Зертханалыќ жўмыс №1



жүктеу 8,16 Mb.
бет43/70
Дата17.11.2017
өлшемі8,16 Mb.
#950
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70

Кесте менюін пайдалану


Нұсқасы салынған кестелерді толықтыра отырып өңдеу ісі Кесте (Таблица) менюі арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екі бағананы (қатарды) біріктіретін, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәліметтерді сұрыптайтын т.б. командалар бар. Бұл менюдің ең бір жақсы мүмкіндіктерінің бірі – алдын ала терілген мәтіндерді кестеге түрлендіру десе де болады.


5.3 –сурет. “Кесте” менюінің ішкі командалары.

Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру

Тор сызықтары кесте ұяларының мөлшерін белгілеп көрсету үшін қолданалады. Кесте –Торды бейнелеу (таблица – Отображать сетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, ал, Кесте-Торды жасыру (таблица Скрыть сетку) командасы жасыруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны біріншірет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, комнаданы қайтадан орындай – тор сызықтарын қайтадан экран бетіне шығарады.



Кесте ішінде курсорды пернелермен жылдам жылжыту тәсілдері

Қайда...

Қалай...

Келесі торға бару

TAB

Жолдың алдыңғы торына бару

SHIFT+TAB

Жолдың сол жақ шеткі торына бару

ALT+HOME

Жолдың оң жақ шеткі торына бару

ALT+END

Бағананың ең жоғарғы қатарына бару

ALT+PAGEUP

Бағананың ең соңғы қатарына бару

ALT+PAGEDOWN

Жоғарғы қатарға



Төменгі қатарға



Кестедегі мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу

Бір немесе бірнеше торлар мәліметтерін басқа орынға жылжыту немесе олардың көшірмесін алу үшін келесі әрекеттер орындалады:

1. Мәліметтері жылжытылатын не көшірмесі алынатын қатарлар мен бағаналарды алдымен белгілеп алу керек. Мәтінді көшіргенде ол баратын орындағы бұрынға символдар тіркесі сақталуға тиіс болса, онда тек символдар ғана (екі шеттегі бос орындарсыз) белгіленеді. Ал, бұрынғы мәтін жаңасымен толық алмастырылатын жағдайда ұяшық символы қоса (ұяшық немесе қатар толық) белгіленеді;

2. Тышқан курсорын белгіленген торлар маңында оның түрі оңнан солға қарай бағытталған тілсызық түріне келгенше жылжытып қозғау қажет.

3. Ерекшеленген элементтерді жылжыту үшін бірден тышқанның сол жақ батырмасы басылады. Ал олардың көшірмесін алу қажет болса, онда алдымен Ctl пернесін басып тұрып, сонан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Орындалған әрекеттерге байланысты экарнның төменгі жағындағы қалып қатарына соған сәйкес мәлімет (қайда жылжытылады немесе көшіріледі деген) шығарылатын болады;

4. Тышқан курсорын жылжыта отырып, оны мәліметтер тасымалданып жеткізілетін орынның сол жағына таман немесе жоғарырақ бөлігіне орналастыру керек;

5. Тышқан батырмасын қоя беру қажет.

Кестенің торларындағы, қатарларындағы және бағаналарындағы мәліметтерді жылжыту және олардың көшірмесін алу кезінде алмастыру буферін де пайдалана аламыз. Ол үшін Түзету (Правка) менюіндегі Қиып алу (Вырезать- Ctrl+X) Көшірме алу (Копировать Ctrl+C) және Енгізу (Вставить – Ctrl+V) командаларын орындап немесе стандартты басқару тақтасындағы соларға сәйкес батырмаларды шерту қажет.



Бағаналар енін өзгерту

Тышқан көмегімен бағана еніні өзгерту үшін тышқан курсорын бағананың оң жақ шекарасына жеткіземіз. Соның нәтижесінде курсор оңға және солға қарай бағытталған тілсызық түріне айналып, бағана еніні өзгерту мүмкіндігіне ие боламыз. Енді тышқан батырмасын басып, қажетnі бағана енін алғанша маркерді жылжыту қажет, тек сонан кейін ғана тышқан батырмасын босатамыз.

Егеh жылжытпас бұрын сіз толығымен бір бағананы таңдап алсаңыз, онда тек сол бағана мен шекаралас бағанының ендері өзгереді. Ал егер бірде –бір ұяшықты таңдамайтын болсаңыз, онда сол курсор тұрған бағана ені ғана өзгертілетін болады. Алайда, егер де сіз алдымен бір немесt бірнеше ұяшықтарды (бірақ барлық баған емес) таңдап алатын болсаңыз, онда тек таңдап аланған ұяшықтар ені өзгеретін болады.

Кесте менюіндегі «Кестенің қасиеті» командасы бір команданың көлемінде бірден бірнеше бағаналардың енін бірдей етіп орнатуға, сондай-ақ білгілі бір мәнге тең бағаналардың әрқайсысының ендірен бөлек-бөлек анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа бұл команданың көмегімен бағаналар ені мен биіктігін өзгертуге болады. Ол үшін команда орындалып, экран бетіне сұқбаттасу терезесі шығып, оған қажетті параметрлер енгізіледі. Осы тәсілмен бағана енін өзгерту үшін мына әрекеттер орындалады:

1. Ені өзгертілетін бағананы белгілеу.

2. Кесте менюіндегі «Кестенің қасиеті» командасын орындап, оның «бағана» деген астарлы бетін ашу.

3. Еннің нақты сандық мәнін «Бағана ені» өрісіне енгізу немесе оның мәліметіне сәйкес ен орнату үшін параметры батырмасын басып «Мәліметіне сәйкес автотаңдау» батырмасын басу қажет.

Тапсырмалар


  1. Кесте құрып және оған жаңадан жолдар қоса отырып, өз тобыңыз туралы мәліметтермен толықтырыңыз.

Рет саны

Аты-жөні, тегі

Курс

Факультет

Мамандық

1

Оразаева Ләйла

3

Жаратыстану

Информатика

2












2. 4 жол, 9 бағанадан тұратын кесте құрыңыз. Кестенің 2 жолын біріктіріп және 7 бағананы 3 ұяшыққа бөл.


3. Төмендегідей кесте құрыңыз.




































































































































































































Кесте ішінде есептеулер жасау. Сұрыптау.

Жұмыстың мақсаты:

  • кестеде қатарлар мен бағаналарды нөмірлеу;

  • кестелерді бірнеше бөліктерге бөлу;

  • кестедегі мәліметтердің бағытын өзгерту;

  • жазбаларды сұрыптауды үйрену;

  • кесте ішінде есептеулер жасау.


Қатарлар мен бағаналарды нөмірлеу

Word кестенің ұяшығын және жолын нөмірлеуге мүмкіндік береді. Нөмірлеу үшін нөмірленетін ұяшықты, жолды, бағанды белгілеу қажет. Сонан кейін Формат Список (тізім) командасын орындап, нөмірленген бүктемесін (вкладку) ашу және ұсынылған стильдердің сәйкес келетінін таңдау. Алдын ала анықталған стилді өзгерту үшін нөмірленген бүктемесін (вкладку) ашып, ¤згерту (Изменить) батырмасын басу арқылы Нөмірленген тізімді өзгерту (Изменение нумерованного списка) диалогтық терезесінен нөмірлеу параметрлерінің стилін өзгертіңіз. Нөмірлеуді қосу үшін форматтау саймандар тақтасындағы нөмірленген тізім батырмасын басу қажет.



6.1-сурет. Тізім сұхбат терезесі.



Кестені бірнеше бөліктерге бөлу

Кестелермен жұмыс істеу барысында бір кестені оның арасына мәтін немесе сурет қосу үшін екі бөлікке бөлу қажет болуы мүмкін. Осындай кезде кестені екіге бөлу үшін, курсорды бөліну сызығынан кейінгі қатарға орналастырып алып, Кесте – Кестені бөлу (Таблица – разбить таблицу) командасын орындау қажет немесе Ctrl + Shift + Enter пернелерін басу керек. Мұның нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына нормалды стильмен форматталған абзац маркері қойылады. Егер де сіз бөлуді тоқтатқыңыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастаңыз.



Кестедегі мәліметтердің бағытын өзгерту

Кесте ішіндегі мәтіндерді көлденең немесе жоғарыдан төмен не керісінше тік бағытта жазуға болады. Ол үшін:

1. Қажетті ұяшықты белгілеу.

2. Формат – Мәтін бағыты (Направление текста) немесе кестенің жанама менюінен Мәтін бағыты командасын орындау.

3. Сұхбат терезесінен өзімізге ұнаған бағытты таңдап аламыз.

Кестені сұрыптау.

Кестенің ішіндегі берілгендер реттелген болуы қажет. Ол үшін кестені сұрыптау командасын орындау қажет. Мәтінді, санды және берілгендерді өсу, кему ретімен сұрыптауға болады. Кестені сұрыптау Кесте – сұрыптау (Таблица–сортировка) командасы арқылы орындалады. (команданы орындамас бұрын кестені ерекшелеп алу қажет). Белгілердің үлкендігіне қарай және сұрыптау түрлері қолданушылардың таңдауы бойынша жүргізіледі. Сұрыптауды бір, екі немесе үш кілтпен жүргізуге болады. Сұрыптау кілті – Word сұрыптауға міндетті кесте мәтіні және бағаны. Сұрыптаудың қарапайым түрі бір бағандағы жолды мәні бойынша сұрыптайды. Егер бірнеше параметрлер арқылы сұрыптау қажет болса онда құрылымды кілт қолданылады, яғни екі немесе үш бағандағы жолдар мәні бойынша сұрыпталады. Тізімді сұрыптау (сортировать) үшін ең қажет баған, онан кейін екінші, соңынан үшінші баған таңдалынады.



6.2-сурет. Тізімді сұрыптау сұхбат терезесі.


Кестеде есептеулер жасау

Кестеде есептеулер жасауға болады. Word сандарды қосуды, алуды, көбейтуді, бөлуді және де басқа да бірнеше есептеулерді яғни ең үлкен және ең кіші, орта мәндерін табуды сонымен қатар логикалық функцияларды қолдануға мүмкіндік береді. ¦яшыққа формуланы енгізу Кесте – Формула (Таблица–Формула) командасы арқылы орындалады.



6.3-сурет. Формула сұхбат терезесі.

Формула = (тең) таңбасынан басталады, ұяшықтың адресінен, кіріктірілген функцияның атауынан, математикалық амалдардың сандық тұрақтыларынан, бетбелгілерге сілтемелерден тұрады. ¦яшық адресі әріптерден және цифрлардан тұрады (әріп – баған аты, цифр – жол аты).





А

В

С

1

А1

В1

С1

2

А2

В2

С2

3

А3

В3

С3

¦яшықтар адресін қарау режімінен есептеулер нәтижесін қарау үшін көрсеткішті кесте ауданына орналастырып, + пернесін басу қажет. Егер санды өзгертетін болсаңыз, онда есептеуді жаңарту үшін ұяшықты белгілеп пернесін басу қажет.

Функциямен жұмыс жасау үшін арнайы ұяшыққа сілтемелерді қолдану қажет: ABOVE, BELOW, LEFT, RIGHT (үстінде, астында, сол жағында, оң жағында)
Тапсырмалар

1. Төмендегідей кесте құрыңыз.











































2. Форматтаудың барлық элементтерін қолдана отырып, 4 жолдан 10 бағаннан тұратын кесте құрыңыз. Мәтінді тігінен ортаға туралау және мәтін бағытын өзгерту үшін саймандар тақтасына Тігінен туралау (Выравнивание по вертикали) және Мәтін бағытын өзгерту (Изменение направления текста) батырмасын енгізу қажет.

Шифр,


мамандық

Кредит саны



1 семестр



2 семестр

3 семестр

4 семестр

5 семестр

6 семестр

7 семестр

8 семестр

лек/лаб/сөжж/сөж

ТФФ, ППФ

3

15/60

15/45























ЖФ, ЭБСФ

Муз. фак


3




15/60/

15/45



















3. 4х6 өлшемді кесте құрыңыз. 1 – қатардың 1, 2 –ші ұяшықтарын біріктіріңіз. 1- қатардың 3-ші ұяшығын, 4 ұяшықтарға бөліңіз. 1-ші бағананың 2, 3, 4–ші ұяшықтарын біріктіріңіз. Тышқан курсорының көмегімен 4-ші қатарын содан кейін кестені тұтас өшіру керек.

4. 3х4 өлшемді кесте құрыңыз.


45

895

-785

555

56

789

456

666

89

456

478

777

5. Кестенің ішін жоғарыда көрсетілген сандармен толтырыңыз да, соңына тағы бір жол қосыңыз.

6. 1-қатардың қосындысын, 2-ші қатардың көбейтіндісін, 3-ші қатардың максимум мәнін, 4-ші қатардың минимум мәнін тауып қосылған қатарға есептеп жазыңыз.

7. Кестені кішірейтіп ықшамды қалыпқа келтіріңіз.

8. Бірінші бағанадағы элементтердің қосындысын, екінші бағанадағы элементтердің арифметикалық ортасын, үшінші бағанадағы элементтердің көбейтіндісін және әр сәйкес қатарға да осы амалдарды орындап көрсетіңіз.



45

895

-785




56

789

456




89

456

478




56

45

56




15

12

23




14

9

6




9. Кесте құрыңыз. Екінші бағанды (алфавит бойынша), үшінші бағанды (жасының өсуі бойынша), сонан кейін айлық табысы бағанының жазбаларын кему ретімен орналастыр. (Кесте – Сұрыптау). Барлығы деген жолдың соңғы ұяшығына қосындыны есептеу функциясын қолданыңыз. (Кесте – Формула)



Аты-жөні

Жасы

Айлық табысы

1.

Абишева Р.

18

23000

2.

Акапова С.

25

25000

3.

Амирова А.

41

30000

4.

Абилданова Д.

53

35000

5.

Алимбекова ¦.

38

17000

6.

Әміртаева Қ.

45

22000

7.

Биекеева А.

27

36000

8.

Билялова Ә.

29

45000

9.

Қамбаорва А.

35

40000

10.

Мырзабекова А.

32

29000

11.

Раимова Ж.

46

56000

Барлығы




358000

Оқушылардың өзіндік жұмысы

Төлем түбіртегін жасау (счет-квитанция) (кесте құру, кестеде есептеулер жүргізу).



Кестелерді форматтау

Кестедегі мәліметті жеңіл әрі тез оқуға мүмкін беретіндей етіп форматтауға болады.

Торлар ішіндегі мәліметті форматтау үішін әдетте мәтінді форматтау тәсілдерін де қолдануға болады. Формат командасы ұсынатын барлық әрекеттерді (бұрыннан таныс) қолдануға болады. Мысалы, қатар аралық интервалды анықтап, оның шеттерін туралауға және ол үшін жанама меню қолдануға мүмкіндік бар.

Бұдан басқа да тікелей кестені әшекейлеу элементтерін қосуға болады (кестенің бөлу сызықтары, оны жиектеу т.с.с) кестені әшекейлеуге арналған алдын-ала анықталған стильдер арқылы кестені форматтауға болады.

Кесте – Автоформат (Таблица – Автоформат) командасы кестені әшекейлеудің алдын ала анықталған стильдерін қолдану арқасында оны безендіруге қажетті қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ұяшықтарды жиектеу мен іштерін бояуды, шрифт түрі мен сондай-ақ торлардың мөлшерін олардың ішіндегі мәліметке сәйкес автоматты түрде өзгерту параметрлерін жылдам анықтауға болады.

Кестені форматтау үшін курсорды кесте ішіне орналастыру керек.



7.1-сурет. Кестені автоформаттау сұхбат терезесі.

(Жиектеу, Қаріп, Автотаңдау, Ішін бояу, Түсі) Нәтижесін “‡лгі” бөлігінен көріп отырамыз. Ал, автоформатты кестені тек белгілі бір бөлігіне қолдану үшін, “Әшекейлеуді өзгерту” (изменить оформление) бөлігінде форматы өзгертілетін кесте бөлігін атап көрсету қажет ( мысалы, Тақырып қатар, Бірінші бағаны, Соңғы қатар, Соңғы бағана, т.с.с) Ең соңында ОК ботырмасын шерту керек.

¦яшықты (қатарларды) нөмірлеу үшін нөмірлеуге қажетті бағананы, қатарды немесе торларды белгілеп алған соң:



  • меню қатарындағы формат – Тізім (Формат- Список)

  • кестенің жанама менюіндегі Тізім командасын орындау;

  • “Форматтау” тақтасында орналасқан “Нөмірленген тізім” батырмасы көмегімен ұяшықтарды өте тез нөмірлеп алуға болады. Алайда, бұл жағдайда нөмірлеу үшін “Тізім” (Список) сұхбат терезесіндегі анықталған стиль қолданылатын болады.

  • Нөмірлеу белгілеп алған бағана немесе қатар, торға тәуелді жүргізіледі. Форматтарын ашылған сұхбат терезесінде ауыстыруды алдыңғы сабақтардан білеміз

( Мәтінді форматтау)

жүктеу 8,16 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау