48
байланыстырады. Шұбар деп аталатын жер туралы мәлімет Ш.Ш. Уәлихановтың
«Ыстықкӛл сапары күнделігінде» (1856) кездеседі.
Ал, неғұрлым шындыққа жанасымды кейінгі мәліметті ұжымшардың бақташысы
Қошқар Қаспақов берді. Қазіргі Шұбардың орнында ну-жынысты тобылғы ӛскен еді.
Кейіннен жатақ-қазақтар аздаған бӛліктерін тазалап, кетпенмен тегістеп, бидай мен тары
еккен. Міне, осы әр жерлердегі ойдым-ойдым жерлер, тобылғымен араласып, ала-
шұбарланып жатқандықтан – Шұбар атанған дейді [14.10].
Әрине, Н.Сәбитов жетекшілік еткен этнографиялық экспедициялардың жинаған
мәліметтері осы сияқты топономикаға байланысты ӛте қызықты мәліметтерге толы болды.
1949 ж. 20 тамызы мен 15 қазаны аралығында Жамбыл облысының Шу ауданында
этнографиялық экспедиция жұмыс істеді [9.89]. Экспедицияның мақсаты мен міндеті
«Қазақтың ұжымшарлық (колхоздық) ауылының мәдениеті мен тұрмысы» деген тақырып
бойынша мәліметтер жинау. Бұл ұжымшарлық құрылыстың қазақ ауылындағы жеңісі
нәтижесінде орын алған зор ӛзгерістерді кӛрсетуге бағытталған Н.Сәбитов басқаратын
этнография секторының 1949 ж. арналған тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді [15].
Экспедицияның құрамына енгендер: Тарих, археология және этнография
институтының ғылыми қызметкерлері Д.Рахметов, Ф.Аронов, аспирант Ғ.Уәлиханов,
суретші М.И. Шаталов. Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы СССР ҒА Этнография
институтының ғылыми қызметкерлері: Е.И. Махова және О.А. Корбе, соңғысы
экспедиция бастығы болды. Уақытты дұрыс пайдалану үшін және кӛзделген аудандарды
толық қамту үшін экспедиция екі отряд болып жұмыс істеді. Біреуінің құрамында – О.А.
Корбе, Е.И. Махова және Ғ.Уәлиханов болса, екіншісінде – Д.Рахметов, Ф.Аронов және
М.И. Шаталов енді.
Ӛзінің жұмысы барысында экспедиция 10 ұжымшарда болды. Атап айтқанда,
«Белбасар», «Бірлік-үстем», «Арал», «Еңбекші», «Ынталы»-Ескі Шу ауылсоветі;
«Үңгірлі», «Сарыбұлақ»-Панфилов ауылсоветі, Алға ауылсоветі; «Кӛкқайнар» - Жаңа-Шу
ауылсоветі; Аманкелді атындағы – Панфилов ауылсоветі [16]. Экспедицияның жұмыс
істеуінің негізгі тәсілі жергілікті тұрғындарға сұрау жүргізу, ескі-құнды дүниелерді
суретке түсіру, кӛшірмелер жасау (ұжымшарлық ауыл кӛрінісін, еңбек процесін, үй
тұрмысын т.б.). Осы мақсатта экспедиция мүшелері бірнеше отбасыны зерттеді,
ұжымшарлардың бригадалары мен фермаларында, қоғамдық және мәдени орындарда
(мектеп, клуб және т.б.) болды.
Экспедиция жұмысының нәтижесінде 265 сурет түсіріліп, 38 кӛшірме жасалды,
оларда жеке тұрғын үйлердің, елді-мекендердің, қоғамдық үйлердің, шаруашылық
заттарының т.б. бейне-кӛрінісі берілген. Сонымен қатар 503 беттен тұратын жазба мәлімет
жинақталды. Бұл жазбада
шаруашылық және мәдени-тұрмыстық мәселелер,
ұжымшардағы еңбекті ұйымдастыру, ұжымшар мүшелері арасындағы социалистік жарыс,
отбасы мен отбасылық қатынастар мәселесі қарастырылған [16.50-60].
Экспедицияның жұмысы жайындағы толық мәлімет сол кездегі Қазақстанда далалық
зерттеулерге жалпы жетекшілік жасаған Н.Сәбитовтың «Культура и быт казахского
колхозного аула» атты мақаласында берілген [17]. Бұл мақалада ғылыми-зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеті айқындалып, оның нәтижелері сарапталып, талдау
жасалған.
Н.Сәбитовтың меңгерушілік қызметі кезінде ұйымдастырылған экспедициялардың
бірі 1950 ж. Мәскеу этнографтары Е.И. Махова мен О.А. Корбенің және аспирант-
этнограф Е.Мукаевтың қатысуымен болды. Экспедиция Семей облысының Абай
ауданындағы және Талдықорған облысының «28 гвардиялықтар атындағы» ауданның
бірнеше ұжымшарларында зерттеу жүргізді. Бұл экспедицияның да алдында 1949 ж.
экспедицияға жүктелген міндеттер мен мақсаттар қойылған еді, яғни кӛркейіп ӛскен
ұжымшардағы қазақтар тұрмысы жайында мәліметтер жинау. Сонымен қатар Алматы
ауырмашина жасау және Алматының жанындағы Қарғалы шұға комбинатының
49
жұмысшылары тұрмысына зерттеу жүргізілді. Бұл экспедицияның жұмысына этнография
секторының кіші ғылыми қызметкері И.В. Захарова қатысты.
Келесі экспедиция таза Қазақстандық этнографтардан құралды. Ол 1951 ж.
құрамында этнография секторының кіші ғылыми қызметкері И.В. Захарова (экспедиция
басшысы) және Ф.Аронов, аспирант-этнограф Р.Ходжаева және суретші И.Мусаев бар
экспедиция Алматы облысының Жамбыл ауданы ұжымшарлары қазақтарының мәдениеті
мен тұрмысы жайында этнографиялық мәліметтер жинады. Негізгі мәлімет кӛздері:
шаруашылық, тұрғын-үй, киім, тағамдар, қоғамдық және отбасылық тұрмыс, ауыз
әдебиеті т.б. болды. Экспедиция мүшелері мәліметтерді қағазға түсірумен қатар, суретке
түсірді, киімдердің, үйлердің үлгісін қағазға кӛшірді. 1948 ж. Н.Сәбитов басқарған
этнография секторының кіші ғылыми қызметкері Д.Рахметов Семей облысының
Шұбартау мен Абай аудандарының бірнеше ұжымшарларында болып, ӛз зерттеулерін
жүргізді.
Жоғарыда аталған экспедициялар жайындағы қысқаша мәліметтер Тарих
институтының Ғылыми кеңесі мен этнография секторының отырыстарының хаттамасында
келтірілген. Мысалы, ғылыми кеңестің 18. ІХ. 1946 ж. хаттамасы [18], этнография
секторының отырысында 9.ІХ.1946 ж. № 1 хаттамасында тіркеліпті [19]. Сонымен қатар
Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының ІІ-
ші ғылыми сессиясының жұмысы стенограммасында (1-3 шілде, 1949 ж.) екінші қаралған
мәселе: 1949-1950 ж. этнографиялық экспедиция қорытындыларына арналды [20].
Айтылған экспедиция материалдарын талдаудан ӛткізіп, жиналған мәліметтерді
жүйеге келтіріп, этнография секторының меңгерушісі Н.Сәбитов кӛлемді мақала етіп
жариялады [11.89].
Алғашқы, Н.Сәбитов кезіндегі этнографиялық экспедиция жайындағы мәлімет тарих
ғылымының кандидаты, талантты ғалым-этнограф Э.А. Масановтың «Очерки истории
этнографического изучения казахского народа в СССР» деген еңбегінің 307-310
беттерінде берілген [21]. Ӛзінің сипаттамасын қорытындылай отырып автор былай деп
жазды: «Помимо сбора и предварительной обработки экспедиционных материалов
казахстанские этнографы составили обширную рабочую библиографию по этнографии
Казахстана. Однако к исследованию накопленных материалов по дореволюционной
этнографии они так и не перешли, ошибочно считая, что «старый быт нужно изучать
только для сопоставления его с новым бытом»- деген сын-пікірлерін де айтып ӛтті
[21.308].
Ғылым Академиясында дайындалған жинақтық «Октябрь және Қазақстан ғылымы»
деген еңбекте қазақ этнографтарының еңбектері былай сипатталады: «Основные свои
усилия еще немногочисленная группа этнографов, руководимая Н.С. Сабитовым,
направляла на изучение материальной культуры, общественного и семейного быта,
прикладного искусства казахов в ХІХ веке» [22]. Сонымен Н.Сәбитов бастаған аздаған
этнографтардың еңбегі осы кӛлемді кітапта аталып кетеді.
1952 ж. Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институты
Жамбыл облысының Мерке ауданына этнографиялық экспедиция ұйымдастырады.
Экспедиция құрамы үш адамнан тұрады: этнография секторының меңгерушісі Н.Сәбитов
(экспедиция бастығы), ғылыми қызметкер И.В. Захарова, суретші-фотограф Н.Третьяков
[23]. Экспедицияның негізгі міндеті мен мақсаты ұжымшарлық құрылыстың ӛркендеуі
мен нығаюына байланысты қазақтардың тұрмысы мен отбасы қатынастарындағы
материалдық және рухани мәдениетіндегі соңғы 15-20 жылдағы болған ӛзгерістерді
кӛрсететін мәліметтерді жинастыру.
Экспедиция ӛз жұмысын тӛрт ұжымшарда: «Сталин атындағы», «Киров атындағы»,
«Жданов атындағы» және «Қызыл Октябрьде» жүргізді. Бұл ұжымшарлардың таңдап
алынуы да тегін емес еді. Ӛйткені кей ұжымшарлардың аудан орталығынан алыс
орналасуы, кейбіреулерінің керісінше ӛте жақын орналасуы, шарушылық түрлері және
ұлттық құрамының ерекшеліктері ескерілді. Мысалы, «Сталин атындағы» ұжымшар аудан
Достарыңызбен бөлісу: |