Задания контрольных работ по разделу



жүктеу 24,95 Mb.
бет1/322
Дата14.02.2018
өлшемі24,95 Mb.
#9613
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
С.Т. Дүзелбаев, Р.М. Алтыбасаров, Н.Т. Жадрасинов

С.К. Жумадилов, Е.К. Сарымов, Р.К. Омарбекова

А.Ж. Тайшубекова


МЕХАНИКА ПӘНІНІҢ

ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ

ЖИНАҒЫ

жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын
техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған


Павлодар

УДК 531.8

ББК-34.41

Д-72




С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесі ұсынды

Пікір жазып қолдаушылар:

т.ғ.д., профессор А.Қ. Қарақаев (С. Торайғыров атындағы ПМУ)

т.ғ.к., профессор А.Қ. Құрманов (Иновациялық Евразия университеті)

Д-72 С.Т. Дүзелбаев, Р.М. Алтыбасаров, Н.Т. Жадрасинов,

С.К. Жумадилов, Е.К. Сарымов, Р.К. Омарбекова,

А.Ж. Тайшубекова


Механика пәнінің өздік жұмыс тапсырмаларының жинағы: оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2007. – 110 б.

Бұл оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының күндізгі және сыртай оқитын бөлімдерінің оқу жоспарлары мен пәннің типтік бағдарламаларына сәйкес даярланған. Ол күндізгі оқитын студенттердің есептеу–сызба жұмыстарын, ал сырттан оқитын студенттердің бақылау жұмыстарын мезгілінде орындап, теория мен жаттығуды ұштастыруға машықтандырады.


УДК 531.8

ББК-34.41

 Дүзелбаев С.Т., 2007

 С. Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2007



Алғы сөз
Жоғарғы профессионалдық оқу орындарының машина жасамайтын мамандықтарына арналған «Механика» пәні үш бөліктен тұрады: теориялық механика, материалдар кедергісі және машина тетіктері. Пәннің мақсаты – болашақ инженерлерге материалдық дененің қозғалысы мен тепе-теңдік заңдылықтарынан, конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу әдістерінен, сонымен қатар іс жүзінде қолданылатын, нақты объектілердің, машина мен механизмдер тетіктерінің, әр түрлі құрылғылардың, роботтар мен роботталған техникалық жүйелердің конструкциясын, қозғалысын, олардың элементтерінің берік, сенімді жұмыс істеу шарттарынан негізгі мәліметтер беру.

Қазақ тілінде технолог, электрик, экономист т.с.с. механикалық емес мамандықтарға арналған жалпы техникалық білім алатын оқу құралдары осы күнге дейін басылған жоқ. Бұл еңбек осының орнын толтырады деп сенемін.

Бөлімдердің (тапсырмалардың) әрбір тақырыбын екі сатымен оқыған жөн. Алдымен оқулықтан барлық тақырыптардың мазмұнын ұқыпты және ойлана оқып алыңыз да, негізгі ұғымдарды, анықтамаларды, заңдылықтарды, ережелерді, салдарларды және олардың логикалық байланстығын талдаңыз. Сонан кейін материалдың барлығын толығырақ, конспект жасай немесе негізгі ұғымдарды, анықтамаларды, дәлелдемелерді, ережелерді қайталай мұқият оқыңыз.

Оқу материалын жақсы игеру үшін оқу әдебиеттеріндегі, сонымен қатар осы оқу құралында келтірілген есептердің шығарылу жолдарын көрсететін мысалдарды талдау қажет.

Әрбір бөлімнің материалдарымен танысқаннан кейін өздік жұмысты орындауға кірісуге болады. Тапсырманың нұсқасы сынақ кітапшасының номерінің соңғы екі санымен анықталады.

Есепті шығармас бұрын сандық мәндерімен оның шартын көшіріп алу қажет, белгілі бір масштабпен тұрғызыу және онда, есептің шартында қарастырылған немесе шешуден туындайьын, барлық шамаларды санмен көрсету керек. Есептің шешуін алдымен жалпы түрде, барлық берілгендер мен ізденді шамаларды әріппен белгілей отырып, жүргізген жөн, онан кейін әріппен белгіленгендердің орнына олардың сан мәндерін қойып, ізденді нәтиже алынады. Сан мәндерді қою, әріппен белгілену ретінде жүргізілуі тиіс.

Тапсырманы орындау барысында қалыптасқан (стандартты) белгілеулерді ұстану қажет. Есептің әрбір шешімі белгілі жүйемен, орындалған іс-әрекет, тертеориялық негізделген, қажетті мәтінмен және қысқаша формулалармен түсіндірілуі қажет. Бұл іс-әрекетті есепті шығарудың логикалық жолы көрінетіндей етіп орналастыру керек. Есептеу барысында пайдаланылған формулаларды, мүмкіндік кернеулерді және т.б. шамаларды қайдан алынғанын, яғни сәйкес әдебиеттің беті мен кестелері көрсетілгені жөн.

Эскиздер мен есептеу қималары қолмен немесе компьютерде, белгілі масштабпен және сызбаның КҚБЖ-ны сақтай отырып, орындалады.

Тапсырманы орындағанда барлық есептеулерді СИ жүйесіндегі бірлікпен жүргізу қажет. Шамалардың мәнін анықтағаннан кейін өлшем бірлігін қою керек. Егер есептеу формуласы, қысқартусыз, толық жазылған болса, есептеу теңдеулерінің оң және сол бөліктерінің өлшем бірліктері бірдей болуы тиіс.

Студенттің өздік жұмысының есептер саны берілген мамандықтың оқу графигіне сәйкес анықталады.

Ұсынылып отырған жинақта теориялық механикадан және материалдар кедергісінен тоғыз тапсырманы қамтыған.

Тапсырмалар жинағы «Механика», «Қолданбалы механика», «Техникалық механика», «Теориялық және қолданбалы механика», «Инженерлік механика» курстарын оқитын жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындары студенттеріне арналып дайындалған.

Кітап бойынша аңғартпаларыңызды мына мекенжайға бағыт-таңыздар: Павлодар қаласы, Ломова көшесі 64, С. Торайғыров атын-дағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Дүзелбаев Сайлаубек Тілеубайұлы



1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны
Механика – машина жасамайтын инженер-экономист, технолог, электрик, жылутехник және т.б. мамандарға өнеркәсіптік өндірістердегі әр түрлі техникалық жабдықтарды қолдануға мүмкіндік беретін негізі жалпы техникалық пән болып табылады.

Механика пәні аталған мамандықтар үшін белгілі бір көлемде теориялық механиканың, материалдар кедергісінің, машиналар мен механизмдер теориясының, машина тетіктерінің негізгі ережелері мен тарауларын қамтиды.


1.1 Пәнді оқыту мақсаты

Пәнді оқып білудің мақсаты – студентке материалдар беріктігі мен машина тетіктерінің негіздерінен білім берумен қатар, өндіріс салаларындағы әртүрлі жабдықтарды есептеуге және іскерлік қасиеттерін арттыруға керекті жолдарын үйретуден тұрады.
1.2 Пәнді оқып білу міндеттері

Пәннің негізгі міндеттері – мамандықтардың арнайы сипатта-маларына сәкес конструкциялардың қарапайым элементтерінің беріктігін зерттеу және беріктік есептеулерін түсіне білу. Машина өндірісінің негізгі принциптерін және механизациялау мен автоматизациялаудың әртүрлі жабдықтарын қолданатын өндіріс процесстерін арттыратын қазіргі машиналардың конструктивті жасалуы мен керекті есептеулерін шеше білу.

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент қатты дененің қарапайым қозғалыстарын және нүктенің кинематикасы мен динамикасын, статиканың жалпы әдістерін, конструкция элементтерінің кернеулі-деформациялық қалпындағы негізгі түрлерін және оларды есептеу әдістерін, машиналар мен механизмдердің негізгі түрлерін, және оларды құрастыру принциптерін, типтік бөлшектерді және тораптарды есептеу мен құру негіздерін білуі тиіс; типтік бөлшектер мен тораптарды құру, бөлшектер мен тораптардың жұмысқа қабілеттілігін бағалау және жобалау процесінде жұмысқа қабілеттілігінің басты белгісі бойынша есептеулерді орындап және есептік модельді дұрыс таңдап алуды істей білуі тиіс.



1.3 Осы пәнді оқып білу үшін қажетті пәндердің тізімі

Бұл пән жалпы ғылыми пәндеріне негізділген (жоғарғы математика, физика, информатика, конструкциялық материалдар технологиясы, инженерлік графика) және машиналарды, аппаттарды және мамандықтарға сәйкес жабдықтарды зерттейтін пәндерде толық қолданылады.


2 Пәннің дәрістік сабақтарының мазмұны

Пәннің мазмұны дәрістік, жаттығу сабақтарының және аудиториялық өздік жұмыстарының сағат көлемі көрсетіліп, логикалық аяқталған материалды қамтитын тақырыптарға бөлінген.

Дәрістік курстың басты мақсаты болашақ мамандардың техникалық жүйелердің негізгі қасиеттерін, тиімді жобалау негіздері мен қолайлы конструкцияларды таңдауды игеру болып табылады.
Кіріспе

Пән, пәннің негізгі міндеттері мен мақсаттары. Механика машина жасамаитын мамандық инженерлерін дайындаудағы негізі жалпы техникалық ретінде, оның қазіргі уақыттағы жағдайы мен құрылымдық бөліктері. Пәннің қалыптасуының тарихи кезеңдері.


2.1 Статика

1 тақырып. Статиканың негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Жинақталатын жазық күштер жүйесі

Абсолютті қатты дене, күш. Статиканың аксиомалары. Байланыстар және олардың реакциялары. Бір нүктеге түсірілген күштерді қосудың геометриялық әдісі. Күштің өске проекциясы. Векторлық қосындының координата өстеріне проекциясы. Жинақталатын жазық күштер жүйесінің тепе-теңдік теңдеулері.



2 тақырып. Жазықтықтағы қос күштер теориясы. Центрге қатысты күш моменті

Қос күштер. Қос күштердің эквиваленттілігі. Қос күштерді қосу. Қос күштер жүйесінің тепе-теңдік шарты. Күштің центрге және өске қатысты моменті.



3 тақырып. Еркін орналасқан жазық күштер жүйесі

Күшті нүктеге келтіру. Берілген нүктеге жазық күштер жүйесін келтіру. Тепе-теңдік теңдеулері.



4 тақырып. Кеңестіктегі күштер жүйесі

Кез-келген кеңестіктегі күштер жүйесі. Кеңестіктегі күштер жүйесін берілген нүктеге келтіру. Бас вектор мен бас момент. Тепе-теңдік шарты.


2.2 Конструкция элементтерінің беріктік сенімділігінің негіздері

5 тақырып. Конструкция элементтерінің беріктік сенімділігінің негізгі модельдері

Материалдар кедергілері механикасының міндеттері және әдістері. Беріктік сенімділігінің модельдері: материал модельдері, пішін модельдері, жүктеу модельдері, қирау модельдері. Ішкі күштер. Қию әдісі. Кернеулер мен деформациялар.



6 тақырып. Созылу және сығылу

Бойлық күштер және кернеулер. Орын ауыстыру мен деформациялар. Пуассон коэффициенті. Гук заңы. Созылу мен сығылу кезіндегі кернеулік жағдай, материалдардың механикалық сипаттамалары мен қасиеттері. Созылу және сығылу диаграммалары. Конструкция элементтерінің беріктік сенімділігінің есептеулері.



7 тақырып. Иілу

Жалпы түсінік. Көлденең күштер мен июші моменттердің эпюрлерін тұрғызу. Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары. Иілу кезіндегі кернеулер. Иілудегі орын ауыстырулар. Иілген арқалықты беріктік пен қатаңдыққа есептеу.



жүктеу 24,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   322




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау