В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет44/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65

101 
1.  Университет  білім  беру  ұйымдарының  кез-келгені  тәрізді,  әлеуметтік 
сферада  қоғам  игілігі  және  болашағы  үшін  жұмыс  жасайтын  болғанымен, 
қаржылай пайда, ақылы қызмет атқарады.  
2.  Академиялық  бостандық,  университет  автономдылығы.  Университет 
білім  беру  үдерісіндегі  бостандық  шығармашылықты  туындатады  және 
университет  қызметкерлеріне  еркін  кәсіптік  қызмет  жасап,  шығармашылығын 
шыңдауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдайлар  кәсіптік  энтузиазм  туындауына 
және  университет  қызметкерлерінде  бауыр  басушылық,  ерекше  байланысты 
нығайтады.  Бұл  өз  алдында  қызметкерлердің  аз  жалақы  мөлшерімен  де 
шығармашыл жұмыс жасауға мүмкіндігін арттырады.  
3.  Университет  қызметінің  және  білім  беру  жүйелерінің  экономикалық 
сипаты  уақыт  бойынша  созылмалы  сипатта  болып  келеді  (салымдар  мен 
шығындар  мөлшерін  нақты  есептеу  мүмкін  болса,  кері  қайтарымды  уақыт  өте 
келе анықтауға болады). 
Университет  жүйесініңконцептуалдық  моделінде  негізгі  ұстанымдардың 
бірі  ретінде  корпоративтік  мәдениет  және  ішкі  бәсекеге  қабілетті  ортаны 
қалыптастыру  болып  табылады.  Сонымен  бірге,  университетте  студенттер 
алатын  білім  құндылығы  ақпарат  көлемімен  не  болмаса,  ақпаратты  пайдалана 
алу біліктілігімен шектелмейді. Білім алу көлемі ақпараттық технологиялардың 
даму  есебінен  кеңеюде  (жаңа  виртуалды  университеттер,  қашықтан  оқыту, 
интернет, онлаин курстар, вебинарлар және т.б.). 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  оқу  үдерісін  еркін  ұйымдастыру 
мен  білім  беру  модельдерінің  плюрлизмі,  бәсекеге  қабілетті  студенттер  және 
педагогтар  жинақталған  еркін,  автономды  білім  беру  ұйымы  ретінде 
қалыптасуы  қажет.  Оқу  үдерісінің  тұлғаға  бағдарлығы  педагогтарды  тұлғаға 
бағдарланған 
курстар 
құрастырып, 
оны 
студенттердің 
жеке 
дара 
ерекшеліктеріне, жеке жоспарына сәйкес бейімделінуі қажет. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетіне  тән  ерекшеліктерінің  бірі 
ретінде оқу үдерісі ең фундаменталды зерттеулердің интеграциясын атап өтуге 
болады. Бұл ғылыми қызмет, Гумбольдт моделіне сәйкес білімді жинақтау және 
тарату.  Элиталық  мамандарды  даярлау,  фундаменталдық  зерттеулерді 
стимулдау,  университеттің  корпоративтік  мәдениетін  қалыптастыру,  бәсекеге 
қабілетті  ішкі  орта  қалыптастыру,  оқыту  үдерісінде  проблемалық-бағдарлы 
технологияларды шығармашылық негізіндегі пайдалануды көздейді.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  қоғамның  заманауи  даму 
алғышарттарын  ескеріп,  тез  өзгермелі  жағдайларға  жылдам  бейімделе  алатын, 
жоғары  кәсіптік  мамандарды  қажет  ететін  университет  пен  қоршаған  орта 
арасында  қарым-қатынасты  ескеруі  қажет.  Сонымен  бірге  университеттерге 
прагматикалық  тенденцияларға  сәйкес  мемлекеттен  қаржылық  және 
ұйымдастырушылық тәуелсіздік қамтамасыз етілуі қажет. 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университеті  моделі  заманауи  білім  берудің 
өзекті  мәселелерін  көрсетеді,  олар  мамандарды  заманауи  фундаменталды 
даярлау,  ол  білім  беру  сапасын  арттырады,  сонымен  бірге  білім  беруді 
ізгілендіру,  ол  жан-жақты  дамыған,  тұтас  қалыптасқан,  жалпы  адами 


102 
құндылықтарды тасымалдаушы, тек қана рационалды танымдық аймақта емес, 
адамгершілік  тұрғысынан  қоғам  дамуына  үлес  қосатын  болашақ  мамандар 
қалыптастыруға септігін тигізеді.  
 
3.2 
Заманауи  зерттеу  университетінде  бәсекеге  қабілетті  маман 
даярлау әдістемесі 
Қазақстанның  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  талпынысы,  білім  беру 
парадигмасының  өзгеріп,  жаңа  ұлттық  модельдің  қалыптасуы  болашақтың 
жаңаша  ойлайтын,  өзгерістерге  бейім,  жан-жақты  дамыған  зерттеуші-маман 
қалыптастыру,  мамандар  даярлау  сапасын  еңбек  нарығының  сұранысына 
сәйкес арттыруды талап етуде. 
Қазіргі  кезде  оқу  жүйесінде  кеңінен  қолданыла  бастаған  «құзыреттілік», 
«құзырет»  терминдері  жаңа  білім  стандарты  ұстанған  басты  бағыт  ретінде 
біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. 
Әлемдік  деңгейдегі  талаптарға  сәйкес  мамандар  даярлау  үдерісіне  жету 
үшін  оқу  үдерісін  соған  сәйкес  ұйымдастыра  білетін  заманауи  бәсекеге 
қабілетті,  креативті,  зерттеуші-маман  ретінде  ЖОО-дары  студенттері  жаңа 
білімді өз бетінше алып, меңгере алатындай деңгейге жеткізе алатын, өзі де осы 
аталған  құзыреттіліктерді  меңгерген,  кәсіптік-дидактикалық  құзыреттілігі 
қалыптасқан мамандар даярлау міндеті тұр. 
Қазіргі  кезде  психология,  педагогика  ғылымдарында  болашақ  маманның 
кәсіптік  құзыреттілігінің  қалыптасуы  мен  дамуы  үдерісіндегі  мазмұны  мен 
құрылымын зерттеудің профессиографиялық, деңгейлік және міндеттік сияқты 
бірнеше  тәсілдері  бар  екені  байқалады.  Мамандар  даярлау  талаптарында 
кәсіптік дайындық пен қайта дайындаудың барлық кезеңдері ойластырылады. 
Педагогтың  профессиограммасында  В.А.  Сластенин  оның  жеке 
тұлғасының  инвариантты,  мұрат  етілген  параметрлері  болуы  керек  деп 
есептейді [162]. Ол оқытушыға қойылатын талаптарды бір-бірімен байланысты 
және  бірін-бірі  толықтыратын  жалпы  азаматтық  сапалар,  оқытушы  кәсібінің 
өзіндік ерекшелігін көрсететін сапалар және мамандық бойынша арнайы білім, 
икемділік және дағдылар түріндегі үш негізгі компонентке біріктіреді. 
Жоғары  бөлімдердегі  зерттеулерге  сүйенсек,  құзыреттіліктің  құрамы 
төмендегідей:  кәсіптік  дайындықтың  әдіснамалық  бағыттылығы;  қоғамдық 
саяси  пәндердің  кәсіптік-педагогикалық  бағыттылығы;  психологиялық–
педагогикалық  дайындықтың  бағыттылығы;  математикалық  дайындықтың 
кәсіптік    бағыттылығы;  әдістемелік  дайындықтың  ғылыми-теориялық  және 
практикалық 
бағыттылығы; 
студенттердің 
үздіксіз 
педагогикалық 
практикасының  ғылыми-теориялық  және  ғылыми-әдістемелік  деңгейін  көтеру; 
мамандарды дайындауда тұлғалық  - әрекеттік тұғырды жүзеге асыру; болашақ 
мамандарды  қазіргі  педагогикалық  және  ақпараттық  технологиямен 
қаруландыру; студенттердің үздіксіз  компьютерлік дайындығын жүзеге асыру; 
оқу-ғылыми-өндірістік-педагогикалық кешен жасау.  
Заманауи  зерттеу  университетінде  оқытудың  кәсіптік  бағыттылығы 
оқытушының мамандық саласындағы және оған студенттерді ынталандырудағы 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау