7. Барлық ашық терезелердің тізімін шығар. 4-терезеге өтіп,
мына жазуды қосып,
сақта.
var k:kun; a:byte;
8. 1 және 2-терезелер экранға қатар сиятындай етіп, өлшемдерін өзгерт.
2. Меню-EDIT
Undo (Alt+BkSp)- алдыңғы әрекетті жояды.
Redo – Undoдағы әрекетті қайтарады.
Cut (Shift+Del) –белгіленген фрагментті жойып, буферге алады.
Copy (Ctrl+Ins) - белгіленген фрагментті буферге көшіреді.
Paste (Shift+Ins) – буфердегі фрагментті курсордың орнына қояды.
Clear (Ctrl+Del) – фрагментті жояды.
Show Clipboard- буфердегі ақпаратты көрсетеді.
Тапсырма.
9. 1,2,3,4 терезелердегі ақпараттарды ретімен 5-терезеге біріктіріп, мына тексті
құрастыр.
{фамилияң мен атың}
program p_orta;
const k=100;
label m1,m2;
begin
clrscr;
writeln(‘Salem!’); writeln(‘ Men Pascalmyn!’);
end.
uses crt;
Тексті сол атымен сақта.
3.Меню- SEARCH-текст фрагментін және қате табылған орынды іздейді.
4. Меню-RUN
RUN (Ctrl+F9)– бағдарламаны орындайды.
5. Меню- COMPILE
Compile – белсенді терезедегі файлды компиляциялайды.
Make – негізгі бағдарламаға кіретін модульдер қайтадан компиляцияланадыда,
орындалушы файлға біріктіріледі.
Build –алдыңғы пунктке ұқсайды.
Distination memory –орындалушы файл қайда орналасады, дискіде ме, әлде
жадыда ма?
Primary file –компиляциялау қай файлдан басталатынын көрсетеді.
6. TOOLS – бағдарламаны жұмысқа қосу
7. OPTIONS –Паскаль ортасына қажетті каталогтардың жолы көрсетіледі.
Бағдарламаны компиляциялау. Бағдарламаны компиляциялау үшiн Alt+F9
клавишалары қатар басылады. Егер текст дұрыс болса, ол жөнiнде хабарлама
шығады: Compile Successful: Pres any key
Жұмысты жалғастыру үшiн, кез келген клавишаны басу керек.
Бағдарламаны орындау. Бағдарламаны орындау үшiн, Ctrl+F9 клавишасы
басылады, немесе менюден /Run/ Run енгiзiледi.
Тапсырма. 5-терезедегі бағдарламаны орында. Қате туралы хабарлама шықса,
төмендегі құрылым бойынша бағдарламаны түзет. Uses бөлімін орнына келтір.
Паскаль тiлiндегi программаның құрылымы
program < идентификатор >; - программаның аты
uses < идентификатор >; - библиотекалық модульдер тiзiмi
label . . . белгілерді сипаттау.
const . . . тұрақтыларды сипаттау.
type . . . типтердi сипаттау.
var . . . айнымалыларды сипаттау.
begin
операторлар
программа денесi
еnd.
Бағдарламаны орындап, пайдаланушы терезесінен нәтижені қара.
Орындалушы (кеңейтiлуi .exe) файл жасау. Паскаль тiлiндегi бағдарлама тексiн
сақтағанда стандартты .pas деген кеңейтiлу (расширение) берiледi. Бағдарламаны
орындалушы файл ретiнде сақтау үшiн, оған .exe кеңейтiлуi берiлу керек. Ол үшiн:
а) жадыға сақтау үшiн: Меню / Compile / Destination / Memory
б) дискiге сақтау үшiн: Меню/Соmpile/Destination/Disk
Memory немесе Disk Enter арқылы таңдалады.
Memory мен Disk-нiң бiреуi таңдап алынған соң, Меню /Compile/ Make
енгiзiледi немесе Ғ9 басылады. Орындалушы файл жасалады. Каталогтағы
файлдар тiзiмiнде кеңейтiлуi .exe файлы пайда болады.
Тапсырма. Орындалушы (кеңейтiлуi .exe) файл жаса. Каталогты ашып, файлдың
жасалғандығын тексер.
6. Жұмысты аяқта.
№2 зертханалық жұмыс. Алгоритмдердің базалық құрылымын
жасау әдістері.
Математикалық функциялардың Паскаль тілінде жазылуы
Мақсаты: Қарапайым және күрделі математикалық өрнектердің Паскаль тілінде
жазылуын меңгеру .
Теориялық бөлім
Математикалық өрнектi Паскаль тiлiнде жазу ережелерi:
1.Өрнек бiр жолға тiзбектей жазылады, сондықтан амалдардың орындалу тәртiбiнiң
бұзылмауын ескеру керек.
2. Жоғары және төменгi индекстер ереже бойынша жазылады.
3. Функцияның аргументi жақша iшiне алынады.
4. Тригонометриялық функциялардың аргументi градуспен емес, радиан түрiнде
(x*PI/180) жазылады.
5. Ашылған және жабылған жақшалар саны тең болады.
6. Математикалық өрнекте дөңгелек жақшалар ғана жазылады.
Дәреженi есептеудiң стандарттық функциясы жоқ. Бiрақ, оны стандарттық
функциялар арқылы былайша өрнектеп жазуға болады:
а
х
:
= ехр(х* ln(а)), ( егер а>0 болса ғана).
Сол сияқты, tg(x) = sin(x) / cos(x);
Математикада
Паскальда
Нәтиженiң типi
|x|
abs(x)
бүтiн, нақты
x
2
sqr(x)
бүтiн, нақты
x
sqrt(x)
нақты
sinx
sin(x)
нақты
cosx
cos(x)
нақты
arctg(x)
arctan(x)
нақты
e
х
exp(x)
нақты
lnx
ln(x)
нақты
lgx
ln(10)/ln(x)
нақты
п=3,141592..
Pi
нақты
Жұмыс технологиясы.
1.Паскаль терезесін ашып, мына жолдарды теріңіз.
Program ornek;
uses crt;
var x,y,z,a:real;
begin
clrscr;
x:=
y:=
z:=