Мазмұны. 1-тарау. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің ерекшелігі.........................................................
Нашар көретін балалардың клиникалық- психологиялық- педагогикалық сипаттамасы..................................................
Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің ерекшелігі.................................................
2-тарау. Кіші мектеп жасындағы нашарткөретін балалардың есте сақтау процесін зерттеу....................................................................
2.1. Ес және оны дамыту жолдары....................................................
2.2. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесін диагностикалау. ..................................................
Қорытынды.......................................................................................
Әдебиеттер тізімі..........................................................................
Қосымша........................................................................................
Кіріспе.
Тифлопсихологияда есте сақтау процесі жалпы және педагогикалық
психологиядағыдай толық емес зерттелмеген.
Күрделі көру бұзылысы бар балалар қалыпты балалар қажет етпейтін көп
нәрсені сақтауға тура келеді. Сонымен қатар ғылыми – техникалық пргресс,
оқытудың, өмірдің іс әрекеттің күрделенуі соқырлар мен нашар
көретіндерден есте сақтаудың қалыптасуын қажет етеді: есте сақтаудың
жылдамдығының артуы, есте ұстаудың тұрақтылығы, ұзақ уақытқа көп
көлемді ақпаратты бекіту.
ХХ ғасырдың басында пайда болған көру кемістігі кезіндегі есте
сақтауды зерттеудің алғашқы жұмыстарында соқырлар басты нысана болып
табылады. Оларды бақылау мен зерттеу біркелкі болмады.
Бірқатар авторлар ( К. Бюрклен, К.Э Кречмер, К. Штумпф, А. Крогиус
және т.б) нашар көретіндердің есте сақтауы қалыпты көретін балалардың
есте сақтауынан асып түсетінін дәлелдейді.
Л.С. Выготский соқырлардың есте сақтау процесін зерттеумен
қорытындыға келе оларда « Есте сақтаудың жоғарғы тенденциясына » өтуге
мүмкіндік бар деп түсіндірді.
1950-1960 жылдары нашар көретін балаларға арнайы мектептің ашылуына
және оқыту тәрбиелеу процесімен, әлсіз көруді дамытуды ұйымдастыруға
байланысты нашар көретіндердің есте сақтауын зерттеуге көп көңіл бөлінді.
Нашар көретін балалардың есте сақтауын алғаш рет экспериментті түрде
зерттеген Т. Н. Головина ол тану процесіне арналған.
Екінші көп жоспарлы және көп жақты салыстырмалы зерттеу В. А.
Лонинамен жүргізілді. Кейіннен есте сақтау процесін зерттеумен
айналысқан М. И. Зотова, Л. В. Егорова, М.И. Земцова, Е.С. Нарышкина
және Л. И. Солнцева. Осының барлығы ауызша материалды есте сақтауды
зерттеген.
Өзектілігі: кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау
процесінің даму мәселесін жан- жақты зерттеу- кемшіліктері бар
балалардың тұлға ретінде дамуында алатын орны маңызды. Тұлға ретінде
баланың дамуы олардың кемістіктерінің даму ерекшеліктерін жан-жақты
зерттеу қажет жағдай екенін анықтайды.
Мақсаты:Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау
процесінің ерекшелігін зерттеу.
Нысанасы: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалар.
Пәні: Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау
процесінің ерекшелігі.
Міндеттері:Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың процесі
тақырыбына психологиялық-педагогикалық- методологиялық әдебиеттерді
зерттеу. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау
процесі тақырыбына байланысты жүргізілген жұмыстарды талдау,
психологиялық әдістерді сараптаудан өткізіп жинақтау.
Тәжірибеде арнайы әдіс-тәсілдер арқылы кіші мектеп жасындағы нашар
көретін балалардың ЕС процесін диагностикалау.
Болжамы: егер кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте
сақтау процесін арнайыц зерттеп қарастырсақ, онда нашар көретін
балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктерінің мазмұнын тереңірек
жан-жақты ашып, дамыту- түзету жұмыстарын нәтижелі деңгейге жеткізе
аламыз.
Зерттеу әдістері:
Өту орны: Соқыр және нашар көретін балаларға арналған арнайы түзету
« Болашақ » мектеп – интернаты.
Әдебиеттер тізімі.
1 Лубовский В. И. « Специальная психология » М., 2005
2.Назарова Н.М. « Специальная педагогика » М., 2001
3.Литвак А. Г. « Тифлопсихология » М., 1985
4.Ермаков В.П, Якунин Г.А. « Основы тифлопедагогики » М., 2 2.ЛапшинВ.А, Пузанов Б.П. « Основы дефектологии » М., 1990.
