Word терезесіне шолу



жүктеу 1,27 Mb.
бет2/2
Дата13.11.2018
өлшемі1,27 Mb.
#19224
түріБағдарламасы
1   2

6.3. Мәтінді енгізу ережелері

Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік процессорлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа еже бастау үшін пернесін басу қажет.


Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, пернесін басу керек. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.
Сөзді бас әріптен бастап теру үшін пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет ( пернесі режімі қосылып тұрмаса).
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде тыныс белгілерін енгізу ерекшеліктерін де есте ұстау қажет.
Мәтіндегі қос нүкте белгісі сөзден кейін бос орын қалдырмай, бірден жазылады, ал одан кейін міндетті түрде бос орын қойылады.
Мәтіндегі жақшалар ондағы ұғымға жабыстырыла қойылады. Жақшадан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.
Тырнақшалар ішіндегі ұғыммен бірге жазылады. Тырнақша ашылар алдында және жабылғаннан кейін ешқандай тыныс белгісі болмаса, міндетті түрде бос орын қалдырылады.
Тырнақша жабылар алдында нүкте, үтір, үтірлі нүкте, қос нүкте және сызықша қойылмайды. Бұл таңбалар тырнақша жабылғаннан кейін қосымша бос орын қалдырылмай қойылады.
Леп белгісі, сұрақ белгісі және көп нүкте тырнақшаға алынған сөздерді қамтитын сөйлемге тұтастай қатысты бола алады. Бұндай жағдайда олар тырнақшадан кейін қойылады.
Көп нүкте де ортақ ереже бойынша жазылады: оның алдында бос орын қалдырылмайды, ал соңынан бос орын міндетті түрде қажет. Егер көп нүкте леп белгісімен не сұрақ белгісімен бірге келсе, бұндайда белгі мен екі нүкте жазылады.

6.4. Мәтін үзінділерін бөлектеу ережелері

Мәтінге қатысты қандай бір әрекетті (көшіру, пішімдеу, жою, т.б.) орындар алдында мәтіннің қажетті бөлігін – сөз, сөйлем, еже, т.б. бөлектеп алу керек (6.6-сурет).

 

 



 

 

 



 

Мәтін үзіндісін бөлектеудің бірнеше ережесі де бар:


• Мәтін үзіндісін бөлектеу үшін тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, тінтуір жүгіргісін үзіндінің басынан аяғына дейін жылжыту керек.
• Сөзді бөлектеу үшін жүгіргіні оның үстіне қойып, тінтуірді екі рет шерту қажет.
Word бағдарламасы құжаттағы емле ережесін тексеріп, қателерді түзетіп отырудың тамаша мүмкіндігін ұсынады. Қателерді тексеру және түзетудің үш тәсілі бар: өздіктік тексеру, қолдан тексеру және өзауыстырғыш.

• Өздіктік тексеру. Бұндай жағдайда мәтінді енгізу барысында орфография мен грамматикаға өздіктік бақылау жасалып отырады. Бағдарлама стилистикалық қателері бар сөздердің астын жасыл, ал орфографиялық қателері бар сөздердің астын қызыл толқынды сызықпен сызады (6.8-сурет).

Сөздегі немесе сөйлемдегі қатені түзету үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен шерту қажет, сонда қатені түзету нұсқалары ұсынылатын мәтінмәндік мәзір қалқып шығады (6.9-сурет).



Word бағдарламасы құжатындағы қызыл толқынды сызықпен сызылған сөздердің барлығы қате емес екенін ескеру қажет, өйткені жүйе өзіне таныс емес сөздердің барлығының астын сызып отырады. Осы мәтінмәндік мәзірдің көмегімен сөзді сөздікке қосуға немесе осы сияқты сөздерді өткізіп отыруға тапсырма беруге болады.


• Құжатты қолдан тексеру. Қолдан тексеруді жүргізу үшін Емле құралдары сұхбат терезесі пайдаланылады (6.10-сурет). Оны іске қосу үшін Стандартты құралдар үстелінде Емле тексеру құралдары батырмасын басу немесе Құралдар мәзірінің Емле және грамматика әмірін орындау қажет.

• Өзауыстырғыш. Бұл әмір жиі кездесетін қателерді (қате терілген сөздерді) өздіктік

түзетуге арналған. Microsoft Word-та осы сөздердің тізімі және оларды дұрыс сөздерге ауыстыру нұсқалары бар. Тізімге жаңа элемент үстеу үшін Құралдар мәзірінің Өзауыстырғыш параметрлері әмірін орындау қажет, осының нәтижесінде Өзауыстырғыш сұхбат терезесі ашылады (6.11-сурет).



6.6. Құжатты пішімдеу
(қаріп, мәнерлер, дерек атаулары, еже, тізімдер, бағандар)

Мәтінді безендіру (пішімдеу) мәтінді қаріп өлшемін, пәрмендерін және қаріп мәнерін өңдеу, тізімдерді кірістіру, ортадағы ежеге туралау және басқа да амалдарды орындау арқылы бөлектеуді қамтиды.


Пішімдеуді бастамас бұрын, мәтін бөлігін бөлектеп алуды ұмытпаңыз. Көбінесе пішімдеу Пішімдеу құралдар үстелінің (6.12-сурет) немесе Қаріп сұхбат терезесінің (6.13-сурет) көмегімен белгіленетін қаріп сипаттарын өзгерту көмегімен жүргізіледі.


 

 

 



 

 

 



 

 

Қаріп сұхбат терезесін мына әрекеттердің бірін орындап ашуға болады:


• Пішім мәзірінің Қаріп әмірін таңдау;
пернелері тіркесімін басу;
• Мәтінмәндік мәзірдің Қаріп әмірі.
Бұл сұхбат терезесінде үш қосымша бар: Қаріп, Аралық, Пәрмендер.
Қаріп қосымшасы қаріп түрін, өлшемін, түсін және мәнерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Аралық қосымшасы қарып таңбалары аралығын белгілейді.
Пәрмендер қосымшасы пәрменді эффектілерді жасауға мүмкіндік береді.
Пішімдеу құралдар үстелі батырма-ларының көмегімен мәтінді безендіруге байланысты барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады:
• қаріп түрін таңдау;
• қаріп өлшемін белгілеу;
• қаріп мәнерін белгілеу;
• мәтінді туралауды белгілеу;
• мәтінді бағандарға бөлу;
• тізімдер жасау;
• мәтін жиектерін жасау;
• мәтінді бояу түсін белгілеу;
• мәтін түсін белгілеу.
Жол аралығын, шегіністі, қадамды шегіндіруді өзгерту үшін Еже сұхбат терезесі шақырылады (6.14-сурет). Бұл үшін мына әрекеттердің бірін орындаңыз:

• Мәтінмәндік мәзірдің Еже әмірін таңдау;


• Пішім мәзірінің Еже әмірін таңдау.
Word мәтіндік құжатын безендіру барысында пішімдеудің Тізім деген түрін қолдануға болады. Тізімдердің байрақшалы, нөмірленген және көп деңгейлі түрлері болады.
Тізімді терместен бұрын, Пішімдеу құралдар үстелінен батырмалары көмегімен қажетті тізім түрін таңдаңыз.
Байрақшаның түрі мен орналасуын өзгерту үшін Пішім мәзірінің Байрақша және нөмірлеу әмірін орындаңыз. Нәтижесінде Байрақша және нөмірлеу сұхбат терезесі пайда болады (6.15-сурет). Онда байрақшаның қажетті түрін таңдау немесе байрақша параметрлері терезесін шақыратын Баптау батырмасын басу керек (6.16-сурет).

Дерек атаулары – бұл құжаттың әрбір бетінде қайталанып отыратын ақпарат: мысалы, бет нөмірі, құжаттың жасалған күні мен уақыты, автор туралы мәлімет (6.17-сурет).



Әрбір бетте бірдей үстіңгі және төменгі дерек атауларын жасау үшін:



Бетте үстіңгі және төменгі дерек атаулары аумағын ашу үшін Көрініс мәзірінде Үстіңгі және төменгі дерек атаулары әмірін таңдаңыз.
Үстіңгі дерек атауын жасау үшін үстіңгі дерек атаулары аумағына мәтін немесе сызбалық элементті енгізіңіз.
Төменгі дерек атауларын жасау үшін Үстіңгі және төменгі дерек атаулары құралдар үстелінде (6.16-сурет) төменгі дерек атауына өту үшін Үстіңгі/төменгі дерек атауы батырмасын басыңыз да, содан кейін мәтінді немесе сызбалық элементті енгізіңіз.

Қажет болса, мәтінді Пішімдеу құралдар үстелінде орналасқан батырмалар көмегімен пішімдеңіз.


Дерек атауларын жасауды аяқтағаннан кейін үшін Үстіңгі және төменгі дерек атаулары құралдар үстеліндегі Жабу батырмасын басыңыз.
Сонымен қатар, мәтіндік құжат беттерін Кірістіру – Бет нөмірлері әмірінің көмегімен нөмірлеп шығуға болады. Ашылған сұхбат терезесінде өзіңізге қажетті параметрлерді таңдау керек.

Word мәтінді газет бағандары түрінде ұсынуға мүмкіндік береді. Газет бағандарында мәтін сол беттегі бір бағаннан екіншісіне өтіп отырады. Құжатта газет бағандарын жасау үшін бағанға бөлінуі тиіс мәтінді бөлектеп алыңыз. Стандартты құралдар үстелінде Бағандар батырмасын басыңыз. Тінтуір көмегімен бағандардың қажет санын көрсетіңіз.



6.7. Жиектер және бояуды безендіру

Суретке, кестеге немесе мәтінге жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:


1. Жиек үстеу қажет мәтінді, суретті немесе кестені бөлектеп алыңыз.
2. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдап, Жиектер қосымшасын ашыңыз (6.20-сурет).
3. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
4. Тек жекелеген шеттер үшін жиектер белгілеу үшін Мәнер тобында Басқа әмірін таңдаңыз. Үлгі терезесінде сұлбаның қажетті шеттерін шертіңіз немесе жиектерді белгілеу және жоюға арналған батырмаларды пайдаланыңыз.
5. Еже жиегінің мәтінге қатысты нақты орналасуын белгілеу үшін Қолдану тізімінен

Еже тармағын таңдаңыз, содан кейін қажетті параметрлерді белгілеңіз.


Бетке жиектер үстеу үшін мына әрекеттерді орындау қажет:
1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бет қосымшасын ашыңыз.
2. Көркем жиек, мысалы жұлдызшалардан құралған, белгілеу үшін Сурет өрісінен қажетті суретті таңдаңыз.
3. Мәнер тобынан жиек мәнерін таңдаңыз. Беттің тек кейбір шеттеріне, мысалы үстіңгі жағына ғана, жиек белгілеу үшін Мәнер тобынан Басқа параметрін таңдаңыз. Үлгі өрісінде бет кескінін жиек орналасуы тиіс тұста шертіңіз.
4. Жиегі бар жекелеген бетті немесе бөлімді анықтау үшін Қолдану тізімінен қажетті параметрді таңдаңыз.
5. Жиектің беттегі нақты орналасуын анықтау үшін Параметрлер батырмасын шертіңіз, содан кейін қажетті параметрді шертіңіз.

Мәтіннің бөлектенген үзіндісін бояуды белгілеу үшін:


1. Пішім мәзірінде Жиектер және бояу әмірін таңдаңыз, содан кейін Бояу қосымшасын ашыңыз.
2. Қажетті түсті, қажет болса Әшекейді таңдаңыз.
3. Қолдану өрісінде бояуды неге қолдану (мәтінге не ежеге) қажет екенін таңдаңыз.
4. Жарайды батырмасын шертіңіз.

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Microsoft Word дегеніміз не?


2. Microsoft Word бағдарламасының негізгі қызметін атаңыз.
3. Microsoft Word терезесінің құрылымын сипаттаңыз, оның негізгі элементтерінің қызметін атаңыз.
4. Мәтін үзіндісін көшіру, жою, жылжыту алдында қандай әрекетті орындау керек?
5. Word мәтінінде сөзді бөлектеп алу үшін не істеу керек?
6. Word құжатын сақтау кезіндегі әрекеттер ретін көрсетіңіз.
7. Microsoft Word құжаттарының кеңейтімі қандай болады?
8. Word құжатын қандай әмірлер көмегімен ашуға болады?
9. Word бағдарламасында құжаттар қалыптары не үшін қолданылады?
10. Word құжатына мәтінді енгізудің қандай ерекшеліктерін білесіз?
11. Word бағдарламасы құжатының бөлектенген мәтініңде қаріп түрін қандай әмірлер көмегімен өзгертуге болады?
12. Word бағдарламасында Еже сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктер ұсынады?
13. Word бағдарламасында құжаттың бөлектенген мәтінін бірнеше бағанға бөлу үшін қандай әмірлерді орындау қажет?
14. Word бағдарламасында орфографиялық және стилистикалық қателер қалай көрініс табады?
15. Word бағдарламасында асты сызылған сөздердің бәрі қате болып табыла ма?
16. Word бағдарламасы мәзірінің қай тармағында Емле және грамматика әмірі орналасқан?
17. Дерек атаулары деген не?
18. Үстіңгі және төменгі дерек атаулары аумағын ашу кезіндегі әрекеттер тізбегін көрсетіңіз.
19. Word бағдарламасында мәтіндік ақпаратты байрақшалау немесе нөмірлеу қандай әмірлердің көмегімен жүзеге асырылады?
20. Word құжатының бөлектенген үзіндісіне жиектер мен бояуды қалай үстеуге болады?

жүктеу 1,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау