81
Паскаль заңы Сұйықтыққа немесе газға түсiрiлген сыртқы қысым әр жаққа
өзгерiссiз берiледi. Паскаль заңы негiзiнде гидравликалық прес-
тер жұмыс iстейдi.
F
F
S
S
2
1
1
2
=
; S
1
және S
2
– пресстегi кiшi және
үлкен поршеньдердiң ауданы. F
1
және F
2
– пресстегi кiшi және
үлкен поршеньдердегi күш.
Mанометр
Сұйықтықтар мен газдардағы қысымды өлшейтiн аспап.
Барометр
Атмосфералық қысымды өлшейтiн құрал. Сұйықтық
барометрiнде сұйықтық бағанының қысымы атмосфералық
қысыммен теңестiрiледi. Сұйықтықсыз (анероиD) барометр
жұқа металл қорап қысымының әсерiнен сығылу негiзiнде
жұмыс iстейдi.
Атмо сфе ралық
қысым
Жердi қоршап тұрған ауа қабатының Жер бетiне және ондағы
барлық заттарға түсiретiн қысымы. Теңiз деңгейiнен бастап
өлшенедi. Ондағы қысым 101360 Па немесе 760 мм сын.бағ.
Биiктiк артса, ол төмендейдi.
Архимед күшi Сұйықтыққа немесе газға батырылған дененi сұйықтықтың не-
месе газдың жоғары көтеретiн күшi. F
A
=
с
V
д
· g; F
A
– Архимед
күшi;
с
– сұйықтықтың тығыздығы; V
g
– дененiң суға батқан
бөлiгiнiң көлемi; g = 9,81
N
кг
.
Механи калық
жұмыс
Өзгермейтiн F күштiң әсерiмен дененi күш бағытында s
қашықтыққа қозғалтқанда, F · s көбейтiндiсiмен анықталатын
шама. A = F · s. Жұмыс бiрлiгi Джоуль (Дж).
Энергия
Денелердiң жұмыс орындау қабiлетiн сипаттайтын шама. Оның
меха никалық, жылу, электр, жарық, атом энергиясы сияқты
түрлерi бар. Энергияның бiрлiгi Джоуль (Дж). Механикалық
энергия екi түрлi – потенциалдық және кинетикалық болады:
E
mgh E
p
k
m
=
=
;
υ
2
2
.
Қуат
Орындалған жұмыстың сол жұмысты орындауға кеткен
уақытқа қаты насымен анықталатын физикалық шама.
N A
t
=
.
Қуат бiрлiгi 1 Ватт.
82
2-кесте
№
Жылдам дығы
км/сағ
№
Жылдамдығы
км/сағ
1 Тасбақа
0,5
13 Кенгуру
48
2
Май қоңызы
11
14 Керiк
51
3 Шыбын
18
15 Қасқыр
55–60
4 Бал ара
25
16 Қарлығаш
54–63
5 Шымшық
35
17 Қоян
60
6
Инелiк
36
18 Кептер
60–70
7 Ала кит
38–40
19 Лашын
64–77
8 Акула
40
20 Арыстан
65
9 Аю
40
21 Қылыш балық
80
10 Африка пiлi
40
22
Африка түйеқұсы
80
11 Ат
46
23 Жайран
95
12 Бұғы
47
24 Барыс
112
• Халықаралық бiрлiк жүбесi қабылданардан бұрын шамаларды
адам денесiнiң өлшемдерiмен салыстырып өлшеген. Мысалы, Орта
Азияда кез деп аталатын ұзындық бiрлiгi үш әдiспен анықталған:
1) созылған қол ұшынан ныққа дейiнгi қасдықтық; 2) жанға қарай
созылған қол ұшынан кеудеге дейiн яки мұрын ұшына дейiнгi қашықтық;
3) жанға созылған қол ұшынан екiншi мыққа дейiнгi қышықтық.
1 кез (Хорезм, жер өлшегенде) ≈ 106–107 см; 1 кез (Хорезм, мата
өлшегенде) = 61 см; 1 кез (Бухара, құрылыста) ≈ 79 см; 1 кез (Самарқант,
Ташкент, Фергана) ≈ 68,6–70,7 см.
83
ДЕНЕЛЕРДIҢ
ТЕПЕ-ТЕҢДIГI.
ЖАЙ МЕХАНИЗМДЕР
III
ТАРАУ
Бұл тарауда Сен:
– денелердiң масса орталығы
жəне оны анықтаумен;
– тепе-теңдiк түрлерiмен;
– күш моментi, рычагпен;
– жай механизмдер: блок, көлбеу
жазықтық, винт (бұрама), сына
жəне шығырмен;
– жай механизмдер орындайтын
жұмыстармен;
– механизмдердiң пайдалы əсер
коэффициентiмен;
– механиканың «алтын
ережесiмен» танысасың.
84
АЛҒЫ СӨЗ
Ерте заманнан адамдар өзiнiң еңбегiн жеңiлдету жолдарын қарас-
тырған. Құрылыстарда ауыр бөренелердi, мәрмәр тастарды жылжыту,
көтеру үшiн әр түрлi қондырғыларды пайдаланған. Үш мың жыл бұрын
ежелгi Египетте (Мысырда) пирамидаларды құрғанда ауыр тас плита-
ларды рычагтың көмегiмен бiр жерден екiншi жерге жылжытқан, едәуiр
биiкке көтерген. Көп жағдайларда жүктi бiр биiктiкке көтерудiң орнына
көлбеу жазықтықпен домалатып немесе сүйреп алып шыққан. Самарқант
пен Бұхара қалаларындағы мұнаралар, медреселер, сарай және мешiттердiң
құрылысында жүктердi блок тардың, шығырлардың көмегiмен көтерген.
Тұрмыста, зауыттарда үлкен-үлкен металл тақталарды кесетiн, штампы-
лайтын станоктарда, көтергiш кран, жер қазатын, тегiстейтiн машиналарда
жай механизмдер бар. Бұндай механизмдер заманалық аудио және бейне
аппаратураларда, күрделi автоматтарда да кездеседi.
Жай механизмдердiң жұмысымен таныссаң, күрделi машиналардың
құрылысын түсiнуiң оңай болады.
30-ТАҚЫРЫП
ДЕНЕЛЕРДIҢ МАССА ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ
ОНЫ АНЫҚТАУ. ТЕПЕ-ТЕҢДIК ТҮРЛЕРI
Төмендегiдей тәжiрибе жасайық. Картон парақ алып, оның кез кел-
ген нүктесiнен жiп өткiзейiк. Жiптiң екi ұшын штативке байлайық.
Сонда парақ 48-суреттегiдей жағдайда болады. Оны өз бiлiгi айна-
ласында бiраз бұрып, қойып жiберсек, алғашқы орнына қайтады. Ендi
парақтың ортасынан жiп өткiзiп тағы да штативке байлайық (49-сурет).
Бұл жағдайда парақты қанша айналдырсақ та, қойылған жағдайында
өзгерiссiз қалғанын көремiз. Осындай жағдайда табылған нүктенi дененiң
масса орталығы дейдi. Дененiң бұл нүкте сiнде барлық масса
жинақталғандай болады.
Осындай тәжiрибелердiң көмегiмен анықталғанындай, әр түрлi
геометрия лық фигураларға ие денелердiң масса орталықтары төмендегiдей
болады.
48-сурет.
49-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |