26. Бірнеше қызметкерлерді енгіземіз. Мысалы, Иванов – директор, Петров – Бухгалтер, Сидоров – Программист.
Байқасаңдар, қызмет түрін көрсеткенде «Должности» анықтамалығы ашылады. Қызмет түрін таңдау үшін екі рет тышқанмен шертіңіз. Шынайы өмірде қызметкерді жұмысқа алу «Приказ о приеме на работу» деген кадрық құжатпен жүргізіледі. Сондықтан біз қазір соны жасаймыз.
27. 1С:Предприятиені жауып, базаны Конфигуратор режимінде іске қосамыз.
28. Енді жаңа «ПриемНаРаботу» деген құжат құрамыз. (меңзерді «Документы» апарып, Жаңа дегенді басыңыз). Құжаттың атауына «ПриемНаРаботу» атауын беріңіз.
Сурет 13 – Жұмысқа қабылдау құжатының конструкторы
29. «Сотрудник» реквизит шапкасын қосыңыз. Жол мен ұзындық түріне 100 символын беріңіз. ОК батырмасын басыңыз.
Құжаттың шапкасы мен кестелік бөлігі бар. Шапкада құжатқа толығымен қатысы бар реквизиттер бар. Мысалы, НомерДок, ДатаДок және т.б. Кестелік бөлікте жолдар бар. Мысалы, бір «Накладная» құжатында бірнеше тауар бойынша ақпараттар сақталған. Мұндай жағдай 1С-те қарастырылыған.
Айта кететін жайт, кез-келген құжатта екі алдын-ала берілген шапка рекквизиттері бар «НомерДок» және «ДатаДок».
30. Құжаттың берілгендерді енгізуге ыңғайлы форамсы болу керек. Терезенің асыңғы жағындағы «Форма» батырмасын басыңыз.
31. Біз бұл жерге бірінші рет кіргендіктен, 1С бізге автоматты түрде құжаттың формасын құруды сұрайды.
Сурет 14 – Құжатты құру формасы
Біз барлығын қолмен жасаймыз дегендіктен, «Отмена» батырмасын басамыз.
32. Бізге келесі түрдегі форманы құру керек.
Сурет 15 – Құжатқа қабылдау формасы
Форманың керек өлшемін беріңіз. Форамаға «Прием на работу» мәтіндік жазбасын оранластырыңыз. Ол үшін бірінші батырмасын басыңыз, кейін формаға басыңыз. Айта кететін жайт, осы батырманың жанында басқа да батырмалар бар, кейінірек соларды да байқап көрулеріңе болады. Шрифт өлшемін үлкенірек жазыңыз, қанша дегенмен бұл атау ғой. Ол үшін жазудың үстінен оң жақ батырманы шертіп, «Свойства» таңдап, «Шрифт» салымын таңдаңыз, «Шрифт по умалчанию» дегеннен жалаушаны алып тастаңыз және шрифт өлшеміне 12 беріңіз. Сіз сонымен қатар басқа да көрсеткіштерді өзгертулеріңізге болады, мысалы, түсінмәтіннің жазылуын және т.б.
Сурет 16 – Мәтіннің қасиетінің формасы
Достарыңызбен бөлісу: |