З. Е. Сүлейменова, М. Т.Қошанова педагогика ббк 74. 00 С 90 Рецензенттер



жүктеу 2,88 Mb.
бет1/11
Дата20.05.2018
өлшемі2,88 Mb.
#15390
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

З.Е.Сүлейменова, М.Т.Қошанова

ПЕДАГОГИКА

ББК 74.00

С 90
Рецензенттер:

Маликов Т.С. - п.ғ.д., Көкшетау университетінің профессоры.

Кенжеғалиев Қ.К. - п.ғ.к., Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің доценті.
С 90

Сүлейменова З.Е., Қошанова М.Т.

Педагогика: Оқу құралы. - Көкшетау, 2009 - 242 бет
ISBN 9965 - 446 - 61 - Х
Оқу құралы несиелік технология жүйесімен оқитын студенттерді оқытуға арналған. Оқу құралында педагогикадан лекциялардың қысқаша тезистері, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) мен студенттердің өз бетімен орындайтын (СӨЖ) жұмыстарының тапсырмалары, әр тақырып бойынша тест сұрақтары, глоссарий мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген. Оқу құралын студенттер Мемлекеттік аралық бақылауға (ПГК) дайындалуға пайдалана алады.

ББК 74.00


Оқу құралы жалпы педагогика және психология кафедрасының әдістемелік отырысы (хаттама №2, 14.12.2007ж) мен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінде (хаттама №3, 27.02.2008ж) талқыланып, пайдалануға ұсынылды.
С 4303000000

00(05) - 06


ISBN 9965 - 446 - 61 - Х
© З.Е Сүлейменова., М.Т.Қошанова


Мазмұны

Кіріспе------------------------------------------------------------4


І. Педагогиканың жалпы негіздері-------------------------7
ІІ. Тәрбие теориясы-----------------------------------------46
ІІІ. Оқыту теориясы-----------------------------------------98
ІҮ. Мектептану негіздері ------------------------------ --144
Курстық жұмыстардың тақырыптары-----------------158
Мемлекеттік емтиханға дайындалуға

арналған сұрақтар-----------------------------------------189


Қорытынды бақылауға дайындалуға

арналған тест сұрақтары -------- --------------------------195


Глоссарий----------------------------------------------------230
Әдебиеттер тізімі-------------------------------------------240


Кіріспе

Жоғары оқу орындарында педагогиканы оқыту болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Педагогика пәні психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесіндегі маңызды пәндердің бірі болып табылады және жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені үйретудің теориялық-әдіснамалық негізін, әлеуметтік заңдылықтары мен механизмін ашады.

Педагогика курсының мақсаты - жалпы білім беретін кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сәйкес болашақ мұғалімдерді қазіргі педагогика ғылымының теориялық негізі, сол сияқты шеберлікпен оқушыларға білім беру, тәрбиені тиімді етіп ұйымдастыру әдістемесімен қаруландыру.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студент төменде көрсетілгендерді білуі керек:



  • педагогиканың жалпы мәселелерін;

  • тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздерін;

  • оқыту және білім беру мазмұнын;

  • мектеп жұмысын басқарудың ғылыми әдістемелік негіздерін.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасы мұғалімнің біліміне, қабілетіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты екені белгілі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін біліп тануда, оқушылардың оған сүйіспеншілігін қалыптастыруда педагогика пәні зор ықпал етеді.

Педагогика курсы негізінен бес модульдандан тұрады:

І модуль. Педагогиканың жалпы негіздері

ІІ модуль. Тәрбие теориясы

ІІІ модуль. Оқыту теориясы

ІҮ модуль. Мектептану негіздері

І тарауда педагогика ғылымының пәні мен міндеттері, негізгі ұғымдары, педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы, ғылыми зерттеу әдістері туралы материалдар беріледі.

ІІ тарау тәрбие теориясына арналады. Онда тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде тәрбие процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқушылар ұжымын қалыптастыру, тәрбиенің түрлері, сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы, отбасындағы тәрбие туралы айтылады.

ІІІ тарауда дидактика туралы түсінік, оқыту процесінің ерекшеліктері, тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде оқыту процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқытуды ұйымдастырудың тарихи және қазіргі кездегі формалары туралы баяндалады.

ІҮ тарауда білім беру жүйесін басқару, мектеп басшысына қойылатын талаптар, мектепішілік бақылау, озат педагогикалық тәжірибе тақырыптары қарастырылады.

Әр тараудан кейін студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының (СӨЖ) мазмұны, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, әр тақырып бойынша тест сұрақтары, қажетті әдебиеттер тізімі берілген.

Пәнді оқып үйрену үшін студенттер философия, психология, тарих, мәдениеттану ғылымдарының нақты білім, іскерлік, дағдыларын меңгерулері тиіс. Сонымен қатар:



  • қазіргі жағдайда оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын таңдай білуге;

  • философия, психология ғылымдарының әдіснамалық негіздерін білуге;

  • педагогиканың әдіснамалық негіздерін, зерттеу әдістерін білуге, әдістемелік материалдарды жүзеге асыра білуге тиіс.

Педагогика пәнінен жүргізілетін СОӨЖ мен СӨЖ негізгі міндеттері:

  1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

  2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

  4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

  5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

СОӨЖ және СӨЖ барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.

СОӨЖ мен СӨЖ барысында теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі педагогикалық әдебиеттердегі негізгі, жалпы теориялық білімдер нақтыланады.

СӨЖ-на байланысты кейбір практикалық тапсырмалар педагогикалық практика өтілетін мектепте орындалады. Онда студенттер белгілі бір педагогикалық процесті бақылап, оған талдау жасайды. Мектеп тәжірибесін жан-жақты және мақсатты түрде зерттеп үйрену ұйымдастырылады.

СОӨЖ кезінде әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, педагогикалық міндеттер шешіледі, оқу-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың әртүрлі варианттары талқыланады. Студенттер оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдануды, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.



СОӨЖ мен СӨЖ-на дайындалу барысында әр студент:

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

  • реферат, баяндама дайындауға;

  • практикалық тапсырманы орындауға;

  • тәжірибелік жұмысты (мектепте қатысқан сабақтың, тәрбие жұмысының барысын жазу және оған талдау жасау) орындауға міндетті.


І модуль. Педагогиканың жалпы негіздері
Лекция №1

Тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері
Мақсаты: педагогика пәнінің негізгі ұғымдарын анықтау, педагогиканың қазіргі кездегі міндеттерін түсіндіру.
Жоспар:

  1. Педагогика пәні жайлы түсінік

  2. Педагогиканың негізгі ұғымдары

  3. Педагогика ғылымының міндеттері

Негізгі ұғымдар: педагогика, білім беру, оқыту, тәрбие, педагог.

    1. Педагогика термині гректің «paida» - бала, «qoqik» - жетектеу деген сөздерінен құралған. Ежелгі Грецияда құл иеленушілердің балаларын мектепке жетектеп алып барып, алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Біртіндеп «педагог» деген сөз анағұрлым кең мағынада – баланы өмірде жетектеуші – деген мағынада қолданыла бастады. Яғни баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның еркі мен денесін тәрбиелейтін адамды педагог деп атады. Уақыт өткен сайын бала тәрбиесі жайлы білімдер жинақталып, педагогика деген ғылымның негізін құрады. Сөйтіп педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу жайлы ғылым болып қалыптасты.

Сонымен, педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым. Бұл анықтамадағы тәрбие деген сөз кең мағынада қолданылып отыр, яғни тәрбиелеу дегеніміз – білім беру, оқыту, дамыту.

Қазіргі кезде педагог деп арнаулы білімі бар, бала тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысатын маманды айтады. Педагогика пәні – тәрбие процесі.

2. Әрбір ғылымның өзіне тән негізгі ұғымдары (категориялары) болады. Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қатынастарды, қасиеттерді бейнелейді. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын байқаймыз. Педагогикада мақсат, әдіс, құрал, даму, қалыптасу, тәрбие сияқты т.б. көптеген ұғымдар кездеседі. Осылардың ішінде ең негізгілері – тәрбие, білім беру, оқыту. Қалған ұғымдар басқа ғылымдарға да ортақ, мысалы философия, психология, т.б. Сондықтан оқыту мен тәрбиеге ортақ осы үш ұғымды анықтайық.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата- аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие тек ата-ананың немесе тәрбиешінің ғана жұмысы емес, тәрбие көптің ісі. Кең мағынада, тәрбие дегеніміз табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл қоғамның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы.

Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру ұғымын педагогикаға алғаш енгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы екіжақты процесс. Біріншіден, мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік пен дағдыларға үйретеді. Екіншіден, оқушы сол білім, іскерлік, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.


  1. Педагогика ғылымы басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып,төмендегі міндеттерді шешеді:

    • Жастарға тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді.

    • Жалпы, кәсіптік, политехникалық білім берудің практикасы мен байланысын зерттейді.

    • Тәрбие ісінде мектеп, отбасы және жұртшылықтың ролі мен бірлігін анықтайды.

    • Озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.



Практикалық тапсырмалар:

1. Негізгі ұғымдарды сөздікке жазу.

2. Педагогиканың пәні туралы әр түрлі пікірлерді салыстыру.

3. Қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі білім беру, тәрбие, оқыту.

4. Педагогика каттегорияларының байланысын схема арқылы көрсетіңіз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогика дегеніміз не? Мына жауаптардың арасынан дұрысын таңдап, дәлелдеңіз:

А) Педагогика баланың даму заңдылықтарын зерттеп, оны тәрбиелеу жолдарын көрсетеді.

В) Педагогика - адамдарды тәрбиелеу, оқыту, білім беру туралы ғылым.

С) Педагогика - тәрбиешінің дүниетанымды қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушіге әсер етуі.

Д)Педагогика өскелең ұрпақты оқыту мен білім беру мәселесімен айналысады.

Е)Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым.

2. Педагогика нені зерттейді?

3. Педагогиканың міндеттері қандай?

4. Педагогиканың категорияларына талдау жасаңыз, олардың ғылым мен практик аүшін маңыздылығын түсіндіріңіз.

5. «Педагогика» ұғымының ертедегі және қазіргі кездегі мағыналарын салыстырып, талдау жасаңыз.
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №2

Тақырыбы: Педагогика ғылымының жүйесі
Мақсаты: педагогика ғылымының салалары мен олардың айналысатын мәселелерін анықтау, жаңа салаларына сипаттама беру.

Жоспар:

1. Жалпы педагогика

2. Жас ерекшелігі педагогикасы

3. Арнаулы педагогика

4. Методика және дидактика

5. Педагогиканың жаңа салалары


Негізгі ұғымдар: дидактика, методика, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология.

Тәрбие мен оқу ісінің дамуына байланысты педагогика бірнеше салаларға бөлінеді:



Мектепке дейінгі педагогика – отбасы мен балабақшадағы балалар тәрбиесін зерттейді.

Мектеп педагогикасы – кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Дефектология – педагогиканың арнаулы саласы. Дефектология есту, көру, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология төрт салаға бөлінеді:

    • Сурдопедагогика – саңырау, мылқау балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

    • Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

    • Олигрофренопедагогика – ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

    • Логопедия – тілінің кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

Дидактика – оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Дидактика «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «Неге оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап береді.

Методика – жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Жеке ерекшеліктеріне қарай, әр пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзіндік жолдары, принциптері, әдіс-тәсілдері болады.

Жоғары оқу орындарының педагогикасы – болашақ мамандарды даярлау мәселелерімен айналысады.

Сонымен бірге жаңа бөлімдері де бар. Әскери педагогика әртүрлі рангтегі әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап, әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелің іс-әрекеттерінің тәрбиеләк заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде (пенитенциарлық мекемелер) отырған адамдарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады.

Сауықтыру педагогикасы жалпы мектептегі оқу-тәрбие процесінен қол үзген, ұзақ уақыт емделетін балаларға білім беру мәселесін зерттейді.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру мен тәрбие жүйелерінің дамуын зерттейді.

Этнопедагогика түрлі ұлттардың халықтық педагогика негізінде бала тәрбиелеу дәстүрлерін зерттейді.


Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогика ғылымының жүйесінің схемасын сызу.

2. Педагогиканың жаңа салалары туралы хабарлама дайындау
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Педагогика жүйесіне енетін ғылымдар тобын көрсетіңіз:

А) Дидактика, психология, тарих, философия, мектептану, тәрбие теориясы, мектеп гигиенасы, салыстырмалы педагогика.

В) Жалпы педагогика, жас ерекшелігі педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жеке пәндерді оқыту әдістемесі, педагогика тарихы.

С) Мектепке дейінгі мекемелер педагогикасы, мектеп педагогикасы, жоғары оқу орындары педагогикасы, кәсіптік техникалық білім беру педагогикасы.

Д) Жалпы педагогика, этика, эстетика, физиология, мектепке дейінгі педагогика, мектеп тарихы.


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.
Лекция №3

Тақырыбы: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Мақсаты: ғылымдардың арасындағы өзара байланыстың маңызын түсіндіру, педагогиканың қандай ғылымдармен және қалай байланысатынын анықтау.
Жоспар:


  1. Педагогиканың философиямен байланысы

  2. Педагогиканың психологиямен байланысы

  3. Педагогиканың биологиялық пәндермен байланысы


Негізгі ұғымдар: философия, психология, физиология, гигиена, анатомия.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүйелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология, т.б. ғылымдармен де байланысты.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсететін мысалдар дайындау.

2. Педагогикаға басқа ғылымдардан енген терминдерді жазу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Педагогика ғылымы төмендегі ғылымдардың қайсысымен тығыз байланысады?

А) математика, география, еңбек

В) филология, физика, тамақ өнеркәсібі

С) философия, астрономия, медицина

Д) философия, психология, физиология

Е) дене тәрбиесі, сурет, еңбек
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004.

3. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

4. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.

Лекция №4

Тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы. Шетелде педагогиканың дамуы
Мақсаты: педагогиканың ғылым ретінде пайда болуының алғы шарттарын түсіндіру, педагогиканың ғылым ретінде негізін салушы және дамытушы атақты педагогтардың педагогикалық көзқарастарын сипаттау.
Жоспар:


  1. Педагогиканың пайда болуы

  2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық. теориясы

  3. И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы

  4. Неміс педагогтарының педагогикалық көзқарастары


Негізгі ұғымдар: қоғамның дамуы, іс-тәжірибе, ғылымның дамуы.


    1. Тәрбие жер бетінде ең алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Алғашқы адамдар педагогика ғылымын білмей-ақ тәрбие ісімен айналысты. Тіпті алғашқы мектептер пайда болған құл иеленушілік қоғам кезінде де педагогика ғылымы болған жоқ. Ғылым ретінде педагогика анағұрлым кейін пайда болды.

Барлық ғылымдар өмірдің қажеттілігінен пайда болады. Тарихтың бір кезеңінде оқу-білім адамның өмірінде маңызды орын ала бастады. Қоғамның алға жылжуы жастардың тәрбиесі мен оқуына тәуелді екені байқалды. Тәрбие туралы іс-тәжірибелерді жинақтау қажет болды.

Ежелгі дүниедегі дамыған мемлекеттер – Қытай, Индия, Египет, Грецияда тәрбие жайлы алғашқы білімдер жинақтала басталды. Бұл іспен философтар айналысты. Өйткені жер бетінде пайда болған алғашқы ғылым философия еді. Тек ХҮІІ ғ. ғана педагогика философиядан бөлініп, жеке ғылым ретінде дами бастады.



2. Педагогиканың ғылым ретінде негізін салған чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы Дидактика» атты еңбегі ең алғашқы ғылыми-педагогикалық еңбек болып табылады. Бұл еңбек 1632 жылы жазылып, 1654 жылы Амстердам қаласында кітап болып басылып шықты. Ондағы Коменский ұсынған оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі бүгінгі күнге дейін қолданылуда. Я.А.Коменский тұңғыш рет оқуды бір мезгілде бастау, оқу тоқсандарын, каникулдарды ұйымдастыруды ұсынды. Педагогиканың дамуына зор үлес қосқан педагогтардың бірі – швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827). Ол оқыту балаға біріншіден, білім берсе, екіншіден, ойлауға үйретеді деген құнды пікір айтады. Песталоцци бастауыш білім берудің негізін салды. Оқыту және тәрбие мәселелерімен ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704), неміс педагогтары Иоганн Гербарт (1776-1841) пен Адольф Дистерверг (1790-1886) жан-жақты айналысты.
Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Таблицаны толтырыңыз:



педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері








2. Педагогиканың ғылым ретінде дамуын не анықтады? Төмендегі жауаптардың арасынан дұрысын көрсетіңіз, қалғандарының қате не толық еместігін түсіндіріңіз:

А) Ата-ананың балаға қамқорлығы

В) Ғылым мен техниканың дамуы

С) Қоғамдық өмірдегі тәрбиенің ролі артуы

Д) Тұқым қуалау заңы

Е) Адамды өмір мен еңбекке дайындаудың объективті қажеттілігі
Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. пед. соч. М. 1955.

3. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

4. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984

5. Джуринский А.И. История педагогики. М.2000

6. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

7. Песталоцци И.Г. Избр. пед. произведения. т 2. М. 1981.


Лекция №5

Тақырыбы: Россияда педагогиканың дамуы

Мақсаты: Россияда педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан педагогтардың педагогикалық көзқарастарына сипаттау.

Жоспар:

1. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарастары

2. А.С.Макаренконың педагогикалық көзқарастары

3. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастары

Орыс педагогикасын дүние жүзіне әйгілі еткен, Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін салған Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871). Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері бар. Ушинский құрғақ жаттап оқуға қарсы болды. Оқу баланың шамасы жететіндей және оған түсінікті болуы керек. Ол үшін түрлі көрнекіліктерді пайдалану керектігін айтады. Көрнекілік оқушыны ойлауға үйретеді және есте сақтауға көмектеседі.

Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) педагогика ғылымына зор үлес қосты. Ол балалар мен жастарды қайта тәрбиелеудің әдістемесін құрды, балалар ұжымын ұйымдастырудың, ұжым арқылы тәрбиелеудің теориясы мен методикасын жасады. Оның «Ата-аналар үшін кітап», «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру», т.б. еңбектері бар.

В.А.Сухомлинский балалар мен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу проблемаларын зерттеді. Сухомлинскийдің еңбектерінде мынадай екі ой айтылады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, балаларды ұдайы, өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға үйрету. Оның «Коллективтің құдіретті күші», «Сердце отдаю детям», т.б. еңбектері бар.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыз:



педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері










Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984

4. Джуринский А.И. История педагогики. М.2000

5. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.


Лекция №6

Тақырыбы: Орта ғасырда Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

Мақсаты: орта ғасыр ойшылдарының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлеріне сипаттама беру, қазіргі кездегі маңызын ашу.

Жоспар:

1. Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары

2. Ахмет Яссауидің педагогикалық көзқарастары

3. Жүсіп Баласағұнидың педагогикалық көзқарастары

Әл-Фараби (870-950) ұлы ойшыл, тарихшы, философ, математик, астроном, лингвист. Сонымен қатар ол педагогика мен психология мәселелеріне де ерекше көңіл бөлген. Риторика, музыка, поэзия туралы еңбектер жазған. «Бақытқа жету жолында», «Этикалық трактаттар», «Ақыл мен түсінік», т.б. еңбектері бар. «Бақытқа жету жолында» деген еңбегінде бала тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы ұлағатты пікірлер айтады. Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» (даналық сөздер) атты еңбегінде имандылық пен адамгершілік қатар сөз болады. Жетімдерді жылатпа, жамандық жасама, шын ғалым қандай болу керек деген мәселелер айтылады. Ж.Баласағұнидың есімін бүкіл дүние жүзіне әйгілі еткен «Құтадғу білік» (Құтты білім) еңбегі. Ол 1069 жылы жазылған, 13 мың жолдан тұрады. Педагогикалық, психологиялық, философиялық мәні зор еңбек. Негізінен оқу, тәрбие, еңбек, адалдық сөз болады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Ойшылдардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогикалық еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4.Ойшылдардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыз:



педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері










Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.А.1995, 2-тарау

Лекция №7

Тақырыбы: ХІХғ. 2-ші жартысында Қазақстанда педагогика ғылымының дамуы

Мақсаты: Қазақстанда алғашқы оқу-ағартушылық идеяларды көтерген ағартушы-педагогтардың педагогикалық көзқарастары, еңбектері жайлы мағлұмат беру.

Жоспар:


  1. Ш.Уәлихановтың ағартушылық идеялары

  2. А.Құнанбаевтың оқу, білім туралы айтқандары

  3. Ы.Алтынсариннің ағартушылық және педагогтық қызметі

Қазақстанда оқу-ағартушылық идеяларды бірінші болып көтерген Шоқан Уәлиханов (1835-1865). Ол қазақ жерінде білім беруді, мектеп ісін қайта құруды ұсынды. Қазақ мектептері европалық үлгідегі мектептерге жақын болуы керек, білім жалпы халыққа ортақ болу керек деген пікірді ұсынады. Шоқанның мақсаты – білім беруді реформа арқылы жүзеге асыру еді. Шоқанның «Халық дамып жетілуі үшін бостандық пен білім қажет», - деген атақты афоризмі оның көзқарасын анық көрсетеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) еңбектері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Әсіресе қара сөздерінің тәрбиелік мәні зор. «Әсемпаз болма әрнеге», «Адам болам десеңіз», т.б. өлеңдерінде оқу-білімнің маңызы туралы айтады. Қазақстанда педагогиканың ғылым ретінде негізін салған ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ол бүкіл өмірін қазақ жерінде мектеп ашуға, бала оқытуға, қазақ балаларына арнап оқулық жазуға арнады. «Қазақ хрестоматиясы» - қазақ балаларына арналып, қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралы болды. Мектептердің жанынан интернат, кітапхана ұйымдастырады. Қолөнер, ауылшаруашылық училищелерін, қыздарға арналған тұңғыш училище ашады.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогикалық еңбектерінен цитата жазу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыз:




педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері










Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А. 1984

4. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.А.1995, 3-тарау

Лекция №8

Тақырыбы: ХХғ. 1-ші жартысында Қазақстанда педагогиканың дамуы

Мақсаты: кеңестік дәуірде Қазақстанда педагогика ғылымының, методика мен дидактиканың дамуына зор үлес қасқан педагогтардың педагогикалық көзқарастары мен еңбектеріне талдау жасау.

Жоспар:


  1. А.Байтұрсынов бастауыш мектеп, оқу керектері жайында.

  2. М.Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы.

  3. Ж.Аймауытов ана тілі, тәрбие туралы.

  4. М.Дулатовтың оқулықтары.

  5. Ш.Құдайбердиевтің оқу, білім туралы жазғандары.

ХХ ғ. басында Қазақстанда педагогиканың, методиканың дамуына зор үлес қосқан «Қазақтың бес арысы» атанған қазақтың зиялы азаматтары А.Байтұрсынов (1873-1937), М.Жұмабаев (1893-1938), Ж.Аймауытов (1889-1931), М.Дулатов (1885-1935), Ш.Құдайбердиев (1858-1931). Олар қазақ тілінің дамуына зор үлес қосты, ұлттық мектептердің ашылуына күш салды, оқулықтар жазды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің бетіне халықтың тұрмысы, мәдениет пен ғылымның дамуы жайында мақалалар жариялады. А.Байтұрсыновтың «Бастауыш мектеп жайында», «Оқу керектері», «Әліпби», «Тіл құралы», т.б., М.Жұмабаевтың «Педагогика», «Сауатты бол», «Ана тілі», т.б., Ж.Аймауытовтың «Жантану», «Тәрбиеге жетекші», М.Дулатовтың «Қирағат», «Есеп құралы», т.б. еңбектері бар.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыз:



педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері










Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.А.1995, 4-тарау


Лекция №9

Тақырыбы: Педагогика ғылымының қазіргі кезде дамуы

Мақсаты: ХХғ. екінші жартысы мен қазіргі кезде педагогика ғылымының дамуына сипаттама беру.

Жоспар:

  1. Т.Тәжібаев - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик

  2. Ә.Сембаев - қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым

  3. Қ.Бержанов - педагогика тарихын тұңғыш зерттеуші

  4. Қ.Жарықбаев - көрнекті ғалым

Т.Тәжібаев (1910-1964) Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің, оқу-ағарту ісінің дамуын, мектептердің тарихын зерттеген. А.Құнанбаевтың педагогикалық, психологиялық және философиялық көзқарастарын толық зерттеген ғалым. ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы жөніндегі зерттеулерінің маңызы зор. 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық институттың педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, 1944 жылдан бастап Қазақтың Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік ұлттық университетінің ректоры қызметін атқарады. 1938 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болады.

Әбдіхамит Сембаев (1905-1989) Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне зор үлес қосты. Педагогикалық қызметті 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастайды. 1931 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институнының химия факультетін бітіреді, кейінгі жылдары Қазақ ССР оқу министрі, Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кафедра меңгерушісі, проректоры қызметін атқарады. Ә.Сембаев қазақ мектебінің тарихын зерттеген. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді. 1966 жылы ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алады. К.Д.Ушинскийдің, Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұраларын зерттеген.

Қартбай Бержанов (1924-1976) жоғары оқу орындарына арнап «Педагогика тарихы» оқулығын жазған. Ол педагогика тарихын белгілі бір жүйемен зерттеп, ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. бастап педагогика ғылымының дамуы жайлы жазған. Ол педагогика тарихын белгілі жүйемен зерттеді. Мысалы, ол ХҮІ-ХҮІІ ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы Я.А.Коменскийден бастап, әртүрлі кезеңде өмір сүріп, педагогикалық қызметпен айналысқан Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, М.В.Ломоносов, К.Д.Ушинский, ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, т.б. көптеген педагогтардың еңбектеріне талдау жасады.

Құбығұл Жарықбаев (1929) Қазақстанда педагогика, психология ғылымдарының дамуына зор үлес қосты. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Этнопсихология», «Жантану», т.б. кітаптардың авторы. Қазақстандағы оқу-ағарту, білім беру мәселесін терең зерттеген. Ол 50-ден астам оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу бағдарламаларын жазды, 800-дей ғылыми мақалалардың авторы.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогикалық-методикалық басылымдардың тізімін жасау.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Таблицаны толтырыңыз:



педагогтың аты-жөні

өмір сүрген жылдары

еңбектері










Әдебиеттер:

1. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

2. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.А.1995, 5-тарау

Лекция №10

Тақырыбы: Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Мақсаты: ғылым әдіснамасы, педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы түсінік беру.
Жоспар:

1. Педагогиканың әдіснамасы туралы түсінік

2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық проблемалары

3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы


Негізгі ұғымдар: әдіснама, педагогикалық зерттеу, зерттеу проблемасы, зерттеудің құрылымы.
Ғылым әдіснамасы бұл - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама, идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ғылыми методология (әдіснама) өзіне барлық зерттеу әдістерін қамтиды. Ғылыми методология әдістерді таңдауды, оларды ұштастыруды, әрбір әдісті жинақтауды анықтайды, зерттеу нәтижелерін салыстыру мен оларға баға беруді белгілейді.

Педагогикалық зерттеудің бес кезеңі бар:



  1. Диагностикалық кезең - мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;

  2. Прогностикалық кезең - зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;

  3. Ұйымдастыру кезеңі - зерттеу мерзімі, базасы анықталады;

  4. Практикалық кезең - эксперимент жүргізіледі;

  5. Қорытынды кезең - нәтижені талдау, безендіру;


Практикалық тапсырмалар:

1. Әдіснама туралы әртүрлі анықтамаларды салыстыру.

2. Педагогикалық зерттеу туралы педагогикалық басылымда жарық көрген бір мақалаға талдау жасау.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Педагогика әдіснамасының мәні неде?

  2. Педагогиканың философиялық негіздері.


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Методы пед. исследовании. )под ред. Журавлева В.И. М. 1972

4. Кочетов А.И. Пед. исследования. Рязань, 1955

5. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.

6. Сластенин В.А. и др. Педагогика. М. 2000. Раздел ІІ, глава 6.

7. Педагогика: Оқулық / Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы - А. 2005.



Лекция №11

Тақырыбы: Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері
Мақсаты: педагогика ғылымында қолданылатын ғылыми-зерттеу әдістерімен және оларды қолдану әдістемесімен таныстыру.
Жоспар:

  1. Дәстүрлі зерттеу әдістері

  2. Педагогикалық эксперимент

  3. Педагогикалық тестілеу

  4. Ұжымдық құбылыстарды зерттеу әдістері


Негізгі ұғымдар: педагогикалық бақылау, анкета, сұрау, интервью, эксперимент, тест, социометрия.
Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, іс-тәжірибені зерттеу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылығын зерттеу, әңгіме әдістері жатады.

Бақылау әдісі - белгілі мақсатпен қалыпты жағдайда педагогикалық процесті зерттеу әдісі. Бақылау жүргізерде зерттеуші нені бақылайтынын, қандай мақсатпен және қанша бақылайтынын, қандай нәтиже күтетінін алдын-ала білуі керек. Бақылау жоспар бойынша жүреді. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі, жүргізу әдісі көрсетіледі. Бақылау материалдары күнделікке не протоколға толтырылады. Сондай-ақ видеопленкаға, магнитофонға жазуға, фотоға түсіруге болады. Бақылаудың түрлері: жаппай, ішінара, ашық, жасырын, тікелей, жанама, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді.



Жаппай бақылау - оқу-тәрбие процесіндегі жалпы мәселелерді зерттеу. Жаппай бақылауда барлық оқушылардың іс-әрекетін бақылайды. Мысалы: сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық әрекетін, оқушылардың зейінін бақылау, т.б.

Ішінара бақылау - жеке мәселелерді зерттеу. Жеке бақылауда оқушылар ұжымынан бір баланы таңдап, оның қызметін бақылауға болады.

Ашық бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын біледі.

Жасырын бақылау - оқушылар өздерінің зерттеліп отырғанын білмейді. Жасырын бақылауда зерттеуші жасырын видеокамера немесе магнитофон қолданады.

Тікелей бақылау - зерттеуші бақылауды өзі жүргізеді.

Жанама бақылау - зерттеуші бақылауды басқа адамның көмегімен жүргізіп, артынан одан барлық мәліметтерді алады.

Ұзақ мерзімді бақылау - оқушыны бір тоқсан. жарты жыл не бір оқу жылы бойы бақылайды.

Қысқа мерзімді бақылау - оқушыны бір сабақта, үзілісте не бір күн бойы бақылайды.

Бақылау әдісінің артықшылығы - қарапайым, жүргізілуі жеңіл. Кемшілігі - педагогикалық құбылыстың ішкі жақтары байқалмайды. Сондықтан бақылауды зерттеудің бастапқы кезеңінде басқа әдістермен қатар қолданады.



Сұрау әдісі - сұрақ қою арқылы бір немесе бірнеше адамды зерттеу әдісі. Сұрау әдісінің ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызша сұрау әңгіме және интервью болып бөлінеді, ал жазбаша сұрау - анкета деп аталады. Әңгіме әдісі бір немесе бернеше адаммен жүргізіледі. Әңгіме мақсатты, жоспарлы түрде жүреді, сұрақтары алдын-ала дайындалады. Әңгіме барысында адамның көңіл-күйі, сезімі, көзқарасы анықталады. Әңгіме арқылы зерттелушінің ішкі дүниесін танып-білуге, оның кейбір қылықтарының себептерін анықтауға болады. Сонымен қатар оның дүниеге деген көзқарасы, адамгершілік қасиеттері байқалады. Әңгіме күрделі әрі қиын әдіс, өйткені бала зерттеушіге дұрыс жауап бермеуі мүмкін. Ұялшақ, тұйық балалар жауап беруден мүлдем бас тартса, мақтаншақ балалар өтірік айтуы мүмкін. Сондықтан әңгіме әдісі зерттеушіден үлкен дайындықты, шеберлікті, әдептілікті талап етеді. Әңгіме ойдағыдай өтуі үшін төмендегідей арнайы шарттарды ескеру керек:

1. Зерттелушінің ерекшеліктерін ескере отырып құрылған әңгіменің жоспарының болуы;

2. Сұрақтардың әртүрлі болуы;

3. Сұрақтарды түрлендіріп, оқушыға ыңғайлы формада қою;

4. Ситуацияны тиімді пайдалану, сұрақтар мен жауаптарда тапқырлық көрсету;

Зерттелушінің келісімімен әңгіменің барысын протоколға немесе магнитофонға жазып алуға болады. Алайда әңгіменің нәтижесі жария етілмейді.



Интервью тек бір адаммен ғана жүреді. Әңгімеден ерекшелігі сұрақтар да, жауаптар да алдын-ала дайындалады. Сондықтан алдын-ала дайындалған жауаптардың бәрі шын болуы мүмкін емес. Интервью әдісін журналистер қолданады. Интервью материалы көпшіліктің назарына ұсынылады.

Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Бұл сұрақтар зерттелуші шын ниетімен жауап береді деген үмітпен құрылады, алайда бұл үміт әрдайым орындалмайды. Соған қарамастан анкета әдісі жиі қолданылады. Өйткені ол аз уақытта көп адамды зерттеуге мүмкіндік береді. Анкета сұрақтары бірмәнді, нақты жауап талап ететіндей сапалы болуы керек. Анкетаның түрлері: ашық, жабық, атаулы, анонимдік, полярлық..

Ашық анкета - оқушы өз ойынан жауап береді.

Жабық анкета - оқушының жауабы шектеулі, ол дайын жауаптардың біреуін таңдайды, мысалы: иә-жоқ..

Атаулы анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазады.

Анонимдік анкета - оқушы өзінің аты-жөнін жазбайды.

Полярлық анкета - жауаптарға сәйкес балл береді.

«Эксперимент» сөзі латын тілінен аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу. Эксперимент оқу-тәрбие процесінің әдіс-тәсілдерін, формаларын, жүйесін тексереді. Педагогикалық эксперимент оқушылардың бір тобын, тұтас бір сыныпты не мектепті қамтиды. Эксперимент мақсатына қарай тексеру (анықтаушы) және жасампаз (қалыптастырушы) болып, ал орнына қарай табиғи және лабораториялық болып бөлінеді.
Эксперимент

мақсатына қарай орнына қарай


тексеру жасампаз табиғи лабораториялық

ғылыми жаңадан қалыпты арнаулы жағдайда гипотезаны құру үшін жағдайда лабораторияда тексеру үшін сыныпта өтеді өтеді

«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

Тестілеу - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ, қатаң бақылауда өтетін тексеру. Зерттеудің басқа әдістеріне қарағанда тестілеудің ерекшелігі - қарапайымдылығы, дәлдігі, автоматтандыруға болатындығы. Тест әдісі педагогикаға психологиядан келді.

Тестілеу шетелдерде ХІХ ғ. соңында пайда болып, кеңінен қолданылды. Алғашқы тесттер арқылы адамның жеке ерекшеліктерін - есте сақтауын, зейінін, т.б. зерттеген. Біздің елімізде ХХғ. 2-ші жартысынан бастап кеңінен қолданыла бастады.

Педагогикада жиі қолданылатыны - оқу үлгерімін тексеруге арналған тесттер. Тесттің әрбір сұрағына бес жауаптан келеді. Арасында біреуі ғана дұрыс, қалғандары қате немесе жартылай дұрыс жауаптар. Оқушы дұрыс жауапты таңдайды.

Социометрия әдісі ұжымдағы балалардың арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін қолданылады. Оқушылар «Кіммен бірге бір партада отырғың келеді?», «Кімді туған күніңе шақырар едің?», т.б. сұрақтарға жауап береді. Сондай-ақ қарсы сұрақтар да қоюға болады: «Кіммен дос болуды қаламайсың?», «Кіммен бірге отырғың келмейді?» т.б. Оқушылар сұрақтарға жауап бергенде, олардың таңдау еркі көзделеді. Бір оқушылар көп, екіншілері аз, үшіншілері мүлдем таңдалмауы мүмкін. Жауаптарға талдау жасап, кімнің беделі жоғары, кімнің беделі төмен екені анықталады. Мысалы: Кімді туған күніңе шақырар едің? Алдымен тек бір ғана баланы таңдайды. Ол бала сенің туған күніңе келе алмайды, басқа кімді шақырасың? Осылайша 3 рет таңдайды. Сонда балалардың таңдауы төмендегідей болады, мысалы Б.Айсәуле деген оқушының таңдауы: І. Б. Лейла ІІ. Б. Жеңіс ІІІ. Қ.Сұлтан

Барлық балалардың жауаптары матрицаға толтырылады. Қыздар , ал ұлдар таңбасымен белгіленеді



Мысалы 7«а» сыныбының бір-бірімен қарым-қатынасының қорытындысы. Сұрақ: кімді туған күніңе шақырар едің?


р/с

Аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Байған Айсәуле







ІІ







І













ІІІ




2

Баят Ақерке

І







ІІ










ІІІ













3

Балғабеков Жеңіс

ІІІ










І







ІІ













4

Бекбаева Баян

ІІ

І




























ІІІ

5

Бердібеков Мұрат










ІІ
















І

ІІІ




6

Биғарина Лейла

І



















ІІ




ІІІ







7

Баязитова Жазира

І

ІІ










ІІІ



















8

Ғани Ұлжан




І




ІІ






















ІІІ

9

Дәуітова Жанна







І







ІІ










ІІІ







10

Зейнат Нұрлан

І

ІІ

ІІІ




























11

Қазиев Сұлтан

І










ІІ













ІІІ







12

Мұстафина Ләззат
















І










ІІ

ІІІ




Барлық таңдау саны

7

4

3

3

2

4

0

3

0

5

3

3

Оның ішінде: І

5

2

1

0

1

2

0

0

0

1

0

0

ІІ

1

1

1

3

1

1

0

2

0

1

0

0

ІІІ

1

1

1

0

0

1

0

1

0

3

3

3

Ең көп таңдалғандар

**

























**







Таңдаудан тыс қалғандар



















*




*









Матрицаның негізінде диаграмма құрылады. Ең көп таңдалғандар кіші шеңбердің ішіне, орташа таңдаулар санына ие болғандар ортаға, ал таңдалмағандар шеңбердің сыртына белгіленеді.





7
9


Практикалық тапсырмалар:

1. Топтан бір студентті бақылап, нәтижесін жазу.

2. Анкета арқылы зерттеу жүргізу.

3. Эксперимент арқылы топтың тәрбиелілік деңгейін анықтау.

4. Тест арқылы топты зерттеу.

5. Педагогикалық практикада сынып оқушыларын социометрия әдісі арқылы зерттеу.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

І. Мына бақылаулардың қайсысы ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісіне жатады? Қалғандарының неліктен жатпайтынын түсіндіріңіз.

А) Кезекші мұғалім асханадағы тәртіпті бақылап тұр.

В) Педагог компьютерлік бағдарламаны қолданып, оқытуда оқушылардың дамуын бақылайды.

С) Сынып жетекшісі оқушылардың тазалығын бақылайды.

Д) Экскурсия кезінде биология мұғалімі оқушылармен бірге құмырсқаның іс-әрекетін бақылайды.

Е) Жас мұғалім тәжірибелі мұғалімнің қиын оқу материалын қалай баяндағанын бақылайды.



ІІ. Мына әңгімелердің қайсысы ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісіне жатады? Қалғандарының неліктен жатпайтынын түсіндіріңіз.

А) Сынып жетекшісінің ата-анамен отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі әңгімесі.

В) Мұғалімнің сабаққа кешіккен оқушымен әңгімесі.

С) Мұғалімнің оқушылармен әңгімесі барысында олардың қауіпсіздік техникасы ережелерін қалай білетіні анықталады.

Д) Мұғаліммен әңгіме барысында оқушыларды сабаққа қызықтырудың тиімді жолдары анықталады.

Е) Мектеп директорының тәртіпсіз оқушымен әңгімесі.

F) Оқушылармен қоғамдық орында өзін ұстау туралы әңгіме.

G) Сынып жетекшісінің оқушылардың құқы мен міндеті жайлы әңгімесі.



ІІІ. Сынып жетекшісінің өз сыныбына арнап дайындаған мына анкета сұрақтарының қайсысы артық деп ойлайсыз? Неліктен? Өз сұрағыңызды ұсыныңыз.

  1. Сен қай мектепте оқисың?

  2. Соңғы рет қандай фильм көрдің?

  3. Күніне неше рет тісіңді тазалайсың?

  4. Саған тарих не география ұнайды ма?

  5. Саған мұғалім мамандағы ұнайды ма?

  6. Бір айда неше кітап оқисың?

  7. Сабақтан кейін немен айналысасың?


Әдебиеттер:

1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, А. 2004

2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, А. 2004

3. Методы пед. исследовании. /под ред. Журавлева В.И. М. 1972

4. Кочетов А.И. Пед. исследования. Рязань, 1955

5. Подласый И.П. Педагогика. кн. 1,2. М. 2001.


Лекция №12

Тақырыбы: Болашақ маманның ғылыми-зерттеу мәдениеті
Мақсаты: студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуында зерттеу жұмысының маңызын көрсету, ғылыми-зерттеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Жоспар:

1. Зерттеу жұмысының болашақ мұғалімнің қалыптасуына әсері

2. Зерттеу жұмысын безендіру

3. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмыстары


Негізгі ұғымдар: ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми ізденіс, әдебиеттерді зерттеу.
Қазіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Бұл орайда, болашақ маман-педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыруға қойылатын талап, олардың жалпы педагогикалық және арнаулы білімі мен қабілет сапасын заман талабына сай жан-жақты жетілдіру айрықша маңызға ие болуда. Болашақ мамандар алған білімін жадында сақтаумен қатар, шығармашылық қызметке, кеңінен ойлауға қабілетті болулары тиіс. Алайда, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оқу орнын бітірген жас мамандардың кәсіптік міндеттерді шеше білуге бейімділігі, шығармашылық ізденісінің аздығы жиі ұшырасады.

Оқытушының бағыттаушы ролі арқасында студенттердің білімді игеруге бағытталған, әрі қарай өз бетімен білім алуды қажетсінуі, өз бетімен және шығармашылық түрде ойлауы қалыптасады. Болашақ мұғалімдердің теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылыққа ұмтылуына, мәдениеттілігіне дұрыс ұйымдастырылған оқу жұмысы мен аудиториядан тыс жүретін өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізуге болады.

Студентердің өзіндік жұмысы әрі күрделі, әрі жан-жақты. Ол оның танымдық іс-әрекеттерінің барлық жағын қамтиды: жүйелі түрде оқылатын лекция курсын тыңдау және лекция материалдарын толықтырудан бастап, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындап қорғау, керекті әдебиеттерді іздеп табу мен оларды зерттеу, проблемаларды қоя білу мен оларды шешуге дейін. Білікті маманның сипаты оның жалпы білімінің ауқымынан ғана емес, сол білімді зерттеу әдістеріне пайдалана білуінен, алға қойған міндеттерді өздігінен шеше білу қабілетінен көрінуге тиіс. Сондықтан педагог студенттерге білім берумен қатар, оларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеуі қажет. Студенттердің танымдық ізденімпаздығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы мен белсенділігін тәрбиелеу - негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу оқу орнындағы алғашқы күндерден басталғаны дұрыс. Ғылыми жұмыстың қажеті қанша? Бәрібір ғалым болмаймыз деген сұрақ студентте тууы мүмкін. Бұл, әрине, солай. Студенттердің бәрі болашақта ғылыми жұмыспен айналысып, ғалым болмауы мүмкін. Бірақ ғылыми жұмыспен айналысу маманның толық қалыптасуына әсер етеді. Ғылыми жұмыспен айналысқанда адам ғылымның әдіс-тәсілдерін меңгереді, ғылыми тұрғыдан ойлау білімді терең игеруге көмектеседі, дүниеге деген ғылыми көзқарасты қалыптастырады, құбылыстардың заңдылығын анықтауға үйретеді. Бұл кез келген маманға қажет. Студенттердің орындайтын негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері мынадай: реферат, баяндама, курстық және дипломдық жұмыстар.

Көлемі мен күрделілігіне қарай 1-курстағылар реферат, баяндама жазудан бастап, соңғы курстарда курстық және дипломдық жұмыстар орындайды. Алайда студенттердің көпшілігі реферат пен баяндаманың айырмашылығын біле бермейді.

Баяндама - белгілі тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында толық баяндау. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспеде баяндаманың тақырыбы, қарастырылатын мәселенің маңыздылығы айтылады. Негізгі бөлімде материал жүйелі, дәлелді түрде, бірізділікпен баяндалады. Ал баяндаманың қорытынды бөлімінде қарастырылған мәселенің шешілу жолдары, ұсыныстар, қорытынды жасалады.

Ал реферат (латынша refferre - хабарлау) - белгілі бір ғылыми материалды жазбаша түрде жеткізу. Реферат студенттің бірнеше ғылыми жұмыстарды, әдебиеттерді зерттеуінің нәтижесін көрсетеді. Рефераттың нақты құрылымы болады: жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы айтылады. Негізгі бөлімде кітаптың негізгі мазмұнын ашады. Алайда рефератта қорытынды бөлім міндетті

Курстық жұмыс - оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің ғылыми зерттеу жұмысы. Ол ғылыми жетекшінің басшылығымен дайындалып, берілген талаптарға сәйкес безендіріліп, соңында қорғалады. Курстық жұмыстың тақырыбы мен жетекшіні студент өзі таңдайды. Курстық жұмысты дайындау барысында студент тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді, өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Курстық жұмысты қорғауда студент тақырыбы бойынша 10 минуттық тезис жасайды. Онда жұмыстың тақырыбын, мақсатын, теориялық негіздерін, қорытындысын баяндайды. Қорғау жетекшілерден құралған комиссияның алдында өтеді. Қорғауға басқа студенттер қатыса алады.

Дипломдық жұмыс курстық жұмысқа қарағанда көлемді, әрі студенттің ғылыми проблеманы шешуге қосқан үлесін көрсетеді. Дипломдық жұмыс мемлекеттік емтихан комиссиясының отырысында қорғалады. Қорғауға тілек білдірушілер қатыса алады. Дипломдық жұмысқа міндетті түрде рецензия жазылады. Дипломдық жұмыс қорғау мынадай ретпен жүреді: алдымен студент дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу әдістері, қорытынды жайлы 15-20 минуттық хабарлама жасайды. Одан кейін ғылыми жетекші студенттің зерттеу қызметі туралы, сосын рецензент жұмыстың жетістігі мен кемшілігі туралы айтады. Одан кейін дипломдық жұмысты қорғаушы студент сұрақтарға жауап береді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады. Әдебиеттермен жұмыс істеу төмендегідей схема бойынша жүреді:



І. Не іздеу керек?

1. Оқу әдебиеті: оқулықтар, лекциялар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар.

2. Ғылыми әдебиет: монографиялар, диссертациялар, авторефераттар, конференция материалдары.

3. Анықтамалық әдебиет: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар.



жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау