12
университет жұмысын оптималдандыру бағытында қолданылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыста анықталған бірқатар ұстанымдар, зерттеу
университетін стратегиялық жоспарлау, университет миссиясын қалыптастыру
және білім беру үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.
Алынған нәтижелердің дәйектілігі мен негізділігі әдіснамалық және
теориялық ұстанымдардың негізделуімен, зерттеудің әрбір кезеңіне сәйкес
міндеттердің анықталуымен, Отандық және шетелдік зерттеу университеті
тәжірибесіне жасалынған анализ негізінде, ұйымдастырушылқ, зерттеу және
тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс нәтижелерімен дәлелденді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Әлемдік
тәжірибедегі
зерттеу
университетінің
академиялық
құрылымының ерекшеліктері анықталды.
2. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздері анықталды.
3. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даяралау моделін жүйелік тәсіл көмегімен озық даярлаудың теориялық
негіздеріне сәйкес даярланды.
4. Аграрлық саладағы зерттеу университеті концепциясы.
5. Заманауи зерттеу университетінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау
әдістемесі.
6. Барлық
мамандықтарға
арналған
«Зерттеу
университетінде
мамандарды озық даярлаудың теориясы мен тәжірибесі» элективті курсы.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі:
Зерттеудің негізгі нәтижелері С. Сейфуллин атындағы Қазақ
агротехникалық
университеті,
«Кәсіптік
оқыту»,
«Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар» кафедрасы мәжілісінде, профессор-
оқытушыларының ғылыми-әдістемелік бірлестіктерінде, зерттеудің негізгі
қағидалары ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық
(Алматы 2014 ж., Астана 2014 ж., Қарағанды 2015 ж., Мәскеу 2016 ж.,
Шеффилд 2016 ж, Екатеринбург 2017 ж., Гродно 2017 ж., Токио 2017 ж., София
2017
ж. қалаларында өткен) ғылыми-практикалық конференцияларда
талқыланды, халықаралық Scopus деректер базасына енген басылымдарда
диссертация тақырыбына сәйкес 2 мақала басылымнан шықты, сонымен бірге
оқу-әдістемелік құралдар түрінде жарық көрумен жүзеге асты.
Жарияланымдар. Диссертация нәтижелері бойынша 23 еңбек
жарияланды, оның ішінде Scopus базасына кіретін журналдарда – 2, шетелдік
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда – 4, Қазақстан
аумағында
ұйымдастырылған
халықаралық
ғылыми-практикалық
конференцияларда – 5, Республикалық конференцияларда – 2, ҚР БҒСБК-мен
ұсынылған журналдарда – 3, шетелдік ғылыми басылымдарда – 2, ғылыми
мақалалар жинағында – 3 мақала жарияланды. 1 – оқулық, 1 –электрондық
оқулық жарық көрді (Қосымша А).
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
13
Кіріспеде зерттеудің тақырыбы, оның көкейтестілігі негізделеді, теория
мен практикада мәселенің зерттеу дәрежесі сипатталды, зерттеудің мақсаттары
мен міндеттері көрсетілді, нысаны мен пәні анықталды, зерттеудің
гипотезалары, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, жүргізілген зерттеу
жұмысының кезеңдері анықталды.
«Әлемдік тәжірибеде зерттеу университеттерінде мамандарды кәсіптік
даярлау негіздері» атты бірінші бөлімде кәсіптік білім беру мамандарын
даярлаудың теориялық негіздері анықталды. Әлемдік тәжірибеде мамандарды
кәсіптік даярлау ерекшеліктері анықталды. Әлемдік тәжірибеде зерттеу
университеттерінің құрылу кезеңдері мен даму ерекшеліктері қарастырылған,
аграрлық
саладағы
зерттеу
университеті
құрылымы
қарастырылды.
Зерттеулерге сүйене отырып, қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибедегі зерттеу
университеттерінде мамандарды даярлаудың ерекшеліктері анықталды.
«Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың педагогикалық негіздері» атты екінші бөлімде аграрлық
саладағы зерттеу университетінде мамандарды даярлау үдерісінің теориялық-
әдіснамалық негіздері қарастырылды. Зерттеу университетінде мамандарды
даярлауда жүйелік тәсілдеме негізінде озық білім негіздері қарастырылды.
Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың
моделі жасалынды. Зерттеу университетінде мамандарды даярлаудың
әдіснамалық
мүмкіндіктері
анықталып,
элективті
курс
«Зерттеу
университетінде мамандарды озық даярлаудың теориясы мен тәжірибесі»
бағдарламасы жасалынды.
«Теориялық-әдістемелік модельді жүзеге асыру тәжірибесі» атты
үшінші бөлімде, заманауи зерттеу университетінде бәсекеге қабілетті маман
даярлаудың әдістемесі жасалынды. Аграрлық саладағы зерттеу университетінің
концепциясы құрылымданды және зерттеу нәтижелері қарастырылды.
Қорытынды бөлімде теориялық және эксперименттік жұмыстың
нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада
тәжірибелік-эксперименталдық
бөлімде
көрсетілген
материалдар көрсетілген.
14
1
ӘЛЕМДІК
ТӘЖІРИБЕДЕ
ЗЕРТТЕУ
УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ
МАМАНДАРДЫ КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Әлемдік тәжірибеде зерттеу университеттерінің құрылу кезеңдері мен
даму алғышарттары
Дәстүрлі университеттер халықтық институттар, фундаменталдық білім
мен тәжірибені беруші орталық ретінде қарастырылады. Қазіргі әлемдік
білімнің интеграциялану қарсаңында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып,
елімізде халықаралық деңгейдегі зерттеу университеттерін құру маңыздылығы
артып отыр [71]. Осы орайда әлемдік тәжірибеде зерттеу университеттерінің
құрылу кезеңдері мен даму ерекшеліктерін анықтаудың маңыздылығы зор.
Оқу қызметі және ғылыми зерттеулерді байланыстырушы дәстүрлі идеялар
жүйесі, классикалық білім беру парадигмалары шеңберінде XVIII-ХХ ғасыр
теоретиктерінің еңбектерінде көрсетілген. И. Кант университет идеясына
«ақиқатты көпшілікке айту»- мен айналысатын философия факультеті және
басқа үш факультет – багословтік, заң және медицина – білімдерінің
пайдалылығы мен мемлекет ендірген білімдерге сүйенеді (1798).
Орта ғасырларда Еуропада жоғары білім беру жүйелерінде бөліну
байқалмады, білім мен ғылымға тең көзқарас болды. Ұлыбританиядағы
Кромвель революциясынан кейін маманданудың негізі қаланды. Германия,
Ресей, Францияда жоғары оқу орындарын құрғанда фундаменталдық
білімдерді, фундаменталдық зерттеулерді қалыптастыруға басым назар
аударылды. Ал англо-саксондық жүйеде басым назар тәжірибелік зерттеулерге,
тәжірибелік білімге жасалынды [71, б.14].
ХIХ ғасырдың басында университеттердің үш моделі қызмет етеді. Орта
ғасырлық дәстүрлі университеттер негізінде Британдық модель бойынша
құрылған, мемлекеттік басқару жүйесінен тыс; зерттеулер қоғам міндеттері
болып табылатын оқу орындары. Францияда университеттер мемлекетке
бағынады, ал зерттеулер академияларда жүргізіледі.
ХIХ ғасырдың соңына дейін Еуропада ғылыми зерттеулермен бірнеше мың
адам
айналысты.
Ғылыми
мамандардың
санының
артуы
зерттеу
университеттерінің құрылу кезеңінен бастап артты. Зерттеу университеттерінде
кәсіптік өзін-өзі анықтау үдерісінен бастап ғылымға бас бұрып, зерттеулермен
айналысатын адамдар топтары қалыптаса бастады.
Зерттеу университетінің құрылуы Германиямен байланысты. 1810 жылы
Берлин қаласында В. Фон Гумбольт атындағы университет ашылды.
Германияда Гумбольт университеті моделі – автономды мекеме, зерттеулер мен
білім берумен айналысады. В. Гумбольт пікірі бойынша, ХIХ ғасыр неміс
университеті «объективті ғылым мен субъективті білім беруді» үйлестірді.
Зерттеушілер одан ақиқат іздейді, оқытушылар жаңа ғылыми жаңалықтарды
меңгереді, ал студенттер ең соңғы оқытушылар берген жаңа ақпаратты
қабылдайды (1810).
Гумбольт университеті қызметі екі ұстанымға негізделді:
Достарыңызбен бөлісу: |