В республике казахстан


-тарау. Сот-сараптама қызметінің субъектілері



жүктеу 7,47 Mb.
бет5/43
Дата04.12.2017
өлшемі7,47 Mb.
#3193
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

2-тарау. Сот-сараптама қызметінің субъектілері



12-бап. Сот сарапшысына қойылатын кәсіптік және

біліктілік талаптары

1. Сот сарапшысының арнаулы ғылыми бiлiмi болуға тиiс.

2. Сот сараптамасын жүргiзу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;

2) сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;

3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.

3. Бiржолғы тәртiппен сараптама жүргiзу:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған;

2) қылмыстық, азаматтық процеске қатысушының, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның), әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушының сот сараптамасы органдарының қызметкерi болып табылмайтын не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын адамды сарапшы ретiнде тарту туралы дәлелдi өтiнiшхаты қанағаттандырылған;

3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартуы қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген;

4) осы Заңның 49-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн.

4. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың жоғары білімі болуға тиіс.

5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысының бiлiктiлiгi болуға, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның комиссиялары аттестаттауға және олар Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.

6. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымына орналаса алады.

7. Сот сараптамасы органдарына алғаш жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.

8. Сот тәртiбiмен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам сот сарапшысы бола алмайды.

Тиiстi заңдық факт болған күннен бастап үш жыл бойына:

1) соттылығы заңда белгiленген тәртiппен өтелген немесе алынған;

2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

3) мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан, сот сараптамасы органдарынан терiс себептермен шығарылған;

4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;

5) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.



Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру

1. Сот сарапшысы біліктілігін беру оның біліктілік емтиханын тапсырып, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігінің берілуі арқылы жүзеге асырылады.

2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.

3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау

1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығының деңгейін анықтау мақсатында олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді.

Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі.

2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидаларын және олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.



Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары

1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі.

2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия бас лицензия болып табылады.

3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.

4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидаларын және оның құрамын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру

1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта жалғастырудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді.

2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысы:

1) ол мемлекеттік қызметте болған;

2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;

3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген;

4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады.

3. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды:

адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған;

адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;

соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензиядан айыру:

адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған;

адамды аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығының жеткіліксіз деңгейі салдарынан оның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған;

адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қуынымы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.

Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы қуыным арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi.

Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдар негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады.

Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған адам қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17-бап. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмi

1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттары мен қалыптастырылу және пайдаланылу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейді.

2. Осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәліметтер енгiзiлген сот сарапшысына тапсырады.



Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Сот сарапшысының құқықтары

1. Сот сарапшысының:

1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға;

2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге;

3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;

5) сараптаманы тағайындаған органның келiсiмi бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыретi шегiнде қорытынды беруге;

6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге;

7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға;

8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.

2. Сот сарапшысы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды) хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша процеске қатысушылармен келіссөздер жүргізуге;

2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға;

3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;

4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.



Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-бап. Сот сарапшысының міндеттері

Сот сарапшысы:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге;

2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге;

3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге;

4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;

5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Сот сараптамасы органдары

Сот сараптамасы органдарына:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;

2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның сот сараптамасы органдары, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдары жатқызылады.



Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары

1. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер:

сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе;

осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сот сарапшысы болмаса;

сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса;

осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе, тиісті дәлелдерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтаруға;

2) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға;

3) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы өтініш жасауға;

4) сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптамасы ісін жүргізу мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады.

2. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті зерттеу объектілерін дербес талап етуге;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

3) сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқау беруге құқылы емес.
22-бап. Сот сараптамасы органы басшысының міндеттері

Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды және зерттеу объектілерін алған кезде, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына заң талаптарын ескере отырып іс жүргізуді тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.


3-тарау. Сот сараптамасын жүргізу
23-бап. Сот сараптамасын жүргізудің негіздері

1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), прокурордың, нотариустың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргізуге негіз болып табылады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және сарапшының қорытынды беруі үшін қажетті зерттеу объектілерін және іс материалдарын ұсынады.

3. Тірі адамдарға сот сараптамасын тағайындаудың ерекшеліктері осы Заңның 4-тарауында айқындалады.



Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24-бап. Сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу кезіндегі шектеулер

1. Заңда көзделген негіздер болған кезде сот сараптамасы органына сот сараптамасын жүргізу тапсырылуы мүмкін емес, ал басталған сот сараптамасын жүргізу дереу тоқтатылады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер болған кезде сот сарапшысы сот сараптамасын жүргiзуге қатысудан шеттетуге жатады, ал егер ол осы сот сарапшысына тапсырылған болса, оны жүргiзудi дереу тоқтатуға мiндеттi.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25-бап. Сот сараптамасын жүргізу мерзiмдерi

1. Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмi сот сараптамасы органы, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын, сот сарапшысы ретiнде тартылған жеке тұлға сот сараптамасын және оның объектiлерiн тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды iс жүргiзуге қабылдаған күннен бастап есептеледі.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган көздеген ерекше жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын жүргізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.

Сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiн ұзартуды сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) дәлелдi өтiнiшхаты бойынша жүзеге асырады.

Ерiктi түрде сот сараптамасына тартылатын адамдардың және сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту тәртібі осы Заңның 37-бабының 2 және 3-тармақтарында белгiленген.

3. Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындаудың жалпы критерийлерін, олардың күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамасын жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу барысында зерттеу жүргізбей қорытынды беру мүмкін болмайтын қосымша материалдарды ұсыну қажеттілігі туындаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына дәлелдi өтiнiшхат жібереді.

Көрсетілген жағдайда сот сараптамасын жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысы тоқтата тұру үшiн негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн, бiрақ он тәулiктен асырмай тоқтата тұрады.

Егер сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар көрсетілген мерзім ішінде жойылмаса, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым және оны жүргізу үшін ұсынылған материалдар орындалмастан, сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) атына жіберіледі.

5. Сот сарапшысының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама ол жасалғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жiберiледi.



Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26-бап. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға, өзі жүргізіп жатқан іс-әрекеттеріне қатысты сот сарапшысының түсіндірмесін алуға құқылы. Сот сараптамасын жүргізу кезінде аталған тұлғалардың қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.

2. Сот сараптамасын жүргізу кезінде өздерінің немесе өздеріне берілетін құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен қатысуы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) қатысуы міндетті.

3. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) тиісті өтінішті қанағаттандырған кезде, оны мәлімдеген адамға сот сараптамасының жүргізілетін орны мен уақыты туралы хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сот сараптамасын жүргізуге кедергі келтірмейді.

4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулердің барысына араласуға құқылы емес, бірақ сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер беруі мүмкін.

5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, сот сарапшысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтініш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшыларының комиссиясы жүргізсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуі және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.

7. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде процеске қатысушылардың қатысу ерекшеліктері осы Заңның 41-бабында айқындалады.


27-бап. Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережелері

1. Сот сараптамасының объектілері, егер олардың көлемдері мен қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Басқа жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сарапшысын зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

2. Зерттеулер жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер және құжаттар сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді қаулыда, ұйғарымда қамтылуға тиіс.

3. Сот сараптамасы объектiлерiн пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.



Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28-бап. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу

1. Комиссиялық сараптама күрделі сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.

2. Адамның ақыл-есінің дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін кемінде үш сот сарапшысы тағайындалады.

3. Комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

4. Сот сараптамасы органының басшысы не комиссиялық сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) комиссияның құрамына кіретін сот сарапшыларының қызметін үйлестіру үшін жетекші сарапшыны тағайындайды.

Жетекші сарапшы сот-сараптамалық зерттеулердің жалпы жоспарын әзірлеуді жүзеге асырады, сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімі шегінде жекелеген зерттеулер жүргізу мерзімдерін айқындайды және олардың сақталуын бақылайды, сот сараптамасын тағайындаған органмен (адаммен) байланысты жүзеге асырады, сот сарапшыларының кеңесіне басшылық жасайды.

5. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы толық көлемде тәуелсіз және дербес зерттеу жүргізеді.

6. Сараптама комиссиясының мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның қалған мүшелерінің қорытындыларымен сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.


29-бап. Кешендi сараптама

1. Кешендi сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлі білім саласының негізінде зерттеулер қажет болғанда тағайындалады және оны әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары өз құзыреті шегінде жүргізеді.

2. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы.

3. Кешендi сот сараптамасын жүргізу осы Заңның 28-бабы 4-тармағының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Кешендi сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы өздерінің арнаулы ғылыми білімі шегінде зерттеу жүргізеді.

Кешендi сот сараптамасының қорытындысында әрбір сот сарапшысының қандай зерттеулерді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сот сарапшысы қорытындының өзі жүргізген зерттеу көрсетілген бөлігіне қол қояды.

4. Әрбір сот сарапшысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықталуы үшін сот сараптамасы тағайындалған мән-жайлар туралы жалпы қорытындыны (қорытындыларды) тұжырымдайды. Жалпы қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелерді бағалауға құзыретті сот сарапшылары ғана тұжырымдайды және оларға қол қояды. Егер сот сарапшыларының бірі (жекелеген сот сарапшылары) анықтаған фактілер комиссияның немесе оның бір бөлігінің түпкілікті қорытындысына негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

5. Сот сарапшыларының арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері осы Заңның 28-бабының 6-тармағына сәйкес ресімделеді.

6. Сот сараптамасының әртүрлі органдарына тапсырылған кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Қосымша және қайталама сот сараптамаларын жүргізу

1. Қосымша сот сараптамасы сот сарапшысының қорытындысы жеткілікті түрде анық немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады.

Қосымша сот сараптамасын жүргізу сол сот сарапшысына немесе өзге сот сарапшысына тапсырылуы мүмкін.

Қосымша сот сараптамасын жүргізуді тапсыру кезінде сот сарапшысына алдыңғы сот сараптамасының қорытындысы ұсынылуға тиіс.

2. Сот сарапшысының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген немесе оның қорытындылары күмән туғызған не сот сараптамасын тағайындау және жүргізу туралы іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда, сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін қайталама сот сараптамасы тағайындалады.

Қайталама сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда алдыңғы сот сараптамасының нәтижелерімен келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс.

Қайталама сот сараптамасын жүргізу сот сарапшыларының комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сот сараптамасын жүргізген сот сарапшылары қайталама сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы және комиссияға түсіндірмелер беруі мүмкін, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

Қайталама сот сараптамасын жүргізуді тапсыру кезінде сот сарапшысына алдыңғы сот сараптамаларының қорытындылары ұсынылуға тиіс.

3. Егер екінші немесе кезектегі келесі сот сараптамасы бірнеше негіздер бойынша тағайындалып, олардың бірі - қосымша сот сараптамасына, ал басқалары қайталама сот сараптамасына жататын болса, мұндай сот сараптамасы қайталама сараптаманың ережелері бойынша жүргізіледі.
31-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеулердің нәтижелері бойынша өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасын сот сараптамасының органы жүргiзген жағдайда, сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады.

2. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi мен орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сот сарапшысы (сот сарапшылары) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; сот сараптамасын жүргiзу кезiнде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiлген зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi және тұжырымы көрсетiлуге тиiс.

3. Егер осы Заңның 32-бабында көрсетілген мән-жайлар сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған болса, қорытындыда сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіреуіне жауап қайтару мүмкін еместігінің негіздемесі қамтылуға тиіс.

4. Комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сот сараптамасын жүргізу нәтижелерін ресімдеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

5. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер де, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.

Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
32-бап. Сарапшының қорытындысын берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама

1. Егер сот сарапшысы (сарапшылар) зерттеу жүргізілгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы ғылыми білімінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және орнын толықтыру мүмкін еместігіне не ғылымның және сараптама практикасының жағдайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көз жеткізетін болса, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жасайды және оны өз қол қоюымен және жеке мөрімен куәландырады. Сот сараптамасы органы сот сараптамасын жүргізген жағдайда сот сарапшысының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрімен куәландырылады.

2. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламада: оның ресiмделген күнi, сот сараптамасын жүргiзудiң мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) туралы мәлiметтер; сот сараптамасын жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы туралы және (немесе) сот сарапшысы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сот сарапшысының (сарапшылардың) қойылған қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) шешуiне қойылған мәселелер; зерттеу объектiлерi; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелерге жауап қайтарудың мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi көрсетiлуге тиiс.

3. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаның құрылымын және мазмұнын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Егер сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген бір мәселелер бойынша сот сарапшысы қорытынды берсе, ал басқалары бойынша қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасау үшін негіздер бар болса, ол бірыңғай құжатты – сот сарапшысының қорытындысын жасайды.

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 113-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


жүктеу 7,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау