Өзіндік бақылау сұрақтары:
1) 1С неше режимде жұмыс жасай алады?
2) Атаудың ұзындығы неше символдан тұрады?
3) Құжаттардың өткізілуі дегеніміз не?
4) Құжаттың анықтамалықтан айырмашылығы неде?
Есеп түрі: Тапсырманың компьютерде орындалған электрондық нұсқасы
Зертханалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Басқару жүйесінің ақпараттық ресурсы
Мақсаты: Басқару жүйесіндегі электрондық құжаттық айналымдарды меңгеру
Тапсырма:Ақпараттық-анықтамалық жүйені құру керек
Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау:
Жұмысқа тұру үшін арналған оңай ақпараттық-анықтамалық жүйені құру керек. Жүйеде жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің тізімі сақталуы керек. Әр жұмыс берушіде бірнеше вакансия болуы мүмкін. Әр жұмыс іздеушіде бірнеше резюме болуы мүмкін. Жүйе жұмыс берушілерге жұмыскерлерді таңдауға, ал жұмыс іздеушілерге жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді.
Конфигурация объектілері
Конфигурацияда келесі объектілерді құру керек:
Достарыңызбен бөлісу: |