Вестник таразского государственного педагогического института



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет64/99
Дата18.12.2017
өлшемі5,03 Kb.
#4968
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99

132 
 
- ақыл-ойы дамиды; 
- еркін ойлауға мүмкіндік береді; 
- шығармашылық белсенділігі артады ; 
- ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді; 
- тіл байлығы жетілдіріледі; 
- жан-жақты ізденушілігі артады. 
Кез  келген  оқыту  технологиясы  оқытушыдан  терең  теориялық,  психоло-гиялық, 
педагогикалық,  әдістемелік  білімді,  үлкен  педагогикалық  шеберлікті,  шәкірттердің  жан 
дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.  Сабақта интерактивті технологияны 
қолдану  оқушының  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  оқушы  пікірін  тыңдауға,  белгілі 
бір идеяны қабылдауды, зерттеуді, салыстыруды үйретеді.  
Жаңа технологияларды  күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында 
отырған  баланың  жас  ерекшелігін  ескеріп,  ӛзінің  шеберлігіне  орай  таңдап  алады.  Жаңа 
әдістерді  қолдануда  интерактивті  тақтаның  пайдасы  зор.    Интерактивті  тақта  арқылы 
кӛптеген  тапсырмалар  орындауға  болады.  Тапсырманы  орындауға  барлық  оқушы 
қатысады.  Әсіресе  тұйық,  ӛз  ойын  жеткізе  алмайтын,  ӛздеріне  сенімсіздеу  оқушылардың 
ӛздері  жазбаша  жұмысты  қызыға  орындайды.  Ӛйткені  интерактивті  тақтаның  келесі 
бетінде  ол  тапсырманың  дұрыс  жауабы  беріледі,  сол  арқылы  оқушы  ӛзінің  жауабын 
салыстыра  тексеріп,  ӛзін-ӛзі  бағалайды.  Топпен  жұмыстану  барысында  белсенділік 
кӛрсете  отырып,  топтау,  Венн  диаграммасына  түсіру,  сәйкестендіру  әдістерін 
интерактивті  тақтада  орындап,уақытты  үнемдеуге  болатынын  кӛруге  болады.  Сабақты 
бекіту  бӛлімінде  активпультті  пайдаланып,  уақытты  үнемдеу,  оқушының  шапшаңдық 
қабілетін, ӛз білімінің нәтижесін кӛруді дағдыландыруға болады.   
Білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық  және  оқыту  құралы  болып 
компьютер  саналады.  Сондықтан  кез  –  келген  білім  беру  саласында  мультимедиялық 
электрондық  оқыту  құралдары  барлық  пәндерді  оқытуға  пайдаланылады.  Бұл  бағытта 
ақпараттық  технологияны  оқыту  үрдісіне  екпінді  түрде  енгізу  бағытында  және 
қолданылатын  жаңа  құралдардың  бірі  –  бағдарламалық  –  техникалық  кешен  болып 
саналатын «Автивті экран»,  яғни, интерактивті тақта болып табылады.  
Бүгінгі таңда ӛскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология 
оқу үрдісіне нәтижелі жетістік әкеліп, оқытушыда, білім алушыда интерактивті тақтаның 
педагогикалық  мүмкіншіліктерін  аса  жоғары  бағалап,  оны  іс  жүзінде  тиімді  қолдану 
тәсілдерін  зерттеу  үстінде. Шынында  да,  интерактивтік  тақта  сабақты  түрлендіруге 
кӛмегін  тигізіп,  яғни  оқытудың  барлық  кезеңінде,  кез-келген  пәнді  оқытуды  қызықты  да 
әсерлі ӛткізуге ықпалын тигізеді. 
Оқушыны ойлау мен сӛйлеу дағдыларына жетілдіруде мультимедиялық  құрылғылар, 
оның  ішінде  интерактивті  тақта    арқылы  интерактивті  әдісті  қолдану  баланы  тәрбиелеп, 
оған білім беруде үлкен жетістікке апарады. 
Ақпараттық-технологиялық  құзіреттілігі  қалыптасқан  мұғалімінің  оқушылардың 
ақпараттық  сауаттылықтарын  қалыптастыруда  рӛлі  зор.  Ӛйткені   бүгінгі  ақпараттық 
қоғамның   жас  ұрпағы  оқу-тәрбие  үрдісінің  мазмұнын  толық  жаңартуды,   озық 
технологиялар  мен  әдістерді  қолдануды  талап  ететін  ұрпақ  екенін  ескерсек,  ол  педагог 
маман  дайындайтын  оқу  орындары,  оқытушылары  мен  машықкер  мұғалімдердің  үнемі 
соңғы  білім,  ғылым  саласындағы  жаңалықтардан  хабардар  болып,  үздіксіз  білімдерін 
жетілдіруді қажет етеді. 
Педагогикалық  технология  мен  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  ӛзара 
байланысына  құрылған  ақпараттық  біліми  ортада  оқушыларының  ақпараттық 
сауаттылықтарын  тиімді  қалыптастыруға  болатындығы  қазіргі  таңда  тәжірибелік-
эксперимент  жұмысы  барысында  дәлелденген,  сондықтан,  білім  мекемелерінің  арнайы 
пән  сабақтарында  интерактивті  тақтаны  қолдану  мүмкіндіктері  қол  жетімді  болуға  тиіс         
[6.311-б].
      


133 
 
Қазіргі  заман талабына сай жаңа технологияны, ақылды объектілерді ӛмірде  қолдана 
білу,  білім  беру  әдістемесінде  маңызды.  Сондықтан  да  білім  сапасын  жақсартуда 
оқытушы мен оқушыға барлық жағдай жасалуда. Қазіргі  мектептердің барлығының жаңа 
технологиялармен,  соның  ішінде  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілуінің  ӛзі-  білім 
сапасын  арттыруға  септігін  тигізеді.  Әр  жаңа  технологияның  ӛз  жаңашылдығын 
әкелгенімен  қатар,  ӛзіне  тән  қызметі  болады,  ол  сабақ  түсіндіруде  уақытты  немесе  тағы 
басқа бір жағынан ұтуға мүмкіндік береді. 
Интерактивті тақта– бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі жәнеде дәріс 
берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі  құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен 
қарапайым  маркер  тақтасын  біріктіретін  құрал.  Демек  интерактивті  тақта  компьютердің 
дисплейі.  Яғни,  компьютердегі  барлық  материалдарды  интеративті  тақта  бетінде 
кӛрсетуге болады [7,22 б].  
Бұл тӛмендегі ресурстың барлық спекторларын кең пайдалануға мүмкіндік береді: 
 
Презентация арқылы бағдарламалық қамтамасыз етілу; 
 
Мәтіндік редакторлар 
  CD-ROMдар 
 
Интернет 
 
Видео-файлдар  (телевизиялық  бағдарламалардан,  видео-фильмдерден,  видео-
кассеталардан үзінділер т.б.) 
 
Кескіндер,суреттер мен диаграммалардың сәулелері 
 
Дауыстық  файлдар  (радио,  кассеталардан,  оқушылар  мен  оқытушылардың  дауыс 
жазылымдарының  үзінділері).  Дауыс  шығарушы  кӛмегімен  CD-ROM  немесе  интернет 
беттеріндегі кез-келген дауыс 
 
Ит-ға араналған барлық бағдарламалардың қамтамасыз етілуі 
 
Әртүрлі пәндерге арналған бағдарламалық қамтамасыз етілуі[8, 6б].  
Оқу үрдісінде компьютер мен проектордың кӛмегімен интерактивті тақтаны қолдану 
оқытудың  әсерлілігін  барынша  жоғары  етеді.  ИТ-ның  барлық  мүмкіндіктерін  қолдану 
үшін оқытушы сабақты түбегейлі жоспарлау керек. ИТ-да құрастырылған сабақты бір рет 
емес, бірнеше рет  қолдануға  болады. Бұл  уақытты үнемдейді. Оқытушы ӛзіне  қажетті бір 
емес бірнеше ресурстарды таңдай алады. Жоғарыда аталған реурстар кәдімгі  сабақта  қол 
жете  бермейтін  компьютердің  мүмкіндіктерін,  атап  айтсақ,  түс  ӛзгерту,  жылжыту,  дауыс 
шығару т.б. ИТ арқылы пайдалануға үлкен жағдай туғызады.    
Оқытушы  беретін  материалдың  түр  түсін  ӛзгертіп,  оқушылардың  қызығушылығын 
арттыра алады. 
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді 
шешуге кӛмектеседі: 
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру; 
- Алған білімді жүйелеу; 
- Ӛзін – ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; 
-  Оқушыларға  оқу  материалдарымен  ӛздігінен  жұмыс  істегенде  әдістемелік  кӛмек 
беру. 
Бұл  технологияны  оқу  материалын  хабарлау  және  оқушылардың  ақпаратты 
меңгеруін ұйымдастыру арқылы, кӛзбен кӛру  жадын  іске қосқанда арта түсетін  қабылдау 
мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  әдіс  деп  қарауға  болады.  Оқушылардың  кӛпшілігі 
естігенінің  5  %  және  кӛргенін  20  %  есте  сақтайтыны  белгілі.  Аудио  –  және 
видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. 
Интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің мҧғалім ҥшін артықшылығы: 
-  Мұғалімге жаңа материалды визуалды  түсіндіруге мүмкіндік береді; 
-  Кез-келген  қосымшалардың  үстіне  сурет  салуға  және  жазба  жазуға  мүмкіндік 
береді; 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау