В рамках обновления содержания образования методические рекомендации



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/53
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53


ресурстарды  қалыптастырудағы  білім  берудің  рөлін  арттыру  жағдайында 
мектеп кітапханасының жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау маңызды. 
Мектептерді  жаңа  білім  беру  стандарттарына  көшіру,  инновациялық, 
ақпараттық  технологияларды  енгізу  мектеп  кітапханаларының  білім  беру 
кеңістігінде бірінші орында тұруына мүмкіндік бермей отыр. 
Әдістемелікұсынымдаманыңмақсаты – бүгінгі инновациялық процестер 
кезеңінде мектеп кітапханасына да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша 
серпін  қалыптастыру.  Кітапханашылардың  қоғамдық  дәрежесін  арттыру. 
Кітапхана  ісін  қалың  оқырман  арасына  жарнамалау,  оқырмандар  санын 
көбейту,  жаңартылған білім  беру  жағдайындамектеп кітапханаларына  жаңаша 
тәсілдерді бағдарлау болып табылады.  
Міндеті: 
• 
кітапхананы білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына 
сай мәдени орталық ретінде қалыптастыру;  
• 
білім  беру  мекемелерінің  ақпараттық  білім  беру  орталығы  ретінде 
кітапхана ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беру; 
• 
әлеуметтің  оқу-тәрбие  процесіндегі  барлық  қажеттіліктеріне  жауап  бере 
алатын білім-мәдени жұмыстарын жаңдандыру; 
• 
мектеп  кітапханашыларының  рөлін  арттыру,  білім  алушыларды  кітап 
оқуға, оны сүюге, қастерлеуге баулу. 
Аталғанәдістемелікұсынымдардықолдану  мектеп  кітапханасын  жүргізуге 
байланысты 
мәселелерде 
кітапханашылар, 
басшылармен 
педагог 
қызметкерлердің зейіндерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.  
 
 
 



1  Білім  мазмұнын  жаңарту  контексіндегі  мектеп  кітапханалары 
қызметінің жағдайы мен мәселелері  
 
Мектеп  кітапханасы  –  мектептің  мәдени,  білім  беру  және  ақпараттық 
орталығы,  балаларды  оқуға  тартудың  бастапқы  буыны.  Сондықтан  да  мектеп 
кітапханаларының  материалды-техникалық  базасын  нығайту,  заманауи 
ақпараттық технологияларымен жабдықтау, қорларды жинақтау сапасы, мектеп 
кітапханашылардың біліктілігін көтеру т.б. мәселелер бүгінгі таңда әлі де өзекті 
болып отыр.Мектеп кітапханасы ақпаратттар мен жаңа сыни ойлардың ордасы. 
Қазіргі  ақпарат  пен  білімнен  құралған  заманда  баланың  жетіліп,  дамуына, 
қалыптасуына кітапхананың маңызы өте зор. Мектеп кітапханасы үздіксіз өзін-
өзі  тануға,денсаулығына  жауапты  және  белсенді  қарауына  үлесін  қосып, 
қалыптасуына  жәрдем  жасайды.  Кітапхананың  басқа  түрлеріне  қарағанда 
мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық 
контингентімен  жүйелі  және  мақсатты  түрде  жұмыс  жасайды,  оның  мектепте 
жыл  бойы  жұмыс  жасай  алуға  мүмкіндігі  бар.  Балалармен  жұмыс  жасаудың 
басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, рухани-
адамгершілік  мәдениеті,  ақпараттық  ресурстардың  барлық  түрлері  мен 
деңгейлерін  пайдалануға  үйрету,  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру, 
кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.  
Мектеп  кітапханасы  оқырман  келіп  кітап  алатын  жер  ғана  емес, 
ақпараттық,  сарапшылық  ресурстарын  пайдалануға  арналған  инновациялық 
орталық. Мектеп кітапханасы ақпараттармен қамтамасыз ету, білім, сауаттылық 
сонымен  қатар,  әлеуметтік  және  мәдени  даму,  экономикалық  салаларда  кез 
келген  ұзақ  мерзімді  стратегияда  басты  маңызға  ие  болады.  Сондықтан 
Елбасының  жылдағы  дәстүрлі  Жолдауында  мәдениет  саласы  да  ұмыт 
қалмайды,  соның  салдарынан  кітапхана  мәселелесі  жыл  санап  біршама  алға 
жылжып,  кітапхана  сөрелері  жаңа  кітаптарға  көбейіп,  мектеп  кітапханасын 
жетілдіру  бойынша  халықаралық  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелер  енгізіліп 
келеді. Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және жинақтау (кітапханаларда 
интернет пен компьютерлер, дербес интерактивті тақталар (ДИТ), электрондық 
жеткізгіште  ақпараттық  ресурстарды  өндеу  және  іздеу,  бағалауға  мүмкіндік 
жасау,  ақпараттық-талдау  қорларын  қалыптастыру  мақсатында  электрондық 
каталог және картотека жасау).  
Мектеп  кітапханаларының  материалдық-техникалық  базасын  нығайту, 
заманауи  ақпарат  технологияларымен  жабдықталуы,  алыс-жақын  шет 
мемлекеттерден  анағұрлым  артта  қалып  отырғанымызды  көрсетеді.  Оқырман 
сұранысына  сай  алуан  түрлі  әдебиеттердің  болуы,  озық  кітапханаға  арналған 
техникалармен  жабдықталуы,  кітапханалық  ақпараттық  жүйемен  (мысалы 
КАБИС, ИРБИС, АБИС т.б.) қамтамасыз етілуі-сынды мәселелер толыққанды 
шешілмеген  мектеп  кітапханалары  бар,  бұл  мектеп  кітапханаларының 
көпшілігіне тән жағдай. Білім беру ұйымындағы кітапханалардың маңызды рөлі 
электронды  оқулықтар,  компьютерлер,  ақпараттық  технологиялар  болып 
табылады. Онсыз оқушылардың оқуын заманауи үрдісте дамыту мүмкін емес. 



Мысалы,  Оңтүстік  Кореяда  кітапхана  жүйесі  жақсы  дамыған,  техникалық 
жабдықталуы жоғары дәрежеде. 1200 балаға бір кітапханашы қызмет көрсетеді. 
Мектеп  кітапханасында  оқырманның  кітапханамен  жұмыс  жасауына  барлық 
жағдайлар  жасалып,  жақсы  жабдықталған.  Кітапхана білім  беру  ресурстары – 
оқулықтардан  өзге  танымдық,  ғылыми-көпшілік,  көркем  әдебиеттер, 
электронды  онлайн  деректер  базасымен  қамтамасыз  етілген.  Оқырмандарға 
электронды  қызмет  көрсетіледі.  Оқушылардың  кітап  оқуға  қызығушылығын 
арттыру  мақсатында  түрлі  шаралар  ұйымдастырылады.  Елімізде  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  мектепалды  даярлықпен  қоса  сыныптың  санына 
байланысты  мектеп  кітапханасының  штаттық  бірліктер  мөлшері[3]  төменде 
көрсетілген (1-кесте). 
 
1-
кесте – Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының үлгілік штаттары 
 
Лауазым 
атаулары 
Мектепалды даярлықпен қоса сыныптың санына (сынып-
комплект) байланысты штаттық бірліктер мөлшері 
6 дейін 
6-10 
11-13 
14-16 
17-20 
21-29 
30 
жоғары 
Кітапхана 
меңгерушісі 







Кітапханашы  

0,5 
0,5 




 
Мектеп  кітапханасының  елеулі  білім  беру  рөлі  оның  орналасуы  мен 
жабдықталуынан  (жиһаздар  мен  құрал-жабдықтары)  көрінуі  тиіс.  Жаңа  және 
қолданыстағы мектеп ғимараттарын жобалау мен қайта құру барысында мектеп 
кітапханасын қолдану сипаты мен функциясы ескерілуі аса маңызды.  
Мектеп  кітапханасын  жабдықтау  белгісінде  қандай  да  бір  бірыңғай 
көрсеткіштердің  мөлшерлік  жиынтығы  жоқ.  Алайда,  әрбір  жаңа  кітапхана 
барынша  мектеп  қажеттіліктеріне  сәйкес  болатындай  қандай  да  бір  негізде 
сметалық  шығындарды  жоспарлау  мүмкін  болатындай  әлдебір  формула 
қолданудың  мағынасы  жоқ.  Жоспарлау  процесінде  келесідей  сәттерді 
ескеру керек: 
–  
орналасу орталығы, бірінші қабатта болғаны дұрыс; 
–  
қолжетімділік, яғни барлық оқу зоналарына жақындық; 
–  
шудың  ықпалы:  ең  болмаса  кітапхананың  бір  бөлігі  сыртқы  шулардан 
оқшау болуы керек; 
–  
сәйкесінше  жеткілікті  жарықтандыру  (күннің  түсуі  мен  жасанды 
жарықтандыру); 
–  
жайлы жұмыс жағдайын, сонымен қатар қордың сақталуын қамтамасыз 
ету үшін жыл бойы ғимаратта тиісті температураның сақталуы; 
–  
жобалық  шешім  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  ерекше 
қажеттіліктерін ескеруі керек; 
–  
көркем  және  басқа  да  әдебиеттер  қорын  жайғастыру,  мұқаба  немесе 
түптелген  кітаптар,  газеттер,  журналдар  мен  басылмаған  ресурстар,  сақтау 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау