9
дактилологиялық және ым-ишараттық сөйлеу тілін қолдану, көрмейтіндерді
оқытуда Брайльдің рельефті-нүктелік шрифті қолдану, естімейтін балаларды
жазу мен оқуға ерте үйрету) деген қажеттілік.
Дамуында мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқытуда Арнайы әдістер
мен тәсілдерді қолдану, заманауи техникалық құралдар мен АКТ қолдану
тәсілдері
Арнайы
педагогикада,
оның
бөлімдерінде
әзірленген:сурдопедагогикада, тифлопедагогикада, олигофренопедагогикада,
логопедияда және оқу пәндерін оқытуда Арнайы әдістер. Бұл әдістер мен
тәсілдер жалпы білім беру мұғалімдерінің игілігі болу керек, ол үшін
педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары арқылы
Арнайы дайындықтан өтулері, сонымен қатар тұрақты негізде жалпы білім беру
педагогтерін кәсіби кеңестік қолдау қажет.
Оқытуды ұйымдастыру тұрғысынан – сапалы түрде даралап оқытуға,
білім беру ортасын арнайы кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында
ұйымдастыруға (мысалы аутизмі бар оқушылар, болып жатқаның мағынасын
түсінуді жеңілдететін, оқиғалар желісін айтып беруге және өз тәртібін
жоспарлауға мүмкіндік беретін білім беру кеңістігін айрықша құрастыруды
қажет етеді.Жүрiп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған оқушыларға
кедергісіз орта қажет: ыңғайлы пандустар, кең есіктер, Арнайы жабдықталған
сандық құрылғылар және т.б) деген қажеттілік.Дамуында шектеулі
мүмкіндіктері бар барлық оқушыларға, жұмыс істеу қабілетінің төмендігін,
қажетті ұзақтықтағы үзілісті, түзете-дамыту шараларды өткізу үшін, серуендеу
мен демалу үшін ұзартылған күн тәртібімен бірінші аусымда оқытуды ескеретін
аялауыш педагогикалық тәртібі қажет. Даралап оқыту оқушының қойылатын
талаптарға сәйкестігін, оның танымдық мүмкіндіктері мен шынайы оқу
жетістіктерін тұрақты қадағалау арқылы қолжетімді болады. Оқыту мен түзету
жұмыстары әсерінен оқушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктері де үнемі
өзгеріп отырады, сондықтан тұрақты қадағалау, ауыспалы психологиялық-
педагогикалық диагностика оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Білім беру кеңістігінің шегі тұрғысынан алғанда, бұл – білім беру
кеңістігінің білім беру мекемесі мен арнайы сынып аясымен ғана
шектелмей,мейлінше кеңейіп даму қажеттілігі. Дамуында мүмкіндігі шектеулі,
психикалық ерекшеліктері бар оқушыға мейлінше беймделген, оның өмірлік
тәжірибиесін және дені сау құрбылармен қарым-қатынас жасауды шектейтін
амалсыздан қарапайымалған оқу және тәрбие ортасына байланысты баланы
күрделі әрі түрлі ортаға кіріктіру үшін арнайы жұмыс қажет. Бұл жұмыстың
мәні қолжетімді аяда оқушының күнделікті тәжірибесі мен арнайы
байланысының кеңейюінде, сонын ішінде арнайы сынып оқушыларының
мектептің кәдімгі сынып оқушыларымен тұрақты байланыс жасау жұмыстары.
Бұл санаттағы оқушылардың әлеуметтiк бейiмдеу мәселесі оларды жеке
қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мәдени нормалар мен
әлеуметтік рөлдерді меңгеру мақсатында, жеке және қоғамдық маңызды әрекеті
бар қолжетімді тұрмыстық салаларға кіріктіру.Қарым-қатынас тәжірибиесінде
10
нақты мысалдарда оқушылар қоғамның әлеуметтік және мәдени тәжірибесін
меңгеру керек.
Білім беру ұзақтығы тұргысынан – оқу мерзімдерін ұзарту
қажеттілігі.Тузету-дамыту және қалпына келтіру шараларды ұйымдастыру
үшін және оқу-танымдық әрекеттің баяу қарқынын ескеріле отырып, дамуында
ауытқулары бар оқушыларды бастауыш білім бері сатысында оқыту мерзімі
нөлдік сынып енгізу есесінен 1 жылға және негізгі орта білім сатысында 10-шы
сыныпты енгізу есесінен ұзартылған.
Білім беруге қатысушы тұлғаларды анықтау және олардың өзара әрекеті
тұрғысынан алғанда – түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын арнайы
мамандардың өзара үйлесімді жұмыс жасауына (арнайы психологтар мен
педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, нейро- и психофизиологтар
және басқалары), білім беруге ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың ата-
аналарын білім беру құралдарын қолдана отырып балаларды оңалту процесіне
қатыстыруға деген қажеттілік.
Арнайы білім беру жағдайларын жасау
Арнайы білім беру жағдайлары есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру
мүшелерiнiң функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi бар
оқушыларына ҚР ЖМББС талаптарына сәйкес бастауыш және негізгі жалпы
білім беруде жоспарланған нәтижелерге жетуге, ал орташа ақыл-ой кемістігі
бар оқушылар үшін қолжетімді білімдерді, біліктер мен дағдыларды, әлеуетте
тәуелсіз және өзбетінше өмір сүруге мейлінше мүмкіндіктерді қалыптастыруға,
қолжетімді бастапқы еңбек дағдыларының қалыптасуына кепіл болу керек.
Арнайы жағдайлар жалпы мектепте және арнайы сыныпта оқыту
процесін кадрлық, қаржылық, материалды-техникалық және басқада
жабдықталуы мен қамтамасыз етілуінің талаптар жүйесі ретінде
танылады.Аталған талаптардың іске асырылған біріктірілген нәтижесі болып
мүмкіндіктері шектулі оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдер)
үшін ашық, жалпы дұрыс және ерекше білім беру қажеттіліктерімен,
физикалық және эмоционалдық тұрғыдан жайлы; оқушылардың физикалық,
психологиялық денсаулықтарын бекітуге, сақтауға кепіл бола алатын орта болу
керек.
Ұйымдыстырушылықты қамту
Мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың білім алу ұйымдастыруын Арнайы
жағдайлармен қамту нормативті-құқықтық базаға негізделеді. Ерекше білім алу
қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын бекітетін нормативті базадан басқа
сәйкес локальді актілерді әзірлеу қажет. Локальді нормативті актілер арнайы
сыныптарда жоғары сапалы оқу процесін, педагог пен мамандардың
(психологтің,логопедтің, арнайы педагогтің және т.б) жұмысын ұтымды
басқаруды, әр маманның қызметін анықтауды, қарым-қатынас әдістері мен