6.Столяренко А.Д. « Основы психологий » Ростов на- дону 1997.
7.Сулейменова Р. « Выготский және дефектология мәселелері» Алматы 1993
8.Выготский Л.С. « Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер » Алматы 1999
9.Жарықбаев Қ. « Психология » Алматы 1993.
10.Рогов Е.И 2том « Настольная книга практического психолога » Москва., 2002
11.Дъячков А.И « Дефектологический словарь »М., 1970
12.Забрамная С.Д, Боровик О.В. « Практический материал для проведения психолого-педагогического обследования детей » Москва.,2003
13.Коррекционная педагогика №5-6 (11-12), 2006
14.Специальная психология
15.Дефектология
2.2. Нашар көретін кіші мектеп жасындағы балалардың есте сақтау процесін диагностикалау.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған « Болашақ » мектеп – интернатында біз нашар нашар көретін балалардың есте сақтау процесінің даму мәселесін зерттеуге кірістік.
Біз диагностикалық зерттеуді « Болашақ » мектеп-интернатының 2-а сыныбының оқушыларына жүргіздік. Кіші мектеп жасындағы нашар көретін балалардың есте сақтау процесін тексеруде мынадый әдістерді пайдаландық.
1-әдіс
Тақырыбы : « Ол не ?»
Мақсаты: Сипап сезу қабілеті арқылы сөздерді, тісініктерді есте сақтау.
Уақыты: 7-8 минут.
Құралдар: түрлі таныс заттар, бланк.
Нұсқауы: Келесі заттарды ұстап көріп есімізде сақтаймыз. Ең бастысы ол заттардың пішінін, салмағын, ерекше бір қасиетін тауып алы песке сақтайық.
Мазмұны: Бірнеше заттар балаларға кезекпен беріледі. Әр затты зерттеуге 20-30 секунд уақыт беріледі. Балалармен қосыла отырып, берілген заттың аты анықталған. Соңынан заттар қайтадан беріліп, қысқа уақытта қайтадан аттары анықталады. Осы жұмыстан соң балалар неше зат берілгенін, қандай зат берілгенін есіне түсіріп айтып береді.
Нәтижелерін өңдеу: Таблицаға әр баланың жеке көрсеткіші енгізіліп, бірнеше параметр бойынша бағаланады.
( Қосымша №1)
№3 әдіс
Тақырыбы: Ес процестерінің эмоционалдық түстерін бағалау.
Мақсаты: нашар көретін балалардың эмоционалдық өмірінің деңгейін бағалай отырып, есте сақтау процестерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
Құралдар: карандаш және сурет дәптер.
Уақыты: 20-30 минут.
Нұсқауы: Мен саған қызық ертегі айтып беремін, екеуміз бірге сурет саламыз.
Мазмұны: Балаға ертегі оқылады: мазмұны қызықты болу қажет және кейіпкерлер саны 2-3 тен аспауы қажет. Ертегі айтылып болған соң сол сәтте баламен бірігіп отырып рурет салынады. Ең бастысы баланың кейіпкерлерді талдауы, түстерге бояуы, қосымша мәлімет беруі, ой пікірмен бөлісуі және т.б.
Нәтижелерін өңдеу: сапалы түрде бағалау жасалынады.
Андақұлова Халида осы мектептің 2-а сынып оқушысы. 8- жаста.
Көру бұзылысы: мектепке дейінгі жаста пайда болды.
Қорошаған ортасы: ата-анасы, әпкесі.
Жұмыс жүргізу барысындағы ерекшеліктер: жұмысты ережесімен орындады , кейіпкерлердің киімдерінің әрқайсысының түстерін бояп шықты. Көмек қажет еткен жоқ.
Қорытынды: халида мен оқыған ертегінің кейіпкерлерін талдады. Ондағы шал мен кемпірдің мінезіндегі жан ашығыштықты, өте мейірімді, балаларының жоқтығынан қиналып жүргендігін айтып, шал мен кемпірді жағымды кейіпкер деп санады. Олардың киімдерінің түстерін ашық түспен бояды. Жалпы алғанда Халиданың сөздік қоры орташа.
Қосымша №2
Р\С
|
Баланың аты
|
Қайта жаңғырту
|
Көмек қажет етті ме
|
Уақыт
|
|
Жоғарғы деңгей
|
Орта деңгей
|
Төмен деңгей
|
|
1
|
Тұрдығұл Айгерім
|
+
|
|
|
-
|
2 мин
|
2
|
Андақұлова Халида
|
|
|
+
|
+
|
Уақытысынан асып кетті
|
3
|
Әбірбек Сая
|
+
|
|
|
-
|
3 мин
|
4
|
Мамаева Малика
|
|
+
|
|
+
|
3 мин
|
5
|
Ысқақова Жансая
|
|
+
|
|
-
|
3 мин
|
6
|
Құралбаева Айгерім
|
+
|
|
|
-
|
2 мин
|
Қосымша №1
-
Р\с
|
Баланың аты
|
Түсініктерді, сөздерді есте сақтау жолдары
|
Неше сөз еске түсті
|
уақыт
|
деңгей
|
|
жалпылау
|
салыстыру
|
|
1
|
Андақұлова Халида
|
Заттарды түсіндіргенде олардың түр түсіне қарады
|
Заттарды салмағына қарап салыстырды
|
8\4
|
7 мин
|
Орташа
|
2
|
Әбірбек Сая
|
Заттардың барлық қасиетіне қарады
|
Заттарды пішініне қарап салыстырды
|
8\7
|
4 мин
|
Жоғары
|
3
|
Құралбаева Айгерім
|
Заттың түр-түсін оның неден жасалғанын айтты
|
Үлкенді-кішімен кішіні үлкен заттармен салыстырды
|
8\6
|
5 мин
|
Жоғары
|
4
|
Тұрдықұл Айгерім
|
Заттардың не үшін пайдалана-тынын айтып берді
|
Түстеріне қарап салыстырды
|
8\6
|
5 мин
|
Жоғары
|
Жоғары деңгей: 6-8.
Орташа деңгей: 3-5.
Төмен деңгей: 1-2.
№4 Қосымша
р/с
|
Баланың аты
|
Көру есі
|
Деңгей
|
|
Неше сөз есте сақтады
|
уақыт
|
|
1
|
Халида
|
8\4
|
5 мин
|
Орташа
|
2
|
Айгерім
|
8\7
|
4 мин
|
Жоғары
|
3
|
Қалбибі
|
8\5
|
5 мин
|
Орташа
|
4
|
Сая
|
8\6
|
4 мин
|
Жоғары
|
5
|
Малика
|
8\3
|
5 мин
|
Орташа
|
6
|
Жансая
|
8\7
|
4 мин
|
Жоғары
|
Жоғары деңгей: 6-8
Орта деңгей: 3-5
Төмен деңгей: 0-2
№2 әдіс.
Тақырыбы: « Мазмұнын қайта айтып бер »
Мақсаты: Ұзақ мерзімді ес процесін зерттеу ерекшекліктерін белгілеу.
Уақыты: 3 минут.
Нұсқауы: Мен сендерге әңгіме оқып беремін, ал сендер оны мұқият тыңдап алып, біраз уақыт өткен соң айтып бересіңдер.
Мазмұны: Балаларға қызықты оқиға оқылады. 30 минут өткен соң оқиғаны балалар жеке – жек қайтадан айтып беруі қажет.
Нәтижелерін өңдеу: таблицаға әр балалның көрсеткіші енгізіліп, деңгейлермен бағаланады.
Жоғары деңгей: Бала оқиғаны сөзбе сөз қайталап берді. Әңгіменің сюжеті өзгерген жоқ.
Орташа деңгей: Бала сюжетті өзгерткен жоқ, бірақ қарапайым деңгейде өз сөзімен түсіндіріп берді.
Төмен деңгей: Бала оқиғаның сюжетін есінде сақтамаған, сөйлемдерді байланыссыз , эмоционалдық компоненттері берілгенімен сюжетпен мүлдем байланысы жоқ.
( Қосымша №2)
№4 әдіс.
Тақырыбы: « Жұптасқан сөздерді айтып бер »
Мақсаты: Көру ес қабілетінің деңгейін анықтау
Уақыты: 5 минут.
Құралдар: сөздер жазылған кәртішкелер.
Нұсқауы: Мен сендерге 8 түрлі – түсті картішкелер таратамын. Сендер 5 минут қарап шығыңдар. Сосын мен қайтадан жинап аламын. 10 минуттан кейін маған айтып бересіңдер.
Мазмұны: Суреттегі бұйымдармен еркін топтасып жұптасқан 8 түрлі – ттүсті картішкелер көрсетіледі. Құрылған жұптарды еске сақтау ұсынылады.
Нәтижелерін өңдеу: Таблицаға әр баланың көрсеткіші енгізіліп, деңгейлермен бағаланады.
( Қосымша №4)
Достарыңызбен бөлісу: |