1) кепiлдiк немесе кепілгерлік шарты;
2) өкiлдiң кепілдік беруші атынан кепiлдiк беру шартына немесе кепілгердің атынан
кепілгерлік шартқа қол қоюға өкiлеттiгiн растайтын құжаттар;
3) қарыз алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілдік
немесе кепілгерлік беру туралы кепілдік беруші немесе кепілгер заңды тұлға органының
шешімі қоса беріледі.
5. Микрокредит бойынша берешектiң толық немесе iшiнара өтелгенiн растайтын
құжаттар (немесе олардың көшірмелері) кредиттiк дерекнамаға қоса берiлуге және оларда
микрокредиттi өтеу көзi (қарыз алушы аударған не кепiлдегі мүлiктi сатудан түскен ақша)
көрсетілуге тиiс.
21бап. Микрокредит беру құпиясы
1. Микрокредит беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi
туралы, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары
туралы және микроқаржы ұйымының операциялары туралы (микрокредиттер беру
қағидаларын қоспағанда) мәлiметтердi қамтиды.
Тарату процесіндегі микроқаржы ұйымының микрокредиттер беру туралы жасасқан
шарттары жөнiндегi мәлiметтер микрокредит беру құпиясына жатпайды.
2. Микроқаржы ұйымдары микрокредит беру құпиясына кепiлдiк бередi.
3. Микрокредит беру құпиясы берілген микрокредиттер бойынша Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес қарыз алушыға, кредиттік бюроға ғана, қарыз
алушының жазбаша келiсiмi негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондайақ осы баптың 4 және
5тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ашылуы мүмкiн.
4. Қарыз алушылар, микрокредиттердiң мөлшерлерi туралы, микрокредит беру туралы
шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микроқаржы ұйымы
жүргiзген операциялар туралы мәлiметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: олар жүргiзiп жатқан қылмыстық
iстер бойынша мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сұрау салу
негiзiнде;
2) соттарға: олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi
және үкiмi негiзiнде;
2014.29.09. № 239V ҚР
Заңымен
3) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
3) әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: олар жүргізіп жатқан
атқарушылық іс жүргізу істері бойынша әділет органдарының мөрімен немесе жеке сот
орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы
негізінде;
4) прокурорға: оның құзыретi шегiнде өзінің қарауында жатқан материал бойынша
тексеру ісін жүргізу туралы қаулы негiзiнде;
2014.28.11. № 257V ҚР
Заңымен
5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5) салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана мемлекеттік кіріс органдарына:
тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша нұсқама негiзiнде;
2014.07.03. № 177V ҚР
Заңымен
6) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2014.29.12. №
269V ҚР
Заңымен
6) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенiмхат негiзiнде;
2014.07.03. № 177V ҚР
Заңымен
7) тармақшамен толықтырылды
7) банкрот деп танылған тұлғаларға қатысты оңалту және банкроттық саласындағы
уәкілетті органға, банкроттықты басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен беріледі.
5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшерi туралы, микрокредит беру туралы шарттың
қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөнiндегi мәлiметтер қарыз алушы қайтыс