11
өзарабағынушылықты қамтамасыз ете керек.. Арнайы сыныптар жалпы білім
беретін мектептердің толық құрлымы, ал бұл сыныптардың оқушылары
оқушылар ұжымының теңқұқықты мүшелері болуы керек.Арнайы
сыныптардың ашылуына байланысты мектеп әкімшілігі білім беруді дамыту
бағдарламасына өзгертулерді енгізулері, олардың жұмысы туралы
ақпараттарды жинақтау және талдау жүйесін ойластырулары, басқарудың тұтас
моделін жасаулары және бірыңғай басты құндылықтары бар педагогтер
командасын құру бойынша жұмыс мазмұнын анықтаулары қажет. Ең маңызды
локальді нормативті құжат деп білім беру кеңістігінің барлық
қатысушыларының құқтары бекітілген, оқушының мүмкіндіктері мен
ерекшеліктеріне сәйкес білі беру бағыттарының өзгеруінің құқықтық
механизімі ескерілген ата-аналармен Келісімшартты, сонымен қатар Жалпы
білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысы туралы Ережелерді
қарастыру керек.
Аталған локальді нормативтік актілердің жобалық үлгілері 1-ші және 2-
ші қосымшаларда берілген. Сонымен бірге, әлеуметтік серіктестер: облыстық,
қалалық ПМПК, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті,
қосымша білім беру ұйымдары, Арнайы мектептер,әлеуметтік қорғау мен
денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық ұйымдар арапынан жалпы білім беру
мектептері қолдау және қарым-қатынас жасау жүйесі ұйымдастырылуы керек.
Аталған ұйымдармен өзара қарым-қатынас келісімшарт негізінде құрылады.
Материалды-техникалық қамту
келесі талаптар мен ережелерді сақтаудан тұрады:
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген білім беру мекемесіне (мекеменің сәулетіне, білім беру процесін іске
асыруға қажетті үй-жай саны мен орналасуына, олардың ауданына,
жарықталуына, орналасуына және жұмыс,ойын зоналарының көлеміне,
мамандармен түзету жұмыстарын жүргізу кабинеттеріне);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген кітапхана үй-жайларына (ауданына, жұмыс зоналарын орналасуына,,
арнай жабдықталған оқу залдарына, оқу орындарына, арнайы медиатекаларға,
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналары үшін осындай
балаларды оқуту мен тәрбиелеу саласында олардың құзыреттіліктерін арттыру
мақсатында арнайы кітапханалық қорға);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген тамақтану үй-жайларына;
−
түзету ритмикасы сабақтарына,ЛФК-ға, еңбек шеберханаларына,
әлеуметтік-тұрмыстық сабақтарын өткізуге, сабақтан тыс жұмыстарға арналған
үй-жайларға;
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген акт залына;
12
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген спорт залына;
−
медициналық қызсеткерлерге арналған үй-жайға;
−
осы мекемеде оқытылатын, ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушылардың қажеттіліктері ескерілген жиһазға, кеңселік жабдықталуына
және тұрмыстық құрал-жабдықтарға;
−
мектепте оқытылатын, ерекше білім алу қажеттіліктері бар
оқушылардың қажеттіліктері ескерілген, білім беру процесін санитарлық-
гигиеналық қамтылуына (сумен қамту,канализация, жарықталу,ауа-жылу
тәртібі талаптарына);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген
санитарлық-тұрмыстық
қамтылуына
(жабдықталған
гардеробтардың, сантехникалық құбарлардың, жеке гигиена орынның бар
болуы);
−
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың қажеттіліктері
ескерілген әлеуметтік-тұрмыстық қамтылуына (дұрыс жабдықталған оқушы
кеңістіне, оқушының жұмыс орнына);
−
жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған оқушылардың білім
беру ұйымының инфраструтурасына кедергісіз қолжетімділігіне қойылатын
талаптардың орындалуында.
Бағдарламалы-әдістемелік қамтылу
арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру мен оны ерекше
жағдайларда іске асыруға байланысты білім беру процесінің барлық
қатысушыларының кез-келген ақпаратқа тұрақты қолжетімділігіне жағдай
жасауды (ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған Үлгілік
оқу жоспарлары, есту, көру, сөйлеу қабiлеттері,жүрiп-тұру мүшелерiнiң
функциялары бұзылған, психикалық дамуы тежелген, жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларына арналған оқу бағдарламалары мен әдістемелік нұсқаулықтар)
қамтиды.
Білім беру ұйымы оның кітапханалық қоры арнайы білім сынып
оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оқу жоспарының барлық оқу пәндері
бойынша ОӘК-мен соның ішінде олардың құрамдас бөлігі болып табылатын
электронды қосымшалары бар оқулықтармен, оқу-әдестемелік әдебиеттермен
және арнай дидактикалық материалдармен қамтылуы керек. Педагогтар мен
мамандардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларға арналған
электронды және баспа білім беру ресурстарына қолдары жетімді болу керек.
Мектеп кітапханасы арнайы педагогика мен арнайы психология бойынша
ғылыми-әдістемелік әдебиетпен қамтылуы керек, сонымен бірге ерекше білім
алу қажеттіліктері бар әртүрлі санаттағы оқушыларды оқыту және
тәрбиелеудегі өзекті мәселелер бойынша қосымша әдебиет қоры болу керек
(ғылыми-әдістемелік әдебиет, анықтамалы-библиографиялық және мерзімді
баспалар).