Қазіргі қазақ драматургиясы



жүктеу 21,4 Kb.
Дата25.04.2022
өлшемі21,4 Kb.
#38331
Қазіргі қазақ драматургиясы
Деревенские рассказы Шукшина, Қазақ тілінің өрісі кеңейді, 8e10fd01cc60087f7a7a338573861826 (1)

Қазіргі қазақ драматургиясы: идея және көркем шындық

Әлемдік қауымдастықтағы өткеніне, бүгіні мен ертеңіне үңілген кез келген халықтың ұлттық болмысы пен ұлттық құндылықтарының өзіндік бағасын беру, сақтау, ұрпаққа жеткізу жолында өзі өмір сүріп отырған қоғамның өзекті мәселелерін әдебиет арқылы қозғауы – жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Ұлт тілінде жазылған әдеби шығарма – сол ұлттың, ол өмір сүріп отырған бүкіл қоғамның шынайы болмысын көрсете алатын көркем құрал. Соның ішінде М. Әуезовтың сөзімен айтқанда «қиын жанр, ең жауапты жанр және сәті келген шағында ең бір көптік жанр — драма жанры» [1]. Осы тұрғыдан драматургиялық туындылардың көркем шындықты поэтика заңдылықтарының шеңберінде жеткізудегі рөлі ерекше.

Әдебиеттегі драмалық шығармалардың өзге жанрдағы туындылардан ерекшелігі, біріншіден, оның адамзаттың рухани болмысындағы шынайы сезiм мен құштарлықты психологиялық жағынан оқырман мен көрерменнің жан күйзелiсiмен ұштастырып, заманның келелі мәселелерін барынша шынайы суреттеуiнде болса, екінші жағынан, драмалық шығармалар көркем туынды (мәтін) түрінде оқырманына әрі сахналық қойылым түрінде көрерменіне жетеді. Әрине бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі, драма жанры сахна, театр үшін де, көркем туынды үшін де қажет. Сахна өнерінің қашанда қайнар көзі мен арқауы – ұлттық драматургия.


жүктеу 21,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет