17
университеттері қалыптасу кезеңін бірнешеге бөліп қарастыруға болады. 1850-
1860 жылдары АҚШ-та жетекші университеттер (Гарвард, Йель, Колумбия
және т.б.) қатарына ғылыми мектептердің қосылу үдерісі жүрді. Бұл үдеріс
гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан қатты сынға алынды. Алайда жаңа типті
жоғары білім беретін университет ретінде лангранттық университеттер
(Iandgrand universities) ретінде құрыла бастады, және осы университеттер
маңынан ғылыми орта қалыптаса бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс
қарсаңында, жедел зерттеу университеттерінің дамуы кезеңі жүрді. Каролина,
Джорджия, Флорида штаттарында жаңа зерттеу университеттері құрылды.
Соңғы инженерлік жаңалықтар мен білімдер тәжірибе жүзінде кең көлемде
қолданыс тапты. Зерттеулер жаңа бағыт ала бастады. Бұл кезеңде американдық
зерттеу университеті германдық тәжірибені қолданды. 1876 жылы Дж. Хопкинс
университеті жаратылыстану ғылымдары мен инжиниринг орталығы болды.
ХХ ғ. басында Америкада зерттеу университеттерінің саны 15-ке жетті. Бұл
университеттерге студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене
араласуы тән. Зерттеу университеттерінің негізгі ұстанымдары білімнің
диверсикациясы
және
оларды
зерттеудің
барлық
кезеңдеріне
интеграцияландыру [72, б.100].
АҚШ университеттеріне ертеректен-ақ оларға автономияның жоғары
дәрежесін беретін, бірақ оларды қоғам мен өкімет билігіне қарсы қоймайтын
жарғылар
мен
конституциялар,
ерекше
құқықтық
мәртебе
тән.
Университеттердің өз қарамағында бағасы уақыт өткен сайын тек қымбаттай
түсетін жері бар болғандықтан, олар шаруашылық қызмет субъектілеріне
айналды. Университеттерге бизнес пен билік институттары тартылды, бұл
университеттік білімнің тәртіптік құрылымынан көрініс тапты (жоғары оқу
орындарында мемлекеттік басқару мен бизнес жөніндегі бағдарламалар – ең
танымал бағдарламалар). Жоғары мектептен біртіндеп ірі ғылыми – білім беру
кешендері бар және ел аймақтары дамуының қуатты факторы ретінде әрекет
ететін зерттеуші университеттер тобы бөлініп шықты. Кейбір ресейлік
сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың заманауи жоғары мектебінің үлгісінен екі
түсініктің: «таңдаулы университет» пен «зерттеуші университеттің» қосылып
кетуі айқын көрінеді. АҚШ–тағы неғұрлым беделді университеттер (Гарвард,
Йель, Принстон, Стэнфорд, Колумбия және басқалары) «Мақпал лигасы» (Iva
League) деп аталатын ақсүйектік ұйымға кіреді, оның кұрамында бірнеше
ондаған жоғары оқу орындары бар. Университеттердің бұл тобы өзінің әдеттен
тыс атауын өткен ғасырларда салынған және мақпалмен көмкерілген
университет ғимараттарының сыртқы түрінен алды. Бұл университеттер
ғасырлар бойғы дәстүрлерімен, тұрақты жоғары рейтингімен, мамандар
даярлаудың үздік сапасымен, зерттеушілік қызметінің жоғары нәтижелерімен
және осыған сәйкес оқудың жоғары бағасымен ерекшеленеді. Бұл жоғары оқу
орындарын бітірушілердің бәріне бірдей америкалық саясат пен экономикадағы
басты қызметтерді өзөзінен иеленуге кепілдік берілмесе де, жеке кәсіпкерлік,
банк ісі және де басқа салалардағы қызметтік өсуіне кепілдік берілген [74].
18
Еуропаның көптеген елдеріне жоғары мектептерде қабылдау емтихандары
жоқ (Франция, Германия және басқалары) де тән. Америкалықтар өздерінің
жоғары оқу орындары қабырғасындағы қабылдау емтихандары тәжірибесінен
бас тартуын мынадай себептермен түсіндіреді: уақыт және қаржылық жағынан
болатын көп шығындар, тесттен өткізудің ұлттық жүйесінің болуы.
Талапкерлерді іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі: мектеп
аттестатындағы бағалар, мектептің ұсынымдары, оқу мен ғылыми жұмысқа
жарамдылығын анықтайтын SAT-1 (Scholastic Aptitude Test) тесттерінің
нәтижелері, қабылдау әңгімесінің нәтижелері. Әрбір университет өзінің өту
баллын белгілейді және талапкерлерді өз критерийлерінің негізінде оқуға
қабылдауға құқылы. Жетекші университеттің колледжі он өтінімнің тек біреуін
ғана қанағаттандырады. Талапкерлер өз штатындағы жоғары оқу орындарына
түсуге ұмтылады, өйткені оқу ақысы бұл штаттың тұрғындары үшін басқа
штаттардан келгендер және шетелдіктер төлейтін ақыдан аз төлейді.
Талапкерлер үшін өздерінің қандай оқу орнына түсуі маңызды болып
табылады, өйткені неғұрлым беделі жоғары оқу орнының дипломы жұмыс
таңдау кезінде айқын басымдықтар және қоғамда үлкен әлеуметтік
артықшылықтар береді. Жоғары оқу орнының рейтингі профессорлық-
оқытушылық құрамының деңгейіне, зерттеушілік әзірлемелердің сапасына,
кітапханаларға бөлінген қаржыларына, талапкерлердің санына, аспиранттық
дайындық бағдарламаларының саналуандығына және т.б. қарай ерекшеленеді.
АҚШ-та зерттеулердің (статистикалық мәліметтерді, сауалнамаларды жинау
және талдау және т.б.) негізінде жыл сайын университеттер мен колледждердің
рейтингін анықтайтын тәуелсіз ұйымдар бар. Оқыту бағасында (жоғары оқу
орнының үлгісіне қарай) елеулі айырмашылықтар болады. Мемлекеттік төрт
жылдық колледждегі оқу ақысы жылына орташа 5-6 мың долларды,
жекеменшік жоғары оқу орнында – жылына 13-20 мың долларды, «Мақпал
лигасы» университеттерінде – жылына 27-ден 40 мыңға дейінгі долларды
құрайды.
АҚШ-та студенттердің 78%-ға жуығы мемлекеттік университеттер мен
колледждерде оқиды. Солай болғанмен де, жекеменшік жоғары оқу орындары
өз дипломдарының беделі, оқытудың жайлы жағдайлары, ерекше оқу
жоспарларының арқасында гүлдене түсуде. Олардағы оқыту заманауи
құндылықтарға қарай бейімделген. Студенттер неліктен жекеменшік жоғары
оқу орындарына түсуге ұмтылады? Мәселе оқу үшін төленетін ақының
төмендігіне қарамастан мемлекеттік жоғары оқу орындарында бірқатар
кемшіліктер бар екендігінде. Олардың ішіндегі ең бастысы – үлкен оқу
топтары: лекцияларға 250 адамға дейін семинарлық сабақтарға – 50 адамға
дейін қатыса алады. Аудиториялардың лық толуынан, зертханалық
жабдықтарға қол жеткізудің қиындығынан студенттерде оқу кезінде іс-
тәжіребелік шеберліктер мен дағдылар қалыптасып үлгірмейді. Жекеменшік
жоғары оқу орындарындағы жағдаят басқаша: лекциялар мен сарамандық
сабақтарға 25 адамға дейін қатысады. Профессор оқытушылар лекция оқуменен
Достарыңызбен бөлісу: |