Жер қойнауын пайдаланушыларға білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға қаражат бөлу мүмкіндігін ұсыну мақсатында қазақстандық кадрларды оқыту үшін көзделген шегерімдер шеңберінде тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жақсартуға арналған жер қойнауын пайдаланушының шығыстарын шегерімге жатқызу көзделген.
9) Ақтау теңіз портына дейін теміржол көлігімен тауарларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді халықаралық тасымалдауға жатқызу мақсатында теміржол-паром көлігімен тасымалдауды халықаралыққа жатқызу көзделген.
Бұл өзгеріс халықаралық жүк тасымалын ынталандыруға және Ақтау теңіз порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
10) салықтар бойынша өсімпұл және айыппұл сомаларын есептен шығару кезінде кірістерге салық салудан босату, бұл салық салынатын кіріс мөлшерін төмендету арқылы бизнеске салықтық жүктеме деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
11) ауыл шаруашылығы саласында ШОБ іскерлік белсенділігін ынталандыру мақсатында:
– көрсетілген қызметте бұдан бұрын пайдаланған активтерді сатуды жүзеге асыратын шаруа қожалықтарының бірыңғай жер салығын қолдану құқығын сақтау;
– ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануы мақсатында жер учаскесіне меншік құқығының болуы бойынша талапты алып тастау көзделген, бұл ауыл шаруашылығы кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдану бойынша кедергіні жояды.
Отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында импортталған асыл тұқымды малдың өлуі және мәжбүрлі сою кезінде ҚҚС есептеу тәртібін өзгерту көзделген.
Табиғи кему нормативтері шеңберінде малды мәжбүрлі сою немесе өлуі жағдайларында ҚҚС бойынша жеңілдік тарату асыл тұқымды мал базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Салықтық әкімшілендіру және кедендік реттеу бөлігінде салықтық-кедендік әкімшілендіруді жақсартуға, бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендетуге және салықтық-кедендік реттеу тетіктерін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар түзетулер көзделген, олардың негізгілері:
1) салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мақсатында сотқа дейін реттеудің жаңа институтын енгізу көзделген (Апелляциялық комиссия);
2) көлеңкелі экономикаға, көлеңкелі кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мақсатында халықаралық өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша нормалар көзделген, оның ішінде:
– Қазақстан Республикасы резиденттерінің активтері мен мүлкін қоса алғанда, шетелдегі салық төлеушілердің активтері мен мүлкі туралы өзара негізде тұрақты ақпарат алмасу;
– салық саласында өзара іс-қимыл бойынша халықаралық талаптар орындалмаған жағдайда қаржы секторын санкциялар қолданудан қорғау.
3) салық төлеушілерге негізгі құралдарды есепке алу жүйелерін пысықтауға (әзірлеуге) көбірек уақыт беру мақсатында мүлік салығы мақсаты үшін негізгі құралдарды қайта бағалауды есепке алу 2019 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды.
4) мемлекеттік органдардың деректер базалары мәліметтерінің өзектілігі мен сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялауды сапалы енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу мақсатында жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімі бір кезеңге 2020 жылға ауыстырылды, сондай-ақ:
– декларациялау мерзімін ауыстыру;
– қолма-қол ақша, дебиторлық, кредиторлық берешек, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін басқа да мүлік шегі ұлғайтылды;
– жеке тұлғалардың декларацияны уақтылы ұсынбағаны немесе қайтадан жасалған декларацияда толық емес/анық емес мәліметтерді көрсеткені үшін әкімшілік айыппұл мөлшері төмендетілді.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, салықтық әкімшілендіру саласында мынадай проблемалық мәселелер қалып отыр:
– қосылған құн салығын әкімшілендірудің тиімсіз жүйесі;
– салық төлеуден жалтару, жалған кәсіпорындар санының өсуі;
– салықтық тексерулердің сапасы мен ашықтығының жеткіліксіздігі;
– салық берешегін өндіру тетігінің жетілмегендігі.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Әлемдік экономиканың және Қазақстан экономикасының конъюнктурасын өзгерту
|
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Кеден саясаты саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
2009 жылғы 27 қарашада Кеден одағының Кеден Кодексінің қабылдануына және Қазақстан Республикасының Кеден одағына кіруіне байланысты Одақтың кеден саласын реттеудің құқықтық алаңы жасалды.
Кедендік заңнаманы жетілдірудің басым бағыттарын енгізу жүзеге асырылған Кеден одағы шеңберіндегі негізгі құжат 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт болып табылады. 2010 жылдан бастап 3 жыл бойы «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хаттама жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді. Кеден заңнамасын жетілдіру мақсатында 2012 – 2014 жылдар кезеңінде заңнамаға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін жеңілдету сияқты тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа сәйкес әріптес елдермен интеграциялық процестердің неғұрлым терең деңгейі белгіленді – Еуропалық экономикалық одақ құру – нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру ұлттық деңгейде де, сол сияқты одақ заңнамасы деңгейінде де жүзеге асырылады.
Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы шешім қабылдануына байланысты 2013 жылдың соңынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің жаңа жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс басталды, оның негізіне қолданыстағы Кеден одағының Кеден кодексі, сондай-ақ «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» хаттама жобасы алынды.
2017 жылғы 11 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімге Қырғыз Республикасының, Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының Беларусь Республикасының басшылары қол қойды.
Жүргізілетін заң шығару жұмысы шеңберінде:
1) «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексі туралы» шарттың нормаларын іске асыру мақсатында «Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу;
2) электрондық кедендік декларациялаудың басымдығы және жазбаша декларациялауды тек белгілі бір жағдайларда ғана қолдану;
3) кедендік декларацияны кеден органына оның негізінде толтырылған құжаттарды ұсынбай-ақ, ұсыну мүмкіндігі;
4) ақпараттық жүйелерінің кедендік декларацияны тіркеуін және тауарларды автоматты түрде шығаруына байланысты, кеден органдарының кедендік операцияларды жасау мүмкіндігі;
5) кедендік декларация тіркелген кезден бастап төрт сағат ішінде тауарларды шығаруды жүзеге асыру сияқты кеден саясатын іске асырудың негізгі басым бағыттары қаланды.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Бүгінгі таңда, негізгі проблемалар сілтемелік нормаларын іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің қолданысқа кіруімен бір мезгілде қабылдануы қажет Еуразиялық экономикалық комисияның бірқатар шешімдерін бірінші кезектегі тәртіппен әзірлеу қажеттігі болып табылады. Бұдан басқа, бір мезгілде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің күшіне енуімен тиісті Кодекс қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық кеден заңнамасын сәйкестікке келтіру қажет.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Одақ актілерін қабылдаған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ұстанымдарының айырмашылығы
|
Одақтың Кеден заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс топтарын өткізу
|
Ұлттық актілерді қабылдау кезіндегі мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар ұстанымдарының айырмашылығы
|
Мемлекет пен бизнестің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, консенсус іздестіру
|
Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері
Пайдаланушыларды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін статистиканың барлық салаларында халықаралық стандарттар табысты енгізілуде.
Статистика саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен және Еуразиялық экономикалық комиссия, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Статистикалық комитеті және тағы басқалар сияқты ұлттық статистикалық қызметтермен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Статистикалық жүйенің институционалдық ортасын жетілдіруге және операциялық қамтамасыз етуге, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен физикалық инфрақұрылымды жақсартуға, кадрлық әлеуетті дамытуға, статистикалық инфрақұрылымды, стандарттар мен әдіснамаларды жақсартуға, пайдаланушылармен және респонденттермен жұмысты жетілдіруге, әдіснамалар мен статистиканың нақты салаларындағы тәжірибені жетілдіруге бағытталған 2012-2016 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесін нығайту жөніндегі жоба (бұдан әрі – ҚАЗСТАТ жобасы) сәтті іске асырылуда.
2014 жылы 16 жаңа және жетілдірілген әдістеме қабылданды, 2015 жылы – 32, 2016 жылы – 28.
КАЗСТАТ жобасы шеңберінде 2014 жылы 604 адам оқытылды, 2015 жылы – 562, 2016 жылы – 603.
Жалпы, ҚАЗСТАТ жобасының қорытындысы бойынша статистиканың түрлі салаларындағы 80-нен астам жетілдірілген және жаңа әдістемелер қабылданды; статистикалық есептердің жалпы саны кемінде 20%-ға азайтылды; пайдаланушылардың статистикалық деректердің сапасына қанағаттану деңгейі кемінде 80% қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілді.
2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерді бұзулар және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасына шағымдар жоқ.
2015 жылдан бастап тұтынушылар мен респонденттерден қоңырау қабылдау жөніндегі ақпараттық қызмет жұмыс істейді. Ақпараттық қызметті тұтынушылармен және респонденттермен тығыз байланыс орнату және оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылды. 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ақпараттық қызмет шамамен 14 мыңға жуық қоңырау қабылдады.
Ресми статистикалық ақпаратқа қанағаттану бөлігінде қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларға пікіртерім жүргізіледі. Жалпы, пайдаланушылардың статистикаға деген көзқарасы оң. Жыл сайын пайдаланушылардың статистикалық деректерге деген сенімінің жоғары дәрежесі байқалады (2014 жылы – 82,2%, 2015 жылы – 84,4%, 2016 жылы – 82,8%).
Бұдан басқа тәуелсіз зерттеу ұйымы – Қоғамдық пікірді зерделеу орталығы 2014 және 2016 жылдары Қазақстанда пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа қанағаттанушылық деңгейін зерделеу бойынша әлеуметтік пікіртерім жүргізді, оның қорытындысы да пайдаланушылардың қанағаттанушылық деңгейінің жоғары екенін растады.
Статистикалық процестерді автоматтандыру, барлық пайдаланушылардың шектеусіз статистикалық деректерге қол жеткізуінің ыңғайлылығы, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) қамтамасыз етіледі.
Респонденттер үшін ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде «е-Статистика» ИАЖ – «Онлайн режимде деректерді жинау» АЖ құрамдауышын атап өткен жөн. 2016 жылдың қорытындысы бойынша (2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 1 706 529) онлайн режимде респонденттерден 1 миллион 700 мыңнан астам есеп қабылданды, бұл 2015 жылға қарағанда (2015 жылы – 816 202) 2,1 есе артық.
Тұтынушылардың өзекті статистикалық және талдамалық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін интерактивті режимде статистикалық деректер «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде (бұдан әрі – «Талдау» АТЖ) жарияланады.
«Талдау» АТЖ статистикалық көрсеткішті іздеуге, деректерді түрлі кестелерде, графика және картография түрінде және кескіндерде көрсетуге; берілген талаптарға сәйкес деректерді визуалдандыруға; деректерге талдау жүргізуге арналған құралдарды ұсынуға; таңдалған деректерді немесе талдау нәтижелерін қолжетімді ортақ форматқа айналдыруға, деректерді ұдайы өзектілендіру үшін Тұтынушының жеке кабинетін құруға және т.б. мүмкіндік береді.
Статистиканың интернет-ресурсын пайдаланушылар санының едәуір өсуі байқалады, мәселен 2016 жылы кірулер саны 5 миллионды құраған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда (кірулер саны 3 миллион) 1,6 есеге артық және 2014 жылға қарағанда (кірулер саны 2 миллион 100 мың) 2,4 есеге артық.
Электронды түрде деректер алмасуды қамтамасыз ету үшін «е-Статистика» ИАЖ-ды мемлекеттік органдардың 26 ақпараттық жүйесімен интеграциялау іске асырылды. Интеграциялау шеңберінде мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерін статистика органдары статистикалық ақпаратты өндіруге пайдаланады, бұл респонденттерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Бастапқы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру құқығынсыз және орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты тексеру құқығымен функцияларды беру бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, айыппұл санкциялары ұлғайтылды.
Бұдан басқа, Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарда 2017 жылғы 2-жартыжылдықта «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бекітілген.
2. Негізгі проблемаларды талдау
Өндірілетін өнімнің сапасын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі жоғары білікті қызметкерлердің болуы болып табылады.
Қазіргі уақытта статистика органдарында жоғары деңгейдегі экономикалық, математикалық, статистикалық және компьютерлік дайындығы бар, жүйелік талдау мен болжау әдістерін меңгерген мамандардың жетіспеушілігі сезіледі.
Бұдан басқа, респонденттерге түсетін елеулі жүктеме олар ұсынатын бастапқы деректердің сапасына ықпал етеді, бұл шығарылатын статистикалық ақпараттың сапасына әсер етеді.
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
2
|
Респонденттердің дұрыс емес деректер беруі
|
1. Статистикалық құралдардың әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау.
2. Деректерді жинау кезеңінде бақылау мен тексерістерді орындау.
3. Статистикалық нысандарды толтыру бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
|
Достарыңызбен бөлісу: |