II. Геоақпаратты жүйедегі деректерді ұйымдастыру ерекшелігі
2.1 Координатты деректер
ГАЖ жүйесінде түрлі координат жүйелері қолданылады: жазық декартты координаттар; жазық полюстік координаттар; геоцентрлік; топоцентрлік және т.б.
ГАЖ-да келесі координатты деректер типтерін пайдаланады: нүкте; тұйықталмаған сызық; контур (тұйықталған сызық); полигон (ареал, район) бір-біріне көршілес тұйықталған аудан топтары (1-сурет).
ГАЖ-да нысанды құру үшін көптеген координатты моделдер санын пайдаланады. Мысалы, кейбір жүйелердегі деректер жиынына доға, түйін ұшы және т.б. элементтер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |