Min және Max - индикатордың алғашқы және соңғы мәндерінің
аралығын анықтайды. Келісімше Min=0%, Max=100% деп саналады.
Position - орындалған іс-әрекеттің салыстырмалы көлемін Min және Max мәндеріне сәйкес анықтайды. Мысалы, Min=0, Max=80 деп көрсетілсе, онда Position-ның 20 деген мәніне сәйкес орындалған жұмыстың көлемі 25% деп саналады.
Step - индикатордың көлемі өскендегі позицияның қандай мәнге өсіп отыратынын анықтайды.
Индикатордың позициясын программада көрсетуге болады, мысалы:
ProgressBar1. Position:=35;
ProgressBar-ның элементінің позициясын StepIt (өсімшесі Step) және StepBy (Delta:Integer) (өсімшесі Delta) процедуралары арқылы өзгертуге болады. Мысалы, ProgressBar1.StepBy (13).
Бұл оператор бойынша ProgressBar1-дің индикаторы 13-ке өсіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |