Қазақ тілінің өрісі кеңейді



жүктеу 34,19 Kb.
Дата21.09.2022
өлшемі34,19 Kb.
#39346
Қазақ тілінің өрісі кеңейді
Деревенские рассказы Шукшина, Қазіргі қазақ драматургиясы, 8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Қазақ тілінің өрісі кеңейді, бірақ…
Мемлекеттік тіл жалпы мемлекеттік саясатқа, ҚР Конституциясына негізделеді. Теория және практика жүзінде де қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдық берілді. «Тілдер туралы» заңмен, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тілді қолдау жүзеге асырылып келеді.
Қазақ тілінің тәуелсіздік жылдарында білім, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, экономика, ғылым, саясат, қорғаныс салаларында өрісі кеңейді. Дегенмен елімізде мемлекеттік тіл өте қайшылықты ортада өмір сүруде.
Этнолингвистика ілімі тілдік оппозиция немесе тілдік бәсекелестік деген мәселеге мән береді. Қазақ тілінің мәртебесінің өсуі тілдік оппозицияны күшейтті. Біріншіден, ол оппозиция тек орыс тілінде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындармен негізінен екі тілде сөйлейтін, жазатын, ойлайтындар арасында. Әлі де орыс тілінің артықшылығын сақтағысы келетін ниет, психология, қазақы құндылықтарға, әсіресе қазақ тілі мен мәдениетін іштей менсінбеушілік, тәкаппарлық, «ұлылық» дерті басым. Бұл бәсекелестіктің салдары шиеленістерге де апаруы мүмкін. Екіншіден, бұл қайшылық тек орыс тілді қазақтар мен қостілді қазақтар арасында көрініс алады. Тілдік нигилизм, ана тілін менсінбейтін, ұлттық құндылықтарды мойындамайтындар мен ұлттық патриоттар арасында көрініс алып отыр. Үшіншіден, қазақтар арасында қоспа, былық, қойыртпақ, орыс-қазақ сөздерін араластырып сөйлеу кең етек алды. Бұл қарапайым адамдар түгіл, интеллигенция, ақын, жазушылар, ғалымдар арасында да белең алып барады. Сауатты, әдеби тілдің үлгісін көрсететіндер күнделікті өмірде азайып бара жатыр. Украинада суржик деген құбылысты көп айтады. Суржик бидай мен қара бидай, қара бидай мен арпа, тағы да басқа қоспаларды білдіреді. Осыдан украиндықтар орыс-украин, украин-орыс тілдік қойыртпақты да суржик деп кеткен. Суржик, жергілікті тіл мен үстем тілдің қоспасы, қойыртпағы, негізінен отарланған елдерге тән, бара-бара адамдар қатынасының үйреншікті құралына айналып, тұрмыстық тілден әдеби тілге бәсекелес тіл болып, кейін тіпті әдеби тілді де ығыстыруы мүмкін әлемде ондай жағдайлар кездеседі. Суржик немесе біздің бүгін етіміз үйренген шұбар тіл әдеби тілімізге оппозиция болып отырғаны анық.

жүктеу 34,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет