стр. из
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің
30.03.2012 ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Марапаттау:
«Жастарды рухани тәрбиелеу» жобасының маңыздылығы әлеуметтік салада заманауи технологиялар мен инновацияны тарату және мәселе-лерді шешудегі жаңашылдығы үшін «А.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Батыс Қазақстан суретшілерінің республикалық көрмесін ұйымдастыру» номинациясының жеңімпазы «Өнер» қоғамдық қоры дипломмен, алғыс хатпен марапатталды.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері Каусова Айжан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық пәндік олимпиадасында графика мамандығы бойынша, Махимов Әділқан кескіндеме мамандығы бойынша ІІІ орын алғандары үшін марапатталды. Жетекшісі: филос.ғ.к Тілеуханов Нұржан Сағынұлы
Хореография мамандығының студенті Сүндетова Жансая Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық пәндік олимпиадасында жүлделі ІІІ орынға ие болғаны үшін марапатталды. Жетекшісі: оқытушы Кенжетаева Әлия
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде мәдени тынығу жұмысы мамандығы бойынша ІІ орынға ие болған БҚМУ командасы марапатталады. Жетекшісі: Жұмағалиева Г.Е.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кітапхана ісі мамандығы бойынша ІІ орынға ие болған БҚМУ командасы марапатталды. Жетекшісі: Сатағалиева Сәнді
В.Л.Мельников қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының 50-59 жастағылар тобында ІІ орын алғаны үшін дипломмен, күміс медальмен марапатталды.
БҚМУ электронды кітапханасының жұмысын ұйымдастыру туралы. Алимбекерова Тоты Еркінқызы - ғылыми кітапхана директоры
Университет магистратурасы: бүгінгі жағдайы мен алдағы міндеттер. Тастаева Жанна Кеңесқызы - жоо-дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі
Мамандықтардың 2012-2013 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын бекіту. Жүсіпқалиева Ғалия Қайдарқызы - ОӘЖ проректор
Ағымдағы мәселелер
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың халықаралық аккредиттеуге дайындығы туралы. Юров Олег Винальевич – стратегиялық даму және аккредиттеу орталығының директоры
ҚР БжҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығының мамандықтар рейтингіне қатысу туралы. Юров Олег Винальевич – стратегия-лық даму және аккредиттеу орталығының директоры
6М011600 география мамандығының І курс магистранты Н.С.Жармағамбетованың магистрлік жұмысының тақырыбын өзгерту туралы. Амельченко Валентин Иванович – география кафедрасының меңгерушісі
6М011600 география мамандығының І курс магистранты А.К.Хайруллинаның магистрлік жұмысының тақырыбын өзгерту туралы. Амельченко Валентин Иванович – география кафедра-сының меңгерушісі
А.Б.Медешова мен Ғ.Ғ.Мұхамбетовалардың «Turbo Pascal және Delphi тілдерінде программалау» атты оқу құралын республика-лық оқу-әдістемелік кеңеске ұсыну туралы. Ниетова Айгүл Серікқызы – ғылыми хатшы
Информатика кафедрасының оқытушысы М.К.Атушеваның «Алгоритмдік тілде программалау» атты оқу құралын республикалық оқу-әдістемелік кеңеске ұсыну туралы. Ниетова Айгүл Серікқызы – ғылыми хатшы
М.Өтемісов атындағы БҚМУ электронды кітапханасының қызметін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кітапхана жүйесі жұмысының жаңа екпіні Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан көрініс тапқан болатын.
Елбасы 2015 жылы білім беру мекемелеріндегі электронды оқу түрінің қолдану аясы 50%-ға, ал 2020 жылы 90%-ға жететіндігін атап өтті.
Көзделген стратегиялық жоспарлардың орындалуына қазіргі қоғамдағы университет кітапханаларының жаңа тұрғыдағы сипатын қалыптастыру қажет болды. Заман талабына сай болу үшін, кітапхана өзі ісіне жедел түрде жаңа электронды технологияларды енгізу қажеттілігі туды.
Электронды кітапхана - оқырмандардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ететін ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтылған іс-шаралар кешені. Университетте жасалып кітапханада және кітапхана арқылы ұсынылатын оқу үрдісін қамтамасыз етуге арналған түрлі материалдар мен кітаптар орналастырылатын барлық электронды қорларды – электронды кітапхана деп атау қабылданған.
Бұлар студенттер мен магистранттардың өз бетімен оқуына немесе пәнді оқып-үйренуде қосымша материал ретінде пайдаланатын электронды қорлар.
Құжаттарды пайдалану үшін, оқырман қолданысынан бұрын айтарлықтай қиын аналитикалық және библиографиялық өңдеуден өтеді. Бұл жұмыс түріне барлық кітапхана мамандары қатысады.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғылыми кітапханасында электронды ресурстар ғылым мен білім саласына көмек ретінде 2004 жылдан құрыла бастады.
2004 жылдан бастап М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мамандары іске асырған «Кітапхана 5.2» кітапханалық бағдарламасы университет ғылыми кітапханасының қолданысына енді.
Қазіргі таңда кітапханадағы компьютерлер локальді ақпараттық жүйеге біріктірілген. Жаңа түскен әдебиеттердің жүйелі түрдегі өңдеу әдістері әдебиеттерді жабдықтау және есепке алу, алғашқы өңдеу, толық библиографиялық сипаттауға ұласып, әрбір кітапқа бір рет жасалатын технологиялық тізгінді, бірнеше мәрте пайдалануға ұсынылатын саты. Міне, осылайша мәліметтер базасы құрылады. Бүгінгі таңда біздің кітапхана өз пайдаланушыларына электронды ресурстардың қандай түрлерін ұсына алады? Бұл өз тарабымыздағы электронды ресурстар мен қабылданған электронды ресурстар.
Мәліметтер базасы 2004 жылдан бастап қорға түскен жаңа кітаптардың толық библиографиялық сипаттамасымен жасалған жалпы саны 17 771 жазбаны құрайды. Тағы бір ресурс - кітапхана қорына келіп түсетін мерзімді басылымдардың (журналдардың) аналитикалық жазбасы. Қазіргі таңда мақалалардың мәліметтер базасы 85 000 нан асып жығылады.
Ғылыми кітапхана электронды кітапхананың ақпараттық ресурстарын өз оқырмандарына ұсынады. Олар: электронды каталог «Кітаптар», «Мақалалар», «Жоғары білім беру», «Авторефераттар», «Диссертациялар», «Көркем әдебиет», «ПОҚ еңбектері. кітаптар», «ПОҚ еңбектері. мақалалар» мәліметтерінде мыңнан аса жазбалар бар және олар жүйелі түрде толықтырылып тұрады.
Ақпараттық технологияның дамуы бір орында қалған емес. Ғылыми кітапхана іс-қызметіне 2010 жылы ИРБИС64 кітапханалық бағдарламаны алу туралы шешім қабылданды. 2011 жылы университет басшылығы тарапынан арнайы қаржы бөлініп, электрондық каталогты тиісті дәрежеде қалыптастырып, оны дамыту үшін жетілдірілген ИРБИС64 автоматтандырылған бағдарламасының кешенді толық нұсқасымен жабдықталды. Қазіргі таңда ИРБИС64 кітапханалық бағдарламамен жұмыстану ісі жақсы жолға қойылып, кітапхана қорына келіп түскен оқулықтардан бастап, мерзімді басылымдарға дейінгі мәліметтер енгізілуде.
1-сурет. Ғылыми кітапхананың ИРБИС64 кітапханалық
бағдарламасы.
Аталмыш мәліметтер базасы университет электронды кітапханасының элементі болып табылады. Электронды кітапхана қорын құруда республика көлеміндегі баспа құжаттарын электронды нұсқаға айналдыруымен қатар, авторлары ұсынған электронды құжаттармен, БҚМУ баспа және БАҚ орталығы және интернет мәліметтерімен жаппай толығуда. Кітапханаға электронды құжаттар мен ресурстардың көп данасын Тілдерді дамыту басқармасы сыйға тартқан және оқытушылардың еңбектерімен толығып отырады.
Ғылыми кітапхана Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РЖООЭК) қорына өз білім беру ресурстарын жіберу арқылы жұмыстанып келеді. Бүгінгі таңда РЖООЭК қорына 1776 толық мәтінді жазбалар жіберілді.
Ендігі кезекте халықаралық конференция материалдарын, университет ғалымдарының ғылыми мақалалары мен монографияларын жіберуді жоспарлап отырмыз
Достарыңызбен бөлісу: |