8
жағдайларға
бейімдеу
мақсатында
келесі
авторлардың
жұмыстары
қарастырылды:
Зерттеу университеті мәселелерін зертеген Қазақстандық ғалымдар
Г. Мутанов, Н. Анарбек, Е.В. Варавин, М.В. Козлова, Г.К. Досыбаева,
Н.С. Әлқожаева, Қ.Б. Жұмабекова, Б. Қазбеков жан-жақты қарастырған [9-14].
Зерттеу университеті қалыптасу және даму, ұйымдастыру ерекшеліктері,
зерттеу университеті педагогы имиджін, стратегиялық даму бағдарламалары,
білім беру бағдарламаларын жобалау, зерттеу университетінде қосымша білім
беру тәжірибесі, зерттеу университетінің инновациялық жүйені дамытудағы
рөлі бойынша Ресейлік ғалымдар В.А. Гневашева, Е.А. Неретина, В.Н. Княгин,
А. Карташова, Г.И. Петрова, В.И. Смокотин, М.В. Ларионова, В.А. Журавлев,
Э.Б. Адагимова, Г.В. Майер, С.И. Дворецкий, С.В. Мищенко еңбектері
бағытталған [15-26].
Зерттеу университетімен байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізген
шетелдік ғалымдар: Kreangchai Rungfamai, Iryna Y. Johnson, Kumar V.J., Milian
R.P., Amran F.H., Rahman I.K.A., Salleh K., Fatimah Yusooff, Carl Bonander,
Patricia L.Hardré, Salmi Jamil, Altbach Philip G., Nur Syahira Abd Latif, Crow
M.M., Ch. Tucker [27-39].
Педагогикалық
оқыту
әдістемесі
бойынша
И.Т.
Огородников,
М.В. Остроградский, И.Г. Безуглов, Г.Н. Губайдуллина және т.б. еңбектерінде
терең зерттеледі [40-43].
Б.Л. Вульфсон, А.Қ. Құсайынов, Ш. Беркінбаева, Т.Р. Битуова,
В.А. Капронова [44-48] т.б. салыстырмалы педагогика саласындағы, әлемдік
тәжірибе жайында құнды ойлар айтылған.
Тұлғаның шығармашылық бағдарын, өзіндік іс- әрекетін жетілдіруде
оқытудың жаңаша әдістері мен инновациялық процестерді дамыту мәселелері
бойынша еліміздің дидакт-ғалымдары: А.Е. Әбілқасымова, Ш. Таубаева,
Р.С. Омарова, Б.А. Тұрғынбаева, А.А. Бейсенбаева т.б. арнайы ғылыми
зерттеулер жүргізіп [49-53], студенттердің болашақтағы кәсіптік өсуіндегі
акмеологиялық бағдарын қалаптастыруды негіздейді.
Жоғары оқу орындарында мамандарды кәсіптік даярлаудың әдіснамалық-
теориялық негіздері Б. Әбдікәрімұлы, Б.К. Момынбаев, В.Д. Шадриков,
Қ.М. Арынғазин, А.П. Сейтешев, Т.Т. Галиев, Т.К. Мусалимов, А.М. Әбдіров,
А. Қ. Қозыбай, Е.И. Бурдина, С.А. Дружилов, Е.Ө. Жұматаева, С.Т. Каргин, Б.Т.
Кенжебеков, Қ.М. Кертаева, М.Ә. Құдайқұлов, Ш.М. Мұхтарова және т.б.
ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, әр қырынан қарастырылады [54-70].
Аталған
жұмыстардың
жан-жақтылығына
қарамастан,
зерттеу
университетінің
ғылыми-әдіснамалық
мүмкіндіктерін
толық
ашып,
Қазақстандық жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік бермейді. Бұл мезетте зерттеу
университетінде оқыту үдерісін ұйымдастыру, әдіснамалық негіздері – бұл
Отандық педагогика ғылымдарындағы «ақ таңба» болып табылады. Зерттеу
университеті бойынша сұрақтар Қазақстан үшін жаңа болып табылады.
Сондықтан аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қарастыру өзекті болып табылады.
9
Зерттеу университетінде оқу үдерісін ұйымдастыру тәжірибесіне анализ
жасау, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жағдайында Қазақстан
Республикасында зерттеу университеттерін қалыптастыру және білім берудегі
жаһандану жағдайындағы бағдар ретінде жоғары білім беру жүйесіндегі зерттеу
университетерінде жеткіліксіз теориялық-әдіснамалық білім мен ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету арасында қарама-қайшылықтарды көрсетті.
Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздеу тақырыбын «Аграрлық
саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың
ғылыми-әдіснамалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі.
Зерттеу пәні – аграрлық саладағы зерттеу университеті жағдайында
мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негізі.
Зерттеудің мақсаты. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде
мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін құрылымдау.
Зерттеу міндеттері:
1. Әлемдік тәжірибедегі зерттеу университеттері қалыптасу кезеңдеріне
анализ жасау. Заманауи зерттеу университетінің академиялық құрылымын
анықтау.
2. Зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-
әдіснамалық негіздерін анықтау.
3. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік
даяралау моделін жүйелік тәсіл көмегімен озық даярлаудың теориялық
негіздеріне сәйкес даярлау.
4. Зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлаудың ғылыми-
әдіснамалық негіздерін қалыптастыруға байланысты теориялық тұжырымдарды
эксперименттік жұмыс барысында негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, аграрлық саладағы зерттеу
университеттерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтап, озық тәжірибені өз
еліміздің университеттеріне бейімдеп, мамандарды озық даярлаудың
әдіснамалық негіздері айқындалып, зерттеу университетінде мамандарды
кәсіптік даярлау моделі негізделсе, онда университет студенттерінің білім
дейгейі, кәсіптік, зерттеушілік құзыреттілігі жоғарылап, түлектердің бәсекеге
қабілеттілігі артып, заманауи еңбек нарығы сұраныстарына сәйкестенеді.
Жетекші идея. Аграрлық саладағы зерттеу университетінде мамандарды
кәсіптік даярлаудың ғылыми-әдіснамалық негіздерін қалыптастыру әлемдік
деңгейдегі зерттеу университетіне айналуға негіз болады және заманауи
аграрлық салаға бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға септігін тигізеді.
Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: психологиялық-
педагогикалық теориядағы оқу және дамудағы танымдық іс-әрекет; тұлғаға-
бағдарланған оқыту, кәсіптік білім беру педагогикасы; педагогикалық жобалау
және педагогикалық технологиялардың мазмұны; зерттеу университеті
жағдайындағы маман моделін қалыптастырудағы әдіснамалық тұғырлар;
мамандарды даярлаудың жоғары мектептердегі әлеуметтік зерттеулер,
Достарыңызбен бөлісу: |