В. П. Тарантей (Беларусь, Гродно)



жүктеу 359,92 Kb.
Pdf просмотр
бет20/65
Дата30.05.2018
өлшемі359,92 Kb.
#18450
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65

48 
мазмұнын  таңдауға  және  мақсатын  анықтауға,  білім  беру  үдерісінде  нәтижелі 
пәндік  құзыреттіліктерді  анықтауға  негіз  болады.  Өзін-өзі  дамытуға,  өзін-өзі 
кемелдендіруге 
бағытталған 
оқу-танымдық 
мотивацияның 
дамуы                           
(В.В. Бондарева, О.Е. Лебедев, А.В. Хуторской): 
-  шынайы  тәжірибемен  байланыс  (іс  жүзінде  нақты  тапсырмаларды 
орындау); 
-  оқытудың белсенді әдістерінің пайдаланылуы (талқылау, пікір айту); 
-  студенттердіңғылыми-зерттеушілік 
жұмысын 
белсендіру 
(мен-
зерттеуші). 
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлау 
үдерісіндегі  жүйеліктұғыр  білім  алушының  іскерлігінің,  жасампаздығының 
қалыптасуына  түрткі  болады.  Осылайша,  студенттің  білім  мазмұнын  сапалы 
меңгеруін,  білім,  білік,  дағды  және  тәжірибесін,  тұлғалық  даму  деңгейін 
сипаттайды және өз ісін жүйелі де сапалы ұйымдастыра білуіне үйретеді.  
Аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде  мамандарды  даярлау 
үдерісіндегі  әртүрлі  тұғырларды  жоғарыда  аталған  талдаулар  бізге  келесі 
қорытындыны  шығаруға  мүмкіндік  берді:  аграрлық  саладағы  зерттеу 
университетінде  мамандарды  даярлау  үдерісіндегі  тұлғалық-бағдарлы, 
құзыреттілік, жүйелік тұғырлар аясында жүзеге асады. Тұлғаға-бағдарлы тұғыр 
зерттеу  университеті  студентін  өз  әрекетінің  субъектісі  ретінде  сезінуіне, 
өзіндік  әлеуетін,  сапаларын  аша  білуге  және  дамытуға  ықпал  етуде  көрініс 
табады.  Жүйелік  тұғыр  зерттеу  университеті  студенттерінің  жинақтаған  білім, 
білік,  дағдыларын  жүйе  ретіндегі  университеттік  білім  беру  үдерісінде 
қалыптасуын қамтамасыз етеді.  
Қазіргі  таңда  әдіснама  ұғымына  қатысты  әртүрлі  көзқарастар  бар.  Кейбір 
ғалымдар әдіснаманы теориялық қызметтің әдістері мен құралдары, логикалық 
ұйымдастырылуы,  құрылымы  туралы  ілім  деп  санайды,  басқалары  –  ақиқатты 
қайта  өзгерту  мен  таным  әдістерін  қалыптастыру  және  қолдану  принциптері 
туралы  ілім  деп  пайымдайды;  үшіншілері  –  күрделі  практикалық  міндеттерді 
шешудің  ең  ортақ  принциптерінің  жиынтығы  туралы  ілім;  төртіншілері  – 
теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру және құру тәсілдері мен 
принциптері  жүйесі  туралы,  сол  сияқты  жүйе  туралы  білім;  бесіншілері  – 
ғылыми-педагогикалық  зерттеулердің  алғашқы  қызметтері  мен  әдістері, 
құрылымы, ұйғарымдары туралы ілім деп есептейді.  
Педагогика 
ғылымынының 
атақты 
әдіснамашысы 
ғалымы                                
В.В.  Краевскийдің  (1926-2010)  тұғырына  негізделіп,  «аграрлық  саладағы 
зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау әдіснамасы» түсінігін 
анықтауға  тырыстық.  Бұл  аграрлық  саладағы  зерттеу  университетінде 
мамандарды  кәсіптік  даярлау  үдерісінде  ақиқатты  кескіндейтін  білімдерді  алу 
тәсілдері  мен  тұғырларының  принциптері,  мамандарды даярлаудың  теориялық 
негіздері  мен  құрылымы  туралы  жүйе,  сол  сияқты  ғылыми  педагогикалық 
зерттеулердің  сапасын  бағалау  әдістері  мен  логикасын,  бағдарламаларын 
негіздеу және білімдерді алу бойынша іс-әрекет жүйесі [106, 107]. 
Аграрлық саладағы зерттеу  университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 


49 
әдіснамасының болмысы екі маңызды компоненттен тұрады: мамандар даярлау 
үдерісіндегі педагогикалық теорияның негіздері мен құрылымы, оны тану және 
дамыту  принциптері  мен  тәсілдері  туралы  білімдер  жүйесі  және  ғылыми 
зерттеулер,ғылыми  педагогикалық зерттеулердің  сапасын  бағалау  әдістері  мен 
логикасын,  бағдарламаларын  негіздеу  және  білімдерді  алу  бойынша  іс-әрекет 
жүйесі. 
Аграрлық саладағы зерттеу  университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
әдіснамасының құрылымы оның мазмұнын анықтайды және келесі мәселелерді 
қамтиды: 

пәндік  ғылымтану  теориясын  («өзін»  тану  әдістері).  Аграрлық 
саладағы зерттеу  университетінде мамандарды кәсіптік даярлауәдіснамасының 
пәндік ғылымтану теориясы деп әрбір пән бойынша ғылыми жүйеленген білім 
жиынтығы.  Ғылыми  іс-әрекет  үдерісінің  тиімділігін  арттыру  мақсатындағы 
біртұтас  жүйе  ретіндегі  ғылымның  қызмет  етуін  теориялық  жалпылау  және 
кешенді  зерттеуді  білдіреді.  Ол  зерттеу  университеті  студенттері  әрбір  пәнді 
ғылыми  пән  ретіндегі  логикалық  құрылымын,  оның  дамуы  мен  негізгі 
қызметтерін іске асыруды тереңдетіп талдау үшін керек; 

мамандарды кәсіптік даярлаудағы ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің 
теориясын  («сырттан»  тану  әдістері).  Аграрлық  саладағы  зерттеу 
университетінде  мамандарды  даярлау  үдерісінде  ғылыми-педагогикалық 
практиканы тану (педагогикалық зерттеулер әдіснамасы, академиялық жазулар) 
туралы білім зерттеу университеті студентінің ғылыми-зерттеушілік іс- әрекеті 
мен  ғылыми-танымдық  үдерісінің  логикалық  құрылымы  және  принциптерін, 
ұйымдастыруды, мазмұнын зерттеу мен қалыптастыруды  көздейді. Ол ғылыми 
білімнің  сипаттамасы  ретінде  көрініс  табатын  әдіснамалық  ұғымдар  тізімі 
түрінде  сипатталуы  мүмкін:  мәселе,  тақырып,  зерттеу  нысаны,  пән,  мақсат, 
міндеттер, болжам, ғылым үшін маңыздылығы, практикалық маңыздылығы; 

ғылыми  дамытушы  іс-әрекет  теориясын.  Практикалық  іс-әрекетте 
инноватиканы,  алдыңғы  тәжірибені  қолдану,  ғылыми  білімдерді  ендіру  жолы 
негізінде  теорияны  өзгерту,  педагогикалық  практиканы  қайта  құрылымдау 
туралы, сонымен бірге ынталандырушы, мотивациялық деңгейді жоғарылатуға 
бағытталған білім жиынтығы. 
Аграрлық саладағы зерттеу  университетінде мамандарды кәсіптік даярлау 
әдіснамасының негізін келесі компоненттер құрайды: 

зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау әдіснамасы – 
ғылымтану  тұрғысынан  зерттеу  университетінде  мамандарды  кәсіптік  даярлау 
болмысын  тану  деңгейлері:  гносеологиялық  (құбылыстарды  тану),  логикалық-
гносеологиялық  (таным  логикасын  тану)  және  технологиялық  (ғылыми-
педагогикалық ақиқатты қалайтану); 
зерттеу университетінде мамандарды кәсіптік даярлау әдіснамасы білу 
және қайта өзгерту әдіснамасы – субъект (тапсырысты анықтайтын мемлекет, 
және іс-әрекетті орындаушы және оны бағалаушы маман) тұрғысынан ақиқатты 
тану  және  бағалау  деңгейлері:  аксиологиялық  (педагогикалық  құбылыстарды 
бағалау),  дүниетанымдық  (ақиқатты  тану,  қайта  өзгерту  және  бағалау  үшін 


жүктеу 359,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау