ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
КММ «ШЫҒЫС» ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ
Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастырудағы тәрбие жұмысына арналған ҰСЫНЫС
РЕКОМЕНДАЦИЯ по организации воспитательной работы на осенних каникулах
Өскемен қаласы - 2012
МЕКТЕПТЕГІ ТӘЛІМГЕРГЕ, СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРГЕ, ТӘРБИЕ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫН АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
Өскемен қ. 2012 ж., «Шығыс» оқу - әдістемелік өңірлік орталығының директоры М.И. Асанова, тәрбие жөніндегі кабинеттің меңгерушісі Г.З.Абетаева
Бұл әдістемелік ұсыныс мектептегі аға тәлімгерге, сынып жетекшілерге, тәрбие жөніндегі директордың орынбасарына, қосымша білім беретін ұйымдардың педагогтарына арналған.
Оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастырудағы тәрбие жұмысына арналған ҰСЫНЫС
Оқушыларды тәрбиелеудің тиімді құралдарының бірі-күзгі демалыс күндерін дұрыс ұйымдастыру.Оны жүзеге асыру үшін аймақта көлемді әлеуметтік акция ұйымдастыру қажет,мақсаты-жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, девиантты тәртіптің алдын алу.
Оқушылардың демалыс кезінде (ата-анасы мен мұғалімнің қатысуынсыз) бос уақыттарын және белсенділік таныта алатын ортасын дұрыс таңдауы олардың шығармашылықпен айналысуға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар баланың өз бетімен жұмыс істей алуы, қызығушылығы, біліктілігі, қабілеті маңызды болмақ.
Оқушылардың каникул кезіндегі уақыты көпқырлы. әр түрлі формада: білімділік,шығармашылық,спорттық,еңбек, сол сияқты оқушы қызығушылығын қажетіне қарай қанағаттандыратын шаралар болу керек. Шараларды ұйымдастыруда оқушы денсаулығын нығайту- оның оқудағы жетістігінің, интеллект, ойлау қабілетін дамытудың басты кепілі. Сондай-ақ, баланың өзі таңдаған жұмыс түрлерінің дұрыс өтілуіне жағдай жасау басты назарда болуы шарт.
Каникулды ұйымдастырудың маңызды қағидасы-оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттыру қағидасы болып табылады.Ол ешкімнің күштеуінсіз эмоционалдық қарым-қатынасқа: ойындар мен театрландырылған шаралар негізінде құрылады. Эмоционалдық қарым-қатынасы жоқ педагогтың кез келген формада өткізген әдістемелік жұмысы сәтсіздікке ұшырайды. Балалар ұйымында эмоцианалдық жағдай туғызу үшін каникул күндерін оқушылардың қызығушылығы мен олардың көңіл күйін жақсартуға сай өткізілуі қарастырылады. Ұйымдастырылатын шараларды өткізетін орын әдемі безендіріліп, әр түрлі атрибуттар қолданылып,оқушылар үшін нағыз мереке болуға тиісті. Бұндай ойын бағдарламалары, мерекелер және тағы басқа шаралар оқушының өзін бағалай білуіне, жетістігі мен кемшілігіне сын көзімен қарап, басқалармен салыстыруға мүмкіндік береді.Дәл осындай жағдайлар қоғамның қалыптасуына,балалардың әр түрлі әлеуметтік ортада өз ойын ашық білдіре алуына жағдай жасайды.Бұл сала оқушылардың белсенділігі мен еркіндігіне,өз-өзіне сенімділікке,толық ашылуына жол ашады.
Каникулда өткізілетін жұмыстардың жоспарын жасауда оқушылар мен ата-аналардың өтініштері мен ұсыныстары да ескеріледі.Білім мекемелерінде каникул күндерін өткізудің тәрбие жоспарлары,үйірмелер мен клуб,секциялардың кестесі,қосымша білім мекемелерінде (балалар және жастар сарайы,мәдениет үйі,спорт залдары,бассейн,компьютер сыныбы,кітапхана т.б.)өткізілетін сабақтардың графигі,осы кезеңдегі психолог-педагог, әлеуметтік педагогтың жұмыс графигін ілуге арналған ақпараттық стенділер болуы қажет.Бұл ақпараттар білім мекемесінің сайтына кіргізіліп, ата-аналарға ата-аналар жиналысында хабарлануы тиіс.Білім мекемелері каникул күндерінде салауатты өмірді насихаттауды жүзеге асырып,профилактикалық бағдарламалар жасалып, әңгіме («Өмір сүрудің қауіпсіздік негіздері», «Адам және оның денсаулығы» т.б.) тақырыптық кездесулер, спорттық ойындар, саяхат, серуендер т.с.с. шаралар өткізілсе, оқушының танымдық әлемі ашылып,салауатты өмір салтын ұстануы, өзіне сенімі, жауапкершілігі қалыптасады.
Барлық туристік-өлкетану шараларын өткізуде оқушылардың өмір қауіпсіздігіне баса назар аударылады. Облыстық, аудандық, жергілікті мұражайлармен тығыз байланыс орнатылады.
Оқушыларды Қазақстан Республикасы халықтарының өнерімен таныстыру мақсатында мынандай эстетикалық тәрбие түрлері ұсынылады: дәрістер,конференция,кештер,өнер сайыстары,мұражайларға саяхат т.б.
Бүгінгі күні Білім мекемелерінде қолданбалы өнерге де ерекше көңіл бөлініп отыр. Сурет салу,ағаштан мүсін жасау,сәулет өнерімен айналысу, құрастыру жұмыстары оқушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Шығармашылық жобалар, өнер көрмесі, концерттер- балалар мен жастар арасындағы байланысты нығайтудың бірден-бір жолы.
Білім мекемелерінде жол – транспорт оқиғаларының алдын алу шаралары да балалар мен жасөспірімдердің белсене араласуы арқылы жүзеге асырылады.Қауіпсіздік ережелері МТЖ,МАИ,медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.
Күзгі каникулда тәрбие шараларын ұйымдастырып,өткізуде ата-аналарды көптеп тарту жағы да қарастырылуы керек. Әр салада қызмет атқаратын ата-аналар тақырыптық кездесулерде сынып жетекшісіне белсенді көмекші бола алады.
Тәрбие саласындағы барлық жұмыстар тек Білім мекемелерін ғана толғандырып қоймай, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау,құқықтық органдардың қатысуымен өтсе, бұл- оқушылардың каникул күндерінің қызықты да мазмұнды өтуінің кепілі.
Бастауыш буындағы мектеп оқушыларымен күзгі демалысты өткізуге арналған үлгі жоспарын ұсынамыз:
Туған күн иесінің күні.
Демалыс мезгілінің 1- күнін туған күндерді атап өтуді дәстүрге айналдыру: 4 қараша-күзгі (осы күні күзгі балл өткізуге болады), 30 желтоқсан – қысқы, 20 наурыз –көктемгі, 26 мамыр – жазғы
2. Сыпайылық және мәдениет күні.
Сыпайы батырлар турнирін, этика лабиринтіндегі қызықты экспресс,суретті галереяға саяхат және т.б.
3. Денсаулық күні.
Бұл күні «Қызықты старт», «Джунгли шақырады» атты спорттық эстафета, «Әкем, шешем және мен – спорттық жанұя» таза ауада қозғалмалы ойындар, «Менің өлкемнің күзі» тақырыбында саябаққа серуен өткізуге болады.
4. Ана күні
«Ана мен қызы», «Анам үйде жоқ кезде», «Анамның мамандығы» (шығарма сайысы), «Анамның қолы алтын» көрме.
5. Еңбек күні
Ұжымдық-еңбектік іс- сынып бөлмесі мен мектеп ауласын тазалау, «Кітапты ұқыпты ұста» операциясы. «Табиғат ғажайыбы» жеміс-жидек көрмесі.
6. Ойыншық және ойын күні.
Бұл ертегі күн! «Менің сүйікті ойыншығым», қазақ ергегілер қойылымы, кино және театрларға мәдени серуен.
Орта буындағы оқушыларға арналған төмендегі формаларды ұсынамыз:
Мерекелер:
«Күзгі балл»
«Барлығы үшін мереке»
«Әрқашан болсн анам»
«Мен есейдім» кеш
Спорттық жарыстар, эстафеталар, жарыстар:
«Көңілді старт»
«Күзгі сартакиада»
«Дені сау жанұя»
Таланттар сайысы, зияткерлік ойындар:
«Не? Қайда? Қашан?»
«Эрудит-шоу»
Эрудит-хоккей
Жоғары буындағы оқушыларға арналған:
Зияткерлік марафон;
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» білімдік сайыс;
Жұлдызды сәт- «Менің туған өлкем»;
«Көңілді кооператив» күні;
«Көңілді кооператив» күнін ұйымдастыру және өткізу бойынша нақты тоқталайық, педагогтардың мақсаты тәрбие жұмысының барлық түрлеріне қиын балаларды, ұйымшыл емес жоғары сынып оқушыларын толығымен қамту.
Күнді кооперативтік мекемелердің даңғылын мерекелік ашылумен (лента қию) бастауға болады. Осы даңғылға кіру үшін көңілді ақы бекіту. «Банкте» ақшаны купонға, юморға немесе басқа «валютаға» ауыстыру.
Жәрмеңкелік балаган – түрлі киімдегі сатушы. Үстел үстінде өз қолдарымен жасалған бұйымдар қойылған. Жәрмеңкеде кондитерлік тағамдар сатуға болады: бәліш, хворост және т.б. Осы даңғылда кинотеатр видео салоны, «Встреча» кофесі, шаштараз, анықтамалық бюро, әдебиет залы. Күннің соңын көңілді аукционмен және дискотекамен аяқтау.
Демалыс кезіне жоспар жасауда ұсынылады:
* төменгі, орта және жоғары сынып оқушылар жасын қарастыру;
* девиантты тәртіптегі балалармен жұмысты қарастыру;
* ата-аналармен жұмысты қарастыру;
* жетім балалар мен мүгедек балалармен жеке жұмысты қарастыру;
* ішкі істер бөлімімен және мәдени-спорттық ұйымдармен (бассейндер, кітапханалар, мәдени орталықтар) байланысты ойластыру;
* мектеп кітапханасының жұмыс кестесін құру;
* спорт зал, видео залдарының жұмыс кестесін құру;
* спорттық-бұқаралық сауықтыру жұмысын ұйымдастыруды қарастыру;
* Жоғары сынып оқушылармен танымдық ісшара өткізуді қарастыру;
* міндетті түрде бұйрықпен мәдени серуен, туристік серуен ұйымдастыруды қарастыру;
* мектеп белсенділерді оқыту, өзін-өзі басқару органдармен, балалар қоғамдық ұйымдармен жұмысты қарастыру.
* Қазақстан Республикасының территориясында оқушылармен саяхат, экспедиция, туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулықты сақтау.
* облыстық мамандандырылған және аудандық жалпы білім беретін ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумды қарастыру.
* Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен жүргізіліп жатқан «Туған жерге тағзым» акциясын жалғастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |