155
орындауда оларға тапсырманың орындалу барысын, шарттың жүзеге асуы және нақты
әдістердің кӛрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің кӛмегі қажет болды.
Оқушылардың оқу үлгерімінің жүйелі түрде ӛсіп отырытынын мынандай факторлар
анықтап берді:
- оқу және оқудан тыс ӛзіндік танымдық белсенділікті арттыруда компьютердің жиі
қолданылуы;
- математикадан басқа барлық сабақта компьютерді кеңінен қолдану арқылы
мәселелік жағдайларды туғызу;
- компьютерді қолдану арқылы үнемі бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді іс-әрекетке жүйелі
түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету
қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Камардинов О.,Азаматов С.Информатика негіздері.Алматы, 1993 ж.
2. Балапанов Е.Информатика бойынша 30 сабақ.А.,2000ж
3. БидайбековЕ.Ы АбдулкаримоваГ.А Информатика и средства информатики в
начальнойшколе Алматы 2002
4. Лапчик М.П Методикапреподованияинформатики «Академия» Москва 2001
5. Теорияи методикаобученияинформатики М: Высшая школа ,2004
6. Жалпы информатика (5-9 кл.) М.,1999ж.
7. Арнайы информатика (10-11 кл.) М.,1999ж.
8. Практикалық информатика (5-11 кл.) М.,1999ж.
9. Халыкова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы Білім 2000ж
10. Сафронова Н.В Теория и методика обучения информатике. Учебное пособие. М.:
Высш.школа., 2004
Аннотация
Компьютерді сабақта қолдану мүмкіндігі оқушылардың қызығушылығын арттырады,
мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді және үлкен маңыздылығын жекелеп немесе топтап даралауды
қамтамасыз етеді. Оқу іс-әрекетін басқару функциясын жүзеге асыруда компьютерді оқыту құралы
ретінде қолданудың маңызы зор. Компьютерді қолдану арқылы оқушыларды танымдық белсенді
іс-әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім сапасын арттыруға және ол білімді одан әрі
тереңдету қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді
Аннотация
Возможность применение компьютера на уроке математики проявляет интерес учеников, и
облегчает работу учителей, обеспеспечивает индивидуальную способность учеников.
Применение
компьютера в качестве средства обучения
имеет важное значение для реализаций функции
управления образовательной деятельности.
Использование компьютера для студентов в
познавательной деятельности на регулярной основе с целью улучшения качества теоретических
знаний и позволяет понять необходимость дальнейшего углубления знаний.
Annotation
Possibility application of computer on the lesson of mathematics professes interest students, and
facilitates work of teachers of обеспеспечивает individual ability of students. Application of computer as
means of educating has an important value for realization of function of management of educational
activity. Use of computer for students in cognitive activity on regular basis with the purpose of
improvement of quality of theoretical knowledge and allows to understand the necessity of the further
deepening of know
156
ӘОЖ.53 (077)
ФИЗИКАДАН ГРАФИКТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кушкимбаева Б.Ж., Егембердиева С.Ш.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Физика курсының белгілі бір бӛліміне есеп шығарғанда жалпы есеп шығару
ережелерінен басқа сол бӛлімнің ерекшеліктеріне байланысты қандай да бір қосымша
толықтыруларды ескеру қажет болады. Жалпы физика курсында қарастырылатын
кинематика есептеріне нүктенің немесе бірнеше нүктелердің бірқалыпты айнымалы түзу
сызықты қозғалысы есептері, нүктенің жазықтықтағы қисық сызықты қозғалысы есептері
және қатты дене айналысы қозғалысы есептері кіреді. Есепті шығаруға қажетті
мәліметтерді графикті талдаудан алатын болсақ, ондай есептерді графиктік есептер деп
атайды.
Графиктер физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті ӛрнектеудің ең
кӛрнекі жолдарының бірі, оларсыз ӛмірді елестету мүмкін емес. Сондықтан оларды
пайдалана білуге үйрету ең басты шарт. Графиктермен жұмыс істеу оқушылардың
физикалық ойлауын дамытуға ықпалын тигізеді, оларды физикалық құбылыстарды сан
жағынан зерттеуге үйретеді. Оқу процесінде графиктерді қолдану және оқушылардың
түрлі графиктік жұмыстарды орындауы, физикалық құбылыстар мен процестердің
арасындағы сандық тәуелділікті неғұрлым терең түсінуге себін тигізеді. Графиктерді
қолдануды талап ететін есептерді шығару әдістерін қарастырайық. Мұндай есептерді
шешу үшін қойылатын негізгі талап қарапайым элементар функциялар графигін жақсы
білу және оны зерттей білу. Атап айтқанда бірқалыпты және бірқалыпты айнымалы
қозғалысы кезіндегі жолды, орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді сипаттайтын
геометриялық теңдеулердің, яғни түзудің және параболаның теңдеулерін жақсы білу
керек.
Графиктік есептерді екі топқа бөлуге болады.
Бірінші графиктік есептер тобына бір кинематикалық шамалардың тәуелділігі (әдетте
уақытқа) беріліп, осы тәуелділік бойынша қандайда бір басқа шамаға да тәуелділігін
тұрғызу керек болатын есептер жатады [1, 18б].
Мұндай есептерді шығарғанда берілген графикті мұқият талқылап, берілген
қозғалыстың сипатын анықтайды және сол берілген тәуелділіктің теңдеуін жазады. Осы
теңдеу бойынша ізделініп отырған тәуелділікті анықтау керек және оны зерттеп кезекті
графикті салу керек. Осындай есептерді шығаруға дағдыланған кезде ізделініп отырған
графикті алгебралық теңдеулерді анықтауға ерінбей-ақ бірдей сызуға болады.
Екінші графиктік есептер тобына кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділігі
графигінің біреуінен есептің шартын анықтау қажет болатын есептер жатады. Осындай
есептің шарты график түрінде жазылғаннан соң оның шешуі сызылған графиктен
қандайда бір шаманы табу болып табылады. Осындай есептерді шығарғанда есептің
шартын тиімді және ыңғайлы кӛрсететіндей ізделініп отырған шаманы оңай
анықтайтындай қажетті графикті таңдай білуге үлкен кӛңіл бӛлу қажет. Бір қалыпты және
бірқалыпты айнымалы қозғалыс тақырыбына графиктік есептер шығаруға әдістемелік
есеп шығаруға мысал қарастырайық.
Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың жылдамдығының уақытқа тәуелділігі графигін
физика курсынан белгілі. Олай болса мына 1-суретте кӛрсетілген жылдамдық графигі
арқылы жолдың уақытқа тәуелді графигін салу керек болсын [2, 18б].
Достарыңызбен бөлісу: |