2011 жылғы 1-жарты жылдығындағы облыстық бюджеттің
атқарылуы жөніндегі есеп
Облыстық бюджеттің жалпы атқарылу қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетінің атқарылуының жалпы қорытындысы мынадай көрсеткіштер бойынша сипаталады:
(мың теңге)
Атауы
|
Бекітіл- ген бюджет
|
Бір жылға нақтыланған бюджет
|
Есепті қаржы жылына түзетілген бюджет
|
Есеп беру ккезеңіне жиынтық қаржылан-дыру жоспары
|
Кас-салық атқа-рылуы
|
Қар-жылан-дырудың жиын-тық жоспа-рына %
|
I. Кірістер
|
131279,4
|
146334,5
|
146334,5
|
69893,7
|
72059,6
|
103,1
| Салық түсімдері |
12926,7
|
14073,7
|
14073,7
|
5245,1
|
7065,9
|
134,7
| Салықтық емес түсiмдер |
289,2
|
1420,0
|
1420,0
|
294,5
|
639,7
|
217,2
|
Ресми трансферттерден түсетін түсімдер
|
118063,5
|
130840,8
|
130840,8
|
64354,0
|
64354,0
|
100,0
|
II. Шығындар
|
126608,2
|
147140,6
|
147140,6
|
70430,5
|
66396,1
|
94,3
|
III. Таза бюджеттік кредит беру
|
1210,9
|
2719,7
|
2719,7
|
-398,7
|
-428,1
|
|
I V. Қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо
|
4907,7
|
738,8
|
738,8
|
338,8
|
334,4
|
|
V. Бюджет тапшылығы (профициті)
|
-1447,4
|
-4264,7
|
-4264,7
|
-477,0
|
5757,2
|
|
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)
|
1447,4
|
4264,7
|
4264,7
|
477,0
|
-5757,2
|
| Заемдар түсімі |
2586,4
|
4095,2
|
4095,2
|
854,7
|
854,7
|
|
Заемдарды өтеу
|
1139,0
|
1139,0
|
1139,0
|
1123,0
|
1123,0
|
100,0
|
Бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары
|
0
|
1308,5
|
1308,5
|
745,3
|
-5488,9
|
|
Справочно:
|
|
|
|
|
|
|
Қаржы жылының басындағы бюджет қалдығы
|
|
|
|
|
1308,5
|
|
Есеп беру кезеңінің соңындағы бюджет қаражатының қалдығы
|
|
|
|
|
6797,4
|
|
2011 жылғы 1-жарты жылдағы облыстық
бюджеттің түсімдерінің атқарылуы
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджетке 72059,6 млн.теңге кірістер түсті немесе ол 103,1%, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4604,3 млн. теңгеге артық. Республикалық бюджеттен берілген субвенция және нысаналы трансферттер 64354,0 млн. тенгені құрады.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджет меншік кірістер бойынша 139,1%-ға орындалды, 5539,6 млн. теңге жоспармен 7705,6 млн. теңге түсті, жоспардан тыс 2165,9 млн.теңге түсті.
Облыстық бюджет бойынша бекітілген жоспарларды орындау барлық кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.
738,0 млн. теңге – жеке табыс салығы, 461,8 млн. теңге - әлеуметтік салық, 345,2 млн. теңге – салықтық емес түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштер асыра орындалды.
Облыстық бюджеттің шығыстарының атқарылуы
Облыстық бюджеттің шығыстары 68708,2 млн. теңгені немесе жоспардың 94,4 %-ын құрады.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында облыстық бюджетте білім беру алдындағы міндеттерді орындауға республикалық бюджеттен берілетін күрделі шығындар, трансферттерді ескере отырып, 5550,0 млн.теңге, оның ішінде жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыруға – 520,5 млн.теңге және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер – 857,6 млн.теңге сомасында шығыстар жұмсалған болатын.
Жалпы білім беруге жалпы шығыстар 1324,3 млн.теңгені құрады, білім беру объектілеріне күрделі жөндеуге және білім берудің мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 311,9 млн.теңге сомасында қаражат жұмсау мәселесі шешілді.
105,4 млн.теңге сомасында қаражат білім берудің 18 объектісіне күрделі жөндеуге аванс төлеу, 206,5 млн.теңге – 67 ұйымды материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша аванс төлемдері.
Білім беретін кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамыту мақсатында 24 кәсіптік лицей және 8 кәсіптік мектептерді ұстауға және 33 колледжге облыс үшін қажетті орта арнайы білімі бар мамандар даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыруға тапсырыс берілді, оған 2086,3 млн.теңге немесе 99,3% жұмсалды.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік мекемелердің кадрларын қайта даярлауға арналған қызметтерді төлеуге жергілікті бюджеттің шығыстары 58,0 млн.теңгені құрады. 2020-Жұмыспен қамту бағдармаласын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен экономика саласындағы білікті кадрлар қажеттілігін қанағаттандыру үшін 313,2 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.
Үш бағыт бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктігіні арттыру, оның ішінде: 1. мамандарды даярлау: - Жол картасы шеңберінде 2009 жылы қабылданған мемл.тапсырыс бойынша оқытуды жалғастыру, 11 сынып түлектерінің ішінде 727 адам; - Жол картасы шеңберінде 2010 жылы қабылданған мемл.тапсырыс бойынша оқытуды жалғастыру, 11 сынып түлектерінің ішінде 900 адам. 2. Шағын және орта бизнес кадрларының 614 адамды қайта даярлау; 3. Шағын және орта бизнес кадрларының 192 адамның біліктілігін арттыру.
2011 жылы облыстың денсаулық сақтау бюджеті 14790,6 мың теңгені құрады, жыл қорытындысы бойынша орындалу 14370,5 мың теңге немесе 97,2%, оның ішінде жергілікті бюджеттің шығыстары 12590,1 мың теңге, 1780,4 мың теңгесі – республикалық бюджет.
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз етуге 9482,7 млн.теңге, немесе жылдық көлемнің 100%-ы жұмсалды, оның ішінде жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 2853,8 млн.теңге жұмсалды. Жеңілдікті дәрілік заттармен қамтамасыз ету нәтижесінде жекелеген санаттағы азаматтар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, диспансерлік есепте тұрған балалар мен жеткіншектер, диабетпен ауыратын ауруларды, онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігімен ауыратындар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға 541,5 млн.теңге жұмсалды, оның ішінде 352,1 млн.теңгесі –жергілікті бюджет, 189,4 млн.теңгесі – республикалық бюджет қаражаты.
Босанатын әйелдерге дәрігерлік жәрдем беретін және балалар ұйымдар үшін медициналық жабдық (инкубаторлар, ИВЛ аппараты, жаңа туған нәрестелер үшін мониторлар, электркардиографтар, жаңа туған нәрестелер үшін ренимация үстелі және т.б.), облыстың аудандық емханалары үшін медициналық жабдық (рентгентік флюрографиялық сандық жылжымалы кешен, маммографиялық сандық жылжымалы, стоматологиялық қондырғы жылжымалы), қалалық және облыстық ауруханалар үшін жабдық (ректоскоп, биохимиялық талдағыш, нейрохирургия үшін бейнеэндоскопиялық кешені, рентген диагностикалық стационарлық аппарат, талшыкты светодиоды бар эзофагастродуоденоскоп) санитарлық әуе қызметі үшін реанимобиль, қан орталықтары үшін медициналық жабдық (микропроессорлы басқарумен тразы-араластырғыштар, гематологиялық талдағыш. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен денсаулық сақатау ұйымдарына күрделі жөндеуге 301,6 млн.теңге сомасында аванс төленді.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында халықты әлеуметтік қорғау мекемелері мен іс-шараларын ағымдағы ұстауға бюджет қаржатының 2077512,6 мың теңгесі жұмсалды немесе игеру 97,6%-ды құрады.
Облыста 22 халықты әлеуметтік қорғау мекеме жұмыс істейді, аталған мекемелерді ұстауға 2501657,5 мың теңге жұмсалды, ол 100%-ды құрады.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен 16 халықты әлеуметтік қорғау мекеме жұмыс істейді, аталған мекемелерді ұстауға 1155,4 млн.теңге жұмсалды, ол 95,8%-ды құрады, оның ішінде 253,5 млн.теңгесі республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттер.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында «2020-Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде (жастар іс-тәжірбиесі) жеке кәсімкерлікке қолдау көрсетуге 31,3 млн.теңге немесе 95,8% сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылған.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 97,0 млн.теңге бөлінді, игеру 83,1%-ды құрайды, онда 3 халықты әлеуметтік қорғау мекемеде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен 18 мұрағат мекемесі жұмыс істейді, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында оларды ұстауға 180,4 млн.теңге қаражат бөлінді, ол толығымен игерілді, оның ішінде 23,8 млн.теңге материалдық-техникалық базаны нығайтуға бөлінді.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында мәдениет мекемелерінің желілерін ағымдағы ұстауға және іс-шараларға бюджеттен 1141,6 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Облыстың 4 кітапханасын ұстауға бюджеттен 129,9 млн.теңге немесе 97,3% жұмсалды.
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс бойынша аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар мәдениеттік іс-шаралар жүргізілген болатын. Барлығы облыс бойынша мәдени-ойын-сауық іс-шаралар өткізуге 853,7 млн. теңге жұмсалған болатын.
Сондай-ақ, «Жол картасын» іске асыру шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 97,0 млн.теңге бөлінді, ол 83,1%-ды құрады, мәдениеттің 8 мекемесі мен ұйымына жөндеу жұмыстары жүргізілді (2 кітапхана, 6 мұражай).
2011 жылдың бірінші жарты жылдығында туризм, дене шынықтыру және спортты дамытуға облыстық бюджеттен 1319,4 млн.теңге жұмсалды немесе 99,8%-ды құрады, оның ішінде спорт іс-шараларын ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ, спорт жарыстарында әртүрлі спорт түрлері бойынша құрама командаларды дайындау және қатысуға 343,7 млн.теңге жұмсалды.
Облыстағы 37 БЖСМ, Олимпиядалық резервтерін дайындау үшін спорттық мектептер, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектептерді ұстауға 876,4 млн. теңге немесе 99,9%-ы жұмсалды.
Облыс бойынша туристік қызметті реттеуге облыстық бюджеттен 23,7 млн.теңге жұмсалды немесе игеру 97,1%-ы құрады.
Біздің облыс аумағында қазіргі уақытта туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыратын 125 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушы, 219 орналастыру орны, 24 ерекше қорғалатын республикалық маңызы бар табиғи аумақтар тіркелген.
«Жол картасын» іске асыру шеңберінде облыстық бюджет қаражаты есебінен 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 14,0 млн.теңге бөлінді, игеру 99,6%-ды құрады, оның есебінен 4 спорт объектісінде жөндеу жұмыстары басталды.
Бірінші жарты жылдықта әлеуметтік сала объектілерінің құрылысына республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 3 463,0 млн.теңге жұмсалды, нақты 2 654,8 млн.теңге игерілді. Аталған қаражат есебінен әлеуметтік саланың 16 объектісінің құрылыс жүргізуде, оның ішінде Өскемен қаласы және Жарма ауданының балабақшалары, Үржар, Глубокое, Күршім аудандарының орта мектептері, Зырян қаласының Катонқарағай ауданының жаңа 2 балабақша құрылыстары жалғастырылды. Өскемен қаласының Сәтпаев даңғылындағы балабақша салу бойынша жұмыс жобалық-сметалық құжаттамалардың жоқтығынан тоқтатылды және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі жаңа мектеп құрылысы бойынша сот шешімі бойынша тоқтатылды.
Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы және көп бейінді қалалық аурухана құрылысы бойынша 353,6 млн.теңге (86%) игерілді, сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында Өскемен қаласындағы Қан орталығы жалғастырылатын болады.
Әлеуметтік қамсыздандыруды 4 объектісының құрылысына (Зимовьев интернат-үйі және психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемесі, Зырян ауданы Серебрянск қаласының МӘМ-ге изолятор жапсаржайы, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы «УБА» шипажайына қосымша құрылыс салу) 150,4 млн.теңге немесе 86% қаражат жұмсалды.
Тұрғын үй құрылысын шаруашылығына 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында 5,4 млрд.теңге немесе жоспарланған көлемнің 84,7%-ы жұмсалды, төмен игерілуге Абай (61,5%), Көкпекті (70,1%) аудандары мен Семей қаласы (77,5%) жол берген.
«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жалғастырылды, Өскемен қаласындағы 28 тұрғын ауданындағы тұрғын үйлер кешені салынып жатыр, 323,2 млн.теңге игерілді. 2011 жылы Өскемен және Семей қалаларындағы тұрғын үй жинақтау жүйесі арқылы кредит беру бағдарламасын іске асыру қарастырылды. Есеп беру күніне Өскемен қаласына республикалық бюджеттен бөлінген 631,0 млн.теңге игерілген жоқ (мәслихат сессиясының шешімімен үйлер тізбесі өзгертілді), шілде айынан бастап іске асыру жоспарлануда.
Өскемен, Семей, Курчатов Зырян қалаларында және Шемонаиха ауданында коммуналдық (жалдық) тұрғын үйі салу және сатып алуға 395,5 млн.теңге жұмсалды немесе есеп беру кезеңінде 98,3% игерілді.
Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өскемен және Семей қалаларындағы салынып жатқан тұрғын үйлер инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымы құрылысы бойынша іс-шаралар іске асырылуда, 84,9% немесе 830,3 млн.теңге
Облыстық бюджеттің трансферттері есебінен (қоса қаржыландыру) Өскемен және Семей қалаларындағы коммуналдық тұрғын үй құрылысын аяқтауға және Өскемен қаласындағы инженерлік-коммикациялық инфрақұрылым салуға есепті кезеңде 658,6 млн.теңге қарастырылды, 494,9 млн.теңг немесе 75,1%-ға игерілді.
Елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамытуға облыс республикалық бюджеттен 2 518,2 млн.теңге трансферттер алды, облыстың 12 өңірінде сумен жабдықтау жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 97,8% игерілді. Сонымен қатар, қоса қаржыландыруға облыстық бюджеттен 238,1 млн.теңге жұмсалған қаражат аталған объектілер бойынша толығымен игерілді.
2020 Бизнестің жол картасы» индустриалдық инфрақұрылымды дамытудың бағдарламасын іске асыруға 415,1млн.теңге жұмсалды, энергетика және коммуналдық шаруашылық 143,9 млн.теңгені игерді, аталған қаражат есебінен «Арматур зауыты ауданындағы Машиностроителей көшесі бойынша бизнесті дамыту» және «Шемонаиха қаласындағы шекарамаңы ынтымақтастығы үшін агроөнеркәсіптік, көліктік логистикалық орталығы» 2 жоба іске асырылып жатыр.
Сонымен қатар, 2010 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Азия Авто» АҚ кiреберiс темiр жолының құрылысы» жобасы бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен 63,1 млн. теңге (64,6%) игерілген.
Аталған бағдарлама аясында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кредиттер бойынша мөлшерлемелерге 988,7 млн. теңге, шағын және орта бизнеске жекелеген кепілдемеге 48,4 млн. теңге, бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге 20,3 млн. теңге субсидия беруді жүзеге асырған, бірінші жартыжылдыққа жоспарланған қаражаттар толығымен игерілген.
Семей қаласының жылумен қамту желісін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруға алынған 4194,7 млн. теңге және қоршаған орта объектілерін салу және қайта жаңартуға бөлінген 545,7 млн. теңге республикалық бюджет трансферттері толығымен игерілді.
Облыстың 16 бағыты бойынша автомобиль жолдарын салу және жөндеу, Күршім ауданының Қара-Қаба өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын аяқтау және «Семей-Қайнар» автожолын қайта жаңарту, Өскемен қаласындағы Самарское шоссе теміржолы арқылы өтетін автомобиль жолының құрылысын жалғастыру, «Шынқожа-Мыңбұлақ-Акшәулі» және «Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кіре беріс жолы» автожолдарын қайта жаңарту бойынша 1448,6 млн. теңге сомасындағы міндеттемелер толығымен орындалды.
Ауылшаруашылықтың бюджеттік бағдарламалары бойынша қаражаттардың игерілуі 99,5%-ды құраған немесе 1623,8 млн. теңге жұмсалған.
Бірінші жарты жылдықта республикалық бюджеттен өңірлерге 9768,8 млн.теңге сомасында нысаналы трнасферттер бөлінген болатын, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 95,9%-ға игерілді.
2011 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеруі туралы ақпарат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
млн. тенге
|
Атауы
|
Бір жылға жоспар
|
РБ-тен бөлінген
|
ЖАО төленген міндеттемелері
|
Атқару сомасы
|
Жиыны:
|
21597,0
|
9768,8
|
9365,4
|
403,4
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Абай
|
330,2
|
141,8
|
99,7
|
42,1
|
Аягөз
|
347,0
|
86,8
|
82,2
|
4,6
|
Бесқарағай
|
128,6
|
38,3
|
33,4
|
4,9
|
Бородулиха
|
111,2
|
19,9
|
13,9
|
6,0
|
Глубокое
|
579,6
|
268,7
|
255,0
|
13,7
|
Жарма
|
643,0
|
182,1
|
176,2
|
5,9
|
Зырян
|
339,5
|
85,7
|
70,2
|
15,5
|
Зайсан
|
401,2
|
165,6
|
161,0
|
4,6
|
Катонкарағай
|
300,8
|
122,9
|
119,9
|
3,0
|
Күршім
|
182,4
|
38,2
|
35,4
|
2,8
|
Көкпекті
|
172,0
|
43,6
|
39,3
|
4,3
|
Риддер
|
144,7
|
47,8
|
39,5
|
8,3
|
Семей
|
8635,7
|
4652,6
|
4534,6
|
118,0
|
Курчатов
|
76,7
|
45,9
|
45,1
|
0,8
|
Тарбағатайский
|
514,8
|
186,7
|
182,9
|
3,8
|
Өскемен
|
7245,2
|
3072,2
|
2932,9
|
139,3
|
Ұлан
|
464,7
|
152,1
|
149,2
|
2,9
|
Үржар
|
777,2
|
307,7
|
292,4
|
15,3
|
Шемонаиха
|
202,3
|
110,2
|
102,6
|
7,6
|
Беджетаралық қатынастар
Жалпы сипаттағы трансферттер деректері
|
|
|
|
млн. теңге
|
Атауы
|
Бір жылға жоспар
|
Есепті кезеңге жоспар
|
Атқарылды
|
% орындалу
|
Жиыны:
|
81700,1
|
58113,4
|
58113,4
|
100
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
Абай
|
1183,3
|
645,5
|
645,5
|
100
|
Аягөз
|
2336,1
|
1226,0
|
1226,0
|
100
|
Бесқарағай
|
1312,8
|
738,8
|
738,8
|
100
|
Бородулиха
|
1196,7
|
697,1
|
697,1
|
100
|
Глубокое
|
1326,2
|
862,9
|
862,9
|
100
|
Жарма
|
2172,1
|
1297,0
|
1297,0
|
100
|
Зыряновск
Зыряновск
|
1322,1
|
581,9
|
581,9
|
100
|
Зайсан
|
1682,2
|
910,0
|
910,0
|
100
|
Катонқарағай
|
2052,0
|
1116,9
|
1116,9
|
100
|
Күршім
|
2330,6
|
1121,3
|
1121,3
|
100
|
Көкпекті
|
2144,8
|
1102,9
|
1102,9
|
100
|
Риддер
|
408,9
|
252,9
|
252,9
|
100
|
Семей
|
856,5
|
756,5
|
756,5
|
100
|
Курчатов
|
45,0
|
22,5
|
22,5
|
100
|
Тарбағатай
|
3031,0
|
1554,0
|
1554,0
|
100
|
Өскемен
|
0,0
|
|
|
|
Ұлан
|
1691,2
|
945,2
|
945,2
|
100
|
Үржар
|
3171,5
|
1701,1
|
1701,1
|
100
|
Шемонаиха
|
710,3
|
443,4
|
443,4
|
100
|
аудандар бойынша жиыны
|
28973,2
|
15975,7
|
15975,7
|
100
|
Облыстық
|
52726,8
|
42137,7
|
42137,7
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |