Їлкен єалым, философ, математик, астроном, музыкант жјне дјрiгер



жүктеу 1,09 Mb.
бет1/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,09 Mb.
#5012
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8



Мазмұны





Мазмұны 2

Кiрiспе 2

I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар 4

1.2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы 5

1.3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет? 7

1.4Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi 8

1.5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар 9

1.6 Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық 11

II ТАРАУ “Мәлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық 12

2.1 Мәліметтер базасын құру негіздері 12

2.2 Негізгі түсініктер және анықтамалар 16

2.3 Деректер модельдерінің қысқаша мінездемесі 23

2.4 Реляциондық мәлiметтер базасы 30

2.5 SQL командасын қолдануға мысалы 42

2.6 Мәліметтер базасын жобалау және қолдану 43

2.7 Инфологиялық үлгілеу 57

2.8 Visual Basic – VBA (Microsoft Access мысалында) 63

III ТАРАУ Электрондық оқулықты құру жолдары 80

3.1  JavaScript дегеніміз не? 80

3.2 Электрондық оқулықты құрастыру 80

3.3 Асcess ортасында мәліметтер қорын қүру 83



Қорытынды 87

Қолданылған әдебиеттер: 88


Кiрiспе

Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.

Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.

Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.

Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.

Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау – тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.

Ақпарат жүйесi (АЖ) қандай да бiр объектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, iздеу және шығарып беру жүйесi деп қарастырылады. Әрбiр ақпарат жүйесi (АЖ) ақпараттық объектiлердiң бiрiгуiн қамтитын қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi бейнелейтiн пәндiк саланы иемденедi. Ақпаратты қандайда бiр мәселелердi шешу үшiн пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсiнiктi және бағаланған жаңа бiлiм деп түсiнейiк. Ақпарат дегенiмiз, оны алушы кiсiге дейiн қабылдау механизiмiнiң қабылданды – түсiнiктi – бағаланды деген үш сүзгiсiнен өткен нәрсе.

Мультимедиалық ақпаратты - әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, компьютермен жабдықталған лабораторияларды құру, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, алыстан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестi мәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.

Бiтiру жұмысының мақсаты “Ақпараттар жүйесiн математикалық жабдықтау және басқару” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Мәлiметтер базасы ” курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.
Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:


  • “Мәлiметтер базасы” бойынша теориялық материал жинау;

  • Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру;

  • Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру;

Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.

Берiлген бiтiру жұмысым кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.



I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар



1.1 Негiзгi ұғымдар

Электрондық басылым (ЭБ) бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда – магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.

Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) бiлiмнiң сәйкес ғылыми – практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.

Оқулық (О)- мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.

Электрондық оқулық (ЭО)-өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.

Оқу құралы (ОҚ)- бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ)-оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.

Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.


Интеллектуалдық ядро-математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.

Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.



1.2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы




Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада , үйде ДЭЕМ де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО та оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.



Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:


  1. Кванттау принципi: Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi.

  2. Толықтық принципi: Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс.

  • Тоериялық ядро;

  • Тоерия бойынша бақылау сұрақтар;

  • Мысалдар;

  • Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу;

  • Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен;

  • Бақылау жұмысы;

  • Контекстiк анықтама;

  • Тарихи түсiнiктемелер;

  1. Көрнекi принципi: әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек.

4. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.
5. Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.
6. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.
7.Компьютерлiк қолдау принципi: кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.
8. Жинақтылық принципi: электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.
Ақпараттық жүйенiң белгiлерi:

  1. Басқару объектiсiнiң сипатымен;

  2. АЖ – ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесiмен;

  3. Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымымен;

  4. Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;

  5. АЖ – ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысымен және т.б.



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау