хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді
жауап беруге міндетті.
5. Есептік тіркеуден өткен микроқаржы ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның
интернетресурсында орналастырылады.
15бап. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеуден бас тарту:
1) ұсынылған құжаттар осы Заңның
14бабының 1тармағында
белгіленген талаптарға
сәйкес келмеген;
2) осы Заңның
14бабының 1тармағында
көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс
анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
3) егер микроқаржы ұйымы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта
тіркелген) күнінен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтініш жасамаған;
4) егер микроқаржы ұйымы басшысының немесе құрылтайшыларының бірінің
өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы болған, сондайақ уәкілетті орган осы
микроқаржы ұйымын тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан
аспайтын кезеңде тұлға бұрын микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе
құрылтайшысы болған;
5) осы Заңның
31бабының 3тармағында
көзделген құжаттар ұсынылмаған
жағдайларда жүргізіледі.
2. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда, микроқаржы ұйымы ретінде тіркелген
заңды тұлға отыз жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден өту және микроқаржы
ұйымдарының тізілімін жүргізу
қағидаларына
сәйкес қайтадан өтініш беруге құқылы
немесе атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім қабылдауға
міндетті.
Уәкілетті орган қайта берілген өтінішті отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
16бап. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару үшін негіздер
1. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен:
1) қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының, сондайақ
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын ұдайы (қатарынан
күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұза отырып жүзеге асырған;
2) пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар
мен лимиттерді ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш реттен көп) бұзған;
3) уәкілетті органға есептілікті ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш
реттен көп) ұсынбаған;
4) анық емес ақпаратты бергені үшін әкімшілік жауаптылыққа екі реттен көп рет
тартылған;
5) уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын ұдайы (қатарынан күнтізбелік он екі ай
ішінде үш реттен көп рет) орындамаған;
6) осы Заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік
жауаптылыққа екі реттен көп рет тартылған;
7) микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізіліміне қосылған күннен бастап
қатарынан күнтізбелік он екі ай бойы қызметті жүзеге асырмаған;
8) микроқаржы ұйымының қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
9) микроқаржы ұйымы қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен өз қызметін ерікті
түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда шығарылады. Бұл ретте,
микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы өтініш
бергенге дейін өзінің барлық міндеттемелерін орындауға тиіс. Өтінішке бір мезгілде
барлық міндеттемелерінің орындалғанын растау туралы хат қоса беріледі;