32
мамандарының кешенді психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде,
жартыжылдықтан аспайтын мерзімге құрастырылған жеке бағдарламаға сәйкес
жүргізіледі. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру уақытынан кейін әр оқушының
жетістіктерін талдауы жүргізіледі және келесі жартыжылдыққа жоспарлану
жасалады.
Педагогтар мен мектептің басқа да мамандары оқу процесінің мазмұны
мен кезеңдерін, орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың психикалық,
физиологиялық даму жолын, тәжірибелік дағдылар мен әлеуметтік
құзыреттіліктерді меңгеруді құжаттайды.
Педагог әр оқушының жеке мүмкіндіктерін мен білім және жеке
жетістіктер мониторингінің нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын,
формасын, дидактикалық құралдарын өзі таңдайды.
Бірінші сатысында оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады,
барлық сабақтар кіріктірілген сипатта болып, орташа ақыл-ой кемістігі бар
оқушылардың жалпы дамуларына бағытталған (коммуникативті, жүріп-тұру,
тілдік, сенсорлы). Оқушылардың жеке тұлғалық дамуының жылжуына
байланысты пәндік оқытуға көшу басталады.
Екінші бөлімдегі оқушылардың айрықша зияткерлік ерекшеліктері
ескеріле отырып, әр оқушы жетістігінің балдық бағасы психологиялық –
педагогикалық мониторингтің негізінде іске асырылатын сипаттық бағамен
алмасады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар екінші жылға қалдырылмайды.
Білім алуды аяқтау кезінде оқушылар орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар
үшін білім беру ұйымдарына арналған мемлекеттік үлгідегі куәлік алады.
33
Қорытынды
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың білім алу
құқықтарын іске асыру саласындағы басты міндет ретінде көрсетілген
санаттағыбалалардың
білім
алулары
үшін,
олардың
психикалық,
физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті жағдай жасау
қарастырылады.
Қарастырылып
отырған
санаттағы
оқушылардың
мүмкіндіктеріне сәйкес қажетті жағдайлар арнайы білім ұйымдарында ғана
емес, жалпы білім беру мектептерде де жасалуы мүмкін.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды табысты оқыту мен
тәрбелеудің қажетті шарты болып, балалар қауымдастығында олардың
теңдәрежелі кірігуіне және тұлға ретінде өзін-өзі таныта білуді қамтамасыз
ететін бейінді орта құру.
Сипаттауына осы әдістемелік нұсқаулықтар арналған,бейінді орта
ретінде, оқу-тәрбие процесінің материалды-техникалық, оқу-әдістемелік,
кадрлық қамтылуы қарастырылады.
Әдістемелік нұсқаулықтарда арнайы сыныптарда оқу-тәрбие және түзете-
дамыту жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар жалпы білім беру
(инклюзивті) жағдайында есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң
функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, ақыл-ой кемістігі бар
оқушылар үшін жасалған арнайы жағдайлар мен білім беру қызметінің сапасын
бағалау өлшемшарттары бола алады. Аталған санаттағы оқушыларды
оқытудың тиісті жағдайының көрсеткіші ретінде:
-
арнайы сыныптардың толықтыру мен іріктелуі қолданыстағы
нормативті құжаттарға сәйкес болуын;
-
арнайы сынып оқушыларын арнайы Үлгілік оқу жоспары мен оқу
бағдарламаларына сәйкес оқытуын;
-
оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда қолдау үшін
қолдау қызметінің мамандар командасымен қамтылуын (психолог, педагог-
дефектолог, логопед, арнайы педагог және т.б.);
-
біліктілікті арттыру курстары арқылы педагогикалық кадрлар мен
мектептің барлық ұжымының білім алуда ерекше қажеттіліктері бар
оқушылармен жұмыс істеуге кәсіби дайындығын;
-
оқу-тәрбие процесінің оқу әдебиеттермен, әдістемелік және
дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуін;
-
арнайы сынып оқушыларының мектеп өміріне, қосымша білім беруге
кіріктірілуін қарастыру керек.
Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы мен
қызмет етуіне байланысты процестерді басқару мәселесі де маңызды
қырлардың бірі болып табылады. Мектептің Жарғысында, даму
бағдарламасыында өзгертулер енгізу мен тиісті локальді нормативті
құжаттарды әзірлеу қажет болады.
34
Глоссарий
1. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар (балалар) –
денсаулығына байланысты білім алуда үнемі немесе уақытша қиындық көретін,
арнайы білім беру оқу бағдарламалары мен қосымша білім беру
бағдарламаларын қажет ететін тұлғалар.
2. Білім алу үшін арнайы жағдайлар – арнайы оқу бағдарламалар мен
оқыту әдісін, техникалық және басқа да құралдарды, өмірсүру ортасын,
сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да қызметтерді кіріктіретін
жағдайлар, оларсыз білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың
(балалардың) жалпы білім беру оқу және білім бері бағдарламаларын меңгеруі
мүмкін емес.
3. Инклюзивті білім беру – білім алуда ерекше қажеттіліктері мен жеке
мүмкіндіктері ескеріле отырып, барлық оқушыларға білім алуға тең дәрежеде
қолжеткізуді қамтамасыз ететін процесс.
4. Әлеуметтену - тұлға әлеуметтік рөлдер мен мәдени нормаларды
игеріп, қоғамның теңдәрежелі мүшесі ретінде қызмет ете алуына көмектесетін
білімдер, нормалар мен құндылықтардың белгілі жүйесін меңгіріп, жаңғырта
алатын барлық әлеуметтік процестің жиынтығы.
5. Психологиялық-педагогикалық қолдау – өзалдына тұтас,
мамандардың жүйелі ұйымдастырған әрекеті түрінде берілген, оқу-тәрбие
процесінде балаға көсетілетін ерекше көмек (немесе қолдау) түрі. Оның
процесінде мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес әр баланың дамуы мен
табысты оқуына әлеуметтік –психологиялық және педагогикалық жағдайлар
жасалады.
6. Мектептік психологиялық – педагогикалық консилиумы – бұл,
оқушыға бірыңғай көмек көрсету стратегиясын құру үшін, білім алуда ерекше
қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды іске
асыратын білім беру ұйым мамандарының қарым-қатынас жасау формасы.
7. Дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балалар – белгіленген
тәртіпте расталған, туа, тұқымқуушылықпен шартталған, жарақат салдарынан
немесе аурулармен пайда болған дене және (немесе) психикалық кемістіктері
бар, өмірсүруі шектелуі балалар.