Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек. Сабақта, жалпы мектепте оқушыларға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады. Ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет етуі керек, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау мен сезіну қаблеті бар адам дайындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |