Ұялы телефонның зияны


Тәрбие сағатының тақырыбы



жүктеу 310,32 Kb.
бет2/2
Дата26.05.2018
өлшемі310,32 Kb.
#18074
1   2

Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Ұялы телефонның пайдасы жетерлік 

                                              (зияны да жетерлік)».   Дебат.                   



Тәрбие сағатының мақсаты:      

1.   Интеллектуалдық шыншылдық принципіне берік болу;                                     


   2.   Әр түрлі көзқарастарға түсіністік таныту арқылы адамдар арасындағы   сыйластықты арттыру;                                                                                                         

   3.   Ақпаратты тиянақты етіп ұсына отырып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдер арқылы дәлелдеу;.                                                                   


  4.   Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер, материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық - эвристикалық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың өту әдісі:    Дебат ойыны.  Пікір таластыру.

Пән аралық байланыс:   Қазақ тілі мен әдебиеті,  тарих өзін-өзі тану мен әлеуметтану,экономика.                                                                                                                                                       

Дебатымызды сарапшылары:

1.....................................................................................................  

Сабақтың барысы:       

 Жүргізуші:     Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі 


 дебатқақатынасушылар.                                                                                                                            


«Ұялы телефонның пайдасы жетерлік (зияны да жетерлік атты дебат ойынымызға қош  келдіңіздер!                                                                        
          
Барлығымызға белгілі пікірсайыс қарама-қайшы көзқарастың қақтығысын қамтамасыз ететін қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. Мұнда тақырыбы бар 3 адамнан 2 топ қатысады. Әуелі қатысушыларға жеребе бойынша немесе келісім бойынша ұстанымдар белгіленеді: растау немесе теріске шығару. Бір топ берілген тақырыпты қорғап, дәлелдеуі тиіс, яғни оны жақтаушы топ деп атайды. Ал, екінші топ жақтаушыларға қарсы шығып, олардың пікіріне кереғар тұжырым айтуы тиіс. Сонан соң пікірсайыс белгіленген регламент бойынша өтеді. Ең негізгісі – әр топ өздері тақырыпқа сай критерийін құрып, оны қорғайды. Тек сөзбен емес, түрлі дәлел-фактілер келтіре отырып, оларды қай әдебиет, қай ақпараттық құралдан алғаны айтылуы тиіс. Әр топтың спикерлері бейтарап төрешіні өздерінің көзқарасының мейлінше дұрыс екендігін сөндіруге тырысады. Бұл жерде олар тек сөз сөйлеп қана қоймай, басқа жақтың дәлелдерін таластырып, өз ұстанымдарын қарсыластар көзқарасымен салыстырады. Раунд барысында сөз сөйлеген спикерлерге қарама-қарсы сұрақ-жауап өткізіледі. Қарама-қарсы сұрақ қарсыластар дәйектеріне анықтық енгізу, олардың пікірлеріндегі олқылықты анықтау мақсатында қойылады. Пікірсайыс кезеңі ойынды талдау және төрелік шешім қабылдау, яғни жеңімпаз топты анықтаумен аяқталады.

 

        Ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық.                                                                 



  1. 1.«Жақтаушы» топ ойыншылары: 

Сөйлеушілердің сөйлеу уақыты:    1 спикерлер – 6 мин,  2,3 спикерлер – 5 мин.       

Ойынымызды бастаймыз:     «Жақтаушы» топтың 1 спикері
                       
 Армысыздар құрметті көрермен қауым,ұстаздар!

№1 спикері.                                       


      Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік»  деген пікірді қолдаймын. Жыл санап,жетістіктерін молайтып, Азияның барысына айналуды көздеп отырған Қазақстан халқы да өзге елдер сияқты ғылым мен техниканың дамуына оң көзқарас танытуда. Шет мемлекеттерде білім алып, білімдік сайыстарда алдыңғы орындар алып жүрген Қазақстан жастары мен халқы үшін ұялы телефон пайдалы дүние.

       Ұялы телефонның маңыздылығы мен қажеттілігі де осында.

      1-ші дәлелдемем.     Ұялы телефон байланыс көзі. Керекті хабарды уақытында алу, әр істе жетістікке жетудің кепілі.Уақыт үнемдеудің басты жетістігі. Маңызды жиналыс, мәдени кеш, іскерлік отырыстардың кешігусіз,тиянақты өтуіне ұялы телефонның пайдасы зор. Немесе бір жағдайға ұшырап кешіккен адам, сол жағдайды ескерту үшін ұялы телефон көмегіне жүгінеді. Бір сөзбен айтқанда уақыт, дәлдік деген ұғымдарға ұялы телефонның да қатысы мол.

      2-ші дәлелдемем.    Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатырған әр түрлі табиғи, өмірге қауіпті апаттарда ұялы телефонмен көмек сұраған адамдардың саны миллиондаған болса, өмірлеріне араша түскен де осы ұялы телефон болған. Сонымен қатар біреуден жәбір көрген адамның айқайын естігендер де ұялы телефон арқылы көмек шақырады. Олай болса, адам өміріне араша түсу үшін де осы телефонның пайдасы зор.                       

      3-ші дәлелдемем.   Қазір біз білетіндей елімізде қылмыс пен жемқорлық өршіп тұр. Бұл құрықтауға күш бермей тұрған өміріміздің көлеңкелі тұсы. Нарық заманында ақша табудың көзін әркім әрқалай түсінуде. Бұл елбасымыздың  да күресу бағытындағы ұстанған саясатынан көрінеді. Ал осы қылмыс пен жемқорлықты анықтауда ұялы телефонның пайдасы көп. Әр түрлі түсірілген видео, фото,  қоңырау шалуды тыңдау арқылы заң органы қызметкерлері көптеген қылмыстың бетін ашуда. Техника жетістігінің арқасында көптеген қылмыскер өз жазасын тартуда.

      Сөзімді қорыта келе, пайдасыз деп айта салу оңай, бірақ орнымен қолданылса,әр заттың да керек тұсы бар. Ұялы телефонның зиянынан гөрі пайдасы басым деген қағиданы жақтайтынымды білдіремін.      Тыңдағандарыңызға рахмет!

       «Даттаушы» топтың 1 спикері                                                   
   
 Мен  Ғизат Данагүл өз тобымның №1 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телефонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарқынды дамып, адамзат баласының техника саласындағы үлкен жетістіктерге жетуімен ерекшелуде. Осы жетістіктердің ішінде бүгінде жастың да, кәрінің де қолында жүрген аядай ғана ұялы телефонды айтуға болады. Ешқандай қосу құралы жоқ, сымсыз техниканың барлық жер шарындағы кез - келген нүктемен байланысып, хабар берудің өзі осы телефонның тым зиясыз емес екенін дәлелдейтіндей. Олай болса, менің бірінші дәлелдемем.

1. Ұялы телефон денсаулыққа зиян. Мұны жер жүзіндегі дәрігерлер қауымының дабыл қағып отырғанын білеміз. Ұялы телефон әсіресе дамып келе жатырған жасөспірімдер денсаулығына аса қауіпті. Ол ми ісіктерінің пайда болуына, құлақ жарғақтарының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың түрлі ауруларға ұшырауына ықпал етеді. ( «Мектеп дәрігері», «Денсаулық» журналдары сандарынан).

2. Ұялы телефон жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты көбейтіп қылмысқа итермелейді. Яғни «Заң» газетінің беттеріндегі ақпаратқа сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың  60 пайызына осы телефон себеп болуда. Телефонды тартып алу, ұрлап алу, сатып жіберу сияқты істер қылмыстық кодекспен жазаланады. Мектеп инспекторларының жылдық есептерінде әр мектептегі құқық бұзушылықтың ұқсас екенін және оның ұялы телефонмен байланысты екені айтылған. (Мәліметтер «Заң» газеттері беттерінен келтірілді).

3. Қазіргі таңдағы оқушылардың білім сапасының нашарлауы, яғни сабақ уақытындағы телефон ойынына қызығуы, сабақты тыңдамауы, көңіл бөлмеуі ұялы телефонның зияндылығын дәлелдейді. Оқушыға сабақ уақытында телефон ұстауына тыйым салғанымен оны барлық бала бірдей қабылдамайды. Осының өзі оның білімге деген құштарлығын жояды деп есептеймін. «Әр нәрсенің екі жағы бар» деген қағидаға сүйенсек, жоғарыдағы дәлелдемелер ұялы телефонның қаншалықты зиян екенін көрсетеді.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

            Менің сұрағым .............. ..... мырзаға.     Сіз кештете үйге қайтып келе жатырдыңыз. Айналада адамдар аз болды, сізге біреу қоңырау шалды. Сөйлеспекші болған кезде, сізді біреу ту сыртыңыздан соғып, телефонныңызды алып кетті, есіңізді ауруханада жыйдыңыз. Мыйыңызға зақым келген. Осы жерде телефонның тікелей зияндығын мойындайсыз ба?   



«Жақтаушы» топтың 2 спикері                      Армысыздар құрметті көрермен қауым,ұстаздар!                                               
                  Мен  Рахмашев Заманбек  өз тобымның №2 спикері. 

Біздің тақырыбымыз: “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қолдаймын. “Адам-өзіне қажетті нәрсені тек өзі біледі” деген екен бір ғұлама. Әр заман өзгерсе де,адам өзгермейді. Тек адам өз заманына бейімделеді, лайықталады. Біздің заманымызда біздер үшін әр түрлі өзгерістерге толы болуда. Солардың басым бөлігі техника жетістіктері болып табылады. Бүгінгі сөз болып отырған ұялы телефон да техникалық құрал. Ол тек хабар беру құралы емес. Оның өз функциясын атқарар әр түрлі ерекшеліктері бар. Бұл әр мамандыққа байланысты өте қажетті дүниелер.

      1-ші дәлелдемем:   Ұялы телефонның қазіргі уақытта пайдалылығы,яғни қажеттілігі. Оның калькулятор,интернет,камера,видео сияқты функциялары қай мамандықта да  пайдалы. Керекті хабарды, ауа-райын, валюта курсын, жаңалықтарды да осы телефонның көмегімен білуге болады. Ол үшін компьютерді бірге алып жүру қажеттігін азайтады. Олай болса, әр түрлі саладағы қызмет адамдарына ұялы телефон пайдалы.

      2-ші дәлелдемем:  Адам күні адаммен дегендей біздің арамыздағы әр түрлі қарым-қатынаста ұялы телефонның маңызы зор. Қуаныш пен қайғыда қалаған адамның көңілін табу да адамгершілік. Олай болса,ұялы телефон қарым-қатынасты реттейді. Қазіргі алтыннан уақыт қымбат заманда жаныңа жақын адамыңның көңілін тауып,жай-күйін сұраудың зияны жоқ шығар деп ойлаймын.

      3-ші дәлелдем:   Ұялы телефон арқылы қазіргі заманда жұмыссыздықты азайтуға болады, сол жерде ол өз үлесін қосуда. Телефонды сату, қызмет көрсету аясында еліміздің мыңдаған адамдары қызмет етіп, жалақы алуда. Яғни, заманына сай жұмысы болса, неге оның пайдасын көрмеске. Жалпы сауда экономиканы дамытып, қажетті жұмыс көзін ашатын бірден-бір жол. Сондықтан зиян деп жер шарындағы миллиондаған халық тұтынып отырған тауардан бас тартуымыз дұрыс та, мүмкін де емес дер едім. Ұялы телефонды қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі,  зиянынан пайдасы көп деп есептеймін.

   Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 «Даттаушы топтың 2 спикері  


             Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар!   Мен  Досымова Диана

    Өз тобымның №2 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телфонның зияны да жетерлік» деген тақырыпты қолдаймын. Өзіне ненің қажет, ненің қажет емес кенін жете түсіне бермейтін жас өспірімдерге ұялы телефон аса қажетті дүниеге айналды. Телефонды ойлап тапқан өнер тапқыштар осы телефонның бизнеспен айналысатын, уақыты тығыз, уақыты ақшамен есептелінетін жандарға арналғанын айтқан. Сонымен бірге зиянды тұстарында ескеріп, қауіпсіздік шараларын да бірге жеткізген. Алай да осы ережелерді ешкімде сақтамайды. Осы ережелерге байланысты менің бірінші дәлелдемем.

            1) Ұялы телефонды жатын бөлмелерге түнгі уақытта қоюға болмайды. Заряд көзіне қосып қоюға да тыйым салынған. Яғни ток көзіне қосылған телефон да, қосылмаған телефон да жаңбырлы, найзағайлы күндері, не магнит күндері жарылғыш бомбамен тең.  Ал қазір жастығымыздың астында жатырған әр телефонның соңы не боларын кім білсін. Өздерін бизнесмен деп есептейтін әр адамның осы телефонға тым әуестігі түсініксіз жағдай. Яғни өміріне аса қауіпті екенін де түсінбегені ме?  (Интернет сайтынан 
                                                                                                                                       алынды.)

            2) Қазіргі нарық қысқан заманда ұялы телефон ақша жоғалтудың басты себебі; әр ай сайын бірнеше мың бірлікті салатын әр адам ұялы телефон компанияларының қалтасын қалыңдатып отыр. Кейде тым қажетсіз уақытта да қыруар бірлік кетіретін телефон жалақысы аз, көпбалалы отбасы бюджетіне көп салмақ салуда. Бір жанұяда бірнеше теефон болса, ай сайын 5 – 6 мың теңге орта есеппен желге ұшады. Немесе ұялы телефондармен ойнатылатын жалған ұтыс ойындарынан да көптеген адамдар алданып, бірнеше жүздеген мың теңгелерінен айырылғаны да белгілі жағдай.

            3) Ұялы телефон адамдар арасында мәдениетсіздіктің белен алуына себеп болуда. Көпшілік орындарында, мәдени театр, кино залдарында телефонды айырмау, онымен сойлесу, күлу сияқты қылықтар адамдардың мәдениетін төмендетеді. Жаны күйзеліп, ауырып отырған адамға телефон қоңырауы адамға басқаша әсер етеді. Оны қазіргі таңда ешкім елемейді. Олай болса моральдық тұрғыдан адамды аздыру ұялы телефон еншісінде екенін көреміз. Жоғарыдағы дәлелдемелерді келтіре отырып, ұялы телефон өте пайдалы деген пікірге келіспеймін «Жаңаның бәрі жақсы емес» дей келе, ұялы телефонға тым әуестік жақсы нәрсе емес деп ойлаймын.             Тыңдағандарыңызға рахмет!   

«Жақтаушы» топтың 3 спикері 

   Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар!     

№3 спикері.       Біздің тақырыбымыз “Ұялы телефонның пайдасы жетерлік” деген пікірді қорытамын. Жоғарыда жақтастарым дәлелдеп өткендей аядай ғана ұялы телефонның адам баласына пайдасы жетерлік. Жалпы адамзат үшін ең басты нәрсе – өмірі мен денсаулығы болса,оны сақтауда,ұзартуда яғни дер кезінде алғашқы жәрдем шақыру да осы телефонның еншісінде екен. Сонымен қатар хабар алу, мәлімет алу, бизнесті өркендету сияқты маңызды нәрселерде де ұялы телефон тиімдірек.

      Ғылым мен техника қарыштап алға дамыған заманымызда әр техника өмір талабына сәйкес ойластырылып, пайда болады. Яғни ол белгілі қажеттіліктен туындайды. Ал оның зиянды жағы, пайдалы жағынан кейін айтылады. Барлық техникалық зиянын ғалымдар болжай алғанымен, нақты дәлел келтіре алмайды. Сондықтан пайдалы техниканы атом бомбасына теңеу дұрыс пікір деп ойламаймын. Ғасыр қасіретіндей болған Семей полионы, Азғыр, Нарын аймағындағы халықты сол кездегі саясат өкілдері айтпай сан жылдар улап келген жоқ па?

      Ал ұялы телефонның зияны әлі дәлелденбеген бір жақты пікір. Яғни оның зияндылығына болжам ғана бар дер едім.

      Техниканың қай түріне де нұсқау жасалады. Оны қолдану уақыт, ескерілетін жайларды техника кітапшаларына жазылады. Сондықтан ұялы телефонды  қолдану бағытын,өз ережелерін сақтаса орасан зор зиян келтірмес еді.

      Әр адам ұялы телефонның өзіне, баласына қаншалықты қажет екенін таразыға салып барып сатып алу керек деп ойлаймын. Өз денсаулығына алаңдаған, бизнеспен айналыспайтын, жақындарынан жақын тұратын адам ұялы телефонды қолданбай-ақ қоюға болады. Қазақ халқы еліктегіш деп жатамыз ғой, біреуде бар деп, біреуден озам деп, ұялы телефонды сатып алып, жатса,тұрса жаныңда ұстау дұрыс емес. Осы орайда ұлы ақынымыз Абайдың “Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден” деген өлең жолдары еріксіз еске оралады. “Өз орнымен,өз уақытымен” деген пікірдегі дана халқымыз әр нәрсенің де уақытымен болғанын көздесе. Уақыт,дәлдік деген ұғымдарды реттейтін пайдалы техника құралы ұялы телефонды өз орнымен қолдануға үйренсек қана, оның зияндылығы сөз болмас еді деп пікірімді аяқтаймын.    Тыңдағандарыңызға рахмет.                                                                                                                     
              «Даттаушы»  топтың 3 спикері
Армысыздар құрметті көрермен қауым, ұстаздар!    

       Өз тобымның №3 спикері біздің тақырыбымыз «Ұялы телфонның зияны да жетерлік» деген пікірді қорытамын.

            Жоғарыда менің тобымның спикерлері дәлелдеп өткендей, заманның басты проблемаларының бірі ұялы телефон. Қылмыс пен құқықбұзушылықты өршітіп, денсаулыққа зиян келтіретін, қосымша қаржы талап ететін ұялы телефонды ешкім зиянсыз деп кесіп айта алмайды.

            Жас пен кәріге ойыншық болған осы техника жетістігі, қажетті де, қажетсіз де жағдайда қолданылады. Тек жасөспірімдер арасындағы қылмысқа ғана емес,  жалпы адам өлімі, зорлық, ұрлық сияқты қылмыстарға осы телефонның себеп болатыны айғақ. Сонымен қатар, жалған қоңырау шалу сияқты құқық бұзушылықта осы телефонның еншісінде.

            Ұялы телефон қазіргі қиын экономикалық  дағдарыс уақытында көп балалы жанұя ата –анасымен, ауқатты жанұя ата – анасының арасындағы ара жікті ашатын зиянды құрал болды. Ауқатты отбасы баласының құны 40-50 мың тұратын телефонын көрген көпбалалы, не жұмыссыз отбасы баласы өзін бейшара санап, өмірден түңілуге дейін жағдай туғызады. Бұл дегеніміз жалпы ұрпақ тәрбиесіне келетін орасан зор зиян.

            Сонымен қатар соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы төбелесті телефонға түсіріп, бір – біріне көрсету де үлкен тәрбиесіздік. Балалар арасындағы адамгершілік, достық, аяушылық қасиеттердің жойылуына ықпал ететін осы ұялы телефон. Қазіргі кездегі осындай техникаларға қызыққан балалар әлжуаз, ашуланшақ, білім мен спортқа қызығушылығы аз дүние қоңыз болып өседі. Бұл жерде әңгіме жасөспірімдер жөнінде. Себебі, «бала адамның бауыр еті»- деген халқымыздың қағидасына сүйенген ата – ана, баласы үшін соңғы тиынын санап, қымбат ұялы телефон алып береді. Ол керек емес, зиян дейтін бала жоқ. Сонда кішкене ғана осы зат жалпы адамзатқа, тәрбиеге, денсаулыққа зиян екені белгілі болды емес пе?

            Ендігі жерде осыған тоқтау  болар тек әр адамның сана түйсігі деп ойлаймын. Болашақ ұрпаққа ,яғни, сіз бен біздей жасөспірімдерге ұялы телефонды орынды қолдануды үйреніп, жақсы мен жаман жағын таразылай білейік дегім келеді.

            Қорыта келе, ұялы телефонның зияны жетерлік деген пікірді қолдаймын. 


            Тыңдағандарыңызға рахмет!

Сұрақ:       Ғалымдар дәлелдегендей ұялы телефон бар бөлмеге қызыл тарақандар, тышқандар жақындамайды. Себебі олар өзіне келетін зиянды сезеді екен. Ал адамдар соны біле тұра, неге ойланбайды?  

Ойынды қорытындылау:   Қорытынды сөз сарапшылар тобына беріледі.  (сарапшылар қорытындылайды,   «Үздік топ»,  «Үздік спикер» номинациялары беріледі.)

        Жүргізуші:  Баршаңызға рахмет.    Әр қайсыңыз ұялы телефонның пайдасы мен   


                              зиянын айыра біліп, өздерініңіз дұрыс шешім жасайды деп түсінеміз.

Сайт: www.uchkopilka.ru


Оригинал публикации: http://uchkopilka.ru/vne-deyat/meropriyatiya/7690-yaly-telefonny-pajdasy-zheterlik-ziyany-da-zheterlik-20151121

«Бекітемін»

Мектеп директоры Г.О.Нүсіпбаева

Тәрбие сағатының тақырыбы:    «Ұялы телефонның пайдасы жетерлік  (зияны да жетерлік)».  Дебат.                   

«Келісемін»

Тәрбие ісінің орынбасары: Қ,Қ,Иісова

Сынып жетекшілер: Ж.М.Молдабекова



Г.Т.Калжанова
жүктеу 310,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау