В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет10/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65

23 
шаруашылықты  дамытудың  жаңа  ғылымды  көп  қажет  ететін  бағыттарын 
жасаудағы және іс жүзінде іске асырудағы белсенді қызметімен толықтырылып 
келеді. 
 
1.2  Қазіргі  кезеңде  әлемдік  тәжірибеде  зерттеу  университеттерінде 
мамандарды кәсіптік даярлау ерекшеліктері 
Бәсекеге  қабілетті  отыз  елдің  қатарына  қосылу  жағдайларында, 
мемлекеттік  құрылысқа,  экономикаға,  әлеуметтік  және  рухани  өмірге  деген 
көзқарас,  шетелдік  үлгілерге  жақындап  келеді,  сондықтан  да  педагогикалық 
жұмыстың  халықаралық  тәжірибесі  біз  үшін  елеулі  қызығушылық  тудырды. 
Ұлттық педагогика шетелдегі педагогикалық ғылым мен тәжірибе жетістіктерін 
бақылап,  үздік  жетістіктерді  өз  қызметінде  пайдаланады.  Бұл  педагогикалық 
трансферт  Қазақстандағы  педагогикалық  жұмысты  жетілдіру  жолдарын 
іздестірудің  маңызды  және  өнімді  бағыттарының  бірі.  Осындай  жағдайда 
экономикалық  көрсеткіштерді,  әлеуметтік-саяси  жүйелерді,  әр  түрлі  халықтар 
мен  елдердің  үлгілерін  салыстыру  үлкен  қызығушылық  тудыратын  мәселе 
болып табылады [81]. «Әлемдік тәжірибеде зерттеу университеттерінің құрылу 
кезеңдері  мен  даму  алғышарттары»  бөліміндегі  жасалынған  зерттеулерді 
сараптай отырып, жоғары білім беру жүйесінің заманауи ерекшеліктерін ескере 
отырып  шетелдік  тәжірибедегі  басым  тұстар  мен  кемшіліктерді  анықтау 
мақсатында талдау жасауды жөн көрдік. 
Заманауи  қоғамның  даму  үдерісіне  анализ  жасай  отырып,  әрбір  мемлекет 
экономикасын  білім  мен  инновацияларға  бағдарланып,  негізделінбесе,  елдің 
әлеуметтік-экономикалық  дамуы  мүмкін  емес  екеніне  көз  жеткізе  аламыз. 
Сондықтанда  жаңа  типті  ойлау  және  іс-әрекетті  инновациялық  бағытта 
қалыптастырудың Қазақстан үшін маңыздылығы өте үлкен. Әлемдік дәрежедегі 
дамыған мемелекеттердің тәжірибесін, даму ерекшеліктері мен алғышарттарын 
ескере,  еліміздің  саяси,  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық 
ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып  елімізде жаңа құрылымдық жоғары оқу 
орындарының  –  зерттеу  университеттерінің  қалыптасуының  маңыздылығы 
жоғары.  
Мемлекеттің  инновациялық  қызметі  –  жаңа  инновациялар  негізінде 
динамикалық эволюциялық өсу. Ол логикалық жүйе ретінде, негізгі міндеттерді 
жүзеге  асырумен  қатар,  оның  рационалды  шешілуіне  де  бағытталады.  Бұл 
үдерістегі маңызды рольде – адам, ал басты сілтеме ретінде - білім беру, ғылым 
және өндіріс болып табылады. Бұл тұрғыда бізде зерттеу  университеттеріндегі 
мамандарды  кәсіптік  даярлау  үдерісі  шетелдік  тәжірибесімен  танысу 
мақсатында  заңнамалық  актілерге,  білім  беру  жүйесін  анықтайтын  заңдарға, 
педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге шолу жасалынды.  
Зерттеу  университетінің  негізгі  қызметінің  бірі  ғылыми  зерттеу 
болғандықтан,  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселелердің  бірі  студенттердің 
зерттеушілік  қызметі,  студенттерде  зерттеушілік  құзыреттілікті  қалыптастыру, 
зерттеу 
университеттерінде 
мамандарды 
кәсіптік 
даярлаудыңәлемдік 
тәжірибесін  қарастыруды  жөн  көрдік.  Талдауға  екі  рейтингтегі  -  World 


24 
University  Rankings  2016-2017  және  Times  Higher  Education  World  University 
Rankings  [82, 83].  Алғашқы  университеттері  іріктеп  қарастырылды. Осылайша, 
университеттердің  сайты  зерттелініп,  олардың  ішінде  АҚШ,  Ұлыбритания, 
Ресей зерттеу университеттері қарастырылды.  
Талдаудың  негізгі  мақсаты  зерттеу  университеттерінде  оқу  үдерісінің  оқу 
бағдармаларында  студенттерде  академиялық  зерттеулерді  дамытуға  арнайы 
көңіл  бөлінетінін  анықтау  мәселесі  болды.  Бұл  үшін  студенттерге  ұсынылған 
оқу  курстары  мен  оқу  орталықтарының  сайттары  қарастырылды.  Сонымен 
бірге,  жеке  білім  беру  бағдарламалары  мен  кейбір  кітапханалардың  сайттары 
талданды;  мақсаты  студенттерге  академиялық  зерттеулер,  жазу  дағдыларын 
дамытуға ықпал ететін қосымша ақпараттық қолдауды ұсынылатынын анықтау 
болды.  
АҚШ  зерттеу  университеттерінде  бірінші  оқу  жылындағы  студенттерге 
зерттеу  іс-әрекетімен  айналысуға  бағыттауға  арналған  академиялық  жазу, 
академиялық 
сауаттылық 
курстары 
бар, 
аталған 
дәстүр 
кейбір 
университеттерде  бұрыннан  бар  (мысалы,  Гарвард  университеті  1-курс 
студенттерін  жазу  негіздеріне  оқыту  дәстүрі  1872  жылдан  басталғанымен 
мақтанады).  Американдық  университеттік  білім  берудің  көп  түрлілігі  мен  оқу 
траекторияларының  жекелендірілуінде  барлық  студенттер  академиялық  жазу 
дағдыларын  оқиды:  барлық  университеттерде  жазу  курстары  білім  беру 
бағдарламасының  міндетті  бөлігі  болып  табылады.  Бірінші  курс  студенттеріне 
міндетті  курстар  академиялық  жазуға  көп  көңіл  бөлсе  де,  жиі  сонымен  ғана 
шектеледі:  олар  өзіне  ғылыми  аргументация  мен  сыни  ойлау  дағдыларын 
дамытуды  да  мақсат  етіп  қояды,  сонымен  бірге  жазу  семинарларының  жазу 
дағдыларын  дамытудан  бөлек  зерттеушілік  жұмыс,  аргументация  негіздеріне, 
сонымен  қатар  кітапханада  жұмыс  әдістерімен  танысуға  мақсаттылығы 
айтылады.  Жоғарыда  аталған  курстардан  бөлек  көптеген  университеттер 
оқытуда  WID  принциптерін  қолданады.  Мұндай  курстардың  мысалы  «Writing 
in  Astronomy»  (California  Institute  of  Technology),  «Legal  Research  &  Writing» 
(Columbia  University),  «Writing  About  Science  and  Engineering»  (The  Johns 
Hopkins  University)  және  т.б.  болады.  Аталған  курстар  арнайы  кафедраларда 
жасалады  және  сәйкесінше  белгілі  бір  пәннің    маман-оқытушысымен 
оқытылады [84]. 
Американдық  зерттеу  университеттерінде  студенттерге  мамандықтарына 
сәйкес  білім  берумен  қатар,  зерттеушілік  дағдыларын  дамытудағы  кеңес 
берушілік, ақпараттық және ресурстық қолдау үлкен орын алады. Бұл қолдауды 
ең  алдымен  әр  университете  бар  курс  орталықтары  береді.  Сонымен  бірге  әр 
факультет,  мамандық  аясында  қызмет  ететін  ғылыми  мектептер  және 
студенттер  ғылыми  ұйымдары,  ғылыми  жобалық  топтардың,  университеттің 
ғылыми  әлеуетін  дамытудағы  маңыздылығы  үлкен.  Сонымен  бірге,  ғылыми-
зерттеу  қызметіндегі  қолдау  студенттермен  қатар,  өз  пәндерінде,  курстарында 
зерттеушілік принциптерін іске асырушы оқытушыларға да көрсетіледі. 
Зерттеу  университеттері  орталықтарында  оқытушыларға  арналған 
ресурстар,  сонымен  қатар  кеңестер  жазылған.  Мысалы,  жазу  тапсырмаларын 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау