Зерттеу міндеті


V. NATURAL EARTH ашық геомәліметтер жинағы негізінде оқу карталарын дайындау барысы



жүктеу 2,58 Mb.
бет32/34
Дата04.01.2022
өлшемі2,58 Mb.
#31737
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Жұмыс

V. NATURAL EARTH ашық геомәліметтер жинағы негізінде оқу карталарын дайындау барысы
Карталар шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара байланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Географиялық карталарды іс жүзінде пайдаланудың төмендегі басты бағыттарын атап көрсетуге болады:

– жергілікті жерге, ауданға, елге бармастан картаның көмегімен жалпы танысу;

– жергілікті жерде, құрлық пен мұхит бетінде əскери құрамалардың қозғалу барысында, туристік жорықтарда, навигация мен моторлы көліктер үшін картаның көмегімен бағдарлау арқылы оны жолбасшы ретінде қолдану;

– картаны көліктік, энергетикалық, өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылық, құрылыстарды инженерлік жобалау, сонымен қатар, аудандық жоспарлау, экономика мен мəдениетті дамытуды жоспарлау, ең тиімді автомобиль мен темір жолдар, құбырлар құрылыстарын салу барысында пайдалану;

– картаны орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім көзі, сонымен қатар, ғылыми білімді насихаттау, халықты туған елімен, басқа мемлекеттермен таныстыру, жалпы мəдениетін көтеру құралы ретінде қолдану.

Қазіргі нарықтық-экономикалық қатынас жағдайында табиғат байлықтарын шаруашылықтық мақсатта тиімді пайдаланып, географиялық орта жағдайларын қалпына келтіру, экологиялық тепе-теңдігін сақтау, өндіргіш күштерді тиімді орналастырып, экономикалық аудандардың кешенді дамуын қамтамасыз ету мəселелерін шешу сапасы жоғары карталарды дайындауды қажет етеді.

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық немесе арнайы болып бөлінеді. Жалпы географиялық картаның мазмұнының құрамына су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол тораптары, əр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылығысының кейбір элементтері енгізілген. Арнайы немесе тақырыптық карталардың қатарына төменде көрсетілген карталар жатады:


  1. Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оған гипсометриялық карта жатады. Өйткені оның басты мазмұны жер бедері болып саналады.

  2. Белгілі бір құбылыстарды сипаттау арқылы жалпы географиялық картаның элементтерінен басқа арнайы деректер берілген карталар. Ондай карталарға экономикалық, климаттық топырақ карталары жатады. Арнайы тақырыптық карталарда жалпы географиялық элементтері толық берілмейді.

Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа бөлінеді. Олар: физикалық-географиялық, əлеуметтік-экономикалық жəне техникалық карталар.

Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Дүние жүзінің картасы;

2. Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік);

3. Материктер мен мұхиттардың картасы;

4. Мемлекеттер тобының картасы (Орталық Азия, Балқан жəне т.б.);

5. Мемлекеттің жəне оның жеке бөліктерінің картасы.

Қызметіне қарай белгілі бір қажеттілікті өтеп, міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін оқу, əскери, навигациялық, теңіздік, жол жəне туристік карталарға бөлінеді.

Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына, картографиялық торына негізделіп анықталады. Барлық географиялық карталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000 ұсақ) болып бөлінеді.

Natural Earth қоғамдық игілік болып табылады, карта 1:10 млн, 1:50 млн және 1:110 млн масштабта пайдалануға қол жетімді. Тығыз интеграцияланған векторлық және растрлық деректері бар ГАЖ бағдарламалық құралымен және картография көмегімен жақсы құрастырылған карта Жердің табиғи көрінісін визуалды түрде көруге мүмкіндік береді.

Natural Earth мына мәселелерді шешеді: шағын масштабты карталар жасау үшін дұрыс ақпарат көздерін табу. Бұрын, веб геокеңістіктік деректер көп таралған кезде, карта жасаушыларға таза әрі анық, дәл карталар құрастыруда дұрыс емес жинақталғын мәліметтерді іріктеуге көп уақыт қажет болатын. Сол себепті Natural Earth дайын мәліметтері қолданысқа шықты.

ГАЖ атрибуттары: Natural Earth, алайда, бұл қарапайым жинаққа қарағанда күрделі. Барлық деректер атрибуттары картография үшін өте маңызды. Бұл мәліметтердің көпшілігі салыстырмалы түрде маңыздылығы бойынша іріктелген элементтер атауларынан тұрады. Басқа да артибуттар - көлбеу құруға арналған өзен сигменттері сияқты атрибуттар көлемі картаны жылдам құруды жеңілдетеді.

Ерекшеліктері: Natural Earth жеке карталар жасау үшін ыңғайлы дерек көзі ретінде құрастырылды. Ғылыми немесе әскери картографиялық талдауға арналған басқа да карталардан айырмашылығы Natural Earth әр түрлі бағдарламаларды қолдану арқылы карта жасаушылар өндірісінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Негізгі мақсаты жоғарғы дәрежеде ыңғайлылықты қамтамасыз ету.

Natural Earth геоақпараттары векторы ESRI шейп форматында қол жетімді. Таңбалардың коды жиынтығы Windows-1252 болып табылады.

Natural Earth растры TFW әлемдік файлмен TIFF форматында қол жетімді.

Natural Earth-ң барлық мәліметтері үшін Географиялық координаталар жүйесі 84 проекциясы пайдаланылады (WGS84 datum +proj=longlat +ellps=WGS84 +datum=WGS84 +no_defs).

Басқа да негізгі ерекшеліктері:

Векторлық функцияларға атаулар мен өлшемдер атрибуттары кіреді.

Үлкен аумақтар (полигон) деректері тиімдірек талдау үшін бөліктерге бөлінген, мысалы, батиметрлік қабаттар сияқты.

Проекциялық векторлар 180° бойлыққа сәйкес келеді. Сызықтардағы нүктелердің (вертекс) саны айтарлықтай жеткілікті, бірақ деректерді өңдеуде компьютер жылдамдығын айтарлықтай тежемейді.

Растрлық деректерге Natural Earth векторына тіркелген NASA SRTM Plus elevation-ң соңғы мәліметтерінен алынған көлеңкелі ақ-қара рельеф және кросс аралас гипсометр кіреді.

Тақырыптар толық нұсқада үш дәрежеде қол жетімді. Әрбір масштабта

тақырыптар Cultural, Physical, және Raster категорияларының беттерінде аталған.

Үлкен масштабты, 1:10 млн. Үлкейтілген (жақындатылған) елдер мен аудандардың карталарын жасауға арналған.

Орташа масштабты, 1:50 млн. Үлкейтілген карталардан елдер мен аудандарды дайындауға арналған.

Кіші масштабты, 1:110 млн. Жер шарының ашық хат немесе шағын локатор көлеміндегі дүние жүзі схема-картасына сәйкес келеді.

Картаның географиялық негізіне жататын тор, полигондық гидрологиялық нысандар (суқоймалар, сорлар, батпақтар және т.б.), елді-мекендер, әкімшілік-аумақтық бірліктер ауданы және шекаралары мәліметтер базасында жеке қабаттарда веторланып сақталады.

Тақырыптық картаның негізі тақырыптық қабаттар болып табылады. Геоөңдеу – ГАЖ-нің негізгі функцияларының бірі, географиялық ақпараттар, анализ жасау. ArcGIS бағдарламасы анализ жасауға, мәліметтерді басқаруға, геокодировка, интерполяция жасауға және мәліметтердің сапасын бағалау, растрлық форматтарды кең өңдеуге, топология тұрғызу және топологияға тексеру, графикалық сызба жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыс нәтижесі барлық картографиялық талаптарға сай безендірілген картографиялық туындымен аяқталады. ArcGIS бағдарламасы сапалы картографиялық өнім шығаруға мүмкіндік беретін ГАЖ технологиясы болып табылады .

Natural Earth ашық геомәліметтер жинағы негізінде оқу карталарын дайындау барысында қабаттар атаулары аударылды.




Қабаттардың атауы

Нысандар саны

Географиялық нысандар

Аударылған нысандар

10m_geography_regions_polys

1050

Географиялық аймақтар

1050

10m_geography_marine_polys

314

Мұхиттық теңіздер

311

10m_lakes

1347

Көлдер

1343

10m_rivers_lake_centerlines

1157

Өзен-көлдер

1154

10m_geography_regions_points

235

Географиялық аймақтар нүктелері

235

10m_populated_places_adm_0_cahs

201

Әкімшілік аймақтар

201

10m_populated_places_adm_1_caps

458

Астаналар

458

10m_admin_0_maps_subunits

355

Елдер

351

10m_geography_regions_elevation_ points

716

Теңіз деңгейінен биіктік нүктелері

711

10m_rivers_lake_centerlines_scale_ ranks

4116

Өзен-көлдер атауларының масштабтық деңгейлері

4116

Барлығы – 14611 нысан.

Карта жасау барысында әр материктің координаттары алынып, жеке-жеке карта құрасытырылды. Azimuthal_Equidistant проекциясы қолданылды (12-сурет).

Құрастырылған карталарды шығаруға дайындау үшін Adobe Photoshop CS2 бағдарламасымен жұмыс жасалды (13-сурет).




жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау