59
сауаттылыққа бағытталуы керек.
9-
ұсыным. Мектеп кітапханасымен ұсынылатын бағдарламалар мен
қызметтерді кітапханашы мектеп директоры, директордың орынбасарлары,
мұғалімдер, басқа да кітапханадағы әріптестері, сонымен қатар сол жерде
тұратын
халықтардың
ұлттық-мәдени
орталықтары
уәкілдерімен
ынтымақтастықта бірлесе әзірленуі керек. Бұл мектептің әлеуметтік-мәдени,
оқу-тәрбие мақсаттары жетістіктерімен себептесетін болады.
10-
ұсыным. Мектептегі оқыту процесін үнемі жақсарту үшін мектеп
кітапханасының бағдарламасы мен қызметін жүзеге асыруда жинақталған
практикалық тәжірибесін ескеру қажет.
11-
ұсыным. Мектеп кітапханасы мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі
қызметіне
қызығушылық
танытатын
қатысушылар
және
барлық
пайдаланушылармен жоспарлы және жүйелі байланыстары болуы керек [21].
Өскелең ұрпаққа қазіргі заманғы білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің
міндеттеріне сәйкес келетін мектеп кітапханаларын әрі қарай дамыту үшін
жоғарыдағы шаралардың қажет екендігін атап көрсетеміз.
60
Қорытынды
Кітапхана –ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей
алып келе жатқан шырағы биік парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен
біліктіліктің киелі ордасы. Заманымыздың әр кезінде кітапханашы қызметі
туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Олай болса жоғарыдағы ойларымызды
түйіндей келе, көп жылғы тәжірибесі бар кітапханашыларымыздың білімін
жетілдіруіне, тереңдетуіне арналан кәсіби шеберлік жөніндегі байқау – слеттер
өткізуге әдістемелік көмек, ал жас кітапханашы даярлау ісінде заман талабына
сай мамандыққа баулудың ғылыми негізі қалануы қажет. Сонда ғана білгірлер
мен ұлылардың өзі аңсап келетін білімнің қасиетті ордасы «кітапхана» мәңгі
өмір сүреді.
Мектеп кітапханасының қызметі кітапханшылардың білімін жаңғырту
олардың кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыру жолымен жүзеге
асырылады. Кітапханашы өмір бойы оқуда, ізденісте болуы шарт. Ол – кәсіби
міндеті. Себебі, кітапханаға түсетін әрбір жаңа ақпарат маманнан белсенді
қабылдауды және оны іс-тәжірибеде қолдана білуді талап етеді.
Медиаорталықтар оқу залы, компьютерлік зона, оқушылардың жеке
сұраныстары мен мектеп бағдарламасының мақсаттарына сай дәстүрлі және
электронды тасымалдаушылардағы кең ауқымды қорымен қамтылу қажет.
Сондықтан мектеп кітапханалары заманауи мектеп мекемелерінің білім
берудегі басты бөлігі болып табылады. Сонымен қатар көптеген мектептерде
кітапханашылардың мектеп директорының оқу-ақпараттық дереккөздер
жөніндегі орынбасары атануы кездейсоқ емес [22].
Алайда, қаржылық және штаттық шектеулікте ғана мүмкіндігі бар
кітапхана – жаппай ақпараттық қамтамасыз ету қызметін атқара алмайды.
Бірқатар өңірлерде ақпараттық-кітапхана қызметі жетекші, негізгі бағыттарға
жіктеле, сол бағыттар бойынша кітапхана тек өз мектебінде ғана емес, басқа да
қалалық, аудандық білім беру мекемелерінің кітапханалары үшін де (білім беру
қызметінің түрлі бағытында мектеп ақпараттық-кітапхана сүйенішінің
профильді орталығы болды) нақты ақпараттық-кітапханалық орталыққа
айналады.
Мектеп кітапханасын тағы бір бағытта инновациялық ретінде айқындауға
болады: педагогикалық үрдіс ретінде кітапхана қызметін теориялық және
тәжірибелік түсіну болып отыр. Білім беру мекемелері кітапханалары үлесін
осылай бағалау тек кітапханашылар арасында ғана емес, педагогтар қауымы
расында да кең таралған. Осыған байланысты барлық мектеп кітапханалары
үшін педагогика қызметінде заманауи технологияларды меңгеру ерекше орынға
ие болады. Онсыз білім алушылардың ақпараттық мәдениетін тиімді
қалыптастыру, тәуелсіз кітапхананы пайдаланушы дағдысына үйрету,
оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту, олардың бір жастан келесі жас кезеңіне
өтуге кітапханалық қолдау көрсету, мультимәдениет кеңістігін игеруде көмек
көрсету, азаматтық сауаттылығының қалыптасуына ұйытқы болу, сыни ойлау
қабілетін дамытуға үлес қосу мүмкін емес.
61
Бұл тәжірибеде айғақтағандай, оқу-тәрбие процесіндегі кітапхана рөлін
өзгертеді: ол мектептің толық құқылы педагогикалық бөлімшесіне айналады,
оқу-тәрбие қызметін жүргізеді, ал ақпараттық мәдениеттіқалыптастыру
саласында білім беру үрдісін басқарады, басқа құрылымдық бөлімшелер мен
педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді.
Мектеп кітапханаларын оқу әдебиеттермен жұмыс істеуін қайта қарау да
жаңа деңгейге көтереді. Оқушыларды оқулықтардың заманауи басылымдармен,
ал педагогтарды оқу әдебиет нарығында үнемі өзгерістегі тізімдер туралы
ақпараттармен қамтамасыз ету маңыздылығы, осы қызметтің көлемі, оқулықтар
қорымен жұмыс істеу ерекшелігі, мектеп кітапханаларының қызметін орта
және жоғары арнайы оқу мекемелері кітапханаларының қызметіне
жақындататын мектеп кітапханаларына жоғары оқу орындарының
кітапханалары үйлес жаңа мәртебе береді. Өкінішке орай, бұл әзірленуде,
әзірше кітапхана қауымдастығы арасында талқылануда.
Алдыңғы қатарға оқу залы бар кітапханалар бірінші тұғырға шығып,
абонемент басты бөлімше болудан қалуды. Бұл жерде кітапхана, жайлы
жағдайда хабарламалар, рефераттар мен үй тапсырмаларын орындауға
мүмкіндік беретін оқу бөлімшесі ретінде танылады. Кітапхана оқу залында тек
түрлі ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік бермей, анықтамалық-
библиографиялық қызметте жасайды, оқушыға үнемі қажетті материалды өндеу
үшін ақпараттарды іздестіру әдістері бойынша кеңес береді. Тәжірибе арнайы
оқу залдарын жасау қажеттілігін көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |