Ұялы телефонның зияны



жүктеу 310,32 Kb.
бет1/2
Дата26.05.2018
өлшемі310,32 Kb.
#18074
  1   2

Ұялы телефонның зияны


Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.

Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.


  1. "Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

  2. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

  3. Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады. 

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз. 

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.



  • Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз. 

  • Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

  • Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

  • Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

  • Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

















Ұялы телефонды қолдану қағидасы!
1. Қоңырауға 4 секундсыз жауап бермеу, өйткені бұл сәтте электромагниттік толқындар әсері өте күшті болады және тарайды.
2. Сөйлесіп болған соң телефонды құлақтың түбінде ұстап тұрып өшірмеу, себебі өшірген кезде толқындар лезде құлаққа тарайды.
3. Найзағай соғу қаупі жоғары болғандықтан, мүмкін болса, жаңбырлы күні ұялы телефонды қоспау, магниттік күші көбейеді.
4. Телефонмен ең ұзақ дегенде 15 минуттай сөйлесу.
5. Ұйықтаған кезде 1,5 не 2м алыс жерге қою керек.
6. Қалтадан бөлек, сөмкеде ұстау немесе қалиаңыздан тастамайтын болсаңыз, қорғаныс қапшығына салып жүріңіз.
7. Сөйлесер кезде, құлаққаппен сөйлесу.
8. Телефон төсегіңізде жатпауы керек. Жүйке жүйесіне зиянды әсер етіп, ұйқыны бұзады. Таңертең бастың ауыратыны және белдің ауыратыны сондықтан, толқындардың әсер етуі.
9. Телефонды белде, кеудеге ұстауға әсіресе, шалбардың және пиджактың қалталарында салып жүруге болмайды. Толқындар ағзаның ішкі мүшелеріне зиянды.
10. Жүкті әйелдер телефонды қолданбауы керек, себебі оларға толқындар өте көп тарайды,үйде жабық ұсталуы қажет.
11 Мүмкіндігінше балаларға телефонды қолдандырмаған жөн.

Оқу мен тәрбие, білім барлығы адам санасының психикасының даму үстінде қалыптасып, игеріліп, өмірге құлаш ұрған жастардың болашақтағы жейтін нандарына септігін тигізетін маңызды мәселенің бірі.
Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағы агент.
Ұялы телефон арқылы Mail. ru agent жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Агент ауруы – аз - аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. mail. ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.

Білім мен қарулану бұл болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міндетті парызы болса, сол білімді беру, оқушының санасына құю ұлағатты ұстаздардың міндеті. Ал, осы екі ортада шешілмей жүрген мәселенің бірі осы агент. Ұстаздар қауымы оқушыларға: «Телефонды қой!, Ұстама!, Сабағыңды оқы!, «ҰБТ» - ға дайындал!»,- дейтін болса оқушылар қауымы агентсіз тұра алмауда.
Телефон ең алдымен байланыс яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедім, көптеген бала - шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып жүр. Осылайша олардың алтын уақыттары осы ұялы телефонмен өтеді. Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12 - 13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы - ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір - біріне агент арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталана береді.

ҚАЗІРГІ ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОННЫҢ АДАМ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІ




1. Ұялы телефоннан шығатн сәулелер адам денсаулығына зиянды деп ойлайсыз ба?

2. Сіз ұялы телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз?

Құны.


Төзімділігі.

Қызмет түрлері.

Өндіруші танымалдығы.

4. Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз?

Сөйлесуді

SMS арқылы байланысуды

5. Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз?

10-45 сек

5-10 минут

15 минуттан артық

6. Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз?

Үй телефонын

Ұялы телефонды

II. Сабақтың негізгі бөлімі. Жаңа ақпаратпен танысу.

Үлестірме мәтіндермен жұмыс

Мәтінді үлестірмес бұрын төмендегідей тапсырмалар беріледі:

Мәтіндерді оқу барысында төмендегі сұрақтарға жауап іздеп, жауабы табылған жерлерін белгілеп, оқып болған соң, дәптеріңізге жазып алыңыз.

1. Ұялы телефонның адам денсаулығына зияндылығын білесіз бе?

2. Адам қанша уақыт ұялы телефонмен сөйлесе алады?

3. Ұялы телефон қандай ауруларға душар етуі ықтимал?

4. Ұялы телефон қандай дене мүшелеріне зиянды әсер етеді?

5. Ұялы телефонның зияндылығын қалай білуге болады?

№1

Бүгінде ұялы телефондарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын.



Ұялы телефон балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді.

Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні ұялы телефонға жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.

№2

Анкара дәрігерлер палатасынан жасалған мәлімдемеде ұялы телефон және оның станцияларының мектептің ауласына, бала бақшалар, ауруханалар, саябақ секілді әлеуметтік тұрмыс мекендеріне құрылмауы керек екені айтылды.



Мәлімдемеде сондай-ақ былай делінді: «5 Еуропа елінде жасалған зерттеудің қорытындысы ең аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми рагының кездесу жиілігінің артқанын көрсетті. Осы мәселемен бірге ДНК-дағы өзгерістер, жүйке клеткаларындағы өзгерістер, мидың жұмысы мен ұйқыдағы өзгерістер секілді аурулар да ортаға шығуда».

Ұялы телефонмен сөйлесуден гөрі хабарлама жазу балалар мен жасөспірімдер үшін қолайлы. Себебі сөйлесу кезінде құлаққа берілетін электромагниттік сәулелер хабарлама жіберуден әлдеқайда көбірек бөлінеді.

№3

Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.



Телефон антеннасынан бөлініп шығатын энергия ауаға таратылып қоймай, адамның құлақ тұсындағы тірі клеткаларға жұтқызылады. Өйткені энергия ешқайда жоғалып кетпейді, бір түрден екінші бір түрге айналады.

Ол клетка миға құтқару сигналын жібереді, алайда ол сигналдың қуатын телефоннан шығып жатқан сигнал қуаты басып кетеді.

Ұялы байланыс құралымен сөйлесу ұзақтығын 3 минуттан артық қолдану өте зиян. Құлақ тыңдағыш арқылы 70%-дай азаяды. Зиян тигізілетін уақыт сигналды

қабылдағаннан кейінгі 20-30 секунд. Одан ары зиян күші күрт азаяды.

№4

Электромагниттік сәулелендірудің адам ағзасына тигізер зияны туралы жинақталған білімдер, телефонның сәулеленуі сияқты басқа да электромагниттік сәулелендірулер онымен байланысқа түскен адамдар денсаулығына, физиологиялық жай-күйіне әсер етеді.



Ұялы телефонның жұмыс жасап тұрғандағы сәулелендіру аумағы бастың ми қалпақшасы мен есту, көру қабілетіне едәуір әсері болатындығында. Ұзақ мерзімді сәулелендіру мидың кейбір құрылымдарының биоэлектрлік белсенділігіне әсер етуі мүмкін және оның жұмысына (айталық, есте сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.

№5

SAR (ағылш. Specific Absorption Rates) – ұялы телефон пайдаланған 1 секунд ішінде адам ағзасына жұтылатын ең жоғары меншікті қуатты көрсететін меншікті коэффиценті. Оның өлшем бірлігі 1Вт/кг.



Еуропада рұқсат ету мәні 10 граммға 2 Вт/кг

АҚШ-та 1 граммға 1,6 Вт/кг

Ресей, ТМД-да 1Вт/см22о

SAR неғұрлым төмен болса, ұялы телефонның сапасы жоғары.

Өз ұялы телефоныңыздың SAR білу үшін нұсқаулықты оқу керек. www.cnews.ru/reviews/phones/sar.shtml

ask.li/sar.html

№6

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының басшылығымен «Interphone» деген атаумен зерттеу жүргізілген 2000-2004 жж. Аралығында 13 елде жүргізілген зерттеуге 12800 адам тартылған. Ұялы телефон пайдалану мен ми ісігі арасында өсу жағдайы 8 жағдайдың алтауында анықталса, 1 зерттеу бойынша ми ісігінің бірі глиома 39% өскен.



Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.

Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің

төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

III бөлім. «Ой түю, өз ойын білдіру»

Мақсаты:

* Бұрынғы білімдері және жаңа мәліметтерді талдай, өздерінің ой елегінен өткізе отырып, өз ойлары мен жаңа көзқарастарын қалыптастыру.

* Айналадағы жағдаяттарды бағалау арқылы рефлексиялық ой түюге үйрену

«Ой түю, өз ойын білдіру»

Қорытынды сұрақтар

1. Сіз ұялы телефонды пайдалануыңызға өзгеріс енгізу керек деп ойлайсыз ба? Әлде сіздің қазіргі пайдалануыңыз денсаулығыңызға зиян келтірмейтініне сенімдісіз бе?

2. Сіздің туыстарыңыз бен жолдастарыңыздың арасында ұялы телефонды уақыт өткізу үшін, музыка тыңдау үшін, жол қысқарту үшін, т.с.с. қажеттіліксіз пайдаланатын жағдайларын байқайсыз ба? Мұндай жағдайдағы сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?

3. Сіздің ұялы телефоныңыздың SAR-ы жоғары болса, коэффицент төменіне алмастырар ма едіңіз?

4. Ұялы телефонды пайдалану ережелері немесе әдебі бар ма? Сіз құрбыларыңызға қандай кеңестер бересіз?

Тапсырма


1. Төмендегі кеңестерді қойын дәптеріңізге жазып алыңыз.

2. Телефонмен сөйлесу әдебін толықтырып, қаласаңыз жолдастарыңызға, бауырларыңызға оқып беруге болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір сүру сипатынан, 17-20%- әлеуметтік және табиғи жағдайдан, 17-20%- тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен, 8-9%-ы денсаулық сақтау ұйымдарының тиімді жұмыстануынан тәуелді екен. Бұдан, адам өмірінің зиянды әсерден қашық болуы өз денсаулығына немқұрайлы қарауынан, салауатты өмір салтын ұстануынан, сауаттылығынан байланысты екені шығады. Адам өркениеттің жетістіктерін өз денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуі тиіс.

Значит, наше здоровье зависит от наших привычек, от наших усилий по его укреплению.

Кеңестер

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.

2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен

сөйлескеніңіз дұрыс.

3. SAR бойынша ұялы телефон үлгісін таңдаған дұрыс.

4. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.

5. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.

6. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.

7. Ұялы телефонмен сөйлескенде құлақты алмастырып, 8 түрінде ұстаған дұрыс.

8. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

9. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.

10. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.

11. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.

12. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.

13. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.



жүктеу 310,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау