КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп ел басы Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей білім ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның негізгі көзіне айналуда екенін көруге болады. Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістері:
1. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар.
2. Ақпараттық мәдениет орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияға интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі көп:
1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.
Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту педагогикалық жұртшылықтың санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатыр. Барлық істерімізді Л.С. Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин ойларына негіздеу осы ғалымдардан сілтемелер жасау тиімді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мемемелерінде оқыту процессі технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасты. Бұл процесс білім прагдимасының өзгелермен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде Я.А.Коменскийдің, И.Герберттің дәстүрлі объект-субъектілі педагогиканың орнына басқасы басты, ол балаға оқу қызығушылығының субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде, бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ғылымға мықтап енген “Педагогикалық технология” ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. (В.П Беспалько, В.М Шепель, И.П Волков, М.Чошанов, М.В Кларин т.б). Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар.
Бүгінгі таңда П.М Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б Эьконин мен В.В Давыдовтың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқыту технологиясы. Ш.В.Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемаларының модульді технологиясы, В.М. Монаховтың, В.П. Беспальконың және басқада көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал болған .
Қазақстанда Ж.А Қараевтың, М. Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрліәдіс – тәсілдері яғни жаңашыл сабақ.
Жаңа дәуірдің жан – жақты жамыған адамын тәрбиелеу оңай емес, ол үшін мұғалімге үлкен ізденудің, оқытуды ізгілендіру аспектілерін пайдаланып жүзеге асырудың мәні зор.
Осыған орай жаңашыл идеялар көптеп шыға бастады. Сол жаңашыл педагогтардың идеясымен жұмыс істей білу – әр педагогқа қойылатын талаптардың бірі.
Егеменді еліміздің болашағы - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Оларды қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, өз бетімен ойлап білуге талпынатын, өзінің ой тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін сабақ түрлері құрлысын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін пайдалану бүгінгі күннің талабына айналып отыр.
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтікпарызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстарды идеялық, адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дығдысын меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болу керек.
Оқушылардың дүниетанымдық қасиеті, ізденгіштікпен мәселелерді шеше білуі үшін, ойлау қабілетін активтендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдана білудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты - төменгі сыныптарда білім беруді жетілдіруде жаңа технологияны және жаңашыл педагогтардың идеяларын қолдану әдістері мен тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |