110
деятельности по отношению к ним, а компетентность – владение, обладание человеком
соответствующей компетенцией, включающей его личностное отношение к ней и предмету
деятельности.
Annotation
This article This article Input a word form students of primary school education in the process of
competence. Competence - includes a set of interrelated personality qualities (knowledge, skills, ways of
life), defined with respect to a certain range of objects and processes necessary for the quality of
productive activities in relation to them, and the competence - possession, possession of a person suitably
qualified, including its personal attitude to it, and the subject of activity.
ӘОЖ 524.85
ҦЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҦРПАҒЫ - МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ
Ибраимова Л.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Бүгінде жаһандық ӛркениет пен сәт сайын жаңғырған ғылыми индустрияда қарымды
бетбұрыстармен таныла бастаған Қазақ Елі әлемдік ӛреден асқақ абырой, жоғары
мәртебеде орын иелене бастады. Бұл бабаның асыл арманы, атаның мұң-зарына ұласып,
ақыр соңында ХХ ғасыр буынының бағына бұйырған ұлы Тәуелсіздікдің жемісі.
Егеменді дамудың алғашқы ширегінде күллі қазақстандықтарды, ел болашағының
іргетасы ретінде қаланған басты құндылықтарды санамалап кӛрсеткен Елбасымыз
Н.Назарбаев «Тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана
еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани
құндылықтары, рухы. Бұл - бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы.
Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең
қасиетті борышы. Бұл оқыған, білімді, жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды
бойына қалыптастырған ұлт ұрпағының қолында» деп, соған байланысты басты мәселені
де баса атап ӛтті.
Елбасы ӛзінің «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Бүгінде отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың
ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен,
тұрақты экономикалық ӛсумен айналысады. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – барлық
саланы қамтитын және үздіксіз ӛсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен
бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.
Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей ӛту – ортақ парыз, абыройлы
міндет! »деп, ӛзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке
шығарды.
Осы орайда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында
Мемлекет
басшысының "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан
халқына арнаған кезекті Жолдауындағы ұлттық идея "Мәңгілік Ел" стратегиясын
насихаттау және де Елбасының Жолдауына үн қосу мақсатында "Мәңгілік Ел" пәнінің
оқу-әдістемесі дайындалды. Аталған пән 2016-2017 оқу жылында оқу процесіне енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған, ұлтын шексіз
сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін жалынды жастарында десек, сол жас
буынды адамзат қоғамының игілігіне бағытталған рухани құндылықтардың қалыбында
тәрбиелеудің жаңашыл бағыт бағдарлары мен негізін жүйелеу міндеті заманауи
үрдістермен тығыз сабақтастықта болуы заңды. Біз жастардың санасына білімділіктің
мәдениетке бастайтын сара жол екенін, ғылым мен білімнің нәтижелері, нанатехнология -
бәрі адамзаттың игілігі мен байырқалы ӛмір сүруі үшін жасалатын құндылықтар екендігін
жете ұғындыруымыз қажет. Бәріміздің обьектіміз біреу-ақ, ол елін сүйетін, оның
болашағының жарқын болуы үшін еңбек ететін ұлтжанды ұрпақ, яғни ұлттық тұлға
111
қалыптастыру. Бұл келелі мәселені аксиологиялық тұрғыдан жан жақты сипатта қамту
елеулі нәтижеге қол жеткізбек.
Жалпы белгілі бір қалыптар мен құндылықтар әрбір халықтың мәдени ӛріс
шеңберінде ӛзіндік сипатымен айқындалатын болғандықтан, бүкіл адамзатқа бірдей
тұжырымдалған мәдениет кодексін ұсыну мүмкін емес. Осыған орай қоғамдық
ынтымақтастық, үйлесімдік пен келісімді де бекерге шығаруға болмайды, яғни, тұлға
үшін ортақ мақсаттардың болуы аса қажет. Осыған орай жастарды мүмкіндігінше жан-
жақты дамуға, спортпен, ӛнермен айналысуға, шет тілдерін молынан меңгеруге, отандық
және әлемдік рухани қазыналардың, әдебиеттің терең мұраларын жете танып-білуге,
ұлтымыздың рухани құндылықтарын барынша игеруге, имандылыққа, ӛнертапқыштыққа,
жаңашылдыққа, шығармашылыққа, салауатты ӛмір салтына бейімделуге баулу міндеттері
алдымызда тұр.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің болашақта қандай
болатыны балаларымыздың бойына ӛзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей
байланысты. Ең алдымен біз қыздарымыздың тәрбиесіне кӛп кӛңіл бӛлуіміз керек. Олар -
болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары » -деп, отбасындағы қыздар
тәрбиесіне баса назар аударған болатын.
2013 жылы елімізде тұңғыш рет Елбасының Жарлығымен қыркүйектің 8- інде Отбасы
күні аталып ӛтілді. Бұдан кейін тұрақты түрде әр жылы қыркүйектің екінші жексенбісі
Отбасы күніне арналады. Ұлттық білім беру жүйесін отбасының білім беру үрдісіне
қатысуынсыз модернизациялау мүмкін емес. Бүгінгі таңда отбасының жас буынды
тәрбиелеуде әлеуметтік міндеті артып отыр. Себебі отбасы жеке тұлғаның қоғаммен
ӛзара әрекетттестігінің негізгі құралы болып табылады.
Ӛмірдегі бар ізгілік ана махаббатынан нәр алып, ананың аппақ ниетімен кӛктейтіні
белгілі. Ұрпақ тәрбиелеу арқылы ұлт тәрбиесіне айналған әйел-ананың, елдің кӛркі — ару
қыз-келіншектердің қоғамда алатын орны биік, мәртебесі асқақ екендігін қайталап айтсақ
та артық болмас. Қазақ – қай заманда да қыздарына айрықша құрмет кӛрсетіп, аналарын
ардақтай білген халық. Оларға тең дәрежеде қараған, кейбір елдердегідей әйел құқығына
шектеу қоймаған. Осылайша ғасырлар бойы мамыражай бейбіт күндермен қатар
алмағайып замандарда, небір қиын кездерде де ерлермен бірге ел жүгін кӛтеріскен қыз-
келіншектердің бүгінгі күні де атқарар істері аз емес. Қазақ қыздарының табиғатынан
ержүрек, ӛжет келетіні жӛнінде ӛзге елдің ӛкілдері де жақсы лебіздерін білдіріп отырған.
VIII ғасырдың басында қазақ даласында болған француз саяхатшысы Ф.де Рокка
«Женщина всегда играла большую роль у казахов» деген еңбегінде: «Все делает по дому,
у нее на все есть силы, отсюда независимость и закрытость ее характера. Она никогда не
закрывает лицо, как таджикские женщины. Мужья нежно назывют своих жен «карлыгаш,
Сарыкыз, Жибек», -деп жазса, француз зерттеушісі Ф.Анжинер қазақ әйелдері, олардың
қоғамдағы орны жӛнінде былай дейді: «Это очень активные люди, среди которых
чувствуешь себя в полный безопасности, женщины не закрывают лицо и не стесняются в
мужской среде, даже среди иностранцев ». Ал, шетел зиялысы Э.С. Вульфон: «Қыз –
жігіттернің ойын-сауықтарында емін-еркін араласуы жӛнінен қазақтар басқа мұсылман
халықтарынан ӛзгеше: әйелдері жүздерін жасырмайды, ерлерден тығылмайды.... қазақ
әйелдері еркектермен бірге атқа шауып, ән салып, кӛңіл кӛтеріп жүре береді және ӛз
адамдарын да, жат жерліктерді де жатырқамайды», - деп ӛз уақытында шынайы бағасын
да берген. Ежелден-ақ қазақ әйелдерінің ізеттілігі мен ақылдылығы, ӛжеттілігі мен
тапқырлығы, ерлігі еуропалық ғалымдардың ӛзін бей-жай қалдырмағаны байқалады.
Тарихшы, этнограф ғалым Лев Гумилев: «Кӛне түріктер» деген еңбегінде: «Түріктер
әйелдерді сал-серідей қатты құрметтейді. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім
еткен. Содан барып әкесіне сәлем берген», -деген сӛзі дала қазақтарының қыздары мен
анасын ардақтап, әйелді сыйлай білетін халық екендігін ескертсе, орыс ғалымы Г.Потанин
қазақ қыздарының саусақтарынан ӛнері тамған шетінен шебер, іскер, еңбекқор екендігі
Достарыңызбен бөлісу: |