21
кеңінен қолданып, кітапханалардан бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы
екендігін дәлелдеп, беделін көтеру. Мектеп кітапханасына жаңа
технологияларды енгізу оқырмандармен Интернет және әлеуметтік желілер
көмегімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсету бағытының басымдылығы:
мектептегі оқу процесіне белсенді ықпал ету; оқырмандар деңгейіне қарай
сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсету; жаңа оқырманға ақпараттарды
қалай алу керектігін, анықтама ақпаратымен қалай қолдану керектігін,
түсіндіріп үйрету (каталог, картотекалар).
Мектеп кітапханасы – бұл ерекше педагогикалық орта, барлық
кітапханалық формалар, әдіс-тәсілдермен педагогикалық қызметті жүзеге
асырады. Кітапхана аясында оқытудың белсенді әдістері осы немесе басқа да
мәселелерде қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық қызығушылық
тудырады, демек көңіл аударуға, ойлауын тереңдетуге, материалды қабылдау
мен есте сақтауын жеңілдетеді. Заманауи мектеп кітапханасының негізгі
міндеттері ретінде іс-әрекеттің осындай түрлері көрсетілген. Мектеп
кітапханасы оқытуға қатысты қызметтерді ұсынады, кітаптар мен материалдар
мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне сыни ойлауын қалыптастыруға,
барлық форматтар мен барлық тасымалдағыштарда тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
ХХІ ғасырдағы мектеп кітапханасының миссиясы білім алушылардың
ақпараттық мәдени тұлғасын, айналаға, баланың тұлғасын тану, білім алу
құқығы, еркіндік, бақыт, әлеуметтік қорғау дұрыс қарым-қатынас тәрбиесін
қалыптастыру болып табылады. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», –
деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы
рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол.
Баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының адамгершілік нормаларын
қалыптастыруға кітап зор үлес қосады. Сондықтан кітапханаға оқырмандарды
тарту, жаңа кітаптарды насихаттау, интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға
жәрдем беруде маңызды орын алады.
Мектептің маңызды бөлімі ретінде мектеп кітапханасы негізгі мақсаты –
рухани бай, дені сау, адамгершілігі мол оқушыны қалыптастыру үшін, жоғары
рухани-адамгершілік
және
азаматтық
сана-сезімін,
интеллектісі,
шығармашылық қабілеті дамыған, салауатты өмір салты дағдысы, оқу және
ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдысы тұрақты, сонымен қатар,
нәтижелі оқу-тәрбие процесін қолдау үшін жағдай жасау.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы
жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді қарқынды
енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы:
•
пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар
мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша
қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын
қамтамасыз етеді;
•
жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған
22
қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін
қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру;
•
экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге
тәрбиелеу;
•
қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен
мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту;
•
білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру.
Мектептерге заманауи ақпараттық технологияларды енгізу оның білім
беру мақсаттарын өзгертті. Енді олар негізінен білім алушылардың өздігінен
ақпараттарды талдау және ұсыну, іздеу, жинау қабілеттерін дамыту мен
қалыптастыруға бағытталған.
Дәстүрлі мақсаттардың арасынан мыналарды бөліп алуға болады:
•
білім алушыларға тұлғалық гуманистік қасиетке тәрбиелеу (тілектестік,
өзара сыйластық, төзімділік т.б.);
•
танымдық белсенділігін дамыту, оқуға саналы қарым-қатынасын
қалыптастыру, жұмысқа шығармашылық қарым-қатынасы;
•
жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, оқушылардың дербестігі және
еңбекқорлығы;
•
тұлғаның
рухани
дамуы,
жалпыадамзаттық
және
ұлттық
құндылықтардың үйлесімділігі;
•
салауатты өмір салтына ұмтылушылыққа тәрбиелеу.
Мектеп кітапханасы қызметі кітапхананың жұмыс жоспары мен жобалары,
бағдарламаларын білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес
ақпаратты-кітапханалық ресурстар негізінде іске асырады.
Күнделікті білім алушылар, әкімшілік-педагогикалық ұжым, ата-аналармен
өзара әрекеттесе отырып келесі қызметтерді атқарады:
білім беру – мектептегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес
қызметін жүзеге асырады, мектеп концепциясымен тұжырымдалған білім беру
мақсаттарын қамтамасыз етіп сүйемелдейді.
ақпараттық –тасымалдағыш, формат, түрлеріне қарамастан ақпараттарды
қолдану мүмкіндіктерін ұсынады.
мәдени – білім алушылардың эмоциялық дамуына ықпал ететін, мәдени
және әлеуметтік сана-сезімін қалыптастыратын іс-шараларды ұйымдастырады.
Мектеп кітапханасы білім беру процесінің бөлінбес бөлшегі болып
табылады.
Сауаттылық, ақпаратты қолдану дағдылары, сабақ беру, оқыту мен
мәдениетті дамытуда мектеп кітапханасының негізгі қызметтері басты
маңызға ие:
•
бұрыннан мектептің алдына қойған және оның оқу бағдарламаларына
бекітілген білім беру мақсаттарын нығайту және қолдау;
•
балаларға кітап оқу үрдісін жетілдіру және қолдау білдіру, кітапхананы
өмір бойы қолдану баланың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын
арттырады;
Достарыңызбен бөлісу: |