Задания контрольных работ по разделу


тақырып. Ығысу Таза ығысу. Ығысудағы кернеулер мен дефорациялар. Ығысудағы Гук заңы



жүктеу 24,95 Mb.
бет2/322
Дата14.02.2018
өлшемі24,95 Mb.
#9613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322

8 тақырып. Ығысу

Таза ығысу. Ығысудағы кернеулер мен дефорациялар. Ығысудағы Гук заңы.

9 тақырып. Бұралу


Көлденең қимасы жұмыр білеудің бұралуы. Бұраушы моменттердің эпюрлері. Кернеулер мен деформациялар. Бұралған білікті беріктік пен қатаңдыққа есептеу.

10 тақырып. Күрделі қарсыласу

Нүктедегі кернеулік күй туралы ұғым. Беріктік теориясы. Бұралып иілу.


2.3 Қатты дененің және нүктенің кинематикасы мен динамикасы

11 тақырып. Қатты дененің және нүктенің кинематикасы

Нүктенің кинематикасы: кинематикалық параметрлерді берілу әдістері; орын ауыстыру, нүктенің жылдамдығы мен үдеуі. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық-параллель қозғалысы.



12 тақырып. Еріксіз материялық нүктенің қозғалысы

Динамиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Екпін күштері. Кинетостатика әдістері (Д’Аламбер принципі).



13 тақырып. Жұмыс және қуат

Күштің жұмысы. Қуат. Пайдалы әсердің механикалық коэффициенті (ПӘК). Денелердің айналмалы қозғалысындағы жұмыс пен қуат.



14 тақырып. Динамиканың жалпы теоремалары

Материялық нүктенің қозғалыс мөлшерінің өзгеруі туралы теорема. Нүктенің кинетикалық энергиясының өзгеруі туралы теорема. Айналатын дене динамикасының негізгі теңдеулері. Қозғалмайтын нүктесінің төңірегінде қозғалатын қатты дененің кинетикалық энергиясы және кинетикалық моменті.


2.4 Механизмдерді, машиналарды және құрылымдарды, олардың тетіктері мен тораптарын жобалау теорияларының негіздері

15 тақырып. Машиналар мен механизмдер туралы жалпы мәліметтер

Машиналарды топтастыру. Механизмдер және олардың структурасы. Механизмдердің және механикалық берілістердің негізгі түрлері. Берілістердің кинетикалық және күштік сипаттамалары.



16 тақырып. Механизмдердің құрылымдық негіздері, иінді механизмдердің кинематикалық зерттеуі.

Иінді механизмдер. Механизмдердің синтезі және құрылымдық талдауы. Жылдамдық пен үдеуді анықтау. Жылдамдық пен үдеудің планын тұрғызу. Сызбалық дифференциалдау мен интегралдау.



17 тақырып. Иінді механизмдердің күштік талдауы

Кинематикалық жұптардағы реакцияларды анықтау. Жуковскдің рычагі.



18 тақырып. Механизмдерді динамикалық зерттеу

Механизмдердің қозғалыс тәртібі. Механизмнің динамикалық үлгісі. Жұп күшті және күшті келтіру. Механизмнің келтірілген массасы және келтірілген екпін күші (моменті).



19 тақырып. Аспаптық және есептеуіш машиналар механизмдері: электромеханикалық жетектер, информацияны құрастырушы механизмдер, баспа құрылғысы, сызба тұрғызушы.

20 тақырып. Машина жасау өнімдерін жобалау мен құрастырудың ерекшіліктері

Жобалау мен құрастырудың ерекшіліктері. Машина жасау өнімдері: тетік, құрастыру бірлігі. Беріктік, қатаңдық, төзімділік, жылуға төзімділік, дірілге орнықтылық – машина тетіктерінің жұмыс істеу қабілетінің басты өлшемі. Сенімділік пен үнемділік – өнімнің басты сапалық көрсеткіші.



21 тақырып. Тісті механизмдер кинематикасы мен синтезі

Тісті берілістер сұрыптамасы. Тісті механизмдер туралы жалпы мәліметтер. Ілінісу теориясының элементтері. Доңғалақ тістерін кесу. Эвольвентті цилиндрлік түзу тісті берілістің геометриялық есептеуі. Берілістердің кинематикасы. Қиғаш және шевронды цилиндр тісті берілістердің геометриялық ерекшеліктері. Ілінісудегі күштер. Тістердің бұзылу түрлері. Тісті берілістердің жанасу және иілу кернеулері бойынша беріктікке есептелуі. Тісті берілістердің материалдары, мүмкіндік кернеулері, оларды қыздырып өңдеу.



22 тақырып. Червякті берілістер

Геометриялық параметрлері. Кинематикасы. ПӘК. Ілінісудегі күштер. Червякті берілістердің бұзылу себептері және жұмыс істеу қабылеттілігі. Червякті берілістердің жанасу және иілу кернеулері бойынша беріктікке есептелуі.



23 тақырып. Белдікті берілістер

Жалпы мәліметтер. Кинематикалық және геометриялық параметрлері. Белдіктегі кернеулер мен күштер. Берілістің жұмысқа қабілеттілігінің басты белгілері.



24 тақырып. Шынжырлы берілістер

Жалпы мәліметтер. Берілістердің кинематикасы. Берілістің элементтеріндегі күштер. Жұмысқа қабілеттілігінің басты белгілері бойынша беріліс элементтерін есептеу. Жұлдызшалар мен шынжырлар.



25 тақырып. Біліктер мен өстер

Негізгі анықтамалар, сұрыптамалар, конструктивтік ерекшеліктер. Біліктерді беріктікке және қатаңдыққа есептеу.



26 тақырып. Біліктер мен өстердің тіректері. Домалау подшипниктері

Тіректерге әсер етуші жүктемелер. Подшипниктерді сұрыптау. Домалау подшипниктері: жалпы сипаттама, негізгі конструкциялары, бұзылу түрлері. Домалау подшипниктерін таңдап алу және олардың ресурсын анықтау.



27 тақырып. Механикалық жетектердің муфталары

Жалпы мәліметтер және сұрыптамалар. Муфталардың негізгі түрлері, есептеу ерекшеліктері.



28 тақырып. Ажырамайтын қосылыстар

Пісірілген қосылыстар. Жалпы мәліметтер мен сипаттамалар. Жұмысқа қабілеттілігінің белгілері, есептеу және құру негіздері.



29 тақырып. Бұрандалы қосылыстар

Қосылыстардың жалпы сипаттамасы. Жүктелу ерекшеліктері, жұмысқа қабілеттілігінің белгілері және есептеуі. Қосылыстарды құрудың негіздері.



30 тақырып. «Білік - күпшек» түріндегі қосылыс

Шпонкалық және шлицтік қосылыстар. Жалпы сипаттама. Жұмысқа қабілеттілігінің белгілері және есептеуі. Қосылыстарды құрудың негіздері.



31 тақырып. Өзара ауыстырымдылық негіздері

Өзара ауыстырымдылық және стандарттау. Өлшемдер. Дәлдік шектері. Қондырулар. Тетіктердің геометриялық пішіндерінің дәлдігі.


3 Жаттығу сабақтарының мазмұны
Жаттығу сабақтар мақсаты – дәрістік сабақтарда алынған білімдерді нығайту, тереңдету және кеңейту; студенттерге есептерді шығару дағдысын, тетіктер мен тораптардың комплексті есептеулерін орындауды; анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді, құрылым атластарын қолдануды дарыту; студенттердің дәрістік материалдарды меңгеруін бақылау.

Білімдерді тереңдету және дағдылану құрастыру элементтері бар есептеу мысалдарын шығарумен жетілденеді.

Келесі тақырыптар бойынша жаттығу сабақтарын өткізу қарастырылған:

1 тақырып. Статиканың негізгі түсініктері мен ережелері

Жинақталатын күштерді қосу. Күштерді қосудың параллелограмм және үш бұрыш тәсілдері. Үш және көбірек параллель емес күштердің тепе-теңдігі. Аналитикалық және геометриялық әдістермен статикалық анықталатын жинақталған жазық күштер жүйесінің тепе-теңдігіне есептер шығару.

2 тақырып. Еркін орналасқан жазық күштер жүйесі

Тірек. Арқалықтық жүйелердің тірек құрылысы. Тепе-теңдік теңдеуі және тепе - теңдік теңдеулерінің әр түрін қолданып, еркін орналасқан жазық күштер жүйесімен жүктелген статикалық анықталатын жүйенің, тірек реакцияларын анықтау.

3 тақырып. Созылу және сығылу

Бойлық күштердің және тік кернеулердің эпюрлерін тұрғызу. Созылу мен сығылудағы беріктікке есептеулер. Мүмкіндік кернеулерді таңдау.
4 тақырып. Иілу

Конструкция элементтеріне әртүрлі жүктемелердің: қадалған күштердің, моменттердің, таралған жүктемелердің әсерінен көлденең күштер мен июші моменттердің эпюрлерін тұрғызу. Мүмкіндік кернеулерді таңдау. Иілген арқалықты беріктікке есептеу.

5 тақырып. Бұралу

Бұраушы момент. Біліктің көлденең қимасындағы кернеулер. Бұраушы моменттер мен жанама кернеулердің эпюрлерін тұрғызу. Мүмкіндік кернеулерді таңдау. Бұралудағы беріктік пен қатаңдыққа есептеулер.

6 тақырып. Қатты дененің және нүктенің кинематикасы

Нүктенің кинематикасы: кинематикалық параметрлерді беру әдістері, орын ауыстыру, нүктенің жылдамдығы мен үдеуі. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық параллель қозғалысындағы қатты дене нүктелерінің жылдамдықтары мен үдеулерін анықтау.

7 тақырып. Жұмыс және қуат

Нүктенің жұмысын, қуатын және кинетикалық энергиясын анықтауға есептер шығару.

8 тақырып. Механизмдердің құрылымдық негіздері, оларды кинематикалық зерттеу

Звенолар және кинематикалық жұптар. Кинематикалық тізбектер. Механизмдердің және кинематикалық тізбектердің құрылымдық формулалары. Механизмдердің синтезі және құрылымдық талдауы.

9 тақырып. Ажырамайтын қосылыстар

Тойтармалы қосылыстар жөніндегі негізгі ұғымдар, олардың қолданылуы. Сұрыптамалар. Тойтармалардың негізгі түрлері. Тойтармалы қосылыстарды есептеу.

10 тақырып. Өзара ауыстырымдылық негіздері

Қондыруды тетіктердің әртүрлі жүктеулердегі қозғалмайтын және беріктік шарттарынан таңдау. Тетіктердің бет тегістігі мен бедерлер шамасының тағайындалуы.
4 Есептеу-сызба жұмыстары және олардың мазмұны
«Механика» курсы жоғарғы оқу орындары студенттерін оқытудағы ең бір негізгі пәндердің бірі болып табылады, себебі теориялық механика, материалдардың кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, машина тетіктері мен тораптарын жобалау негіздері бойынша білімнің негіздерін береді.

Студенттер «Механика» курсы бойынша толық білімді, тек жаттығу сабақтарында теориялық ахуалды есептерді шешіп бекітумен, сонымен қатар есептеу-сызба жұмыстарын (ЕСЖ) орындаумен ала алады.

Студенттің есептеу-сызба жұмысының есептер саны берілген мамандықтың оқу графигіне сәйкес анықталады.



ЕСЖ А4 форматындағы жазу қағазының парақтарында орындалады және конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына сәйкес толтырылады.

5 Әдебиеттер
5.1 Негізгі

1 Айталиев Ш.М., Дүзелбаев С.Т. Матреиалдар кедергісі: Есептер шығаруға арналған оқу құралы, 1 бөлім. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б.

2 Аманжол М. Нұғыман. Теориялық механика негіздері. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей: СМУ, 2002. – 259 б.

3 Беркімбаев О.С., Дүзелбаев С.Т., Сыдықов Ә.А. Теориялық механика негіздері: жоғарғы техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, 1 бөлім, статика. – Алматы: ОӘӘЖ РБК ҚР БМ, 1993. – 96 б.

4 Дүзелбаев С.Т. Матреиалдар кедергісі: Есептер шығаруға арналған оқу құралы, 2 бөлім. – Алматы: Рауан, 1996. – 196 б.

5 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Қолданбалы механика. Дәрістік конспект, 1 бөлім, теориялық механика. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 120 б.

6 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Қолданбалы механика. Дәрістік конспект, 2 бөлім, материалдар кедергісі. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 138 б.

7 Дүзелбаев С.Т. Механика. Оқулық жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 308 б.

8 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Материалдар кедергісі, есептер шығаруға арналған оқу құралы: Редакциялық нұсқау беруші т.ғ.д., профессор Б.Б. Телтаев. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2006. – 170 б.

9 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Материалдар кедергісі: есептеу–сызба жұмыстарының тапсырмалар жинағы. Оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2006. – 120 б.

10 Дузельбаев С.Т., Жадрасинов Н.Т. и др. Учебное пособие для студентоа немеханических специальностей дневной и заочной формы обучения. – Павлодар: ПГУ НИЦ, 2005. – 88 с.

11 Жапаров Ж.Ж., Құлтасов Қ.А., Тәтенов А.М. Теориялық механика есептерін шешу: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 168 б.



12 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. –Алматы: Атамұра, 2002. – 575 б.

13 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Кинематика есептері және олардың шешу жолдары. – Алматы: Мектеп, 1985. – 230 б.

14 Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика есептер жинағы. – Алматы: Ғылым, 2003. – 394 б.

15 Тажибаев С.Д. Қолданбалы механика: Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Білім, 1994. – 336 б.

16 Теоретическая механика: Методические указания и контрольные задания для студентов-заочников строительных, транспортных, машиностроительных и приборостроительных специальностей высших учебных заведений / Л.И. Котова, Р.И. Надеева, С.М. Тарг, В.Л. Цывальский, И.М. Шмарова / под ред. С.М. Тарга. – 4-е изд. – М. : Высш. шк., 1989. – 111с.
5.2 Қосымша

1 Дарков А. В., Шпиро Г. С. Сопротивление материалов: учеб. для техн. вузов. – М. : Высш. шк., 1989. – 624 с.

2 Дарков А.В., Кутуков Б.Н. Сопротивление материалов. Методические указания и контрольные задания. Изд. 12-е перераб. – М. : «Высш. школа», 1976. – 56 с.

3 Добронравов В.В., Никитин Н.Н., Дворников А.А. Курс теоретической механики. Изд. 3-е, перераб. Учебник для вузов. – М. : Высш. шк., 1974. – 528 с.



жүктеу 24,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау