Зерттеу міндеті


Векторлы және растрлы деректерді енгізу әдістері. Растрлық деректерді енгізудің ерекше жағдайы ретінде кашықтықта зондылау



жүктеу 2,58 Mb.
бет28/34
Дата04.01.2022
өлшемі2,58 Mb.
#31737
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Жұмыс

3.2 Векторлы және растрлы деректерді енгізу әдістері. Растрлық деректерді енгізудің ерекше жағдайы ретінде кашықтықта зондылау

ГАЖ-ға векторлық деректерді енгізудің көптеген құралдары бар. Векторлық деректерді енгізудің ең кеңінен тараған тәсілі дигитайзерлік цифрлау болып табылады. Кейбір бағдарламалар нүктелерді белгілі кезектілікпен енгізуді талап етеді. Одан басқа нысанның нақты типтерін енгізу үшін бағдарлама батырмалардың калай нөмірленгенін көрсетеді. Бұл батырмалар нүктелік нысандардың жағдайын көрсету кезінде қолданылады, басқалары түзу кесінділердің ұштарын белгілеу үшін, үшіншілері — көпбұрыштарды тұйықтау үшін қолданылады.

Цифрлаудың нақты процедурасы бағдарламада қолданылатын деректер құрылымына да байланысты. Бір жағдайда түйіндерді көрсету керек болса, екіншіде ондай талап қойылмайды. Бір бағдарлама цифрлау уақытында топологияның кодталуына кажет етсе, екінші бағдарлама ДҚ толтырылған соң топологияны құрастырудың бағдарламалық тәсілдерін қолданады. Бұл жұмыс цифрлаудың емес, картаны дайындау процесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Векторлы ГАЖ-да атрибутты деректер компьютер арқылы енгізіледі. Деректерді бұл тәсілмен енгізу қарапайым болса да, бұл процесс сызбалық нысандарды енгізу сияқты ұқыптылықты талап етеді. Оның екі себебі бар: біріншісі — қате басу, екіншісі — атрибуттарды графиктік нысандармен байланыстыру.

Растрлық деректерді енгізу векторлық деректерді енгізуге қарағанда басқа стратегиямен жүргізіледі. Сканерлердің кеңінен қолданылуы растр ұяшықтарын енгізу үшін цифрлау бағдарламаларымен қолданылатын әр түрлі тәсілдерді жақсы үйлестіреді. Сканерден бұрын растрларды дигитайзерлер көмегімен цифрлау тәсілі көп қолданылған, дигитайзерден алынған растр жиегі цифрлау бағдарламасымен пикселдерге толтырылады. Растр ұяшығы қандай ауданды алатынын алдын ала шешіп алу керек. Бұл шешім цифрлау бағдарламасына ұяшық көлемін хабарлау үшін цифрлау басталмас бұрын қабылдануы тиіс. Одан басқа, процесті қысқарту үшін кодтау (топтық немесе блоктық кодтау типі) тәсілінің қажеттілігін шешіп алу керек. Растрдың алатын көлемін азайту үшін сығымдау тәсілінің орны бір бөлек, әрі енгізу уақытын қысқарту үшін де өте маңызды. Дигитайзерлерден енгізуге келмейтін немесе клавиатурадан да, дигитайзерден де енгізуді талап ететін кейбір растрлық ГАЖ деректерді атрибуттар тізбелері немесе блоктары түрінде енгізуге мүмкіндік беретін командаларға ие. Енгізу тәсілін таңдаған соң растрдың әрбір ұяшығы әр түрлі темаларды қалай көрсететінін шешу керек. Бұл тәсілді жете қарастырайық.

Растрлық деректерді енгізу үшін сканерлер кеңінен қолданылады. Бірақ, енгізілген тематикалық деректер бірден растрлық ГАЖ-дың тематикалық деректері бола алмайды. Картада біркелкі боялған облыстар сканермен оқылған соң кейбір себептерге байланысты шамалы өзгерістерге ұшырайды. Олар карта бояуының көзге байқалмайтын өркелкіліп, сканер жарығының әркелкілігі, картаның ескіруі және т.б. Одан басқа, тематикалық карталар әдетте офсетті тәсілмен басылып шығарылады, ал ол түстің аз ғана санының бояулардың ұсақ нүктелерінің араласуымен жартылай өң мен түстік реңдердің барлық байлығының түзілуін жорамалдайды. Сканерлеу кезінде бұл көзге байқалмайтын нүктелер өзіңдік пикселдерге айналады. Әрине, бұндай карталар талдауға жарамайды. Сканерлік енгізу нетижесі сканер мүмкіңдігі мен полиграфиялық растрдың қатынасына байланысты.

Ара қашыктық зондылау деректерін (АҚЗ) растрлық ГАЖ-ға енгізу үшін пайдалы. Алайда олар дәстүрлік картографиялық өнімдер, жер бедерінің цифрлық үлгілері, жерді пайдаланудың цифрлық деректері және топырақтар бойынша цифрлық деректер сияқты басты деректер көздері емес.

Цифрлық және басқа формадағы АҚЗ үлкен территориялардағы өзгерістерді анықтау және деректер базасын тез жаңарту сияқты мәселелерді шешу кезінде ГАЖ-ға өте бағалы. Көпте

лген АҚЗ жер серігінен растрлық форматта алынады, ондағы растрдың әрбір ұяшығы (пиксел) электр магнитті сенсормен алынған радиометриялық шама құрайды. Кез-келген жағдайда растрлық ГАЖ-ға енгізу құрылымдық мәліметтердің ұқсастығына байланысты оңай жүргізіледі. Бірақ тек осы бір себеп бойынша АҚЗ растрлық құрылымы ГАЖ деректерінің растрлық үлгілері векторлық үлгілерден артық деп саналмауы тиіс. Тандау құралған ДҚ қолдануға негізделуі тиіс. Одан басқа, кез-келген типтегі АҚЗ ГАЖ-ға енгізілетін материал ретінде қарастырылады, олар басқа деректер көздерінің мәліметтерімен салыстыру бойынша кұны, жарамдылығы және дәлдігі бойынша бағаланады.


жүктеу 2,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау