Зертханалық жұмыс № 3 ««Тест» қосымшасын құру»
№3 – ші зертханалық жұмыста №1 – ші зертханалық жұмыста ұсынылған көлемдегі «Tест» қосымшасын құруды аяқтаймыз; «Тестирование» және «Результат» пішіндерін құру үрдістерін қарастырамыз; негізгі модульдің бағдарламалық кодында бағдарлама құрудың қарапайым әдістерін көрсетеміз.
Тапсырма 1. Жобаны іске қосу. «Тестирование» пішінін құру.
Алдыңғы зертханалық жұмыста құрылған (TEST.DPR) бағдарламасын іске қосыңыздар және оның жұмыс істеу қабілетін тексеріңіздер. Жұмыс бағдарламасынан Выход командасын таңдап, жобалау режіміне қайтып оралыңыздар.
Енді «Тестирование» пішінін құруға кірісеміз.
Біздің тест 3 – 4 варианттан тұратын жауабы бар 5 сұрақтан тұрсын. Бізге осы 5 сұрақ жауабымен сиятындай пішін керек. Бұл мақсатта бізге парақтар тобынан тұратын жазба кітапша түріндегі пішін қажет, әрбір парақ парақтың нөмірі бар бетбелгіден тұрады. Delphi ортасындағы мұндай пішін шаблон түрінде болады. Бұл пішінді біздің жобамызға қосамыз.
Құрал – саймандар панельінің New командасын орындаңыздар, New Items терезесінен Forms қалташасын таңдаңыз, одан кейін Tabbed pages пішінін таңдап (Tabbed Notebook Dialog – бетбелгісі бар диалогтық жазба кітапша), ОК батырмасына басыңыздар.
Пішінді оқып – үйреніңіздер. Ол бетбелгісі бар үш парақтан және үш басқару батырмаларынан тұрады. Пішіннің әрбір парағы жұмыс істеп тұрған бағдарламада сәйкес бетбелгіге тышқанмен шерткенде шақырылады. Қайта таңдалған пішіннен Cancel және Неlр батырмаларын жойыңыздар. Объект Инспектірінен құрауыштар тізімін ашыңыздар. Бұл құрауыштар тізімінде әрбір құрауыш объект ретінде көрсетілген. Тізім келесі объектілерден тұрады: PagesDlg пішіні, PageControl1 жазба кітапшасы, үш парақ TabSheet1, TabSheet2, TabSheet3, Panel1, Panel2 екі панельдері және ОКBtn батырмасы.
Пішінге тақырып және объектілерге қысқартылған ат тағайындаңыздар: PagesDlg – ды таңдаңыздар, Caption қасиетіне Тестирование деп жазыңыздар, Name қасиетіне — TestDlg және Enter – ді басыңыздар. Енді қарым – қатынас терезесі «Тестирование» деген тақырыптан және TestDlg аты бар объектіден тұрады, ол Инспектір Объектісінің тізімдерінен шақырылады. Color қасиетіне пішіннің түсін орнатыңыздар, мысалы сары.
Жазба кітапшасының парақтар санын беске дейін өзгертіңіздер (сәйкес тестің сұрақтар санына байланысты) және олардың бетбелгілеріне Вопрос1, Вопрос 2 және т. б. деп жазыңыздар. Ол үшін Инспектір объектісінен TabSheet1 таңдаңыздар және Caption қасиетіне Вопрос 1 және т.б. деп жазыңыздар.
Парақ қосу үшін парақтың өрісіне тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз, сонда контекстік меню пайда болады, одан New Page – ді таңдаңыздар.
«Тестирование» пішініндегі барлық 5 бетбелгі бір жолға сиюы үшін, жазба кітапшасының TabWidth (бетбелгінің кеңдігі) қасиетінің мәнін орнатыңыздар. Width қасиетінің мәні болып жазба кітапшасының кеңдігі алынады.
Тапсырма 2. Графикалық элементі бар тестің бірінші сұрағын көркемдеу.
Біздің жазба кітапшамыздың әрбір парағына сұрақ пен оның жауаптарын орналастырайық. Бірінші парақтан бастайық. Сұрақтың мәтінін жақтаудың түрлі – түсті панельіне жазамыз. Ол үшін Panel және Label құрауыштарын қолданамыз.
|