«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83352, 87
|
112375, 95
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, анықтама үшін телефон: 8 (727) 375-21-88, электронды почта sa.esenbolkyzy@economy.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2022 жылдың 19 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Жұмыс міндеттері: департаменттің іс жүргізуін қамтамасыз ету, құжаттарды қабылдау және бастапқы өңдеу, поштаны жіберу; мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келген құжаттарды БЭҚАЖ базасына тіркеу және бірегей номірі бар талондарды беру; тілдердің жұмыс істеуін және мемлекеттік бағдарламаны дамыту іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге және белгіленген мерзімде есептіліктерді тапсыру; департаменттің жиынтық істер номенклатурасын әзірлеу; мұрағат ісін жүргізу, құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру, ҚТ-АСД-09-11 «Мұрағатты басқару» Сапа менеджмент жүйесін басшылыққа алып, құжаттарды мұрағат қорына тұрақты сақтауға дайындау мен өткізу; Департаменттің қатаң есептілік бланкілерін есепке алу, сақтау және жою; Департаменттің ЭҚАБЖ жұмысына бақылау жасау; кіріс және шығыс телефонограммаларды есепке алу және бақылау; Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; программалық жабдықтамаларға, серверлерге сүйемелдеу жүргізу; статистикалық мәлімет базасы мен ақпараттық жүйеге ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; байланыс, серверлерді, телекоммуникациялық құрылғыларға мониторинг жүргізу және Е-статистиканын жұмысын бақылау; департаменттің серверлік және коммуникациялық жабдықтарының іркіліксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; адами факторлар әсерін болдырмау үшін, ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды департамент қызметкерлеріне сақтауға профилактикалық жұмыстар жүргізуге; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматтандыру мен басқару және/немесе есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер); гуманитарлық ғылымдары ( филология және/немесе аударма ісі); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету).
Респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік (1 бірлік негізгі қызметкердің 2022 жылдың 17 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Жұмыс міндеттері: респонденттерді олардың алғашқы сатистикалық деректерді ұсынуы үшін статистикалық нысандармен және статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етуге; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; іріктемелі зерттеулер бойынша тізімдерді, операциялық залдағы респонденттерге арналған компьютерлерде орналастыруға және жаңғыртуға; респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың бекітілген кестесіне сәйкес айлар бойынша статистикалық күнтізбені қалыптастыруға, оны операциялық залда электронды таблода орналастыруға және жаңартуға; респонденттің статистикалық нысанының екінші данасында одан алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазба еңгізуге (белгі) не респонденттен алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазбаша растау құжаттарын беруге; алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асыруға, алдын-ала қарастыруға және оларды «е-Статистика» ИАЖ-дағы «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулінде тіркеуге, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалардың арасында бөлуге; респонденттердің байланыс деректерін (нақты мекенжайы, е-mail, телефон нөмірлері) «е-Статистика» ИАЖ-ға еңгізуге; респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін қағаз нұсқада (жүгіртпе) немесе флеш-картада, не электронды пошта арқылы ұсынуға; алғашқы статистикалық деректерді тапсыру мәселелері бойынша белгіленген кестеге сәйкес респонденттерге оқыту семинарларын жүргізуге, кеңес беруге, материалдар дайындауға, респонденттердің ұсыныстарын қарастыруға; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауға; есепті кезеңге статистикалық нысандардың бланкілерін тираждауға қажеттілікті анықтауға; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; еніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер) заң (халықаралық құқық және/немесе заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе еңбекті ұйымдастыру және нормалау және/немесе экономика).
Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2021 жылдың 05 қазанына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Жұмыс міндеттері: «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі айлық, жылдық) 1-КС, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі тоқсандық) 1-КС (шағын), «Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 2-КС, «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 1-ИC, «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (мезгілдігі айлық) 1-инвест, «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (мезгілдігі жылдық) 1-инвест, «Рұқсат алу құжаттары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы сауалнама» (мезгілдігі жартыжылдық) F-001, «Хабарлама бойынша құрылыс барысы жəне объектіні пайдалануға беру туралы сауалнама» (мезгілдігі жылдық) F-004, «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 24-сх, «Астықтың қолда бары және қозғалысы туралы» (мезгілдігі айлық) 2-сх (астық), «Майлы дақылдар тұқымдарының қолда бары және қозғалысы туралы» (мезгілдігі тоқсандық) 3-сх (майлы), «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру » (мезгілдігі тоқсандық) А-008, «Аңшылық пен аулау туралы» (мезгілдігі жылдық) 2-аңшылық, «Балық аулау және акваөсіру туралы » (мезгілдігі жылдық) 1-балық, «Сүрек дайындау және орман өсіру мен орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу туралы есеп» (мезгілдігі жылдық)
1-орман, «Ауыл шаруашылығы құралымының қызметі туралы есеп » (мезгілдігі жылдық) 1-сх, «Ауыл шаруашылығы қызметтерін көрсету туралы » (мезгілдігі үш жылда бір рет) 8-сх (қызмет көрсету), «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп» (мезгілдігі жылдық) 4-сх, «Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» (мезгілдігі жылдық) 29-сх, «Шағын шаруа немесе фермер қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы» (мезгілдігі жылдық) А-005, «Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында құрылыстар мен имараттардың болуы» (мезгілдігі жылдық) 49-сх нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде статистикалық тіркелімдер деректерін жаңғыртуды өткізуге; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).
Қызмет көрсету саласының статистика басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 2 бірлік (1 бірлік негізгі қызметкердің 2020 жылдың 09 желтоқсанына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Жұмыс міндеттері: «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, 2-туризм (тоқсандық), «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» 2 -қызмет көрсету (жылдық), «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 жылына 2 рет; 1-инновация «Инновациялық қызмет туралы есеп» (жылдық), 3-ақпарат «Кәсіпорындарда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы есеп» (жылдық), 2-қызмет көрсету «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (тоқсандық); «Орналастыру орындарының қызметі туралы есеп» 2-туризм (тоқсандық), «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» 2 -қызмет көрсету (жылдық), «Келушілерді зерттеу сауалнамасы» Н-060 жылына 2 рет; Н-020 нысаны бойынша бастапқы есептер (жылдық) «Үй шаруашылықтарын сапарларға жұмсаған шығыстары бойынша зерттеу сауалнамасы», Н-050 нысаны бойынша бастапқы есептер (жылдық) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; 1- ғылым (жылдық) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп», 2-қызмет көрсету (жылдық) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп», «Почта және курьер қызметі мен байланыс қызметтері туралы есеп» 3-байланыс, «Почта және курьер қызметі қызметтері туралы есеп» 1-байланыс (жылдық), «Байланыс қызметтері туралы есеп» 2-байланыс (жылдық), «Кітапхана қызметі туралы» 1-кітапхана (жылдық), «Хайуанаттар паркінің қызметі туралы» 1-хайуанаттар паркі (жылдық), «Кино көрсетуді және кино-бейнефильмдер мен теледидарлама бағдарламаларын жасауды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі туралы» 1-кино (жылдық), «Клуб үлгісіндегі мәдениет саласындағы мекеменің қызметі туралы» 1-клубтар (жылдық), «Концерттік қызмет туралы» 1-концерт (жылдық), «Мұражайдың (көрменің) қызметі туралы» 1-мұражайлар (көрмелер) (жылдық), «Ойын-сауық және демалыс паркінің қызметі туралы» 1-парктер (жылдық), «Театрдың (цирктің) қызметі туралы» 1-театр (цирк) (жылдық) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды жүзеге асыру; алғашқы статистикалық ақпараттың толықтығын, уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыруға; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; жинақтардың, бюллетендердің, жедел мәліметтердің баспасөз хабарламаларының, баяндама бөлімдерінің, жылнама тарауларының шығарылуын қамтамасыз етуге; респонденттермен оn-line тәртібіне көшуі бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; онлайн мәліметтер базасына статистикалық мәліметтерге, сонымен қатар мәліметтер база жүйесіндегі әзірлеу аясына және түзетулер енгізу; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматтандыру және басқару және/немесе есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе ақпараттық жүйелер) қызметтер (әлеуметтік жұмыс); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе және/немесе экономика).
Сауда статистикасы басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2021 жылдың 24 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Жұмыс міндеттері: «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Кәсіпорынның (тауарлар, қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есеп» 1-КО (айлық), «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» 2-сауда (айлық), «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» 1-ОЭБ (жылдық), «Отын-энергетиқалық баланс туралы есеп» 1-Газ (жылдық), «Газ желісі туралы есеп» 12-сауда (жылдық), «Сауда тауарлары бойынша есеп» 6-ТП (жылдық) «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп», 1-Биржа (жылдық) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп»,1-ВТ (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», G-003 (жылдық) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп» нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді жинауды, бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізуге; статистикалық ақпаратты шығару кестесі мен заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына сәйкес статистикалық ақпаратты (бюллетендерді, жедел ақпараттарды, жинақтарды, баяндамаларды) дайындауға; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысандағы өтініш;
2) персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің www.kyzmet.gov.kz;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің www.stat.gov.kz;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментінің www.stat.gov.kz/almaty сайттарында соңғы жарияланнан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті» РММ-де, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, өзінің ұйымына тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________
_____________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |